№9 Қыркүйек, 2021

Адам баласы өз пікірін, өзінің сөзінің дұрыстығын дәлелдеу үшін нақты мысалдар, деректер келтіріп отыратыны мәлім. Бірақ бұл қасиет ізгі ниетті, ибалы да көргенді адамдарға ортақ болғанымен кей жағдайда қайсыбіреулердің құр айғайына, даурығуына, тіпті, ел ішіне іріткі, алауыздық туғызуына да пайдаланатын сәттер де кездесетінін көріп жүрміз. Біз Сайран ауданында (Оңтүстік Қазақстан облысы) тұрамыз. Діни экстремизм дегенді бұрын естіген де көрген де емес едік. Жүре берсең көре бересің, тіпті, қаттырақ айтсақ халқымыз «көресіңді көрмей көрге де кіонтремизм дегеннен хабардар болғалы көзіміз енді жеткендей. Мынау төмендегі осы орайда түйген бір пікір еді.

Енді діни экстремизм өкілдері ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзумен айналысушылар деген айыптаулармен кінәлауды ойлап тауыпты.
Ал діни-саяси экстремизм болса, олардың іс-әрекеттері әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамастан, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің бірнеше баптарына сәйкес келеді екен. Олар соны білуі керек. Яғни, діни-саяси, экстремизм дегеніміз өзінің діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді пайдаланып, оны қалқан ете отырып, әртүрлі харекет етуші, шынайы дінге ешқандай қарым-қатынасы жоқ берекесіз іс-қимыл әрекет. Бұны, тіпті, басқаша немесе қаттырақ айтсақ терроризм деуге де болады (лаңкестік). Мұндай лаңкестік, яғни, террористік әрекеттер көп жағдайда бір мемлекеттің құрылысын, құрамын күш қолдану арқылы өзгертуге немесе үкіметті күшй ағдайға айналатын осындай бүлдіргі әрекеттерді жүзеге асыру көбіне зиянды бір ұйымдардың қарулы топтар құрып, адамдарды өзара бір-біріне өшіктіру әдістерін қолдану арқылы діни және ұлттық қаумқын жаппай бұзумен қатар жүргізілетінін де көріп отырмыз.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттердің хауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, бір немесе бірнеше ұлттар арасында дінаралық жағдайдың ұшығуына да басты себепкер болатынын өмір көрсетіп отыр.
Тағы бір ойға түйген нәрсеміз мынау: қандай экстремист болса да егер ол қай діннің атынан шығып, қай дінді ұран қып, соның атынан белсенділік көрсетіп шығатын болса, ең алдымен бәрінен де сол дін және сол дінді ұстанған бейкүнә халық көп зиян шегеді екен.
Біз осының бәрін баспасөзден әртүрлі әлеуметтік желілерден оқып, көріп, көңілге түйгендіктен айтып, ортаға салып отырмыз. Құдайға шүкір, қазір елімізде діни экстремизм өте қатты өршіп тұр деп те айта алмаймыз. Алайда, адам аласы ішінде, мал аласы сыртында дейді халқымыз. Көпшілік болғасын олардың ішінде алуан-алуан пікірлі адамдар болады. Сондықтан, осы бір әр елде, әр жерде кездесіп қалып жататын діни экстремизм деген бәлекеттен аулақ болайық.

Х. Әбдіқасымова,
Сайрам ауданы