№1 Қаңтар, 2022
Өткен ғасырды брларымен өлең әлемінің есігін ашып, жұртты, әсіресе, студент жастарды аузына қаратқан, бар болғаны 36 жас жасап:
Бастады мені жол алуан,
Тағдырмын ерте жоғалған,
Жеткізбей кетті, қайтейін,
Кеудемде жүрген көп арман,- деп дүниемен қош айтысқан Марат ақын Отарәлиевтың туғанына биыл 75 жыл толып отыр.
Мараттың туған жері Атырау облысының Тайсойған құмы. Есейіп, жыр көшіне ілескен жерлері – Атырау, Алматы. Кейін Атырауға оралып. Балықшы ауданының Балықшы поселкесіне қоныстанды. 1968 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық «Каспий таңы» газетінде жұмыс істеді. Осында бірге жұмыстас болдық. Жер көріп, ел танып, астанадан ақын атанып келген ол аудандық газеттің күнделікті мігірсіз күйбең тірлігіне алаңсыз араласып кетті. «Жақсыда жаттық жоқ». Арамызда ешкім де оны жатырқаған жоқ, адамға үйірсек, бауырмал мінезімен өзі де бізбен ағайындай араласып жүре берді.
Ұжымның үлкендері – редакторымыз Ғалым Теміртасовты, жастар жағы өздеріне ұстаз санайтын Абдолла Қожиевті, кейінгі редакторымыз Тұқпат Қалмұқановты аға тұтты. Олар да Маратты өзімсініп еркелетті. Құрдастары Лут Әбілов және Меңдеш Бисеновпен әзілдері жарасты. Олардың ауыздарынан шыққан сөздерін сол бойда қалжыңға айналдырып, екеуіне «күн бермейтін». Бірақ, әдептен аттамаушы еді. Өзі де әзіл-қалжыңға апшымайтын.
Жалпы, біз білетін Марат ар-ожданы таза, кісіге қылаудай қиянаты жоқ, бала мінезді, ақкөңіл азамат еді және өмір бойы сол қалпынан айнымай өтті.
Газетке Маратпен бірге жаңа леп келді. Өлеңдері ғана емес, журналистік шығармалары да оқырмандарын тапты. Маңына өлеңге, жазуға икемі бар жастар үйіріліп, радетпей-ақ кәнігі журналист болып алды. Төлеген Берішбаев, Жеңіс Аронов, Күләш Нәбиева, Бақыт Садықов, Жұмабай Төлегенов, Жұмабек Қарабалаев, Арынғазы Мырзағалиев, Амангелді Тәмпиев, Аққали Сырымов және басқалары секілді жас буын осы Мәкеңнің ақындық мектебінен өткендер. Олардың алды кейін өз оқырмандарын тапқан ақын, журналистер болып қалыптасты.
Қай кезде де қат нәрсе баспана ғой. Бірер жылда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Орынбасар аға Еркіновтың көмегімен екі бөлмелі пәтер еншісіне тиген бойда ауылдағы анасы Орынша апайды, қарындас-інілері Гүлнар, Күләш, Қадірбек Жәнібектерді қолына алды. Осында Ақтөбенің Гүлзада есімді қызына үйленіп, үш ұл сүйді. Олардың аттарын Абай, Мұхтар, Айбек қойды. Қазір іні-қарындастары, ұрпағы Балықшы мен Атырауда тұрып жатыр.
Марат замандастары Төлеген, Мұқағали, Жұмекен ақындармен аралас, сыйлас дос болды.
Төлеген Айбергенов екеуі «Өнер және искусство» журналының өздеріне абітыс болған хабарын есіткенде сыңарынан айрылған егіздің күйін кешкенін көзіміз көрді.
Мұқағали Мақатаев ертеректе Атырауға келген сапарында Маратты іздеп тауып, оның екі бөлмелі пәтерінің төрінде арқайын қонақ болды. Жұмекен досы да елге келген сайын Мараттың үй-ішімен хабарласып тұратын.
