№10 қазан, 2021
Қазіргі дүрбелеңге толы дүниедегі уақыттың бір сұрғылттау сипаты: «Теріс ағым» ықпалына түсіп, «жат ағым» жетегінде адасып жүрген адамдар» жөнінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында оқта-текте қылаң беріп қалатын ақпаратқа да көз үйреніп келеді. Айталық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» бір хабарынасатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны туралы» мәлімет келтірілген.
Өткен жылдары басқа мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірлесе отырып, ҰҚК кешенді «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында соғыс ошағы тұтанған қауіпті аймақтардан 595 Қазақстан азаматын қайтарған. Олардың ішінде 400-ден астам бейкүнә бала бар.
Ал сол Сириядан елге қайтарылған азаматтардың ішіндегі 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Қылмыстық іс материалдарында: «Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ, өзге де ауыр қылмыста> Дана халқымызда: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз Қазақ Еліндегі беймарал өмірден өз еркімен бас тартып, үйреншікті тірлік ағысынан ауытқып, айдың-күннің аманында адасқандардың бары, өкінішті-ақ. Ал шекара асып, жат елге кеткен адамдар бөтен жерде қара ниеттілердің қолына түсіп, өрмекшідей шырмаған қалың торына тап болуда. Әрі тек өзінің қарақан қара басын ғана емес, сонымен қатар отбасы мен туған-туыстарына да қауіп төндіріп, сан соқтыруда. Ата жолынан бұра тартып, дәстүрлі дінімізге жат теріс ағымның жетегіне ілескендер, айналып келгенде опық жеп, зардаптарын тартып жатыр.
Әрине, сол Шам еліне кеткендердің нақты санын тап басып, айту мүмкін емесі белгілі. Олардың бірі теріс жолды интернет арқылы өз бетімен таңдаған. Ал тағы біреулері шетелде оқып, жұмыс істеп жүрген жерінен қателікпен жат ағым жетегіне ілесіп, лаңкестердің темір торына түскен.
Өткен жазда Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ә.Әділованың төрағалық етуімен өткен сот қоғамды ерекше елең еткізді. «Жиһадқа» шақырған Зарина есімді ақтөбелік келіншекке сот үкім шығарылды. Шам елінде 5 жылын өткізген 29 жастағы жалғызбасты келіншектің арнайы білімі жоқ. Мектеп бітірген соң, тұрмыс құрған. 2011 жылы күйеуімен ажырасқаннан кейін, сатушы болып жұмыс істеген. Өкінішке, 2014 жылы экстремистік көзқарастағы дін жолына түскен келіншек 5 жасар қызын ертіп, Түркия арқылы шекара асқан. Бүгінде сотталушының Сирияда соғысып жүрген содырдан туған 2 жасар қызы да бар. Ал 11 жастағы үлкенІ әлі күнге дейін мектеп табалдырығын аттап көрмеген.
Сот залында прокурор оның лаңкестікті насихаттап, жиһадқа ашық шақырғанын алға тартып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыптау қорытындысында көрсетілгендей, сотталушы телефондағы Whatsapp желісі арқылы «Хитрый план», «Новые методы», «На джиһад выходите» деген жазбалар таратқан. Тіпті, сондай мәтіндегі хабарламаларды өзінің анасына да жолдап отырған. Қылмыстық Кодекстің 256- бабының 2-ші бөлігі және 174- баптың 1-ші бөлігі бойынша «айыпты» деп танылған келіншек 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіптілігі орташа мекемеде өтейді. Ал оның кәмелетке толмаған қыздары нағашы әжесінің тәрбиесінде қалды.
Осылайша, «Ел – аман, жұрт – тынышта» өзінің туып-өскен топырағынан ажырап, адасып жүрген жандардың «алды – жөн, арты – соқпақ» болып, өмірлік өкінішке ұрындыруда. Өз еркімен шекара асып, Шам еліне кеткендердің қатарында қазақ азаматтары, тіпті, бүтіндей отбасылар да кездеседі. Қасиетті ата-бабамыздың әлмисақтан бергі ұстанып келе жатқан шариғат қағидалары мен салт-дәстүрлерін мансұқтап, қалыптасқан қоғам заңдылықтарын бұзып, тура жолдан тайқыған отандастарымыздың таңдауы мен тағдырлары, жаға ұстатарлық. «Ақиқат жолындамыз» деген ұранға алданған олар, өздерінен басқа мұсылман үмметін айыптап қана қоймай, тіпті, адамзатқа қарсы «жиһад» жариялаған.
