№9 Қыркүйек, 2021
Әлемде діни экстремистік ұйымдардың бейбіт халыққа жасап отырған зардабы еселеніп келеді. Күні кеше Ауғанстанда болған Талибан қозғалысы өзге елдердің үрейін ұшырғандай. Қаншама қазақ азаматтары да діни ұйымдардың тырнағына ілігіп, шекара асып, қолына қару алғаны жан сыздатарлық жайт. Ата салтымызға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, Ислам атын жамылған бұл қарулы топтардан сақтанудың жолы қандай? Абай мен Шәкәрім, Мәшһүрлер жолын ұстанудың оызтүсіп барады? Осы түйткілді сұрақтар бойынша жастарды сауалнамаға тартқан едік.
Бауыржан Мырзақұл, ақын, Алматы Орталық мешітінің баспасөз хатшысы:
–Жастардың өзге ағымдарға мойын бұрмауы үшін баланы бесіктен тәрбиелеу керек. Ата-бабамыз ұстанған діннің мәйегін үйретіп, тым құрығанда дәстүрлі исламның сұрақтарына жауап таба білуы шарт.
Абайдың «Имани гүлін» жүрегіне тоқып өскен бала жауыздыққа бармайды, қолына қару алып аттандап соғысып та жатпайды.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті.
Яғни бірінші сүю – Алланы жаннан тәтті сүю,әранасына тоқысақ нұр үстіне нұр. Күллі жаманшылық білімсіздіктен шығады. Білімді ұрпақ екі қарап, бір шоқиды. Білім дегеніміз не? Ол адамның алдымен өзін тануы, өзін қоршаған ортаны тануы. Аб «білімді махаббатпен көксерлік болса сонда ғана оның аты адам аталады. Сондықтан, жат ағымдарға қарсы күресті жастар санасын түлетуден бастау керек депанЕлімізде ресми дін мамандары тарапынан белсенді жұмыс жүргізіліп, құқық қорғау қауіпсіздік салалары тарапынан қыруар шаралар жүзеге асырылса да, қоғамда теріс ағымдардың кері ықпалының қаупі сейілмей тұр. Мәселенің барлығы оқу-тәрбие ісінде жатыр деп ойлаймын. Отбасында ата-анадан, мектебінде ұстаздарынан, университетте оқытушы-ғалымдардан өміріне қажетті рухани нәр алған жастардың ешқандай да жат ағымның «рухани-азығына» мұқтаждығы туындамауы тиіс еді. Бірақ көріп отырғанымыздай мәселелер кері бағытта өрбіп, бөгде идеологиялық ықпалдың жетегінде кету жағдайлары ауық-ауық орын алуда. Сондықтан да мәселені арыдан бастауға мәжбүрміз. Жоғарыдағы ойымды нақтылар болсам, негізгі себеп оқу-тәрбие үдерісінде адамға қажетті төрт қуаттың толық сіңірілмеуінде, баланың оқушы кезінен бастап «толық адамның», «кемел адамның» тұлғасын қалыптастыруға ұмтылмауымызда. Абай айтқан «ақыл, қайрат, жүректің» тепе-теңдігін сақтауды үйретпеуімізде. Бүгінгі білім беруде рухани байлық, эмоциалық интеллект, зияткерлдік қабілет және физикалық қабілеттің тұтасуынан ғана кемел тұлға қалыптасатыны мойындалған. Бір қуантатыны – еліміздегі жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі концепциясы адамның осы айтылған төрт қуатын дамытуға бағытталған. Дегенмен оның жүзеге асырылуында олқылықтар орын алып жатқаны рас. Егер әрбір мектеп бітірген жасөспірімге рухани азықты жеткілікті деңгейде берген болса, эмоциясын дұрыс бағытқа жұмсауды үйретсе, зияткерлік және физикалық қабілеті өзін-өзі қорғайтындай жетілген деңгейде болса, бүгінгі майшаммен қаралуы тиіс мәселелердің ешбірі де туындамас еді. Рухани байлықтың көзі – кітап. Дұрыс кітап. Балалар мектеп бітіргенде ұлттық және әлемдік көркем әдебиеттің біразын оқып шығуы керек. Көркем әдебиет арқылы ғана адамгершілік құндылықтарды жан-жақты тани алады. Ал Абайдың даналығынан мүлдем аттап кетуге болмайды. Ол дүниеге келген әрбір қазақ баласының өмірлік даму сатысында міндетті түрде аялдауы тиіс бір бекет. Бұл жерде Абайдың философиясын баланың деңгейінде түсіндіріп беру методикасын қалыптастыру мәселесі тағы бар. Ол әлі қалыптасқан жоқ. Сондай-ақ, оқушылар дәстүрлі діни танымымыздың негізгі қағидалары мен ұстанымдарын біліп, бойына сіңіріп шығуы тиіс. Қандай ортаға барса да негізгі ұстанымынан айрылмауы үшін.
Дайындаған Тортай Бекет