№10 қазан, 2021
Қазір адамзатты көп толғандыратын мәселенің бірі діни экстремизм. Өйткені, діни экстремизм жүрген жерде қоғамдағы алауыздық, қылмыс, терроризм сияқты адамгершілікке, имандылыққа жат қылықтар мен әрекеттер қатар жүреді. Елімізде діни экстремизммен күрес жақсы жолға қойылған. Заманға да, заңға да, қоғамға да жат кейбір діни ағымдарға тиым салынды. Заң аясында жауапқа тартылады және басқа да қолданар шаралар бар. Оның бәрі елдің, ұлттың, мемлекеттіңалтола дін жолына түскен өте діндар адам емеспін. Кезінде комсомол да, партия мүшесі де болдық. «Оқы, оқы және оқы» деп қасиетті Құранда айтылғандай бізде есейе келе, толып жатқан ғылыми да, әдеби де, тарихи да, діни де еңбектерді оқып, өмірден тәжірибе жинақтап дінге де, басқа да салт-дәстүрлерге де сын көзбен, ой көзімен қарауды үйрендік. Мен әлемдік қасиетті екі діннің де христиан және ислам дінінің де негізгі қағидаттары адамгершілікке, бейбітшілікке, адалдық пен әділдікке, біреуге жаманшылық емес, керісінше қолдан келгенше мейірбандық жасауға тәрбиелейтінін білдім. Қазір ел ішінде адам айтқысыз небір жантүршігерлік уақиғаларды, бұрын көз көріп, құлақ естімеген қылмыстарды жасап жүргендер өздерінің немесе өзге бір саясатшылардың тапсырмасын дін атауын жамылған экстремистер екені де елге мағлұм болды. Олардың небір діни игілікті қағидаларды бұра тартып жүргендері де сол киелі кітаптардың ешқайсысында жоқ. Және бір таң қалғаным сол киелі Құрандағы Иман, Обал, Сауап деген сыры мен мағынасы өте терең ұғымды ешбір басқа тілде бір ауыз сөзбен тәржімалап беру мүмкін емес екен. Өйткені, бұл сөздер адамзат баласының бойындағы бүкіл асыл қасиеттерді қамтиды екен. Бұның бәрін неге айтып отырмын? Біз діни экстремизммен күресу үшін қолдануға болатын ең тиімді де бейбіт әдістеменің бір түрі адамдарға сол әлемдік діни кітаптардағы нағыз адамның бойында болуға тиісті асыл қасиеттер туралы айтылғандарды оқытып, үйретіп отыру ма деп білемін. Мысалы, қазіргі діни экстремизмге қарсы күресте сол кітаптардағы мына ізгі қасиеттер үлкен тәрбие болар еді, олар: адамгершілік, адалдық, әдептілік, парасат, сыпайылық, кішіпейілділік, сыйластық, жомарттық, мәрттік, тазалық, ұят, ар, намыс, жігер, кісілік, қайсарлық, қайырымдылық секілді. Осындай категориялардың –құндылықтардың ішінде өтірік айтпау, керісінше, шыншылдық пен уәдеге тұрудың адам өмірі мен қатынасында мәні өте зор. Жалпы өтірік пен уәдеге тұрмау егіз ұғым деуге әбден болады.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі алмағайып заманымызда өтірік айту, уағдада, сертте тұрмау кейбіреулер үшін әдетке айналып барады. Өтірік айтпауға, уәде бермеуге де мүмкіндік болса да, айтқан сөзіне жауап бермейді. Бұл не сонда? Осындай істеген ісіне жауап бермейтін адамды кім деп айтуға болады? Біздің жас кезімізде үлкен ағаларымыз бен әкелеріміз ондай адамдарды, «оны қойшы пәтуәсіз, ұятсыз, арсыз, түйсігі жоқ» деп бір-ақ қайыратын. Ондай адаммен көп бітімге келе бермейтін, себебі олар жалған сөйлейтін. Түйсігі жоқ дегені белгілі ойлау қабілеті төмен, яғни айтқан сөзіне толық жауап бермейді. Үлкендер арды, абыройды жоғары қойған. «Арым – жанымның садағасы» демей ме?
Біздің қазақ халқы берілген уағдасына сертіне, антына берік болған. Уәдеге тұру олар үшін ауызбіршілік, бірлікті сақтау үшін керек еді. Марқұм ағам Қошан сөзім кетті деп қимас нәрсесін бергені есімде. Сөзім кетті дегені берген уәдесі еді. Осыны олар абырой үшін істейтін.
Аты-жөнін атамай-ақ қояйын. Өзім сыйлайтын қоғам қайраткері, полиглот азаматтың берген сұхбаты көп адамдарға ой саларлықтай. Бірде дейді ол, қарамағындағы қызметкер белгілі уақытта адамдарды қабылдауға шақырады. Жиналысқа белгілеген уақыттан біршама бұрын келген адамдарды әлгі бастықсымақ (басқаша қалай атауға болады) мүмкіндігі бола тұрса да әдейі уақтысынан біраз кешіктіріп, олардың жүйкесін жұқартып қабылдаған.
