№12 Желтоқсан, 2021
Бүгін бірқатар елдердің ғана, теократиялық мемлекеттерді қоспағанда, мемлекеттік діні бар. Зерттеуші Ксавье Дельгранждың айтуынша, мемлекеттің зайырлылық сипатын төрт қағидалар анықтайды: діни сенім бостандығы, азаматтаті шіркеудің мемлекеттен бөлінуі.
Зайырлылық түсінігі алғаш рет Еуропада пайда болды. Француз философы және филологы Эмиль Литтре зайырлылықты «барлық ғұрыптармен бейтарап қарым-қатынаста бола тұра, діни басылардан тәуелсіз және кез-келген теологиялық тұжырымдамадан еркін болатын мемлекет белгісі» ретінде анықтады.
Зайырлы мемлекет идеялары XVIII–XIX ғғ. АҚШ және Францияда қалыптасып, XX ғ. кең тәжірибелік таралымын тапты [1, 412 б.].
Солтүстік Америка жерінде зайырлы мемлекет қағидаларының ерекшеқығанда кейінірек құрылған кезде, оның отарлық тарихи құрылымымен себептелген. Зайырлы мемлекеттің француздық моделі американдық моделінен мемлекеттік дін жағдайында бастама алғандығымен ерекшеленеді.
Көптеген дамыған мемлекеттерде зайырлылық жарияланғанымен, оның жүзеге асырылуы күрделі түрде өтуде. Мемлекет және құқық теориясында қалыптасқан ұлттық құқықтық жүйе, мәдени дәстүрлер және ғұрыптар, құрылған мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастарға байланысты мемлекеттің зайырлылық моделінің көптеген жіктемелері бар [2, 290 б.].
Зайырлы мемлекет моделінің негізгі түрлерінің арасында классикалық (Франция, Ресей), бейтарап (АҚШ, Жапония) және артықшылықты (Италия, Израиль, Германия, Польша, Испания) түрлерін ерекшелеуге болады.
Мемлекеттің зайырлылық моделінің классикалық түрі мемлекеттің діни бірлестіктермен кеңінен серіктестігімен сипатталады. Осы классикалық түр шегіндегі мемлекет және діни бірлестіктердің серіктестігі, бір жағынан, қарым-қатынастың түрлі салаларында қоғамдық диалогтың дамуына оң қырынан әсер етсе, екінші жақтан, діни және өзге де себептерге байланысты ұлтаралық дауларды басу арқылы қоғамдық келісімнің қалыптасуына жағдай жасайды.
Классикалық түр өзінің оң бағыттамасы бойынша өзге түрлердің арасында мемлекеттің зайырлылық моделінің оңтайлы нұсқасы болып табылады. Сонымен бірге, осы түрдегі мемлекеттер үшін зайырлы және діни тарихи синтез бағышты болса, олардың арасында тәуелсіздік үшін күрес те тән.
Зайырлылық моделінің бейтарап түрі мемлекеттің барлық діни бірлестіктерден қашықтауға белсенді ұмтылуды және қандай да бір дінді артық көруге бейресми тыйым салуды айқындайды. Әдебиеттерде бұл моделді кейде «зайырлы немесе азаматтық дін» түсінігімен белгілейді [3, 141 б.].
АҚШ халқының көбісі діндар болғанымен, XX ғ. екінші жартысынан АҚШ Жоғары Сотының шешімдерінде дехристинизациялау үрдісі айқын байқалуда. Мысалы, оқу дәрісінің алдында дұға айтуға, американдық мемлекеттілік рәміздерде библиялық мақамдарды орналастыруға тыйым салу [3, 169 б.]. Алайда, көптеген христиандық белгілердің АҚШ-тың мемлекеттік атрибутикасында ере жүруі жалғасуда. Мысалы, АҚШ Президентінің қызметке тағайындалу процесі Библияға қолын қойып, ант беруімен жүзеге асырылса, Конгресс отырысын христиандық капелландар ашады.
