№8 Тамыз
Ұрпақтың өмірге, қоғамға көзқарасын қалыптастыруына ең әуелі ата-ана тәрбиесі, яғни, отбасындағы көрген-білгені әсер, ықпал етеді десек, олардың мектепте алатын тағлым-тәрбиесінің алар орны да одан һеш кем емес. Бүгінгі ұрпақ бұған шейінгі аға, әке, ата ұрпақ өкілдерінше өмірдің сансыз қыр-сырына кітап арқылы қанығып емес, телевизия, радио, әлеуметтік желілер сияқты теңіздей толқыған сансыз ақпарат арқылы қанығуда. Соларға талдау жасайды, солардан не үйренеді, не жиренді. Ал адам баласының нені үйреніп, неден жиренуі тек өз қарабасының, өз жан-дүниесінің қалауына ғана емес, оған әсер, ықпал ететін түрлі сыртқы үгіт-насихаттарға да тікелей байланысты. Біз қалай десек те адамдарды, қоғамды бір идеяға, бір ұстанымға біріктіріп басын қосып отыратын факторлардың бірі – дін екені рас. Мысалы, қазақ халқы осынау кең сахарамызғі ан ислам дінін ұстанып, содан бері талай-талай тағдыр табалдырығынан аттап, өмірдің сан қилы азап-тозағынан өтіп, бүгінгі азат, тәуелсіз ел биігіне шыққалы да 30 жылдың жүзі болыпты.
Өмірде, табиғатта ақ пен қара, жарық пен қараңғы, күндіз бен түн, ақиқат пен жалған қатар жүретіні сияқты бүгінде жер бетін мекен еткен және әр түрлі дінді тұтынып келе жатқан халықтардың, мемлекеттердің көпшілігінде діни экстремизм құбылысы айтарлықтай мәселе болып отырғаны да рас. Әрине, онымен күресудің толып жатқан түрлері қолданылуда. Сөзіміздің басында мектеп туралы бір ауыз лебіз айтып кетуімізге де осы діни экстремизммен күрес мәселесі дәнекер болған-ды.
Иә, баланы жастан дейді халқымыз. Сол айтылғандай, еліміздің ертеңі, келешегіміздің кемелділігі бүгінгі мектеп шәкірттерінің осы бір діни экстремизмнің, дінді тым жексұрын етіп көрсететін жат пиғылды секталардың кесір, кедергілерінен аулақ және діни мәселелерде көзі ашқы болып өсуіне тікелей байланысты. Осы орайда бүгінде бірсыпыра мектептерде ұстаздардың дінге көзқарасын айқындап, діни экстремизммен күреске белсене араласуының қолға алынып жатқаны елімізде сол діни экстремизммен күрестің нәтижелі болуына ықпал етері даусыз. Мысалы, осыдан біраз ғана бұрын Қызылорда облыстық дін істері басқармасы дін істерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен мектептереде «Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие берудегі «Дінтану негіздері» пәнінің рөлі: өңірлік тәжірибе және діни әдебиеттерді қолдау мәселесі» деген тақырыпта Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінің директорларын оқыту семинары болып өтті.
Семинар барысында қалалық бөлімінің, дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының, ҚМУ-дың ғылыми қызметкерлері, облыстық ішкі істер басқармасындағы діни экстремизмге қарсы күрес басқармасының өкілі тағы басқа да дінтанушылар аталмыш тақырыпта жүйелі де деректі баяндамалар жасап, тыңдармандарға дінтану негіздері пәнінің оқытлыуы, оның мақсаты мен маңыздылығы, діни әдебиеттердің пайдаланылуы, дін саласындағы заңнама бұзылған жағдайдағы жауапкершілік хақында кең көлемде жан-жақты түсініктер берді.
Шындығында, дін тану негіздері пәнін оқыту балаларға да ересек азаматтарға да діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай діни құндылықтарға құрметпен қарауды, діни экстремизмнің белгілерін айыра білуді, қоғамның мәдени және әлеуметтік тіршілігіне шынайы көзқарастар, пікірлер қалыптастырады, жастар сана-сезімінің жақсы жетілуіне әсер, ықпал етеді. Әлі де болса кездесіп тұратын діни емхалыққа ақпарат беруде, дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау мен қолдану бойынша туындайтын мәселелерді жұртшылыққа түсіндіруде, конфессияаралық келісім метттеп оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беруде бұл пәннің алар орны айрықша. Осындай игі шара барысында облыстық дін істері басқармасындағы дін істерін зерттеу орталығы мамандары жат пиғылды діни ұйымдар жайында жан-жақты ақпараттар беріп, екі тілде даярланған әдістемелік кітаптар таратты.
Бүгін біз осынау бір ғана шараны неліктен мысалға келтіріп, оны үлгі ретінде ұсынып отырмыз. Себебі…
Иә, себебі елімізде діни экстремизммен күрес тәсілдерін кеңінен қолданумен бірге, ертеңгі ел тілегі мектеп оқушылары мен жастардың діни көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, оларды жат пиғылды діни экстремизмнен абай болуға үйрету өте маңызды іс дегенді айтқымыз келеді.