№1 Қаңтар, 2022

Жаңа заманның бастапқы кезінде-ақ, еуропалық әдебиеттерде көшпенді малшылардың аңшылық қоғамнан шыққандығы туралы тұжырымдама болды. Ал одан кейінгі көзқарастар бойынша, көшпенділік көне дүниенің табиғаты қолайсыз аймақтарында егіншілікке балама ретінде пайда болды.. Әлемдік құбылыс ретіндегі көшпелі өркениет көне дүниенің тарихында Зеунердің «Екінші номадизм» дегенін білдірді. Оның пікірінше, мал шаруашылығы егіншіліктің алдында болды деген болжам дұрыс емес. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық пікірде дамудың сабақтастықты ыну (терімшілік, аңшылық, балықшылық), 2) малшылық және 3) егіншілік туралы тұжырымдама орнықты.

Қазіргі кезде арнаулы егіншілік пен малшылықтың алдында кешенді егінші-малшылық шаруашылық болды деген көзқарас басым. Малшылықта болса, көшпелі шаруашылыққа дейін жайылымдық малшылық болды. Арнаулы егіншілік пен малшылыққа келер болсақ, онда бұл үшін өндірістің үдеуінің белгілі бір деңгейі мен соған сәйкес экологиялық ахуал қажет. ХХ ғасырдағы әлемдік ғылымның аса ірі жетістігі өсімдіктер мен жануарларды қолға үйретудің бастапқы ошақтары туралы Н.И. Вавиловтың ілімі болды. Онсыз көне өркениеттердің пайда болуы мен дамуын көзге елестету мүмкін емес. Бұл шындығында солай. Малды жүйелі түрде дамыту егіншіліктен 2000 жыл кейін пайда болды. Сол сияқты мәдениет пен өндіріс тұрғысынан алғанда, малшылыққа қарағанда егіншілікке кесімді түрде басымдылық беру соншалықты дұрыс емес. Анағұрлым кейін пайда болған және отырықшылықты қажет ететін, өзінің арнаулы жәнғымірдің санитарлық-гигиеналық шарттарының төмендеуіне әкелді. Халықтың шоғырланып тығыз орналасуы инфекциялық аурулардың таралуына сеп болды, жалпы адамдісқ көшпенділіктің қалыптасқан жері мен уақыты, номадизмнің эпицентрі мен мезгілі мәселесі де көптеген пікірсайыстың өзегіне айналды. Кейбір зерттеушілер көшпенділік б.з.д IV–III мыңжылдықтарда Таяу Шығыста алғашқы өркениеттердің шеткері аймақтарында пайда болды деп есептейді. Ал басқалары бұл уақытта шаруашылық-мәдени тип ретіндегі көшпенділіктің болуы туралы сөз қозғаудың өзі ерте деп санайды. Тіпті б.з.д. II мыңжылдықта арбаның пайда болуы, тіпті оның алдындағы жылқының қолға үйретілуі тұсында да номадизм қалыптаса қойған жоқ саналады. Ғалымдардың басым көпшілігі нағыз көшпенділікке өту б.з.д. II – I мыңжылдықтардың аралығында еуразиялық далалы аймақтарда жүзеге асты деген тоқтамға келеді. Бұл кезеңде өндіргіш күштердің өсуімен және халық санының артуымен Еуразияның таулы-далалы аймақтарының тайпалары отырықшы және жартылай отырықшы жайылымдық малшылықтан ауыспалы, қозғалмалы, көшпелі малшылыққа өтті. Қола дәуірінде бұл кеңістікті біртұтас «андрон мәдениетінің» (Қазақстанда «бегазы-дәндібай мәдениеті» деген атпен белгілі) өкілдері деген шартты атаумен белгілі тайпалар мекендегенін тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Дәл осы кезден бастап, яғни біздің заманымызға дейінгі бір мыжылдықтан бастап бұл территория көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еуразиялық номадизмнің эпицентрі болды (Ғабитов, 1998, 102 б.).