Осындай заңғар замандастарының арасында жүріп Марат та өлеңде өз биігіне көтерілді. Қазақ поэзиясының сәулетті сарайының қабырғасына өзіндік өрнегі бар жеке кірпішін қалады. Соңына шырайлы да ойлы өлеңдерін қалдырды. Енді сөз кезегін ақынның өлеңдеріне берейік.
Аманқос СҮЙЕРОВ,
Қазақстанның Құрметті журналисі
Ақтау қаласы
Марат Отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалғ— wp:gallery {«ids»:[1005],»align»:»center»} —>
Ақын Марат Отарәлиев. Жайсаң еді ғой. Онымен шүйіркелесіп сөйлесу, әңгіме-дүкен құру өзінше бір ғанибет. Осы бір асықтай ғана қатпа, қара жігіттің тал бойында қандай тартылыс күші барын қайдам? Әйтеуір, адам баласына тым үйірсек, өте-мөте бауырмал. Екінің бірінің көзіне әрдайым жылы ұшырайды. Ешкімді бөтенсіреп, шет қақпайды. Біз сияқты сәл-боген. Аңқау, адал, ақжелең. Көлденең көк аттымен сөйлессе де ағынан жарылып тұрады. Қаңқу сөзден іргесі аулақ.
ҚазГУ-дің студентіміз. Марат ақын, әсіресе, өлең табиғатын жеп-жетік меңгерген. Жаңа бастап жазып жүрген талапкерден гөрі тәжірибеге бай. Абайдан Қасымға дейінгі өлең-жырларды бала күнінен жаттап өскен жан. Алпысыншы жылдардың бас кезінде өлең әлемінде құйрықты жұлдыздай самғаған Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Өтежан Нұрғалиев, Жұмекен Нәжімеденов және басқалармен үзеңгі қағыстырып, қоян-қолтық жүріп-тұру Марат ақынның пешенесіне жазылған. Ол да оразасын осынау өлең-жырмен ашты, көңіл кірбіңін де сонымен жазды. Шалқар шабытты ащы сумен шақырған шақтарын да кешіру, кең пейілділік таныту ләзім.
Марат ақынның бойына біткен бір қасиеті – онша көп күй талғамайтын. Бірқақпай өлеңдерінің талайын қолма-қол суырып салып немесе соңғы партаға отыра қап сүйкейтін. Онысы ойдан көшіргендей әсер қалдырмаушы еді.
Бірде кезекті лекция кідіріске ұшырады. Шетел әдебиеті болатын. Дәріс беретін оқытушымыз Ф.Г.Фролова аяғын әзер алып жүрген мәужіреген кемпір. Зейнеткерлікке шығып, қолын жылы суға малып отырса да теріс емес. Бірақ шетел классиктерінің шығармалары жайлы онан көп білетін зиялы да зерделі ұстаз кемде-кем. Сондықтан джу жүр. Мейлі, өзінің жанын қинамаса, бізге бәрібір.
– Фролова апайдың сабағын сұрап алғанмын. Енді менің лекцияма құлақ түресіздер, өңшең көген көздер мен күлімкөздер.
Бұ кім десек, өзіміздің тай-құлындай тебіскен кәдуілгі Марат. Еш күлмейді. Бө
Буфет көшіп келеді көшеменен,
Осындайда көңілде еседі өлең.
Егер арақ өзен боп ағып жатса
Масайғанша балық
<ысы Шығыс жұлдыздарының темірқазығы іспетті Омар Һаямға еліктеп шығарғаны. Иә, Мараттың да белгілі бір рубаяттарында ішімдік жайлы кең мағлұмат беріліп, сусын ретіндегі рухани қасиеттері біршама мадақталды. Мәселен:
Кім екен бұл арақты жаман деген,
Байқап сөйлеп жүрмей ме адам деген.
– Әй, Марат, маған сенің маскүнемдікті уағыздаған өлеңдерің бес тиынға да қажет емес. Ертеңгі күні байларымыз арақ ішіп кетсе, обалы саған. Осыны бір деп біліп қой. Екіншіден, біз бәріміз де әдебиетшіміз ғой. Болашақ тіл маманымыз. Фролованың орнына көңілімізді шын аулағың келсе, дені дұрыс, ойлы өлеңдеріңді оқы, – деді.
