№8 Тамыз

Елімізде балаларға арналған ұлттық әдеби шығармалармен қатар оларды шетелдік балалар және жасөспірімдер әдебиетімен таныстыру да жолға қойылып отыр. Осы  игі іске үлес ретінде бүгін ағылшын жазушысы Мария Луиза де ла Раменің қысқа барз. Оларды қазақ тіліне тәржімалаған Ғ. Себепов. 

                                                                                   Редакциядан.

Кәрі құрлықта Бельгия деген ел бар. Соның Пләндір деген жерінде мынадай оқиға өтіпті.
Жасы сексеннен енді асқан Жан деген қарияның жар дегенде жалғыз қызы бар еді. Бір күні соған дерт жабысып, ақыры алып жықты.
Қызының қазасы қарияның қабырғасын қайыстырып кетті. Ата-ана үшін перзентінің көз алдында дүниеге келіп, өзінен бұрын өмірден өткенін көруден артық қасірет бар ма?!
Бұл бер жағы екен. Қызының үш жасар ұлы жетім қалды. Баланы өсіріп, ел қатарына қосу ақсақалдың мойнына жүктелді.
Бұлар жұпыны сарайда өмір ы рнады. Соғыста жараланып, үйіне жарымжан оралған. Ел билігі ақсақалға құр уәде бергенімен, бір баспанасын қимады. Қария да есік жағалап жүруді намыс көрді.
Ескі пышақ ұялғаннан өтер деген. Жамбасы жылы төсекті аңсап тұрса да, немересі үшін қолына кетпен алды. Көктемде жер жыртты, егін екті. Күзде шөп шауып, тірлік етті.
Таңертең ерте тұрып, қалаға сүт сатып келетін міндеті тағы бар. Әтешпен қатар оянып, көршілерін жағалады. Сүттерін кәтәлөкке құйып, арбамен қалаға тасыды.
Бір күні қария қалаға бара жатып, жолдан бір итті көрді. Әбден қансырап, өлуге айналыпты. Әдейі тепкілеп, сабап тастаған сияқты. Ол иттің аты – Патраш еді.

ПАТРАШ

О заманда Пләндір жерінде аузы дорбадай, басы қауғадай, құлағы қасқырға ұқсас тік, кеудесі кең иттер болатын. Оларды жұрт Пләндір иттері деп атайтын. Олар Сібірдің хаскиі сияқты шананы да, арбаны да сүйрей береді. Кәрі құрлықта есек пен ат аз болғасын көбі арбаға итті жегеді. «Ит те болса малым еді, аю да болса байым еді» деген мақал осы жақта айтылатын.
Патрашты күшігінде енесінен ерте айырып, бір көпеске сатқан екен. Ол жаһан кезіп, ыдыс сататын саудагер еді. Күшіктің аузы сүттен құрғамай жатып, бейнетті өмірге тап келді. Қорлық пен зорлықтан көз ашпады.
Саудагер темір-терсек, мыс бақырдың бәрін арбаға тиейді. Оны Патраш мықшыңдап сүйрейді. Қожайыны оған ас бермек түгелі бір жұтым су бермейді. Өзі көрінген шәйханаға соқпай өтпейтін. Сағаттап сыра ішеді, ал байғұс иті күн астында қаңсып тұрғаны. Қыңсылап су сұраса итті таяқ пен тепкінің астына алады. «Арам тамақ неме, алдымен жүкті қалаға жеткіз! Атауыңды сосын ішесің» деп боқтай жөнеледі.

Бір күні Патраш әдетінше ауыр жүкті сүйреп келе жатты. Жаздың қайнаған кезі еді. Аспан айналып жерге түскендей. Ит жүруге дәрмені қалмай, төрт аяғын тең баса алмай келеді. Тілі салақтап, бір тамшы суға зар болды. Онысына қарайтын егесі жоқ. Жон арқадан қамшымен сабай берді. Ыстық күн Патраштың миын қайнатып жібере жаздады. Қамшының қайсысы да терісінен өтіп, сүйегіне жетті. Ауыр тертесі мойнын қажап жіберді. Ит тәлтіректеп екі қап п қалды.
Иесі қамшыз ан тұрмады. Қайыр жоқ екеніне көзі жеткен соң, жамбасынан мықтап тұрып бір тепті. Қамытын шешіп алып арбаны өзі сүйрей жөнелді. Төбетті жол жиегіндегі тақыр құмға тастап кетті. Санасын ақша билеген көпестің итке қарауға мұршасы жоқ. Есіл-дерті жәрмеңкеге үлгерсем болды.
Ит шыбын-шіркейге таланып, өлуге айналды. Оны елейтін адам жоқ. Есесіне ауру жұқтырып аламыз деп, иттен әрі жүруге тырысты. Ит біреуді көрсе елең етті. «назары түсе ме екен?» деп үміттенді. Тіпті басын әрең көтеріп, көзі жәудіреп, жәрдем сұрап, аянышты түр танытты. Жұрт ар-ұятын мазалатпау үшін көрмегендей, көзге ілмегендей жанынан өте шықты. Патраш адамнан күдерін үзіп, тағдырға мойынсұнды.
Бір кезде жол үстінен мылтықтай белі бүкірейген, қасы өсіп тікірейген, ақсақ шал көрінді. Киімі жұпыны, түрі жүдеу. Патраш оны көргенде: «Бұл қария қалт-құлт етіп әрең келе жатыр. Маған қарай қоймас» деп ойлады.
Қария Құдайына қараған жан еді. Мүсәпір итті көріп жаны ашыды. Буын-буыны қақсап тұрса да, әрең еңкейіп, тың тыңдады. Көпек иттің тынысы әрең соғып тұр еді. Тізерлеп жанына отырды да, аузына су тамызды. Орамалымен көзін сүртіп, басынан сипады. Қарттың жанында сары шашы желбіреген немересі бар еді. Ол:

–Ата, бұл төбетті өзімізбен әкетейік!-деп жалынды.
–Құлыным-ау, бұған кім қарайды? Шамамыз жете ме?-деді атасы күлімсіреп.
–Өзім бағамын, ата! Тамағымның жартысын оған беремін!-деді немересі жұлып алғандай.
Нелло мен Патраштың таныстығы осылай басталды. Атасы итті арбасына салып, үйіне әкелді. Үйінің бұрышына бір құшақ сабан жайып, сонда жатқызды. Әлсін-әлсін оның демін тыңдап, түнімен қамқор болды. Ертесіне төбет ыңырсып, қыңсылап еді, қария қуанып кетті. Баласы да қол шапаттап, мәз болын оның мойнына гүлден қарғы тағып, құшақтады.
Көпек ит көпке дейін шалажансар жатты. Бір қызығы оны бұрынғыдай ешкім сабамады. Ұрысып, жекімеді. Тек жанында айналсоқтап жүрген сары баланың былдырлаған даусы мен қарияның мейірімін сезді.
Патраш бірте-бірте оңалды. Бір күні тәлтіректеп жүре бастады. Қайырымды қожайынның табылғанына риза еді. Күн ұзақ босағада жатып, күннің шуағына қыздырынды. Енді осы қария мен балаға өле-өлгенше адал қызмет етуге іштей серт берді.