№8 Тамыз

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өркениеттер жаңғыруы мен өнеркәсітік төңкеанкезде шыққан мақала.

Бұл қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының діни, әдеби, мәдени, қысқасы бүкіл рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, өз тарихи тұлғаларымызды түгендеу, тарихымызды саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою мен дамытуға арналған бағдарламалық құжат десем еш қателеспен мәдениет, ұлттық құндылықтар дұрыс сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.Бұл туралы Елбасымыз «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып өткен болатын. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, діни салт-дәстүр жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.Ол құндылықтарды сақтай алмай, жоғалтқан жағдайда ұлттың да жойылатынын тарих дәлелдеп беріп отыр.
– Мақалада айтылған дүние – ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүние мен үшін өте маңызды. Өйткені,тілі, діні, мәдениеті сияқты негізгі тамырынан үзілген яғни, негізгі дәстүріне, тамырына сүйенбеген халық ұзаққа бармайды. Бұл экономикалық, саяси жаңғырудан кем түспейтін, тіпті маңызы жағынан солардан кейбір аспектілері бойынша жоғары тұратын нәрсе. Мұны ұлттың жаңғыруы ретінде қарастыру керек.
Елбасымыз латын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстарының жасалатыны туралы айтып қана қоймай, үкіметке нақты тапсырмалар беріп, жаңа латын әліпбиінің үлгісін Қазақстан халқының талқысына салып, 2018 жылы Қазақстан қоғамы болашақта бағдар етер латын әліпбиінің жаңа үлгісін бекітті. Латын әліпбиіне көшу қазақ халқы мен Қазақстан қоғамын қырықыншы жылдары күштеп таңған кирилицадан құтқарып, жаңа қоғам, жаңа бағыт таңдауына барынша мүмкіндік беретіні сөзсіз.Себебі бүгінде бүкіл түркі тілдес мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Біз де өзіміздің ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, діліміз бен дінімізді сақтағымыз келсе өзімізбен өзегі өзектес, тарихи тамырлас түркі әлемінің ұлы көшінен кейін қалмауымыз керек. Жасыратыны жоқ бодандық көзқарастағы кей қоғам мүшелері еліміздің латын әліпбиіне көшу ондаған жылдар мен қыруар қаржыны қажет ететіндігін, сондықтан қаржыны ысырап етпей, кәзіргі әліпбиімізде қала беруімізді көксеуде.Бірақ мына ақпарат пен автоматика дамыған цифрлы жаңа заманда алға қойған мақсаттарды жұдырықтай жұмыла көтерсек, 2025 жылы толықтай латын әліпбиіне көшетініміз анық, себебі мына жаһандану жағдайында мүмкін емес нәрсе жоқ екенін уақыт дәлелдіп беріп отыр.
Үшіншіден, білім.Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім.Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүйелі жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім.Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбиеде алу қажет.»Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.
Күні кеше ғана Елбасымыз Қазақстанның жаңғыруы жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін үш тілділіктің бүгінгі дамыған отыз елдің қатарына қосылуға ұмтылған жас мемлекетіміз үшін өте қажеттілігін және оны еш кедергісіз жүзеге асырудың аса маңызы мен мол мүмкіндігін атап өтті.Бүгінгі жас ұландарымыз, ертеңгі ел басқарар тұлғаларымыз екенін ескерсек, дамыған ұлы державалармен еліміздің мүддесі үшін иық тіресіп олардың өзімен өз тілдерінде емін-еркін сөйлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізе алулары үшін де үш тілділік біздің қоғамымыз үшін өте қажет.Осы жағдаятты алыстан болжап, үкіметтен жүйелі жұмыс талап етіп отырған елбасымызға мол алғыс айтуымыз керек. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Не себеп? Тәуелсіздік алғалы 26 жылдан асты. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті.
Жасыратыны жоқ, тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да әлі күнге тарихымыз бен тарихи тұлғаларымызды толық танып болған жоқпыз. Мысалы Оңтүстік өлкесіндегі Шыңғысханға алты ай бойына қарымды қарсылық көрсеткен және Әл-Фарабидей ұлы ойшыл ұстаз туған Отырар, Түркістан, Сайрам, Сауран, Баба-ата, Шымкент секілді қалаларымыз, Яссауи, Бабай түкті шашты Әзіз, Исмаил ата, Қараша ана, Қарабура секілді кесенелеріміз тарихи мекендеріміздің тарихын толық танып, білмей ұятты болып жататынымыз да жасырын емес.Осы тарихи тұлғалаларымыз бен қасиетті әулиелі кесенелерімізді бүгінгі жас ұрпақтың діни, мәдени жақсы мен жаманды ажырата білуіне пайдалану да біздердің алдымызда тұрған басты міндетіміз болуға тиіс.
Елбасын ел руханиятына шұғыл бет бұрғызған жайт, алдымен, Қазақстан үшін қауіпті ішкі және сыртқы күштердің көбейе түсуі болса керек.Ол қандай күштер?.Ол – бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған діни экстремизм, ол-терроризм, ол-біздің дінімізге жат жаңа діни ағымдар, ол-ұлтты өзінің ұлттық келбетінен айырып, тілі мен ділінен, салты мен санасынан, дәстүрі мен ғұрпынан жеріндіріп, өзге мультимәдениеттерді таңуға тырысатын мультимәдениеттердің топтамасы.Ерлері қысқа балақ, қауға сақал өсіріп, әйелдері бет-аузын түгел тұмшалап, кіп-кішкентай қыздарының өзін ұзын көйлек, ұзын орамалмен тұмшалап қойған жат ағымдағылардың өзіміздің тіліміз бен ділімізге, салтымыз бен дәстүрімізге қарсы келіп, тас атып жатқаны да жасырын емес. Көптеген қазақ зиялыларының осы күнге шейін «Бізге ұлттық идеология керек» деп зар қақсауының себебі де осындай келеңсіз жайттарды ерте бастан көре, біле, сезе білгендігі болса керек.
Иә, Елбасы мақаласы тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген. Қазір әлемдегі жағдай тұрақсыз. Терроризм қаупі жаһанға төнді. Бұл орайда Қазақстан әлем үшін бейбітшіліктің бесігі саналады. Ал рухани жаңғыруға көшу елімізді жаңа асудан асыратынына сенемін. – Елбасы экономикалық реформаларды жариялады. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шынында бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз – біздің ұлттық кодымыз.
Қорытындылай келе айтарым, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екендігі ақиқат.

М. Сахиұлы