Бастығы:
–Шақырылған адамдар көп күтіп қалды, тез қабылдап жібермейсің бе? – дегенде әлгі шіренген пасық, әдепсіз, ойсыз, ұятсыз, сауатсыз, ештеңенің парқын білмейтін қызметкер:
–Мен оларды әдейі сарылтып қабылдамадым, себебі, олар қай мекемеге келгенін, кімге келгенін білсін,-депті.
Ал сізге керек болса, көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ. Мен уақиғаны ойдан шығарып отырған жоқпын, теледидардан көргенмін, болған жағдай. Бұл не, осыны қалай түсінуге болады? Әдеп қайда, адамға жанашырлық, сыйлау қайда, мәдениет, нағыз ер азаматқа лайық уағда серт, ант, ар, ұят, жауапкершілік қайда.
«Біреуге зияныңды тигізбе, өзіңе біреудің зиянын тигізуіне де жол берме. Бұлардың екеуі де Исламға жат нәрселер» делінген Пайғамбарымыздың хадистерінде.
Осыдан елу жылдай бұрын болар сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің «Тимка-Димка» деген әңгімесін оқығаным еріксіз есіме түсіп отыр. Ұмытпасам, қысқартып мазмұнын айтқанда, моншадағы сыпыртқы, сабын, т.б. майда-шүйде беретін елеусіздеу, біреулер Димка, енді біреулері Тимка, тағы бірі Симка дейтін тақыр кедей, жоқ-жасҒабит) қарызға ақша алып, оны келіскен дәл уақтысында жинаған ақшасы мен көптеген тиындарын сылдырлатып санап түгелдей қайтарып береді. Әңгіме соңында хас шебер көсемсөзші бұдан бір жылдай бұрын өзінен сүбелі жазушы қарыз алып, оны келіскен уақтысында қайтармай жүргені былай тұрсын, тіпті оны көрсе кездесуден қашып сәлем де бермей жүргенін жазған еді. Осы философиялық әңгімеден біздер қорытынды шығардық па? Бұндайда «сенген серкем сен болсаң, мүйізіңді ұрайын» деген сөз ойға келеді. Көкірек сүзгісінен өткізсе, көзі қарақты оқырман осы әңгімеден ой түйіп, тәлім-тәрбие алады ғой деп ойлаймын. Бұл жерде ұят деген атымен жоқ, ал ұятсыз адамнан бәрін күтуге болады.
Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның үмбеттеріне қалдырған ұлы мұрағаттары-хадистерде өтірік айту, жалған сөйлеу, уәде туралы көп айтылған. Мысалы: «Монтаны, екі жүзділіктің белгісі үшеу – өтірік айту, уәдеге тұрмау, аманатқа қиянат жасау», «Алла алдындағы ең жақсы сөз – шын сөз», «Сөздің жаманы – өтірікшілік». «Өтірікшілік – жауыздыққа бастайды» … біздер осының тек кейбіреулерін ғана жаздық.
Қол бастаған қаһарман батырларымыз, сөз ұстаған данышпан шешендеріміз, атақты шығармашылық адамдары, ұлы ойшылдар да біз көтерген тақырыпқа қатты көңіл бөлген. А.П. Чехов: «Өтірік айту – маскүнемдік тәрізді. Өтірікке үйреніп кеткен адам өліп бара жатса да жалған сөйлеуін қоймайды» депті. Ұлы ойшыл, ақын Қожа Ахмет Яссауи: «Өтірікшінің орны – тозақ», «Өтірікшіні жек көр, бұл пайғамбарымыздың өнегесі». Бұдан да басқа атақты философтар, сұңғыла саясаткерлер, дін қайраткерлері, алдын болжаған көріпкелдердің де айтқандары баршылық.
Кейде біздер – қарт кісілер қазіргі жастар үлкенді сыйламайды, уәдесінде тұрмайды, жалқаулау деген екіұшты пікір айтамыынәріміз де жас болдық, олар күшті, албырт, асау, қызба, себебі жас, болашағы алда, сондықтан оған кешіріммен әрі түсіністікпен қарауымыз керек. Жасты жас дейік, ал зейнет жасынан асқан ардагерлеріміздің кейбіреулері уәдесінде тұрмайды, өтірік айтады, соған таңғаласың. Ақылы толысқан оларға не айтуға болады? Олар Алланың 99 атауынан туындайтын «Уәде – Құдай сөзі», «Уәде – Алланың бір үйі» дегенді қаперіне де алмайтыны ма? Өзі сондай болғанда, жас жеткіншектерге қандай өнеге-тәрбие береді.
Құрметті жас жеткіншек! Ғылымнан да, әдебиет пен тарихтан да ең киелі кітап Құраннан да нағыз азаматқа лайық асыл қасиеттерді ала біл дегім келеді.
Қ.Мұхамбетяров, еңбек ардагері