№8 Тамыз
Қазақстан діни экстремизмге қарсы тұру және алдын алу – мемлекеттік саясатының басымдықтағы бағыттарының бірі екендігін мәлімдеген. Заңнамалық база жетілдіріліп, көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылдануда, осы мәселелерді шешуде құзырлы мемлекеттік және қоғамдық органдардың түр–түрі құрылып жатыр. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Оның жалпы қаржыландыру сомасы 270 млрд 148 млн теңгені (696 389 млн АҚШ доллары) құрайды. Экстремизммен күрес жөніндегі бағдарламаның мақсатты міндеттері қатарында «діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтаушы» адамдар санын азайту деген көрсеткіш бар. Сонымен қатар бағдарлама аясында «халықтың радикалдануына сыртқы факторлардың ықойға алу жоспарланған. Оның негізгі жолдары – «техникалық құралдарды жетілдіру» және БАҚ, сайттар мен әлеуметтік желілерді үздіксіз бақылап отыру.
Бүгінде бұл өте өзекті мәселе болып отыр.Соңғы жылдары халықаралық терроризм ауқымы, келтірген залалдары мен жиілігі бойынша адамзаттың үлкен проблемаларының біріне айналды.
Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының терроризм мен экстремизмге қарсы күресте атқарып жатқан іс-шаралары қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапқан кезде ғана нәтиже беретіні іс жүзінде дәлелденген. Бұл Қазақстандағы заңдарды бұлжытпай орындағанда ғана іске асатын шаруа.Діни экстермизм - қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» агрессивті түрде насихаттау. «Діни экстремизм» терминінің нақты құқықтық белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси экстремизм сияқты дәни догмалардың арасында қызметін жүргізеді.
Діни экстремизмнің пайда болуына алып келетін факторлар:
-халықтың тұрмыс деңгейінің төмен болуы;
-халықтың діни сауатсыздығы;
-жұмыссыздық деңгейінің өсуі.
Бүгінгі күні елде ресми түрде көптеген экстреминалды және террористік ұйымдардың қызметтеріне тыйым салынған. Олардың қатарына «Әл – Каида», Өзбекстанның исламдық қозғалысы», «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» және т.б. жатады. Ал, Қазақстандағы белгілі экстреминалды ұйым «Хизбут – Тахрир» болып табылады. Ол ұйымның мүшелері жаһандық исламдық халифаттың ұйымдастырылуы, АҚШ пен тті мен брошюраларын таратуда. Қырғызстанда болған жағдай сияқты, «Хизбут-Тахрир» өзінің назарын әйел адамдарын тартуға аударған. Себебі, оларды заңсыз саяси қызметпен байланысы бар екеніне ернднеді. Сонымен қатар, әйелдер жанұя арасындағы «байланыстырушы» болып табылады. Діни-экстреминалдық бағытын ұстанатын партиялар жылдан жылға біздің елдің азаматтарын өз қатарларына қосып келеді. Экстремистік әдебиеттердің таратылуы да көбеюде. Жазаларын өтеу орындарында отырған адамдар арасында да үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, бостандыққа шыққан адамдар осы ұйымдардың қатарын толтыруда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Таблиги Джамаат деп аталатын мұсылман бірлестігі кең таралған, ол Құран мен сүннеге негізделген. Бұл қозғалыс ресми түрде тіркелмеген, бірақ оның қызметіне ешқандай кедергі жоқ. Таблиги Джамаат 1926 жылы Үндістанда Маулан Мұхаммед Ілияспен құрылған британ колониализміне қарсы қозғалысқа ұқсас келеді. Таблигистердің ұйымдастырушылық орталықтары Пәкістанда орналасқан, оның бөлімшелері көптеген елдерде бар. Қозғалыстың басты мақсаты – ислам дінін әлемнің барлық жеріне тарату болып табылады.
Қазіргі күні Қазақстаннаң Үкіметі діни – экстремалдық ұйымдардың әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуде. Экстремизмге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыру да көбейтілген.
«Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Мақсаты – құқықтық реттеу арқылы негізгі діни бірлестіктерді және жеке тұлғалардың діни қызметін біріктіріп ҚР заңнамаларын жетілдіру.
Ертеден бері Қазақстан Шығыс пен Батыстың әртүрлі діндері мен мәдениеттердің тоғысқан орны болып келеді.
Қазақтардың мәдени-этн бдылығы қазіргі және болашақта азаматтық қоғамды сақтап қалуға жақсы ықпал етеді. Қазақстан барлық діни ағымдарға мұсылмандарға, православтарға, католиктерге, протестанттарға, иудейлерге абсолютті түрде еркіндік берген. Діни институттардың сапа мен саны жағынан біршама өсу байқалады. Құрбай айт және Рождество Христово Діни мейрамдары демалыс күндері деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен дәстүрлі діндердің басшыларының Съезді өткен болатын. Осы форумдардың өтуі, елдің дұрыс сыртқы саяси бағыт таңдағаны жайлы және конфессияаралық байланыстың қазақстандық моделінің нәтижелілігін көрсетеді.
Қазақстанда жасалған мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы байланыс моделі құқық пен сенушілердің еркіндігінің демократиялық принципін сыйлауға негізделген. Бұл Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың жемісті еңбегінің нәтижесі.
Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, ол студенттермен бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен де таныс болуы керек
Арандатушылық пиғылдағы діни ағымдарды анықтау мәселесі өткір болып тұр. Оларға қарсы әрекет ету әдістері, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда экстремизмге қарсы шаралар қолға алынып жатыр.
Жастар экстремизмді насихаттайтындар үшін «оңай олжаға» айналып жатады. Өйткені, жастар олардың ықпалына төтеп беруге қауқарсыз.
Сол себепті, қазіргі жастарға терроризмнің зияны туралы көп лекция оқылуы керек. Қоғам санасына адам өлтірудің ең ауыр күнә екендігін сіңіру керек. Адам бұл жайында үнемі ести берсе, ойлана бастайды, санасында бұл жаман нәрсе екен деген ой қалыптасады.
Халық қауіпсіздік мәселесіне оптимистік көзқарас тұрғысынан қарайды. Шын мәнінде, қауіп жоқ емес. Біздің қоғам бейғам тіршілік етуде. Өкінішке орай, біздің халқымызға қырағылық жетіспейді. Осы кемшілікті жойып, қауіпсіздікті ойлауымыз керек. Мұсылмандар діни басқармасы да мешіттерде діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы! Оны елге кіргізетін болсақ жазықсыз жандар – балалар, аналар мен қарттар шейіт болады. Жұртшылық осыны ұғынуы керек.