№10 қазан, 2021
Әңгімені діни қызмет саласындағы функцияларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Ұлттық кеңес отырысында берген дін істері жөніндегі дербес басқармаларды қалпына келтіру туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қазандағы №122 қаулыынасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылғанынан бастаған жөн.
Міне, осынау іргелі жұмыс, яғни, аталмыш басқарманы құрудың барлық қадамдық шаралары арада жыл өтпей жатып-ақ толығымен аяқталып, әділет органынан ресми тіркеуден өтіп, басқарма дербес құрылым ретінде өз жұмысын бастады.
Бүгінде штат бойынша Басқармада 12 қызметкер және Басқармаға қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де 36 қызметкер аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстармен айналысуда.
Егер қазір діни экстремизммен күрес қай жерде де күн тәртібінде тұрғанын ескерсек, шүкір, біздің облысымызда діни ахуал тұрақты деп сипатталады. Дегенмен, біз әрдайым «сақтықта қорлық жоқ» деген ұстанымды есте сақтап отырамыз. Сондықтан аймақтағы діни ахуалды зерттеу жәнқсауалнама жүргізіліп отырады. Ал биылғы өткізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің 95,4%-ы облыстағы діни ахуалдың жай-күйін «тұрақты» деп бағалаған.
Облыстық дін істері басқармасы бұған шейін облыстық ішкі саясат басқармасының құрамында бөлім ретінде осы қызметтерді атқарып келді. Ал биылғы өткізілген дербес басқарма болып құрылғаннан кейін қызмет аясы кеңейді, жұмыс ауқымы өсті.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, діни экстремизммен күрес оның алдын-алу шаралары ретінде облыстық дін істері басқармасы болғалы бері 10-нан аса жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Дін мәселесі жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы өзектендірілді. Діни бірлестіктер клубы құрылды. Алдағы уақытта «Шаңырақ» отбасылық клубын құру, Шешендік өнерге баулу клубын құру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Мемлекеттік дін саясатын жүргізуші мамандардың, оның ішінде дінтанушылардың, яғни, теологтардың, имамдардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін, жамағатпен қарым-қатынастық қабілетін арттыру мақсатында оқу курстарын, семинар-тренингтерді, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру бойынша облыстық дін істері басқармасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігі «Ақмешіт-Сырдария» мешіті арасында 3 жылға үш жақты меморандум бекітілді.
Бұл айтылған шараларға қоса тұрғындар арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру және оңалту мақсатында І жартыжылдықта түрлі форматта 774 шара өткізіліп, оған 10 632 адам қамтылды. Іс-шаралар түрлі санаттағы тұрғындар арасында өткізіліп, орта және жоғары білім беру мекемелерінде кездесулер, шаралар, тұрғындар арасында акциялар, мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарымен, құқық қорғау, қорғаныс саласы өкілдерімен, АТТ мүшелерімен, діни бірлестік өкілдерімен түрлі форматтардағы шаралар ұйымдастырылып келеді.
Оңалту жұмыстарымен айналысатын діннен мол хабары бар дінтанушы, яғни, теолог мамандарға арналған семинар-тренингтер наурыз айларында ұйымдастырылды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Жарас Аханның қатысуымен «Деструктивті діни ағымдарды ұстаушыларды оңалту мен бейімдеудің теологиялық және психологиялық әдістері» тақырыбында семинар-тренинг, Республикалық «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының мамандарының, психолог мамандардың жүргізуімен «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Діни экстремистік әрекеттерге кейбіреулер қоғамға жат пиғылдылардың арандатуымен барса, енді біреулер діннен бейхабар, әйтеуір дін – апиын деген ұранға еліктеумен де барады. Міне, сондықтан біз биылғы маусым-шілде айларында Дін мәселелерін зерттеу орталығының 4 теолог маманы «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту» тақырыбында бір айлық курстан өтіп, біліктілігін арттыруына жағдай жасадық.
Қазақ халқының ұлттық тарихын, ұлттық құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әлеуметтік желіде кеңінен ақпараттандыру арқылы деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы насихат жұмыстарын күшейту мақсатында түрлі бағытта ақпараттық жұмыстарын кеңінен жүргізуде. Соның бірі облыстық дін істері басқармасы жанынан «Көмбе.SYR» атауымен YouTube арнасының ашылуы. YouTube арнасында «Сыр-сұқбат», «Жыр-жақұт», «Поэзия патшалығы», «Көнелер көзімен», «Сыр-сандық», «Жаршы» тақырыптық бағытындағы бағдарламалар жүргізіліп, бүгінде 30-дан астам бейнематериалдар орналастырылды.