Қозғалысы динамизммен, дәстүрі статизммен сипатталып, үш мың жыл бойы тұрақтылығын сақтаған бұл әлеуметтік-тарихи формацияны «дала өркениеті» немесе «атты-көшпелі өркениет» деп атауға болар еді. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықта көшпенділік Орталық, Орта және Батыс Азияда, Қара теңіз аймақтарында, кейінірек Солтүстік Африка мен Тундраға дейін кеңінен таралды. Көшпенділік мал санының өсуіне, бұрын қоныстанылмаған құрғақ аймақтардың игерілуіне, тайпалар мен халықтар арасындағы байланыстың өсуіне үлкен ықпал етті. Олардың киім-кешек, тұрғын үйлері мен тұрмыста қолданатын құрал-жаблықтары да көші-қон-ға бейім жиналмалы, құрастырмалы болды. Көшпенділікке ең бейімделген төрт түлік мал – қой мен ешкі, жылқы мен түйе болды, сиыр соншалықты транспортабелді болмады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі жырларда бүлдіршін балаларды «қозым», «құлыным», «ботам» деп еркелетеді де, бұзауым немесе торпағым деп айтпайды. Арктикалық аймақтарда кейінірек бұғы шаруашылығы да болды. Географиялық тұрғыдан алғанда көшпенділіктің таралған алты аймағын бөліп қарастыруға болады. Олардың біріншісі, әри-не, төрт түлік мал асырап, әсіресе жылқыны қадірлеген, уақытында құдіретті империяларды құрған (сақ, ғұн, түркі, моңғол және т.б) Еуразиялық Дала (түркілер, қазақтар, моңғолдар және т.б. мекендеген) аймағы. Екіншісі аша тұяқты уақ мал өсіріп, түйені, жылқы мен есекті мініс және жүк көлігі ретінде өсірген Таяу Шығыс (бахтиярлар, бассерилер, пуштундар және т.б.) аумағы. Үшіншісі түйе өсірушілер (бәдәуилер, туарегтер және т.б.) басым болып келетін Сахара мен Арабия шөлдері. Төртіншісі мүйізді ірі қара өсіретін халықтар (нуэрлер, динкалар, масаилар және т.б.) мекендейтін Сахараның оңтүстігіндегі саванналар мен Шығыс Африка жері. Бесіншісі жергілікті халық як, лама, альпака тәрізді жануарларды асырайтын халықтар мекендейтін Ішкі Азия (Тибет, Памир) мен Оңтүстік Американың (Анд таулары) биік таулы аймақтары. Және ақырында алтыншысы – бұл жергілікті халық (саамдар, чукчалар, эвенкілер және т.б.) бұғы шаруашылығымен айналысатын солтүстік, негізінен субарктикалық аймақтар. Бұлардың арасында классикалық көшпенділік аумағы Орталық Азия мен Еуразиялық Ұлы дала ерекше көзге түседі. Орталықазиялық көшпенді үшін төрт түліктің ішіндегі жылқының орны ерекше. Әлемдік өркениеттің бір құбылысы ретіндегі «көшпенділік» феноменінің көрінуіне мүмкіндік берген жағдайлардың арасында алғашқы орындардың біріне жылқыны қолға үйрету тиесілі болып табылады. Ол мініс пен жүк тасымалы үшін қолданылатын транспорт қана емес. Ат – сол заманның «танкі» және ердің серігі әрі қанаты. Көшпелі өркениеттің қалыптасуына ықпал еткенімен, оның күйреуінен кейін бір жарым ғасыр бойы – екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кавалерияның маңызды орын алғаны тегін емес. Жылқы кең жазира даланың теңдессіз сусыны – қымызды берді, көшпендіні қысқы азықпен – соғыммен қамтамасыз етті. Алыс қашықтықтарға көшу жылқысыз мүмкін емес және бұл мал санының сапалы құрылымын өзгертуді, онда жылқының өзіндік үлесі болуын талап етті. Оның үстіне жылқылар өзіне азықты мұздың астынан да ойып ала алатын, қыстың күні жемін тұяғымен теуіп, шөп пен тамыр жей алатын еді, мұны «тебіндеу» деп атайды. «Екінші номадизм» феноменінде біріні.ысымен салыстырғанда, теңдессіз мобильділік берді және бұл екінші номадизмге дақылдар өсірумен бірігуге мүмкіндік жасады». Зеунер жылқыны доместикациялаудың бастапқы ошағы Түркістан деп есептейді. Аңшылықты мал асырау және егін өсірумен араластырған шаруашылық кешенінің көшпенділікке трансформациялануы технология саласында қоладан темірге өту дәуірімен байланысты болды.

