№11 Қараша
Дін саласы – қоғамның ең өзекті һәм нәзік мәселесі. Тәуелсіздік алған тұстардан бері әртүрлі діни ағымдар мен сан қырлы ұйымдар ел ішінен қылаң берді. Ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыруда тағы да кемеңгер хәкім Абайға жүгіндік. Өлеңдерінен рухымызға қуат алып, қара сөздерінен иманымызды таразыладық. Шынында, Абай хәкім бет түзер құбыламызға айналды. Қаншама жастың жүрегіне шам жаққан уытты өлеңдер адасудан садын тигізді. Енді Абайдың діні қандай дін еді? Сол жөнінде аздаған мәлімет бере кетейік.
Жазушы, журналист Құдияр БІЛӘЛ бұл жайлы сөз қозғай келе, нақты дәйектерге тоқталады: Абай:
«Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса –
Адамның хикмет кеудесі», – дейді.
Міне, Абай ұстанған дін осы. Біз оны «Дәстүрлі дін» деп те атаймыз. Жалпы, біз дінді жүректің көзін ашу үшін ұстанамыз. Жүректің көзі ашылған кезде барып Алланы тани бастайсың. Ол тануды хәкім Абай хақтан түсер сәулеге балайды. Ал ол «сәуле» – іштегі кірді қашырады. Сол кезде кеудеңдегі хикмет қақпасы ашылады. Ол – рухани әлем. Діни тілде «Ихсан» деп аталады. Хәкім Абай ұстұжққа алып келсе, онда ол шынайы ислам діні емес. Шынайы ислам діні кісіні мейірімге, махаббатқа, жақсылыққа үндеп, кеудесіне ізгілік отын жағады. Сол арқылы руханиятқа түбегейлі жол ашады. Зе Аін саралай келе маңызды байламдар айтады: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың діні. Оған исламның бес парызын терең қаузап, діннің түпкі мағынасын жаңғыртуы дәлел. «Діннің бес парызы шарт еткен жолдарды Абай өзінің сыншыл ақылымен діндік соқыр наным – предрассудок деп түсінеді», – дейді Мұхаң. Осы түйткілді де тарата кетелік. Абайша бес парыз тең емес. «Жаны бар жетекші, қалған төртті қозғаушы күш – шын иман. Бірақ «инанмақтығың құр ғана инанмақтықпенен қалмасын, – дейді Абай 38-сөзінде, – сен өзің инанмақтығыңнан пайда ал. Сонда мінезің түзеледі, «кәміл иман болады». Бұдан асқан ақыл бола ма? Соңғы өсиет өлеңін кемеңгер:
«Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол», –
деген айқын оймен түйеді. Абайша иманигүл жоқ жерде, яғни «махаббаты толмаған» жағдайда тақлиди иман (біреуге еріп иман келтіру) төрге шығады. Ол – «жарым мұсылман». Оның Алла барын жүрекпен сезуі, бұйрықтарын саналы түрде орындауы неғайбыл» дейді. Зерттеушінің ойынша Абайдың діні – махаббаттың діні. Мұндағы махаббат Құдайға, адамға, әділетті жолға деген махаббат. Бұл концепция ақынның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты өлеңінде көрініс табады:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы деп сен тәхқиқ біл».
Одан әрі данышпан осы үш имани гүлді тарату үшін: «Басты байла жолына, малың түгіл», – дейді. Демек, толық адам дәрежесіне жету үшін Алланы сүю, бүкіл адамзатты бауырым деп сүю және Хақ жолы осы деп әділетті сүю керек екен. Сүйіп қана қоймай, қоғамның, адамның түзелуі үшін осы қасиетті жолға дүние-мүлкіміз түгілі күллі ғұмырымызды арнауға тиіс екенбіз.
Абай діні – бүгінгі экстремистік күштерге қарсы тұрар бірден бір күш. Дәстүрлі Исламның табиғатында жоқ қатігездік, жазықсыз қауымға соғыс ашу, әке-шешеге қатаң сөздермен дінді түсіндіру, ағайынды жек көру сынды қасаң көзқарастағы топтарға Абайдың нұрлы махаббатқа суарылған діні үлгі болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, әлем халықтарының ішінде ушығып тұрған мәселелердің бірі – дін мәселесі. Әртүрлі тармаққа бөлінген ағымдар мен білімсіздіктің шырмауына іліккен дербес адамдар дін тұнығын лайлап бағуда. Осындай қилы кезеңдерде тамырын тереңге тартқан қазақ халқына Абай секілді өз ішінен қайнап шыққан хәкімі жол сілтеруі – заңды құбылыс. «Абайы бар елдің адасуға хақысы жоқ» дегендей, сын сағатта алып тұлғамызға арқа сүйесек, бағытымыздан жаңылмасымыз хақ.