№7 (179) Шілде
Ертесіне қарауыл шіркеуге ерте келді. Ішке кіріп еді. Суыққа қатып сіресіп, жатқан бала мен итті көрді. Екеуінің де жаны шығып кетіпті. Бала иттің мойнынан қысып ұстап алған ныы. Төбеде Рубенстің суреттері жарқырап тұр.
Қарауыл сыртқа қайта шығып, көмекке жұртты шақыра бастады. Адамдар тез жиналды. Бәрі арба сүйрейтін ит пен б–Әгі пәтер иесіде безбүйрек екен. Атасының топырағы құрғамай жатып, немересін пәтерден қуып шыққан деп естідім. Барар жер, басар тауы қалмаған ғой, бейшараның…
–Сондай ақ көңіл, жақсы баладесе, сүтін тегін беріп кете беретін жомарт еді..,-деп жұрт өзара күбірлесіп жатты.
Бұл кезде диірменші де қалаға ерте келген еді. Оны ар-ұяты мазалап, түнімен ұйықтай алмаған. Таң қылаң бере, қалаға Неллоны іздеп шыққан беті еді. Оны қолына алып, ержеткенше пана болуды ойлаған. Ол да мына қайғылы жайдың үстінен түсті.
Шіркеудің табалдырығына келіп отырды да, қалпағын қолына алып, өкініштен жұдырығын қыса берді. Осы кезде оның жанына бір кісі келді.
–Кешіріңіз, осы қалада таң азанмен бір бала сүт сататын еді. Соны күтіп тұр едім. Бүгін көрінбейді,-деді әлгі кісі. Көгіс басын көтеріп қарағаны болмаса үндемеді.
–Кеше біз сурет бәйгесін жариялап едік. Сол баланың суреті үздік шықты. Меніңше ол болашақта Рубенс сияқты атақты суретші болады. Кеше қателесіп, бәйгені басқа балаға беріп жіберіпті. Бүгін қорытындыны өзгертіп, жүлдені иесіне берсек деп едік,-деді.
Көгіс еңкілдеп жылай берді. Әлгі кісі оны байқамады. Сөзін жалғай түсіп:
–Не деген талантты бала. Ана салған суретін қарасаңыз, нағыз ғажап туынды. Құдды бір періште салған сияқты. Мін жоқ. Бояуларды қалай шығарған десеңізші. Күннің батып бара жатқан сәті мен қуаты күн сайын кеміп, батқан күнге еріксіз қарап отырған шарасыз қарияның композициясын қалай дәл ұштастырған. Меніңше ол суретке керемет ат қою керек,-деді. Бір кезде Көгістің жылап отырғанын көріп:
–Кешіріңіз, сіз қара жамылып отыр екенсіз. Қайғыңызға ортақпын. Мен баланы іздейін. Мүмкін қазір келіп қалар. Ол баланы Парижге әкетіп, оқыту керек. Болашақта одан үлкен суретші шығады,-деді де, әлгі кісі кетіп қалды.
С.Ғабитов