Скиф-сақ мәдениетінің шығу тегінен хабар беретін және археологиялық қазбалар барысында табылған бұл үдерістің материалдық іздері «Nomads of the Eurasian Steppes in the Early Iron age. Berkeley, 1995» деген кітапта талданып түйінделеді. Мұнда Моңғолиядан, Оңтүстік Сібірден, Оңтүстік-Шығыс Еуропадан, Қырымнан, Солтүстік Кавказдан табылған археологиялық жаңалықтар берілген. Біздің назарымызды аударып отырған аймақты Л. Яблонский талдайды. Темірді құю ер-тұрман әбзелдерін ішінара жетілдіруге, ішінара қайта ойлап табуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге оларды безендіру де қатар жүрді. Көшпенділер еркектер мен сайқымазақтар емес, бүкіл адамзат киетін шалбар, етік, биік өкше тәрізді киімнің маңызды бөліктерін ойлап тапты. Ұштары металдан жасалған жебелерді өндіру жолға қойылды. Шамамен б.з.д. VI – V ғасырларда көшпенділер ұшу қашықтығын 700 метрге дейін жеткізген жиналмалы садақты ойлап шығарды. Осылайша қаруланған, жаны мен тәні төзімділікке шыныққан сарбаздары бар өркениеттің өзін өзі қорғап қана қоймай, белсенді экспансия жасауға да қабілетті екені өз-өзінен түсінікті. Епті қимыл жасау үшін, алысты айналып өтетін стратегия үшін, тұтқиылдан шабуыл жасау үшін, қарсыласын тұзаққа түсіру үшін барлық алғышарттар қалыптасты. Әрбір сарбаз үзеңгіге сүйеніп, ат құлағында ойнай отырып, садақ тарта білетін (атуға кедергі болмасы үшін жылқының жалын күзеп тастайтын, бірақ, неге екені белгісіз, жауынгерлердің өздері өріп қоятындай шаш өсіретін). Дегенмен, табиғатта таза көшпенділіктің болмайтыны да белгілі. Экономикалық әрекетінің тиімділігіне қарай көшпенділік былайша жіктеледі: көшпенді, жартылай көшпелі немесе жартылай отырықшы шаруашылық, жайылымдық (тұрғылықты халық отырықшы болып, малды ғана сыртта бағады), маусымдық (малды қыста қолда ұстайды). Малшылық көшпенділер мен жартылай көшпенділердің негізгі кәсібі болғанымен, әдетте, олар егіншілік, аңшылық, сауда, қолөнер сияқты қосымша кәсіптермен де айналысты. Әрқилы табиғи жағдайларда көшудің формалары қалыптасты: ендік бойынша (меридианды, горизонталды немесе көлденең), бойлық бойынша (солтүстік пен оңтүстік арасында), тік немесе вертикалды (таулы аймақтарда). Көшпелі мал шаруашылығы белгілі бір деңгейде тиімді әрі игілікті іс болатын. Мал құнарлы тағам мен нәрлі сусын берді, киіммен қамтамасыз етті, құрастырылмалы киіз үйдің астын паналауға мүмкіндік берді. Мал асырау табиғатты мейлінше терең тәжірибелі білуді талап етті. Қоршаған ортаны, миграцияның өрісін және, әрине, жануарлардың биологиясын жан-жақты білуді қажет етті. Мал ұстау үдерісінің әртүрлі қырлары туралы көшпенділік білімнің теңдессіз талдауын қазақтардың шаруашылық тәжірибесін қорыту негізінде Алаш арыстарының бірі әрі бірегейі Ә. Бөкейханов көрсетіп беріп еді. Ол малдың сұрыпталуы мен іріктелуіне, физиологиясы мен патологиясына қатысты олардың білімдерінің, ет-сүт өнімдерін дайындау мен сақтау, жүн мен теріні өңдеу тәсілдерінің негізділігін дәлелдейді.

