№12 Желтоқсан 2021
Ислам діні әу баста бір ғана мүддені көздеп, адамзатқа сәуле шашқан дін болса да кейін келе адам қолымен жасалған заңдар мен жоралғылар сан түрлі ілімдерді жасап шығарды. Кейбір елдер асыл діннің мәйегінен алыстаса, кейбір елдер дін мен дәстүрін қатар ұстап, орта жолды ұстана білді. Қазақ халқы қаншама ғасырдан бері нәубетті жылдарды басынан кешірсе де ар-иба, ізгілік пен ынсапты, обал мен сауапты ұмытқан жоқ. «Ұят болады» сөзі арқылы жетілген өскелең жастар әр іске сол ұяттың с. ңген жақсылық канондары қазақ балаларын теріс жолға таюдан сақтайтын бірден бір негізге айналды.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатқандығы белгілі. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде исламды бүркемеленген діни ағымдардың алдын алу кезек күттірмейтін мәселе. Бұл діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салумен қатар дінаралық келіспеушіліктерге әкелу. Бүгінде мұндай ағымдардың жетегінде жүрген және оның ішіне кіріп кетіп жатқандары да аз емес екендігі белгілі. Профессор А. Әбуов өз сөзінде: «Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің негізгі үш себептерін атап көрсетуге болады. Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы мен дінге деген дұрыс көзқарастың болмауы. Екіншіден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы және қоғамда өз орнын таба алмай жүрген азаматтарды қатарларына қосып жатқанын байқаймыз. Үшіншіден, ел ішіндегі және шет елдердегі теріс көзқарастарды насихаттң терін жастар арасында белсенді таратуында болып отыр» деп ой қорытады.
Жастардың теріс жолға бет бұруының ең маңызды факторының бірі діни сауатсыздық. Балаларға мектеп кезінен дін тұрғысынан ақ пен қараны ажыра аларлық діни білім берілу маңызды. Осы орайда дінтану сабақтары қолға алынып, мектептерде пән ретінде беріліп жүргені көңіл көншітерлік жайт. «Білмеген шоқ басады» дегендей, адамның бүкіл өмірі санасына байланысты екені күмәнсіз. Санасы уланып, жолы қараңғы тарта бастаған жастардың жат ағмдарға ілесіп кетуі оп-оңай.
Дәстүрлі дініміздің жолы адамдарға деген махаббатқа, туыс-туғанмен қарым-қатынасты үзбеуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет жасауға үндейді. Ислам дінінің өзі бейбітшілік, тыныштық деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарынан көретініміз тек қана лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі белгілі. Ал қазіргі дін атын жамылып келіп жатқан ағымдардың астарында саясиланған мүдде жатқандығы айқын. Жоғарыда талған мәселелерге байланысты елімізде дәстүрлі діни ағымдардың алдын алу, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту және діни сауаттылықты арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Елбасы Н.Назарбаев 2009 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі» деп атап көрсеткен. Көп ұлтты Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай маңызды мәселе екенін жасырмаймыз.
Теолог Ершат Ағыбайұлы экстремизмнен арылудың жолдарын айта келе: «Ең алдымен, мұсылмандардың өздерінің ислам дінінде биік адамдық қасиеттерді,заңды қадірлейтін мейірімді әрі тәртіпке бағынатын тұлғаның қалыптасуына басты назар аударылатындығын терең түйсіне білулері аса қажет. Сол себепті, мұсылмандар арасында орын алып отырған экстремизммен күрес репрессия және жалаң тыйым салу жолымен емес, біріншіден, адамгершілік пен ізгі мінез қалыптастыратын исламның шынайы бейнесін дұрыс діни білім беру арқылы айқындатып күресу керек.
Екіншіден, адамдардың бойына этикалық қасиеттер дарытып, идеологиялық және өмірлік-стилдік плюрализмді қабылдау бейімділігіне үйрететін зайырлы білім беру жүйесімен ағартушылық арқылы да жүзеге асу керек.Үшіншіден, ата-аналар мен туған-туыстар жас ұрпақты, балаларын сүйіспеншіліктің бесігіне бөлеу үшін отбасы институтын күшейтудің маңызы өте зор. Сол арқылы, ауылдарда, оқу орындарында, қала аулаларында жұқтыруға жеңіл ұры-қарылық түсініктер (зоновские понятия, воровские понятия) мен қатыгездік сынды ауруларға шипа табуға болады» деп ой түйеді.
Қорыта айтқанда, жастарымыздың діңгегі дәстүрлі дініміз арқылы қаланар болса, ұрпақ санасына өзге ағымдардан келер еш қауіп болмайтыны ақиқат.