Зайырлылықтың артықшылықты түрі мемлекеттің бір немесе бірнеше діндермен ерекше қарым-қатынасын көздейді. Мұндай артықшылықты қарым-қатынастар олардың тығыз тарихи байланысымен шартталған. Өткен кезеңдерде осы сынды елдерде көптеген артықшылықты діни бірлестіктердің мәртебесі мемлекеттік болған, мысалы, Италиядағы Рим католиктік шіркеуі. Осындай діни бірлестіктер ішінара мемлекеттік қызметтерді атқара алады, атап айтқанда, білім саласында.
Кейбір діни бірлестіктердің мемлекетпен қарым-қатынасындағы артықшылықты жағдайы тиісті дінге құлшылық ететін халықтың басым көпшілігін мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушы органдары арқылы қолдау нәтижесінде сақталуда. Артықшылықтар әртүрлі нысанда байқалады: салық жеңілдіктерінен бюджеттік қаржылар есебінен дін қызметшілерінің жұмысын қаржыландыруға дейін.
Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастар мәселелерімен байланысты бірқатар теоретикалық жұмыстарда мемлекеттің зайырлылық моделінің аталған артықшылықты түрінің белгілерін клерикалды мемлекет моделіне жатқызады [4, 27 б.]. Кейде артықшылықты түрдің анықтамасына мемлекеттік зайырлылық моделіне жат белгілерді де енгізеді (ресми мемлекеттік діннің және оны ұсынатын ұйымның болуы).
Бірақ клерикалды мемлекеттің зайырлыдан ерекшелігі қандай да бір дінді ресми деп жариялауы болып табылады. Одан бөлек, клерикалды мемлекет теократиялықтан биліктің дін басыларында болмауымен ерекшеленеді. Қазіргі таңдағы клерикалды мемлекеттер қатарына Ұлыбритания, Норвегия, Исландия, Дания, Швеция, Греция және Португалияны жатқызуға болады.
Мемлекеттердің түрлі зайырлылық моделдеріне талдау жасау негізінде келесі тұжырымдамаларды анықтауға болады:
1) Зайырлы мемлекеттің бейтарап түрі діни бірлестіктердің қызметінен алыстауға ұмтыла отырып, сонымен қатар, олармен серіктестік қарым-қатынастарын орнатуға ынталарының жоқтығынан кейбір жағдайларда мемлекеттің өз халқының діни қызығушылықтарына деген бейілсізділігімен айқындалады. Әсіресе, бұл жағдай көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттердің саясатынан байқалады.
Осыған байланысты, бейтарап модель өзінің сипаттамалары бойынша зайырлы мемлекеттің динамикалық емес, статикалық түрі болғандықтан, оны қандай да бір діни бірлестіктерге қатысты жоғары деңгейде тұрақты болатын зайырлылықтың «соңғы» нұсқасы ретінде белгілейді.
2) Артықшылықты модель зайырлы мемлекеттің типологиясы аясында өзге «ақырғы шегі» болып табылады. Бұл модель өзінің динамикасымен сипатталады, алайда жиі бір басым конфессияға қатысты болады, яғни осы мемлекет халқының басым көпшілігі қай дінді ұстанса. Зайырлылықтың осы түріне жататын көптеген дамыған мемлекеттер ертеректе клерикалды болған.
Сонымен, зайырлы мемлекеттегі артықшылықты моделдің динамикалық құрылымының жылжуы оны клерикалды мемлекетпен жақындастырады. Бұл артықшылықты моделді клерикалды мемлекетке ауысу мүмкіндігі бағытындағы зайырлы мемлекеттің «шекті» нұсқасы ретінде анықтауға жағдай жасайды.
3) Классикалық модель мемлекеттің зайырлылық типологиясында ең бейтарап бағдарын ұстанып, зайырлылықтың оңтайлы нұсқасы болып табылады. Сонымен қатар, зайырлы мемлекеттің артықшылықты моделіне қарағанда мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы серіктестік қарым-қатынастары динамикалық теңдестірілген дәрежеде болады. Бұл модель зайырлы мемлекеттің мінсіз түріне жақын келеді.
