№7 Шілде

Алматы қаласындағы Орталық мешітте Қазақ стан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Құранды жатқа әрі мәнерлеп оқу» жарысы өтті. Бұл игі шара 2000 жылдан бері ІІІ мәрте өткізіліп келеді. Жарыста республиканың барлық облыстарында жүрген «Құранды жатқа және мәнезд жүйрік шыққан 82 қари (Құранды жатқа айтатындар) бақ сынады.
–«Сендердің ең ізгілерің Құранды үйреніп, оны басқа жандарға үйреткендерің» деп сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) хадисінде айтылғандай, жасөспірімдер арасында сүре жаттауға, Құран оқуға деген ынтаны ояту, оны өз мақамына сай мәнерлеп оқуға баулу қолға алған шараның басты мақсаты»,-дейді осы шараның ұйымдастыруымен айналысып жүрген Қайрат Жолдыбайұлы.
Байқау төрт деңгейде, Құранның 5 парасы (1 пара Құранның 20 беті), 10 парасы, 30 парасы (яғни толық Құран) бойынша жаттап және мәнерлеп мақаммен оқудан өткізілді. Жарыста ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттарқажы Дербісалы бастаған діни
мамандар қазылық етті.
2 күнге созылған жарыс нәтижесінде әр деңгейдегі І орын жеңімпаздары: 30 пара шымкенттік Әміре Ерсін; 10 пара түркістандық Мұхаммед Садық Табын; 5 параны жатқа айтқан алматылық Серік Ахметовтер. Ал, мәнерлеп оқудың жеңімпазы Байғабылов Еркебұлан. Жарысқа қатысып, орын алмағандар да құр алақан кеткен жоқ. Діни
басқарма оларға да ынталандыру сыйлықтарын берді. Діни күшті, діңгегі мықты елдің
ғана болашағы бар. Ақиқат дінді насихаттайтын, адасып келген өзге діндер жетегіне түспеу үшін осындай шаралардың атқарар ролі жоғары.
Жаратушы Иенің адамзат баласына түсірілген қасиетті кітабы — Құран. Ал оны оқыған адамға оның әрбір әрпінен сауап жазылмақ.

Н.АЛТАЕВА