Атап айтқанда, «Жаршы» ақпараттық апталығында өңірімізде дін саласында атқарылып жатқан апталық жаңалықтар әрбір жұмада жарияланып тұрса, «Сыр-сандық» бағдарламасында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен ырым-жоралғыларына түсініктеме беріліп кетеді. Мәселен, бүгінгі күнге дейін отқа май құю, жиендік жасау секілді ұғымдарға түсініктеме беріліп кетсе, «Мыр-жақұт» бағдарламасына Сыр бойының белгілі жыршылары мен жыраулары, әншілері қатыстырылуда.
Ақпарат толқынын әлеуметтік желілерде қалыптастыру бүгінгі таңда үрдіске айналғанын білесіз. Осыған орай, әлеуметтік желілерде түрлі тақырыптарда акциялар мен челлендждер жүргізу қолға алына бастады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлттық құндылық — ұлт болмысы» атты ақпараттық челлендж бастау алды. Ақпараттық челлендж әлеуметтік желіде ұлттық тағамды әзірлеу, ұлттық киімді көрсету, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық ойындарды насихаттау және көктемгі тазалық, оның ішінде ағаш отырғызуға шақыру бағыттарын қамтыды.Челленджге облыстық АТТ мүшелері Ж. Базартай,
Б. Оспанов, С. Алдашбаев, Н. Мусаева, Б.Әбуов қатысып, әлеуметтік желілердегі парақшаларына бейнероликтер орналастырды. Челленджді олыстағы түрлі салада қызмет ететін қоғам белсенділері қолдау білдірді.
Осы орайда облысымыздағы дінтанушы теолог мамандар жайлы және елімізде теолог мамандардың қайда, қалай дайындалатыны, қазіргі уақытта оларға сұраныс қаншалықты екені туралы айтып өтпеске болмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында тіркелген 13 рухани (діни) білім беру ұйымы бар. Исламдық бағытта 11 оқу орны жұмыс жасайды («Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, 9 медресе колледжі, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты). Христиандық бағытта — 2 оқу орны бар (Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы). Қызылорда облысында ресми тіркелген діни медресе жоқ. Дегенмен, арнайы тіркеуден өтпеген, рұқсат алмаған діни медреселер әр өңірде қызмет жасап отырғанын жасыра алмаймыз. Ондай оқу орындарымен құқық қорғау органдары жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылы көктемде облыстағы мектеп бітіруші түлектердің діни көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жауша бітірушілердің 20 пайызы діни оқу орындарында оқуға қызығушылық танытты. Осыған орай, шетелдік және отандық діни оқу орындары жайлы оқушыларға жадынама таратылып, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді, арнайы сынып сағаттары өткізілді.
Қазіргі таңда «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде қызылордалық 109 білім алуда. 2020 жылы діни білім беру ұйымдарын бітіріп келген 25 жас маманның 24-і жергілікті мешітке және біреуі Дін мәселелерін зерттеу орталығына жұмысқа орналасты. 2020 жылы «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-не облыс әкімінің 6 гранты бөлініп, бүгінгі күні осы 6 студент 1-курсты тәмамдап, елде жазғы демалысын өткізуде. Биыл жылы да діни оқуға ниетті 21 азаматтың тізімі ұсынылды, тамыз айында облыстық комиссиямен оқуға түсетін азаматтар тізімі белгіленіп, 10 бітіруші түлек «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-не оқуға облыс әкімінің грантымен қабылданады деп жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, облыс әкімінің грантымен оқуға түсетін түлектердің барлығы әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасылардан шыққан балалар.
Қызылорда өңірінде дін істері мамандары, теолог-мамандары сұраныста. Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар оңалту жұмыстарының негізгі басымдығы басқарма жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарына жүктелген. Қазірдің өзінде Орталықта 15 теологқа штат қаралғанымен, оның 13-і жұмыс жасауда, 2 штат бос.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінде де түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізетін теология, дінтану немесе шығыстану мамандықтары бітірген маманның — инспектордың орны бос.
Теология бойынша білім алған жастардың осы салаға келе қоймауының бір себебі — теологтардың айлық жалақысының төмендігі, жұмысының ауырлығы.
Кейде бізге шетелде діни білім алып жатқан жерлестеріміз бар ма? Олармен байланыс қалай жүргізіледі деген сауалдар да қойылатыны бар.
Енді соған тоқтала кетейік. Дін істері комитетінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы бойынша 233 азамат шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алуда.
10 қызылордалық шет елде діни білім алып жатыр. Шетелде білім алушылармен байланыс тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Олармен шетелде жүрген кезінде бейнебайланыс орнатылады, ата-аналарымен сұхбат жүргізіледі, отбасы әлеуметтік қолдауға мұқтаж болып жатса, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен көмектер ұйымдастырылады. Елге келген уақытында жүзбе-жүз кездесулер ұйымдастырылып, облыс көлемінде болып жатқан түрлі мәдени-көпшілік шараларға мейлінша жиі қатыстыру көзделеді.