Сол-ақ екен Марат төмендегідей жыр жолдарын төгілтсін келіп.
Қызықсам гүлге көктемде,
Сағыныш болар билеген.
Қиялға жүйрік жеткен бе,
Көңілде толы күй деген?!
Шомылсам мөлдір бұлаққа,
Жанымда ыстық махаббат.
Жүрсем де аулақ-жырақта,
Әкеттім соны арararagraph —>
Әкетсін мейлі қай бағыт,
Кеттің деп алыс ұрыспа.
Келермін сансыз айналып,
Туған жер, мені ұмытпа.
Қағады діріл көл беті,
Сәулесін төксе ай нұры.
Туған жер, әсем келбетің,
Қызықпай қалдым қай күні.
Ертемен тұрып жөнелсем,
Сейілер селдір тұманың.
Қымбатсың маған өз өлкем,
Қанады қашан құмарым.
Қанады қашан құмарым,
Жеткізбес түбі сырыңның,
Мен де бір жанған шырағың,
Мен де бір тентек құлының.
Ду қол соғып, қошеметтеп жатырмыз. Бір сәт тым нәзік, талдырмаш сары қыз ептеп орнынан тұрды. Марат ағасына именіп қарады да, ойын әрі қарай сабақтап әкетті. Қазақ радиосының болашақ дикторы Сауық Жақанованың сыңғыр қаққан әуезді үнін ең алғаш рет естіп отырғанымыз осы.
– Ағатай, айып көрмесеңіз, тағы бір өлеңіңізге құда түсейік деп ек.
Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған. Отарәлиевтің тағы бір мәрте өкшесі е анар жалындап, от шашады.
Жаңаөзеннен шыққан күні екеуміз,
Гурьев жаққа текке асыққан екенбіз.
Шығаруға келе алмады бойжеткен,
Артымыздан қол бұлғады бөтен қыз.
Келіскен ек, шығамыз деп жолға біз,
Ол келмеді, шын мұңайдық сонда біз.
Бойжеткеннен…
т бар – олжамыз.
Ол келмеді, көп қарадық жол маңын,
Түсінбедік мұның қалай болғанын.
Қия алмадық Жаңаөзенді сол сәтте,
Қия алмадық мұнаралар орманын.
… Беу, бойжеткен, жүректерді жаз еткен,
Ұмытылады саған деген наз-өкпем.
Сол күні сен өндіріпсің мол мұнай
Оны кейін оқыдық біз газеттен.
– О, пәлі!
– Жарайсың, Марат досым!
– Дат, тақсыр, дат!
Ешкімнің қаперінде жоқ Естеу ағамыз атып тұрды. Бөлімдегі ең жасамыс, «қарт» студент. Өзі Қытайдан. Кезінде ол жақта «Шұғыла» атты әдеби журналдың бас редакторы болған. Жерлесі жазушы Бұқара Тышқанбаев, ақын Оразақын Асқар, Қаа есі тең сөйлесетін жан. Естеу ағасының өтінішіне орай Марат қайта көсілді.
Кеудеңде тоғай сөйлеп, бұлақ ағып,
Жылжыды қанша ғасыр, жыл ағарып.
Жасыл жер, тыңда, бүгін жыр оқиды
Төсіңде бір ерке ұлың тұра қалып.
Қанатын қағып беріп сан үміттің,
Кеудеңе сіңіп жатыр ағылып ж,
Алысып мың бетімен қарт тарихтың.
Сол әжім, мұң түнеген, нұр түнеген,
Жарасып жатыр дәуір ғұрпыменен.
Бар әлі асқар тауың, ала бұлтың,
Бар әлі тентек өзен күркіреген. ---->
Шулаған сол күйіңде көк ормандар,
Төсіңде жүзіп жүрген мол арман бар.