Бірақ, біздің мемлекетіміз Сирияда сандалған қазақстандықтарды шетке қақпай, елге қайтаруға күш салып келеді. Алдыңғы жылы үш кезеңмен жүзеге асырылған кешенді «Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындысы еліміздің аса күрделі міндетті тиімді шешуге мүддніақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмысының және шетелдік серіктестермен тығыз байланысының нәтижесінде жүздеген отандасымыз қақтығыс аймағынан шығарылды. Елге оралғандар арнайы оңалту орталықтарына орналастырылады. Барлық қажетті көмек берілетін бейімдеу орталығында оңалту шараларынан өтетін азаматтармен бірнеше ай теологтар жұмыс істейді. Теріс ағым тұзағына түсіп, соғыс көргендердің көбі, әсіресе, әйелдер мен жетім балалар психологтың да жәрдеміне мұқтаж.
Анығында, Адамзаттың барша құндылықтарын қамтитын ізгі ниет пен игі амалдың орындалуы, қоғамның ынтымағы мен тыныштығына байланысты. Сондықтан заң жағынан «қылмыс» деп бағаланып жатқан жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, теріс ағымнан іргемізді аулақ салғанымыз жөн. Түптеп келгенде, ел азаматтарының әрқашан қоғам мүддесімен санасып, талап-тілегін ескеріп отыруы – қастерлі мұсылмандық парызы мен азаматтық борышы.
Өзекті тақырыптың тобықтай түйіні: «Туған Елдей ел болмас»!
Кең-байтақ жерімізде бой көтерген еңселі мешіттерге барып, білімді де білікті имамдардан сабақ алып, ежелгі Ханафи мазхабымен бір болайық. Беймәлім топтардың теріс ағымдарынан сақтанайық, ағайын!
Гүлсамал АЙМАХАНОВА, журналист.
P.S.
…Күні кеше отандық БАҚ «Ауғанстаннан этникалық қазақтар келіп жатқанын» жарыса жазды. Тәліптер басып кірген Ауғанстаннан жергілікті тұрғындардың өздері жан-жаққа бытырай қашып, бас сауғалауға тырысуда.
Ал 9 қыркүйекте Кабулдан Алматы қаласының әуежайына қонған Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағының бортында 41 жолаушы болды. Олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұратын 1 ауған бар.
Келген қандастардың бірі Қазақстан Президентіне, Ауғанстандағы елшілікке тарихи Отанына оралуына мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты.
«Мен тарихи отаныма оралғаныма қуаныштымын. Әйелім паспорты жоқ болғандықтан келе алмады. Біз анам, екі інім және үш қарындасым алтауымыз ұшып келдік. Елшілікке барып, қазақ екенімізді айттым. Біз 100 жыл бұрын көшіп кеткен Тахар қаласынан келдік. Бізді комиссияға шақырды, тексерді, сұрақтар қойды. Олар менің қай рудан екенімді сұрады, Қазақстанда туыстарым бар ма деп сұрады. Біз барлық сұраққа жауап бердік. Менің руым — қожа, біздің ұлтымыз — қазақ. Кейін біз қажетті құжаттарды дайындап, оларды елшілікке тапсырдық. Қазақстан Үкіметі мен Президентіне алғыс айтамын», — деді елге келген қандастардың бірі Хасан Дерман.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін эвакуациялық рейсті ұйымдастыру «Талибан» қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған) бірігіп жүзеге асырылған.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен байланыс орнатуға дайын екенін айтты. Демек, қандастарымызды қауіпті аймақтан елге жеткізу мәселесінде қиындық туындамайды деген сөз…