№9 Қыркүйек, 2021
Егемендік таңы атқаннан бері Ислам діні өркен жайып, адамдар дәстүрлі дінімізге бет бұра бастағаны жасырын емес. Сонымен қатар теріс ағымдардың да саңырауқұлақша қаптап шыққаны да бар. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатқандығы белгілі. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде исламды бүркемеленген діни ағымдардың алдын алу кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бұл діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға іріткі салумен қатар дінаралық келіспеушіліктерге әкелу. Бүгінде мұндай ағымдардың жетегінде жүрген және оның ішіне кіріп кетіп жатқандары да аз емес екендігі белгілі. Профессор А. Әбуов өз сөзінде: «Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің негізгі үш себептерін атап көрсетуге болады. Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы мен дінге деген дұрыс көзқарастың болмауы. Екіншіден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы және қоғамда өз орнын таба алмай жүрген азаматтардықаден, ел ішіндегі және шет елдердегі теріс көзқарастарды насихаттап жүрген идеологтардың өз қызметтерін, дәрістерін жастар арасында белсенді таратуында болып отыр» деп ой қорытады.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақ та, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке тәрбиелейді. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа шақыратын қанатты сөздер Құран аяттары мен хадистерде көптеп кездеседі. Ислам дінінің өзі бейбітшілік, тыныштық деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарынан көретініміз тек қана лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі белгілі. Ал қазіргі дін атын жамылып келіп жатқан ағымдардың астарында саясиланған мүдде жатқандығы айқын. Жоғарыда талған мәселелерге байланысты елімізде дәстүрлі діни ағымдардың алдын алу, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту және діни сауаттылықты арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі» деп атап көрсеткен. Көп ұлтты Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай маңызды мәселе екенін жасырмаймыз.
Статистикаға сүйенсек, елімізде он бес діни оқу орны бар. Олардың екеуі христиан бағытында, он үші ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептердің саны төр жүзге жуықтайды. Бүгінгі таңда Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында дінтану мамандығы дайындалып, басқа мамандық бойынша оқитын студенттерге «дінтану» пәні оқытылады. Сондай-ақ барлық мектептердің 9-сыныптарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні арнайы оқытылады. Бұл жастардың діни сауат ашуымен қатар теріс ағымдардың жетегінде кетпеуінің басты құралы болатыны анық.
Мұнымен қатар жастарға Абайрыайқын дәлел. Дәстүрлі дінімізді насихаттайтын ғылыми-танымдық оқулықтар жасауды да қолға алуымыз керек.
Сонда ғана ұлтымыз гүлденіп, мыіз теріс ағымдарда біржола айығатын болады.
Б. Сарсенхан