Бәрі бар, мүмкін, сұлу бұрынғыдан,
Жоқ жалғыз сенен мәңгі жоғалғандар.
Жоқ олар! Топыраққа тұншығыпты үн,
Қайтадан жанған шығар бір суық күн.
Біз бармыз сынғаны үшін бір шыбықтың
Алдында жауап берер тіршіліктің!
Марат ақынды аудиториядан көп көрмейміз. Жатақханадан да сирек кездеседі. Көбіне-көп жүретін жері – Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакцжиармен майлы қасықтай араласып жүргені. Ізтай, Сағи, Мұқағали, Төлеген, Өтежан және басқаларының соңынан ерген ізбасары еді десем дөп келеді. Енді бірде Мараттың өзі де топ бастап, бөлме мен бөлме арасында дүрлігіп жүреді. Оның жан жолдастары – Дулат, Әлібек, Лебен, кейде Елен мен Ескендір де үлкен шоғырдың шашбауын көтеріп, мәре-сәре.
Студенттер арасында көп тараған қауесет, аңыз-әңгімелердің бірі тарихшы-ұстаз Қарағұсов жайында. Марат екеуі бірде ресторанда кездесіп қалады-мыс. Ұстаз да, шәкірт те бурыл. Бір-бірін беттен сүйіп, әлсін-әлі төс соғыстырады білем. Сондай бір мамыражай шақта бірі екіншісіне қолқа сапты:
– Осы сені айтулы ақын дейді. енып айтшы, бауырым! – деп отыра кетеді. Ұстаз орындығына жайғаса берсін, ал шәкірт тұрып сөйлеуі шарт. Марат ақын түрегеп тұрып:
О, менің ескі досым Қарағұсов,
Отырмыз бүгін, міне арақ ішіп.
кәсенің соңыңа ерген бала күшік, – дейді де алдындағы арақты сіміріп салады. Анау да сол бойда мәз-мейрам боп, қайта сүйіседі, қайтара құшақ айқасады.
өлақ аралап, ақбас Алатауға қарай самғайды. Ақ үйдегілерге естіледі. Тарихшы-ұстаздың абыройына қауіп төнеді. Ұзын-құлақтан естуімше, Марат ақынның сондағы басына үйірілген қорғасын бұлт салмағы да зіл батпаасқ астынан үзілді. Ол айдың-күннің аманында әскери міндетін өтеуге аттанды. Сол кездегі студент, кейін «Егеменде» табан аудармай жұмыс істеген тарлан журналист Әділ Дүйсенбеков те Мараттың соңынан кетіп, парзм> Содан бес-алты жылдай Марат ақын екеуміз бір-бірімізден көз жазып қалдық. Мен Мақат, ал Марат Балықшы аудандық газеттерінің пұшпағын илестік. «Отарәлиев оқытушы болады», – дегенге сену қиын. Ақынжанды ны есептелетіні – бұқаралық ақпарат құралдары емес пе.
1970 жылдың бас кезі. Маңғыстаулық Лебен деген курстас досымыз қаңғалақтап Атырауға келе қалды. Әлдеқайдан Марат пен Күзембайды жолықтырып, әбден орта тжүк. Жалын атқан жастығымызды еске түсіретін жаңалықтар шаш етектен.
Нағашым Орынбасар Жасақбаевтың қара шаңырағының астында бір күн, бір түн бас қостық. Олардың оқитыны – өлең. Қойын кітапшасын қалтасына салып жүрген ешкім жоқ. Марат та, Күзембай да суырып салып, Лебен екеуміздің әбден айызымызды қандырды. Құлақтың құрышы қанды.
Біз Маратты аймаңдай ақын десек, Күзембай да өзінше дүлдүл. Қояр емес, ернін әлсін-әлі жалап қойып, шөпті де, шөңгені де қолма-қол жырға қосады. Ал енді Отарәлиевтің үйреншікті әдеті – мойылдай қап-қатты қара шашына тыныштық бермейді. Әлсін-әлі шалқасынан қайырады да отырады. Міне, бәйгеге шабар жарау аттар, нағыз Тайбурыл осылар.
