№9 Қыркүйек, 2021
Иә, халық арасында «Бейбітшілікті қаласаң қаруың сайлы болсын» деген мәтел бар. Қазір діни экстремизммен күрес қай елде де қатты қолға алынуда. Бұл орайда, яғни, сол діни экстремизммен күресу үшін адам әуелі өзі сол діннен біраз хабардар болуы керек екен. Осыдан біраз ғана бұрын Қызылорда облыстық дін істері басқармасы дін істерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен №140-шы орта мектепте «Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие берудегі «Дінтану негіздері» пәнінің рөлі: өңірлік тәжірибе қырыбында Қызылорда қаласы мен аудан мектептері директорларын оқыту семинары болып өтті.
Әп дегеннен айтайық, семинар жәй жасанды да жаттанды ұйымдастыру түрінде емес өте тартымды, қызықты да көрнекілікке толы жағдайда өтті. Семинар барысында қалалық білім бөлімінің бастығы Марат Аралбаевтан, дін істері басқармасы дін мәселерін зерттеу орталығының директоры Тұрар Әбуовтен бастап, Қызылорда Мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, дінтану ғылымының қайраткері Б. Оспанов, облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы басқармасының жедел уәкілі Н. Үсенұлы және дін мәселерін зерттеу орталығының білікті маманы Б.Убаев алуан түрлі тақырыптарда қызықты да тартымды баяндамалар жасап, тыңдаушыларға дінтану негіздері пәнінің оқытылуы, діни экстремизмге қарсы күрес жолдары, осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты аңң жауапкершілігі туралы нақты да жан-жақты түсініктер берді.
Шындығында азаматтарға дінтану негіздері пәнін оқыту оларға сол дінтану негіздерінің өте маңыздылығын үйретіп, түсіндіріп қгеы, қоғамның мәдени, әлеуметтік өміріне шынайы көзқарасты қалыптастырады, адамның сана-сезімінің жетілуіне ықпал етеді.
Елдегі мемлекеттік дін саясатының негізгі бағыттары және онда орын алып отырған әртүрлі үдерістер, діни экстремизм және басқа да құбылыстар туралы ақпарат беруде, елдегі дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау мен қолдану бойынша туындайтын мәселелерді жұртшылыққа түсіндіруде, конфессияаралық келісім мен ауызбіршілікті насихаттауда, мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беруде бұл пәннің алар орны айрықша екені атап өтілді.
Сондықтанда семинар барысында әртүрлі тақырыптарды қаужайтын баяндамалар тыңдаушылар тарапынан айтарлықтай қызығушылық туғызып сан түрлі сауалдар қойылуына себепші болды. Діни орталық мамандары діни экстремизм және басқа да жат пиғылды діни ұйымдардың әрекеттері туралы жан-жақты ақпараттар беріп, екі тілде дайындалған әдістемелік кітаптарды таратты.