Номадизмнің пайда болуындағы экологиялық тәжірибенің рөлін атақты тарихшы-көшпендітанушы Н. Масанов тамаша жазып қалдырды. Ол бұл тәжірибені көлемі жағынан да, сапасы жағынан да белгілі бір деңгейге жетті деп есептейді. «Жаңа экологиялық аймақты – Еуразияның қыратты аудандары мен өзен аңғарларынан тыс жатқан далалық және шөлейтті кеңістіктерін игеру табиғат ырғақтарының барлық кілтипандары мен ерекшеліктері, маусымдық жайылымдардың орналасу географиясы, көштің төте және әр алуан жолдары, суаттардың орналасқан жерлері, су көздерінің гидрохимиялық құрамы, жайылымдық қабаттың өнімділік ырғақтары, онымен малдың қоректенуі мен қорытуы деңгейі, малдың физикалық жағдайының сапасы мен оны семірту үдерісі, атмосфералық жауын-шашынның түсуі мен өзендердің тасу кезеңдері, қардың түсу уақыты мен қалыңдығы және еруі тағы көптеген басқа нәрселер туралы білімді талап етті». Көшпелі өркениет жағдайында көші-қон (миграция) «беткейде» (таулардың арасындағы далалы алқаптар осылай аталды), яғни ендіктер мен меридиандарда қоныс аударудың бағыттарына қарай жайылымдар мен өзен-сулардың жеткіліктілігіне, жыл мезгілдеріне бағынышты болып келетіндей қатаң реттелген сипатта болып келетін. Даланың аймақтары гомогенді болған жоқ. Оның гетерогендігі, ең алдымен, биік таулармен және өзен аңғарларымен байланысты. Демек, көші-қон «вертикал» бойынша да жүрді. Малдың жазғы және қысқы уақыттағы бағылуы бір бірінен ерекшеленді. Қазақтар жазғы мекендерін «жайлау» деп атаса, қысқы қоныстарын «қыстау» деп атады. Таудың етегі мен өзен аңғарлары құрғақшылық жылдары да тіршілік етуге мүмкіндік береді. Мұнда мал жаздың аптабы мен шыбын-шіркейден қорғана алады. Таулы аймақтар мен ормандарда далалықтар өз жауларынан жасырына алады. Әсіресе Алтай көшпенділердің мекен етуі үшін, мәдениеттің пайда болуы мен дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар туғызды. Темірдің Алтайда өндіріліп, өңделуі, түркі суперэтносы мен этносының отаны Алтай болғаны бекерден бекер емес. Түркілердің өсіп-өніп өркендеген, әлемге таралмай тұрып балалық шағын өткізген отаны «Ергенеқон», «Өтікен» туралы аңыздары сағынышты сарынмен сипатталады. Азональды жер кесінділерімен қоса алғандағы дала өз табиғатынан мал асырауға бейімделген алқап болып көрінеді (Кшибеков, 1984, 75 с.).

Жұт пен құрғақшылықтан аман жағдайда ол көшпенділердің өмірі мен рухына, шексіздіктің алдында өз өзімен ойға шомуына тамаша мүмкіндік беріп, шабыт қосатын. Ал құрғақшылық пен жұт жылдары табиғат көшпенділерден физикалық және моральдық төзімділікті, рухтың беріктігін талап етті. Бұл туралы А. Тойнбидің ескертпесі де бар: «Скифтердің мінезі мен психикасына еуразиялық дала тиімді ықпал етті». Бұл ерекше ментальдық олардың уақыт пен кеңістікті ерекше қабылдауынан, қанағатшылдық, қошкөрушілік, қонақжайлық, кең пейілділік сияқты рухани құндылықтарынан, көшпендінің күн көріс көзі – табиғат пен малға деген аялы қатынастан, ата-баба рухын қастерлеуден, ерлік пен батырлықтың қадірленуінен және т.б. аңғарылады. Көшпелі өркениеттің жеткен шыңы, мүмкін белгілі дәрежеде, оның тарихи негізі де болуы ықтимал, рухани-дүниетанымдық саладағы жетістіктері болды. Оның дәлелі – «аң стилі өнері» дәстүрі деп аталатын жоғары көркемдік дәстүр мен әртүрлі жанрға толы ауыз әдебиеті. Мал шаруашыленн айналысқан отырықшылар дүниетанымы мен саналарының арасындағы айырмашылықты кейбір зерттеушілер атап өтеді. Мысалы, «көшпелі өмір сүру тәртібі отырықшыларға қарағанда мүлдем өзгеше түсініктер мен құндылықтарды, өзге салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалыптастырады. Көшпелі ментальдықта бәрі ағады, бәрі өзгереді. Уақыт пен кеңістік көшпенділер үшін мүлде басқа мәнге ие. Көшпенділер аспан мен жердің арасында өмір сүреді, өйткені олар үнемі ат үстінде. Мобильді өмір сүру тәртібінің нәтижесінде көшпенділер құрылықтың алып кеңістіктерін игеріп, халықтар мен мәдениеттердің өзара алмасуын, әсерін қамтамасыз етті. Үш мың жыл бойына қос өркениет (көшпенді және отырықшы) салыстырмалы түрде ішкі автономияларын сақтай отырып, иық тіресе дамыды, бірін-бірі үздіксіз байыта отырып, біртұтас жалпы-адамзаттық мәдениетті қалыптастырды.