Тағы бір анық аңғарғаным – ішілген арақтың есебі жоқ. Ал бірақ масаятын түріміз көрінбейді.
Мен бір қара балта едім,
Қайрауын таппай кетілдім.
Қайраса дйтқандай, Марат пен Күзембай қырлы стақанды ауызға алған сайын жаңа өлең, жаңа тақырып, жаңа бір көңіл-күйді, несін айтасың, қойша қоздатады. Жарықтық, екеуі де өз елінің Мұқағалиы, өз жұртының Айбергеновы еді ғой!
…Марқұм өмірден тым ерте кетті. 36 жас дейтін не, тәйірі жлең рухымен тояттатып, сусындатар еді, шіркін! Көз жұмарының алдында ең соңғы ақтық демін де былайша білдіріпті:
Бастады мені жол алуан,
Тағдырмын ерте жоғалған.
Жеткізбей кетті қайтейін
Кеудемде жүрген көп арман.
Иә, арманын елге, бала-шағасына аманаттап кеткен дат Атырау қаласының іргесіндегі Теңдік зиратында жатыр. Жол-жөнекей әрлі-берлі өткен сайын күбірлеп іштей дұға етеміз. Біздің қолымыздан келгені осы ғана. Бұдан бес-алты жылдың турасында асқаралы 60 жасын ел боп, жұрт боп ұлан-асыр атап өттік. «Өлі жебемей, тірі байымайды»есрстас достары атынан айтарым:
– Жаның жәннатта болсын, Марат! Артыңда қалған ұрпағыңа көз қырыңды салып, пәле-жәледен сақтай жүр. Қамшының сабындай қысқа өмірді бұлбұл боп сайрап өткіздің. Құдайым кейінгі жас жеткіншектерге сенің тағылымыңды берсін, сенің талантыңа тәнті етсін! Әумин!
Са
ӨРТЕҢГЕ ШЫҚҚАН ӨСКІН
Көзім көргендер мен көңілім түйгендер әлдебір ойтүрткі болғанда зерде түкпірінен қайта көтерілетіні бар. Марат Отарәлиев туралы бұл күнде алыстан бұлдырайтын жылдардың жадымда сақталып қалған іздерімен қайта жүріп өткелі отырғанымда оқырманға ескертерім-айтпақ естеліктерімнің жылдарында жаңсақтық болуы мүмкін, ал әсерлерімде жалғандық пен жасандылық жоқ.
Марат Отарәлиевтің өзінен бұрын өлеңдерін көрдім. Ол өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басы болатын. Тайға таңба басқандаал тұрмыс» журналының ішкі беттерінің бірінде Марат Отарәлиев пен Төлеген Айбергеновтың кеңестік үлгідегі төлқұжатқа жапсыратындай шағын суреттері мен өлеңдері басылған екен. Әдебиет оқулықтарындағы өзіміз ортасында жүрген қарапайым өмірге жуыспайтын, әсіре әшекей өлеңдердідаымыз тамсанбайтын бозбала шағымыздың өзінде ол екеуінің өлең өрнектері өзгеше екені білініп тұрды.
Маратқа серік болған, жастықтың сайрандарын бірге салған, оның достары Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұматай Жақыпбаев сынды өлеңдері жарқыншдың жырларын өз ауыздарынан тыңдаған, өз жүрегіме жаттаған жылдарым Қаз МУ-де оқыған кезім. Мен осында оқуға түскен 1965 жылы Марат шығарды деген өлеңдерді, Марат айтты деген сөздерді университеттің сол кездегі тоғыз факультеті түгел қағып алып отыратын, Мәкеңнің мәшат өзім сұлу өлеңдеріне қарап, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт болар деп елестететінмін. Өзін емес, тек өлеңін білетіндердің талайы солай ойлайтын. Сол Марат шағын бойлы, қағылез қимылды, киім-кешек сияқты сыртқы тыстамаға сұранысы аз, қарапайым адам болып шықты. Ішінде толғаныстар толқыпынп жүретіні әсіре сәнқойлардың аласалығын, Мараттың жалған жылтырақтан биіктігін байқататын. Марат өзінің емес, өлеңдерінің әсемдігімен әдемі көрінетін.