Жоғарыда айтылып өткендей, кейбір зайырлы мемлекеттер моделдерін нақты елдер мысалында «шекті» деп белгілеу шартты сипатта көрсетілген. Сонымен бірге, түрлі мемлекеттер моделдерінің белгілерін теоретикалық тұрғыдан сипаттау олардың басты ерекшеліктерін анықтауға және мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың алуан түрлілігін түсінуге мүмкіндік береді.
Осылайша, зайырлы мемлекеттің артықшылығы классикалық нұсқада, ең алдымен көпұлтты және көпконфессиялы елдерде байқалады. Яғни, мемлекет бүкіл халықтың мүдделерін білдіре отырып, ұлттық, діни және өзге де тиістілікке қарай кейбір бөлек топтарға артықшылық бере алмайды.
Сонымен қатар, зайырлылық мемлекетке халықтың мүдделерін объективті түрде бағалауға және ақылға салынған шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Себебі, бейтарап ұстаным қызығушылығы жоғары халық тобынан мемлекетті максималды түрде алшақтай алады.
Мемлекеттің зайырлылық моделі жоғарыда аталған мәдени сәйкестікті осы немесе өзге де мемлекеттің тарихи, ұлттық, өзге мәдени ерекшеліктерінің дамуымен үйлестіруді көздейді. Ол мемлекетті қарым-қатынас дамуының жаңа сапалы деңгейіне шығара алады. Егер мәдени үйлесімділік мүмкін емес болса, онда синтез де бола алмайды.
Алайда, барлық мемлекеттер түгелдей олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып зайырлы бола алмайды. Мысалы, ондай мемлекеттердің қатарында Ватикан немесе Сауд Арабиясын елестету аса қиын, өйткені, олардың теократиялық режимдері ғасырлар бойы зайырлы мемлекет белгілерімен ешқандай ортақтығы жоқ көптеген мәдени құраушылардың әсерімен қалыптасқан.
Өзге мемлекеттер, соның ішінде, Ресей Федерациясы зайырлы мемлекет моделіне трансформациялану процестерінен өту мақсатында жаңа саяси, экономикалық, географиялық және өзге де жағдайларды қолдана бастады [5, 17 б.]. Ол үшін мемлекет, ең алдымен, діни бірлестіктермен олардың дәрежесін құқықтық тұрғыдан заңдастыру арқылы диалог құруды жөн көрді.
Қорытындылай келе, көптеген сарапшылар зайырлы мемлекет тақырыбын қарастырғанда оның дамуы демократиялық негіздерсіз мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Себебі, демократия ар-ождан бостандығы, идеологиялық алуан түрлілік және азаматтық қоғамды қалыптастыру қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл қағидаларсыз зайырлы мемлекет тек ресми түрде ғана өмір сүреді.
Ең алдымен, экономикалық сипаттағы жаһандық интеграциялық процестер объективті көшіп-қонуларға жағдай жасап, бір ұлтты территорияларды әртүрлі ұлттардың, мәдениеттердің адамдарымен, сәйкесінше, түрлі діндер, ұстанымдар және көзқарастармен толықтырады. Көпұлтты мемлекеттердің өсу тенденциясы әртүрлі мүдделер әрекеттeстіктерінің ыңғайлы құрастырылымдарын, моделдерін және тетіктерін даярлау бойынша жаңа мақсаттар мен міндеттерді талап етеді.
Осы оңтайлы әрекеттестіктің бір тәсілі ретінде зайырлы мемлекет тек ұлтаралық және конфессияаралық дауларды ғана емес, сонымен бірге, осыдан туындайтын мәселелерді де шеше алады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі таңда зайырлы мемлекет моделінің үлкен ғылыми және тәжірибелік болашағы бар.
- Адам құқықтарының декларациясы. Франция // Еуропа мемлекеттерінің конституциясы: В 3 т. Т. 3.
- И. Понкин, Современное светское государство – М., 2004.
- А. Ромашко, Взаимодействие светского и сакрального начал в процессе формирования и развития правовых систем – Краснодар, 2005.
- А. Живулин, Теоретико-правовые основы регулирования современных государственно-конфессиональных отношений – Новгород, 2010.
- Л. Воронкова, Конституционные основы светского государства в Российской Федерации – Саратов, 2016.