№10 қазан, 2021
Зайырлылық ұстанымы бар, бірақ оны негізге алмайтын мемлекеттерде діни фанатизм немесе саяси лаңкестік билікке үстемдік етеді. Дін бостандығын діни және саяси алауыздықтан қорғаудың жалғыжәкциялары болуы керек деп ойлаймын.
Егер демократиялық елдің басты міндеті халыққа қызмет ету болса, онда биліктің басты міндеті халықтың діни қажеттіліктерін ескеру және қанағаттандыру болуы керек. Халық¬аралық қауымдастықтар зайырлылық түсінігін әртүрлі түсіндіруде. Өз кезегінде, бұл дін мен мемлекет арасындағы қатынастардың ортақ сипатын көрсететін нақты модель жоқ дегенді білдіруі мүмкін. Зайырлы елдер дін мен саясатты бөлу идеясын ұстанады. Осқаұлттық заңдардың айырылуын қарастырады, бірақ діни бостандықты анықтайтын дін мен қоғамның бөлінуін көздемейді. Алайда кейбір адамдар зайырлылық атеистік бағыт деп санайды.
Шын мәнінде атеизм дінге қатаң тыйым салғанымен зайырлылық бізге дінге сенім арту, болмаса таңдау құқығын береді. Дін – бұл қоғамды сауықтырудың, тұлғааралық қатынастарды реттейтін, татулыққа, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және басқа да мәселелерді шешудің негізгі идеологиялық құралдарының бірі. Сондықтан, әр ел діни қатынастардың тиімді моделін құрғысы келеді. Мәселен, көптеген елдер өздерінің Конституцияларында дәстүрлі дін мәртебесін айқындаған.
Жалпы, әлемде зайырлылық туралы тура консенсус болмай-ақ, көптеген елдер заң, қаржы, экономика, денсаулық, мәдениет және басқа салалардың тәуелсіздігін қолдайды және де ар-ождан дінге және діни сенімдерге әсер етпейді. Сайып келгенде, зайырлы мемлекеттердің бұл мәселе бойынша көзқарастары жақын екенін көрсетеді. Бұл көзқарастарды біріктіру сыртқы саясатқа, сауда-экономикалық серіктестікке оң әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның көпвекторлы көзқарасының зайырлылық қағидаттары оны әртүрлі діндерді пайдаланатын көптеген елдер үшін сенімді серіктес етеді.
Зайырлы мемлекет қағидаттарына сәйкес, дінге елді басқаруға жол берілмейді, дін мемлекеттік істерге араласпайды, бірақ зайырлы елдер дінді мүлде жоққа шығармайды. Қазіргі әлемде адамның рухани табиғаты әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен әсер ететін кезде діннің үлкен идеологиялық әлеу¬еті бар екенін бәріміз білеміз.
Статистика көрсеткендей, егер 1989 жылы Қазақстандағы дінге сенушілердің саны жалпы халықтың 22 пайызын құраса, 1995 жылы 39 пайыз, 2006 жылы 66 пайыз болды. Басқаша айтқанда, дін кез келген жағдайда қоғамға әсер ете алатын деңгейге жетті. Сонымен қатар, дін идеология болып табылады. Дін әлі күнге дейін әртүрлі діни бірлестіктердің, этникалық, әлеуметтік және тіпті саяси топтардың тәуелсіз идеологиясы ретінде қаралады.
Айта кетейік, Кербұлақ ауданында бүгінгі күні 28 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде мешіт саны 24, католик шіркеуі 1, орыс-православ шіркеуі 3. Ақпараттық түсіндіру тобы жастар арасында өзге діни ағымдардың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 7 айында «Діннің қоғамдағы рөлі», «Дін және қоғам», тағы да басқа тақырыптарда өзекті мәселелер талқылап, «дөнгелек үстелдер», семинарлар, акциялар, Ашық есік күндерін өткізді.
Раушан БИСЕМБЕКОВА, Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Алматы облысы