№7 (179) Шілде
Кезінде Парламенттің бір топ депутаты жасаған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер жөніндегі кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралң алынып, түрлі ұсыныс пен тілек айтылды.
Білуімше, қорытынды салыстырмалы кестеге 58 түзету енгізіліпті. Көптің көңілін күпті қылған заң жобасң жергілікті және діни топтар деп классификациялау енгізілді. Сонымен бірге діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен оларды тіркеуден бас тартуға себеп болатын негіздер анықталды. Ал, «Әскери мінмемекемелердегі оқуды жалғастыруға мүмкіндік беру үшін әскер қатарына шақыру мерзімін шегеретін өзгерістер қабылдануда. Бұдан өзге «Діни бірлестіктердің жасырын тұлғалар мен шетелдік азаматтардан және ұйымдардан қаржылай және рухани тұрғыдан көмек алуын, садақаны кассалық-бақылау аппаратымен ғана алуды міндеттеу мен жергілікті атқарушы органдардың араласуымен қайырымдылық көмекке есеп жүргізу туралы» ережелерді заңнан алып тастау ұсынылды.
Аталған құжат бойынша құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжановтың айтуынша, заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңындағы конфессия және миссионерлік қызмет мәселелеріне жаңа түсінік қалыптастырып отыр. Сонымен қатар құжат мемлекет пен діни бірлестіктердің ара қатынасын нақтылайды. «Атап айтқанда, онда көрсетілген мәселелер бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлек және заң алдында тең. Осыған байланысты мемлекет азаматтың дінге көзқарасын анықтауға және балаларды ата-анасының діни сенім бостандығы құқығын келтіретін діни ұйымның қызметіне тыйым салынады. Бұған қоса діни сипаттағы партиялар құруға жол бермейді.
Заң бойынша діни топтарға қатысты мәселелер екшеленіп, осы топтардың құқықтары да нақтыланған. Атап айтқанда, оларға ғибадат үйін құруға, жалға алуға немесе ұстауға рұқсат етілмейді. Олар кәсіпорындар құрып, миссионерлік қызмет жүргізуге құқылы емес. Ал олардың тіркелу тәртібіне келетін болсақ, Қазақстанда бұрын белгісіз болып келген діни ұйымды тіркеу 6 айға дейін тоқтатылады. Ал уәкілетті орган арнайы ұсыныс түсірсе, ол ұйым мүлдем тіркмеы мақұлдаған бұл заң жобасының қабылдануы еліміздің ЕҚЫҰ алдындағы міндеттерін орындау жолынан мүлде қарама-қарсы бағытқа ауысқанын, сондай-ақ, біз қол қойған барлық халықаралық декларациялардың іс жүзінде бас тартқанын көрсетеді,-дейді ол. Алматы хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина да Жовтистің пікірін толықтыра түседі.
–Заң жобасында шектеу көп. Олардың көбісі Қазақстан Конституциясы мен халықаралық құжаттарға қайшы. Заң жобасына сәйкес, ресми тіркелуден бас тартқан діни ұйымдар кез-келген діни рәсім өткізу үшін көршілерінің жазбаша түрдегі келісімін алуы қажет болады. Сол сияқты сізге топтан тыс үгіт-насихат жүргізуге, үй-жай жалдауға және онда жиналуға тыйым салады» -дейді Фокина ханым.
Бұған дейін де діни ағым өкілдеріне бүйрегі бұрып, қолынан келгенше қорғаштап жүрген құқық қорғаушылардың бұл кезекті байбаламы сияқты.
Д.Мыңжасарқызы