№12 Желтоқсан, 2021
Дін мен ғылым – егіз ұғым. Өйткені ғылымсыз дін қатқылдыққа, қатігездікке ұрындырарын тарих сахнасы дәлелдеп берді. Еуропа ренессансына дейінгі дәуірде ғылымсыз шіркеу пірадарлары халыққа қатаң талаптар қойып, үкіміне қарсы шыққан адамдарды аяусыз жазалап отырды. Тіпті жуыну үшін сабынды пайдаланудың өзі Құдайға теріс әрекет саналды. Күннің жерді айналатынын, жер домалақ екенін дәлелдеген Галилео Галилей мен Коперникті қудалап, Інжілдің қатаң ескертпелеріне қайшы келді деген желеумен күштеп пікірлерінен теріс бұрылуға мәжбүр етті. Ал мінезі тік Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін отқа өртеп жіберді. Француздың қаһарман қызы Жанна Дарктың да жалындаған отқа өртелуіне ғылымсыз шіркеу діндарларының ықпалы орасан зор еді. Осылайша Еуропа ғылымы күн сайын артқа шегініп, жағдай шиеленісе түсті. Тек 15 ғасырда әдебиетке Шекспир, Петрарка, Рабле, Сервантес сынды ірі шоғырдың кеуімен Батыс мәдениеті жаңа деңгейге көтеріліп, ғылым-білімге деген талпыныс жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай әр тұстан көріне түсті. Діндарлардың блімсіз мінездері мен жалған сөздері қақзылды. Осылайша Еуропа өзінің қайта өрлеу дәуірін бастан кешті. Атақты физик Энштейін «Дінсіз ғылым соқыр, ғылымсыз дін ақсақ» дегені осы тарихи қателікті қайталамауға деген қарсылық-тын.
Қазақ топырағы 20 ғасырда әртүрлі мехнатты кезеңдерден өтті. Бір тұстан дін таратушылар, бір тұстан орыс отарлаушылары басып кіріп, тіліміз бен санамыз шұбарлана бастады. «Аңқау елге арамза молда» дегендей, білімі таяз діншілдер әртүрлі жабайы үкімдер шығарып, қазақтың болмысында жоқ мейірімсіз, қатігез мінездер пайда болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы естеліктерде ақынның молдалардан теперіш көріп, «өлең жазу шайтан ісі» деп қудалау көргені жайлы айтылады. Содан ба екен, ақын ғылымсыз молдаларды аяусыз сынға алады.«Соқыр сопы» атты өлеңінде бүй дейді:
Фарыздың не екенін өзі білмес,
Өзі айтқан жолыменен өзі жүрмес.
Дейді сөзге нанады қашан болсаң,
Өзі таңдап алуға көзі көрмес.
Басқаға жөн айтады білген болып,
Неше түрлі күнәдан бой тартпайды,
Көп көзінше сопы боп жүрген болып.
Ал, «Шұбар қожа» атты өлеңінде:
«Қара қойдың өкпесі кімді жазар,
Қожаның айласы ғой тамақ табар.
Алдаушы, ел бүлдіргіш құрыса сұмдар,
Қараңғы ел арамзадан тыным табар» дейді. Міне, қазақ халқының басына төнген қауіпті дегдар ақын анық біліп, сезіп айтады. Қауіптен сақтандырмақ болып баласын қорғаған қарлығаштай шыр-пыр етеді. Дәл осы дүрбелең уақытта қазақ сахнасына Абайдың келуі үлкен оқиға еді. Кемеңгер ақын шала молдаларды аяусыз шенеп, «ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» десе, Шәкәрім «Ғылымсыз адам айуан, не қылсаң да ғылым біл» деді. Міне, осы бір концепция қазақ баласының қараңғылықтан жарыққа шақырды. Күллі зұлымдық пен жамандықтың бастауы болған білімсіздік оты елді шарпыған кезеңде жаңа көкжиек бой көтерді. Ақ пен қара, бай мен кедей деп айырмай адамзат баласын сүюге шақырған қайраткерлер болмысы талай ұрпақтың ақылына сәуле түсірді. Жол мен жоба айқындалып, жаңа қадамдар жасалды.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір сүрген дәуірі қиын шақтарға тап келді. Кеңестік үкіметтің идеологиясы өз заңдарымен елді билеп-төстеп ынbr>
Дін – ғылымның анасы,
Дін – ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы,
Дін – ғылымның көкесі.
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Қол ұстасыымеді ақын. Расында, өзін танымай тұрып, Құдайды танимын деген пенделер сөзі шындықтан шет еді. Ғылымның қалың орманына еніп, ақ пен қараны ажыратуға тырыспай, молданың айтқанына ғана сенген адам образы күлкі шақырарлық. Өтірікте рух болмайтыны секілді, ондай адамның бойында ар, мінез, үлкендік деген құбылыстар қайдан болсын? Еліне жаны ашып, ұлтына жан аямай күресерлік қуат қайдан болсын? Бүгінгі дін атын малданып шоқша сақалын беліне түсірген көзсіз діндарлар ұлтына, халқының әр бөлшегіне жаны ашиды дегенге сене аламыз ба? Жоқ! Сене алмақ емеспіз. Бабаларымыз айтқандай «Отанды сүю – иманнан». Обал мен сауапты, ынсап пен ұжданды, жақсы мен жасықты айыра білер ғылымға суарылған терең иманнан болмақ. Қазақ топырағында қалыптасқан дәстүрлі тәрбие мен салт-жоралғылар шын иманның бұлағынан нәр алды. Солайша елімізде рухты батырлар мен ауызы дуалы би-шешендер мен ақындар ұлттың берекесін күзетіп, темірқазыққа айналды. Әкенің емес, адамның ұлы бола білді. Осы бір асыл құндылықтарымызды кейінгі ұрпақ санасына мықтап сіңіру бүгінгі қазақтың басты міндеті болса керек.
Қорытай айтқанда, Тәуелсіздік туын қолға алып, әлемнің озық елдерінің қатарынан көрінген мемлекетіміздің рухани байлығы тереңнен тамыр тартады. Қазақтың жүз томнан асып жығылған бабалар сөзі – әр халықтың еншісіне бұйырмаған бақ. Ата-бабамыз қалдырған алпауыт мұраны келешекке жеткізу – біздің асыл мұратымыз болмақ.