Қай- қайдағы ыстық балдырған
Сағынышыңа от себер,
Шүрегей үйрек алдыңнан
Шүйкілдеп ұшып өтсе егер,–
деп Төлеген ақың әуелі әлдебір мұңды, сырлы сезімге әлпештеліп, содан соң апыр-ай, осындай жыр қалай туады, бұндай бұлақ қандай қайнардан шығады деген ойға қаласың?! Мараттың жан жолдасы, өте білгір әдебиетші, талғампаз жыр талдаушы Әбдібай Қорғанбаев «ақындықтың ауруына шалдықпаған адам өмір бойы жыр жазбайды» деуші еді. Әуелінде ақындықтан дәмесі бар талайлар тай кезінде құлдыраңдап, кейін қойторы болып кеткен мысалдар көп. Ал Марат өмірбойы өлеңінің бояуы өңбей өткен ақын.
Барша адам баласы сияқты әке-анадан туғанымен, асылы, таланттылар да өз кезіндегі заманның, қоғамның әсерінен тыс тұра алмайды. Мәселен, өткеннің бәрін мансұқ етіп, мәдениет пен әдебиет атаулыны жаңаша қайта жасаймыз деген «Пролеткульттың» плакат поэзияға сұранысы, одан аманат алған «Социалистік реализмнің» саяси ұрандарға көркем шығармада үн қосу талабы «колхозды ауыл», «тракторшы қарындас» сияқтыларды үлгі етіп, талай таланттың өрісін тарылтып, өнерін тұсап тастағаны даусыз. Осы бір шектеулі шеңберді бұзып шыға алғандар Мағжан, Тайыр, Иса, Қасым қатарлылар. Одан соң шинельдерін оқ тескен, етіктерімен от кешкен, өздері де, өлеңдері де өр, өжет майдангер буын келді бұлқынып. Бірөңкей кірпіш құятындай бұрыңғы қалыпқа сыймаған сол бір ағалар толқыны болмаса, қазақ жырының бау-бағына жаңа ағаштар еккен, жемісін мол төккен 60-ыншы жылдарда да елді елең еткізген, әдебиетке екпіндеп енген буын болмас еді бәлкім. Марат та Қадыр, Жұмекен, Мұқағали сияқты тойғаны мен тойлағаны аз, тоңғаны мен танығаны көп жылдардың өртеңге шыққан өскіні, талантын тағдыры баптағандардың бірі.
Сол күні бірақ білмедім түкті өз басым,
Кейінгі мезгіл түсінікті өмір озғасын,
Білмедім әкем елжіреп неге қарады,
Сезбедім анам төккенін неге көз жасын, –
деп бастап,
Көбейді тойлар тағы да бізді сыйлы етіп,
Тағы да шалқып ән менен әзіл, күй кетіп,
Оралып жатты аулақтан әке, ағалар
Көздерін таңып, аяғын әзер сүйретіп –
деп жалғап,
Шекарадағы досым, көбейсін бейбіт күз-көктем,
Сонау бір жылдың сыйлығы болып, бізге өткен.
Ауылдағы аға-інілеріңді сағынсаң
Сол ауыр кездер алдыңнан өтсін тізбекпен,–
деп аяқтайтын жылаан ақындардың да ойдағы қисыны өлеңде қиыспай жатады. Ал, Мараттың 20 жастағы солдат кезінде жазған:
Көз алмай дұшпан шебінен,
Минуттар сайын ер жетіп,
Тұрсың сен Отан менімен
Аяққа киіп керзі етік.