Одан бөлек, жоғарыда аталғандай діни білім алуға ниетті жастарды анықтау, діни көзқарастарын білу мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Әлеуметтік сауалнамаға жүргізілген мониторинг бойынша өңірімізде діни білім алуға, шетелде діни білім алуға қызығушылығы бар екендігі анықталды. Осыған орай қала және аудандардағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану негіздері пәндерінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушыларымен жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Діни экстремизммен күрес дегенде қазір бұл тек ислам дініне қатысты шара деп ойлайтындар да жоқ емес. Ендеше басқарма тек ислам дініне қатысты жұмыстар жасай ма? Өңірдегі өзге дін өкілдерімен байланыс бар ма, ол қалай жүргізіледі дегенде сұрақ туындауы сөзсіз. Дін істері жөніндегі басқарма тек ислам дініне қатысты жұмыс жасамайды.
Қазақстан Республикасы зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы.
Облыста 7 конфессияға жататын 189 діни ұйым, оның ішінде 11 жергілікті діни бірлестік және 178 филиал жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 2 миссионер тіркелген.
11 жергілікті бірлестік: 1 православие, 2 евангельдік христиан-баптистері, 5 елуіншілер шіркеуі, 2 пресвитериандық шіркеуі, 1 ехоба куәгерлері қызмет жасайды.
178 филиалға 174 Ислам, 1 Рим Католик, 2 Евангельдік христиан-баптистері, 1 Елуіншілер шіркеуі, 2 миссионер кіреді.
Діни бірлестіктер арасында конструктивті диалогты кеңейту және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында Қызылорі діни бірлестіктер клубы жұмыс жасайды. Клубтың Ережесі бекітіліп, мүшелері тізімінің жобасы жасақталып, клубтың отырысы тоқсанына бір рет ұйымдастырылып тұрады. Діни бірлестіктер клубының мүшелерінің, олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен таза ауада бірлескен көктемгі тал егу акциясы ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда клубтың жұмысын стандартты емес үлгіде өткізу, мемлекеттенлесе атап өту, түрлі тематикалық кездесулер мен спорттық т.б. шараларды өткізу жоспарлануда.
Ұтыры келгенде айта кетелік біз әртүрлі әлеуметтік желілердегі діни мазмұндағы материалдарға да талдау жасап, әртүрлі сауалдарға жауап та жазып отырамыз. Бүгінгі күні діни ағым идеологиясының таралуы интернет желісі арқылы қарқынды жүргізіліп жатқандығы белгілі.
Қайталап айтар болсақ, экстремистік, діни радикалды идеологияның алдын алу баршаға ортақ іс. Бұл орайда облыстық дін істері басқармасы әлеуметтік желіде діни мазмұнда жарияланған, экстремистік-террористік бағытта күмәнді деп танылған материалдарды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасына жолдап отырады. 2021 жылғы жыл басынан бері күмән келтірген барлығы 68 сілтеме, 4 парақша дінтану сараптамасын жүргізу үшін Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданды.
Сілтемелерге жүргізілген дінтану сараптамасының негізінде 12 сілтемеге оң қорытынды берілсе, 30 сілтеме теріс қорытынды алып, Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмайды деп танылды. Теріс қорытынды алған сілтемелердің барлығы заңға сәйкес жұмыс жасау үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына жолданады.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде радикалды діни идеологияның таралуын болдырмау мақсатында құқыққа қайшы деп анықталған конттентті, діни, экстремистік-террористік бағытта күмәнді деп танылған материалдарды «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ақпараттық жүйеге енгізілген сілтемелер қаралып, бұғатталады.
Одан бөлек, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде парақшасында күдікті материалдарды жариялап отырған қызылордалықтардың аккаунттары анықталып, дінтану сараптамасына ұсынылады. Теріс қорытынды беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмайды деп танылған аккаунттар бұғатталады. Тұрақты түрде жасалатын мониторинг нәтижесінде «Вконтакте» әлеуметтік желісінде тыйым салынған 580 топқа 13 мыңға жуық облыс тұрғындарының тіркелгені анықталып, олармен түсіндірме жүргізіліп, оларды топ қатарынан шығару бойынша жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған және экстремистік, террористік деп бұғатталған материалдарды таратуға әкімшілік айыппұл қарастырылады ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 453-және 490-баптарына сәйкес заңнама бұзылған жағдайда азаматтарға 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
Діни сенімдерді қабылдауға мәжбүрлеу, діни тақырыпта жүргізілген үгіт пен насихаттан сақтау, азаматтарды діни бағыттағы ұйымдардың ықпалынан қорғау мақсатында Қызылорда облысының дін істері басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының 8 707 595 71 01 құқықтық-психологиялық кеңес беретін сенім телефоны жұмыс істей бастады.
Материалды даярлаған Мырза-Ғали Сахиұлы