№7 (179) Шілде
Бұл кезде сағат он шамасы еді. Қар әлі жауып тұрғасын, баланың ізі көмескіленіп қалыпты. Патраш көпке дейін қарды тіміскілеп, Неллоның иісін зорға тапты. Сәлден соң із жоғалып кетті. Ит әрі-бері жүгіріп, иісті тағы іздеді. Түн көзге түртсе көрінбес қараңғы едққ иіскеп-иіскеп ақыры ізді тауып алды. Бала қалаға қарай кеткен екен.
Патраш кәрі сүйегін сүйретіп қалаға әрең жетті. Бұл кезде Патраш бұрынғыдай жас емес. Тістері түсіп, көзі іріңге толып, буынынан әл кетіп, әбден қалжырап қалған кезі еді.
Қала іші қап-қараңғы. Кейбір үйдің терезесінен шамның жарығы әлсін-әлсін жарқырайды. Көшенің кейбір б аойлап жүр.
Қалаға кірген соң итке баланың ізін табу қиындай түсті. Себебі адам ізі өте көп. Иттің тұла бойын суық жайлап бітіп еді. Аяғына суық өтті ме әлде ауыртып алды ма, ақсаңдап қалыпге ақыры тапты. Иіс шіркеудің алдына келіп тоқтады.
Бүгін мереке болған соң қарауыл ұмытып кеткен бе, шіркеудің есігін ашық қалдырыпты. Ит ішке кірді. Еш дыбыс жоқ, өлі тыныштық. Ізді тіміскілей түсіп, Патраш ілгері жүре берді. Бір кезде төрдегі еденнің үстінде жатқан Неллоны көрді. Патраш оның қасына барып аймалап, бет-аузын жалай берді. Бұл кезде Неллоның соңғы тынысы соғып жатыр еді. Бірнеше күн нәр татпай қуаты кеми түскен. Суық өтіп, екі өкпесі қырылдап жатты. Кеше атасының өмірден озғаны бар, пәтерден қуып шыққан азабы тағы бар, қайғысы біраз еңсеріп тастады. Онан қалды жүлде аламын деген үміті бүгін сөнді.
Итті көргенде басын әрең көтерді. Мойнынан құшақтап:
–Патрашым, ақыры келдің бе?-деді. Әрі қарай сөйлей алмады. Екі көзі жасқа толып жылай берді. Ит те қыңсылап, көзі жасқа малынып, баланы жалай берді.
Олар бір-біріне тығылып біраз жатты. Теңіз жақтан суық жел соғып, дірдектетіп алып барады. Шіркеу ішінде от жағылмағасын, даладан бетер суық еді. Қараңғы күмбездің астында жарғанаттың ауық-ауық шырылдағаны естіледі. Анда-санда төбедегі терезеден бір жарықтың сәулесі түседі де, дереу жоқ болады.
Бір мезгілде бір сәуле түсіп, шіркеудің ішін сүттей жарық қылып жіберді. Бұл жаңа туған айдың сәулесі еді. Қар кілт тоқтады. Айдың сәулесі қабырғаға анық түсті. Баланың дуалға көзі түсіп еді, қуанып кетті.
–Патраш, бұл Рубенстің суреттері ғой. Пердесін алып тастапты, қарашы. Мен армандаған суреттер..,-деді мойнын созып.
Сол күні шіркеу діндарлары суреттердің пердесін алып тастаған еді. Бәрі жаңа жылға асығып, шіркеудің есігін да жабуды ұмыт қалдырыпты.
Бала суреттен көз айырмай, бүк түсіп жата берді. Айдың сәулесі біразға дейін түсіп тұрды.
–Неткен керемет. Мынандай ғажайып сурет салған Рубенс періште шығар. Әттең, мен де осындай сурет салғанымда ғой,-деп күбірлеп жатты.
Ұзамай айдың бетін қайта бұлт жапты. Шіркеу іші көзге түртсе көргісіз, тас қараңғыға айналды. Нелло Патрашты бұрынғысынан да қаттырақ қысып құшақтады.
–Патраш, саған Көгіс ағаның үйі тамақ бермеді ме? Кешірші мені, саған бүгін бір үзім н-дте мұны түсінгендей қыңсылап, баланың бетін жалай берді.
–Патраш, менің әлім бітті. Енді бұрынғыдай бірге ойнай алмаймыз. Мен әке-шешеме кететін сияқтымын. Олардың түрін де көргенім жоқ. О дүниеде мен оларды тани аламын ба?-деп сұрады. Ит те бір жамандықты сезгендей қыңсылап, тоқтаусыз жалай берді.
–Е, атам бар. Атам оларды таниды. Рубенсті де сол жақтан көретін шығармын. Суретін не үшін кедейлер көре алмайтынын сұраймын,-деді. Баланы қатты жөтел қысты. Бар күшімен тоқтамай жөтелді де:
–Патраш, Құдай рұқсат етсе сені о дүниеде өзіме серік етіп аламын. Біз мәңгілікке дос болып қаламыз. О жақта біздің қарнымыз ашпайтын шығар,-деді. Тағы да жөтел қысты. Аздан соң ернін қайта жыбырлатып:
–Айдың жарығы тағы бір рет түссе ғой. Рубенстің суреттерін көрер едім..,-деді әлсіз үн қатып.
Бала осылай ұзақ сандырақтап жатты да, үнсіз қалды. Нәзік жүрегі соңғы рет бүлк-бүлк етіп тоқтады. Жанары үмітін үзбегендей ашық жатты. Рубенстің суретін тағы бір мәрте көргісі келген еді.
Ит баланың өлгенін сезгенде қыңсылап, ұлып қоя берді. Ит те болса иесін қимай ұзақ қыңсылады. Баланың бетін жалап, қыңсылай түсті. Тұмсығын біресе баланың кеудесіне тығып, біресе аспанға қарап ұлып, егіліп жылады. Көзінен тарам-тарам жас ақты.
Баланың денесі суйи бастағанын сезгенде ғана амалсыз көндікті. Тұмсығын баланың қойнына тығып, ол да қалың ұйқыға кетті.
С.Ғабитов