Билеп бір өрлік кеудені
Байқатпай күндер өтуде,
Жүрсің сен, Отан мендегі
Анамның суретінде де, –
деген шумақтар қара сөзбен айтып жеткізе алмайтынды өлеңмен өрнектей алған ақындығын, Ана мен Отанды қатар қойып құрметтеуі өзі ойлаған, өзгені ойлантқан азаматтығын танытады. Жансарайын осындай ойлар толқытқан адамды азамат десе керек еді ғой. Бізде маңызды лауазым немесе мол байлық иесін азамат тұтатын түсінік қалыптасып барады. Билік те, байлық та мәңгілік емес, жақсы жырда мәңгілік пен мәнділік.
Өлеңнің өзін емес, сөзін оқитын әлдебір әңгүдіктердің өресншы шараптан шабыт алған, шарапшыл тірлікті шылқыта жырлаған ақын деп қараушылық кейде белең білдіріп қалады. Шарап туралы Омар Хайям мен Сергей Есениннен көп жырлаған ақын бар ма екен? Бірақ олардың бұл тақырыптағы өлеңдерін поэзиялық тұрғыдан түсінгендер жырқылдап күлмейді, егіліп жылайды. Марат туралы осындай тұрпайы түсінік қалыптасуына оның өзі мен өлеңі кінәлі емес, ақын мен өлеңді бағалай білмеген заманы мен адамы кінәлі. Жасы ширек ғасыр кіші болғандықтан осыдан ширек ғасыр бұрын өмірден өткен Маратты көрмеген, бірақ өлеңдерін іздеп жүріп оқыған марқұм Табылды Досым ақыры «Марат ақынның рухымен сырласу» деген өлеңін жазбаса болмайтын халге жетіп еді.
Мейрамханада орын
аламыз қатардан,
Алдымызға келеді
біздер татар дәм.
Мен және сенің
елесің болып екеуміз
Ішеміз шарап
ортада жалғыз бокалдан.
Балауыз шамды
бұрышты жалғыз мекендеп,
«Қайда кеттің,
келесің қашан Мәкем» деп,
Ернеуінен сүйемін
сосын бокалдың
Ерініңнің жылуы
қалды ма екен деп, –
деген оның өлеңін
де шарап туралы дер-ау біреулер. Шынында бұл шумақтар іні ақынның аға ақынды
сағынған жоқтау-элегиясы.
Ж.Нәжімеденов,
М.Мақатаев сынды жыр жұлдыздары оны адамдығы мен ақындығы үшін ардақтап өткен.
Атырауға іздеп келіп, сағыныса сырласқан. Марат тек еліне ғана елеусіз болып
өтті.
Мен жоқта алуан
бақ құшып,
Өтіпті күндер мен
ағып Ай.
Туған үй, жаңа бір
ақ күшік
Дүние-ай, жүйрік
ең ой неткен,
Оянды өткен күн
күмбірлеп.
Арулар мен жоқта
бойжеткен
Қарайды ойлайды-ау
«бұл кім?» деп.
Бәрі де өзгерген
бұл ауыл,
Өмірге жаңалық көп
енген,
Құп-құйттай інілер
үйінде
Ұялшақ келіндер
көбейген, –
деп, алыста жүріп
аңсау жыр арнаған елі оны елемеді, ескермеді. Өзі де «мен мұндамын» деп мойынын
созбады.
Ей, адамдар,
айналайын жыр кені,
Менің осы
кәусарымды қанып іш.
Әкем өлген кезінде
де бұл мені
Өртемеген сағыныш, – деп Төлеген Айбергенов ақын айтқанындай, Марат артына кәусар жырларын қалдырып кетті. Енді ол өлген ақынға емес, тірі адамдарға керек. Себебі, жақсы өлеңді тануда, жақсы жырдан ләззат алуда тау бұлақтың тұнығындай тәттілік, әсемдікке әуестендіретін тәрбие бар. Егер, әлде бір ауқатты адам, арлы азамат табылып, ол қымбат машинасының бір жылдық қымбат жанармай ақысын Марат Отарәлиевтің жырлары мен ол туралы естеліктер кітабын шығаруға қияр болса, ел үшін атқарған елеулі іс аталар еді.
Әлібек ҚАЙЫРОВ