Нұрболат Масанов қазақ халқына деген нигилистік көзқарасымен танылса да, бұл тақырыпты терең зерттеген әлемге танымал көшпелітанушы болды, Алматы қаласынан арнайы «Көшпенділердің мәдени мұрасы мәселелері жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институтын» құрды. Сондай-ақ өз зерттеулерінде Т. Сұлтанов, К. Пишулина, Е. Нұрпейісов, Ж. Қасымбаев, М. Қозыбаев, А. Күзембайұлы сынды тарихшылар көшпенділік тақырыбын жанама түрде болсын қамтыды. Кейінгі ортағасырлар мен жаңа замандағы Қазақстанның саяси тарихының сюжеттік-оқиғалық тізбегін реконструкциялауға маманданған тарихшы-шығыстанушылардың үлкен тобы қазақтардың отаршылдыққа дейінгі өткенінде әлеумет ұйымдасуының мемлекеттік үлгісі болған деген пікірді ұстанады және осыған орай аймақтың көшпенді халқындағы хандық биліктің тарихи эволюциясының негізгі кезеңдерін «бір орталыққа бағынған мемлекет», «мемлекеттік ыдыраңқылық» және «қазақ мемлекеттілігінің күйреуі» деп анықтайды. Бұл тұжырымдамалық ұстанымға қарама-қарсы ғалымдардың келесі тобы номадтық қоғамның әлеуметтік-экономикалық негізін жүйелік-құрылымдық әдісті қолдану арқылы зерттеп, қазақтарда да және жалпы көшпенділерде де мемлекеттік биліктің дәстүрлерінің болмағанын айтады және билік құрылымдарын ұйымдастырудың мемлекеттік үлгісімен салыстырғанда, көшпелі қоғамда әлеуметтік қатынастар қызметінің мүлдем басқа құрылымдары мен тетіктеріне негізделген билік жүргізудің тарихи қалыптасқан әскери-потестарлық жүйесі туралы айтқанды дұрыс көреді», – деп жазады. Мыңжылдықтар тұрғысында тарихи жағынан Қазақстан жергілікті халықтың көшпелі өмірін, көшпенділікті аумақтық қамту бойынша Еуразиядағы ең ежелгі және ең үлкен аймақ болып табылған. 3,5 мыңжылдық шамасында көшпенділік Қазақстан тұрғындары өміріндегі өндірістің жетекші өмір үлгісі болған. Көшпенділік жергілікті халықтың өмірді қамтамасыз етуі мен табиғатты қолдануы, материалдық және рухани мәдениеті, менталитеті мен психологиясы, көрші халықтармен қарым-қатынасы, әлеуметтік ұйымдары, әлеуметтік-экономикалық қатынастары және қоғамдық-саяси жүйелері негізінде жатқан. Осы мыңжылдықтар ағымында Қазақстанның бар тарихы мен мәдениеті тікелей көшпенділікпен байланысты болған. Көшпенді халықтар Еуразияның бүкіл аумағындағы өркениеттену процестерінің дамуына үлкен ықпалын тигізген. Көшпенділер өздерінің көшіп-қонуымен бытырай шашыраңқы орналасқан кеңістіктерді, континенттерді, әлемдер өркениеттерді біріктіріп, оны әлемдік өркениет кеңістігінің бір бөлігі етіп жасады.

Қорытынды.
Көшпенділердің арқасында әлем біртұтас, ал өркениет жүйесі өзара байланысты болды. Көшпенділер мен отырықшылар шекарасында өзара тиімді айырбас пен қарым-қатынастың орталығы ретінде қалалар пайда бола бастады. Әсіресе мемлекеттік институттардың дамуына көшпенділердің қосқан үлесі ерекше. Британ ғылым академиясының мүшесі, американдық профессор А.М. Хазановтың көзқарасы бойынша, ортағасырлар дәуірінде Еуразия аумағындағы көптеген мемлекеттік білім беру орталықтары көшпенділердің жаулап алуымен қалыптасқан. Нақ осы көшпенділер тұңғыш рет мемлекеттің жаңа үлгісі – орталықтандырылған мемлекет – империяны құрды. Олар отырықшы-шаруашылық қоғамындағы билік институттарының қалыптасуына әсер етті. Отырықшы-шаруашылық халықтың арасына үй жануарларын әкелген де – көшпенділер. Көшпенділер оңтайлы тамақтың сапасының артуына көмектесіп, ақуызды тамақтың рөлін арттырды. Бұл Еуразия мен Солтүстік Африка тұрғындарының демографиялық өсуіне себепші болды. Сол себепті, көшпенділік мәселесі Қазақстан мен Еуразияның ішкі таралу аймағының тарихы мен мәдениетінің ең маңызды, әрі өзекті мәселесі болып табылады.

Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы,
Отырар мемлекеттік археологиялық
мұражай-қорығының ғылыми қызметкері