№ 7 (179) Шілде

Сырт көзге сыпайы, басында тақиясы, қабағы қалың ойға батқан, атағы айбынды «Қазақстан Мұсылмандар одағы» президентi Мұрат Телiбеков өз әрекетiн Қазақстан Мұсылмандары дiни басқармасы мен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiне зiлдi сын айтумен бастағанда екiұдай күй кешкенiмiз бар. Дау-дамай сотсәалса да «мұрты қисаймаған» жаңа Одақ президентi телеарна, баспасөзде жиi-жиi көрiне бастады.

Тiптi, оның өткiзген пiкiрсайысына шақырумен барып ашық ойымызды айтсақ та, салмақты, салиқалы аудармашылық қызмет атқарған М.Телiбековтiң өз пiкiрiн бiле алмай қайтқанымыз бар.
Дегенмен, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында М.Телiбеков мырза тереңнен сөз тартқан, тебiренiп бiр орнында тұра алмайтын «ойшылдай» теңселсе де, бар жасандылығы, көрермен алдында айқын көрiнiп қалған. Әлдекiмдердтена айналып, «ахмадияны» жақтап шыр-пыры шыққандай.

Сонымен, әу баста жеке-дара «тапсырыспен» iске кiрiскен топ «Дiн туралы» Заңға өзгерiсiсетке қауiп төндiрер айла-шарғыларының бет-пердесi ашылып қалатын болғандықтан «жандары алқымға келiп», тiкелей шабуылға көштi. Шырмауықтай шым-шытырық елiмiзге таралған секталардың бiр пұшпағы – Қазақстандық «ахмадияшылар» кiм? Басы ашық нәрсе, олардың лидерi – белгiлi жазушы, Халықаралық Абай клубының президентi Роллан Сейсенбаев, бұл ағамыз жайлы бұрындары толығымен жазған болатынбыз «Мынау Абай, қай Абай?» немесе «Халықаралық Абай клубының президентi Роллан Сейсенбаевқа ашық хат», «Ана тiлi», «Жас Қазақ үнi», «Президент және Халық», «Ислам және өркениет», «Қазақ» газеттерiнде жарияланды.

Айтарға уәжi болмаған болса керек, Роллан ағамыз жауап жазбады, естуiмiзше көңiлiн қимаған әрiптестерiн үйiне апарып, бейне таспадан жалған пайғамбар, Үндi елiнен шыққан Мирза Гулям Ахмадидi көрсетiп, «Пайғамбарымыз осы» деп үгiт жүргiзедi екен. Әнебір кезде «Ислам және өркениет» газетiнде жарияланған Оңғар қажы Өмiрбектiу!2.2006ж.) төмендегi сөйлемдердi оқып, бiраз нәрсеге көзiмiз жеткендей болды: «Бұлардың штаб-пәтерi Лондонда, қызметтерi де сол жақтан бақыланып, басқарылады. М.Телiбеков жиi барғыш. Солардың садақасына телмiрулi. Солар қандай тапсырма берсе, соны орындайды».

Ағамызды Лондонға «Абай үйiн» ашқасын, соның шаруасымен баратын шығар деп ризашылықпен қарайтынмын, амандығын Алладан тiлейтiнмiн, сөйтсем, ағам басқаша сайрайды: «…Затем я написал письмо в лондонскую мечеть. Там есть, оказывается, ахмедическое движение, и мы с женой поехали в Лондон. Оказалось, что все оснавные мусульманские центры расположены в Лондоне, в Европе. И там можно читать и на английском языке, не только на арабском. Я был больше всего потрясен ахмедическим движением. Из всего, что я читал о 73-х сектах, мне больше всего понравились их откровения. Они очень хорошо ложились в мою душу. И многие тайные моменты, которые для меня были непонятны, открылись мне в Лондоне.
…И потом, в Лондоне есть очень хорошие переводы на русский язык. Каждая из этих 73-х сект старается выпускать свои книги на русском языке. И лучше всех, очень близко в смысловом отношении, очень художественно переводит свою литературу ахмедическое движение…» (Донести слово тюрков до мира, «Литерана

Мiнеки, жазушы ағамның «Ашық хатыма» берген жауабы, не iстерсiң, тек әттеген-айы, жалған Пайғамбарды малданған ағамыз, данышпан Абайға да жалған дiндi тықпалауға «мұрындық» болып жүргенi өте өкiнiштi. Қазақтың ұлттық мақтанышына жасалған қастандық демей не деймiз?!?

Роллан Сейсенбаевтың арнайы тапсырыспен Абайды кришнайт етiп «Абайдың рухани мұрасы» (2007ж.) деп кiтап жазған Д.Омаровты ерекше мадақтап «алғы сөз» жазғанын жан-жақты талдап айтқан болатынбыз. Ендi, мiне, М.Телiбеков те кришнаиттерге ет-бауыры елжiреп жақтайды: «…Тем не менее я категорически против силовых методов борьбы.
Одна из ярких иллюстраций тому – конфликт с кришнаитской общиной в окрестностях Алматы. Меня, как мусульманина, глубоко оскорбляют подобные методы установления исламской монополии. Более того, подобные действия не приемлемы с точки зрения Корана и сунны. Что плохого сделали бедные кришнаиты? Они готовили государственный переворот? Обстреляли из минометов здание городского акимата? Неужели вся вина заключается в том гйте зерна от плевел, «Свобода слова», 08.05.2008).

М.Телiбеков мүсiркеген «бейшара кришнайттар» Қазақстанға келе салып Абайды «кришнайт-ақын» деп «Абайтану» оқулығын жазып мектеп бағдарламасына енгiзсе, М.Әуезовтi «кришнайт-жазушы» деп докторлық диссертация жаздырса, қазақтарға «Хара Кришна» дегiзiп санасын сансыратса, оны да мiсе тұтпай Қарасай бабамыз бен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Н.Назарбаевтың кiндiк қаны тамған ауданның қақ төрiнен, ең шұрайлы аймағын Кришна құдайының туған жерi деп ойып тұрып белгi қойса, сиырларды «сайрандатып» қойып, қазақтарға «ет жеу жауыздық, шөп-шалам жеу –нағыз адамгершiлiк» деп зорлықпен уағыз жүргiзсе, шетелдегi «кришнайттарды» заңсыз алаяқтықпен бiреулер арқылы сатып алған жерге шақырып алып, Қазақ елiнiң шырқын бұзса – қалай ғана оларды «бейшара, байғұс» демекпiз?

Қазақстанда таралымы көп орыстiлдi «Время» газетi, оның тiлшiсi Руслан Бахтигареев «…Следующим в список нетерпимых властью религиозных течени попало «Общество сознания Кришны» о «войне» кришнайтов с властями Карасайского района Алматинской области наша газета пишет давно и подробно» (Агнцы и козлища, «Время», 21.05.2008г.) деп үнемi кришнайттарды «әкiмшiлiктiң тоқпағы төбесiнен кетпеген бейшара келiмсек» ретiнде бiржақты жазып, солардың мүддесiн көздейтiндiгiн анық аңғартса, ал Р.Сейсенбаев пен М.Телiбековтер алдамшы iз тастап, бiреуi «қазақтың данышпанын», бiреуi «қазақтың ата дiнiн» қорғаған болып халықты шатастырумен келедi. Бiр таңданарлығы, шетелден келген «арам пиғылды» секталарды қорғайтын қазақстандықтардың көпшiлiгi «атағынан атан түйе үркетiн» қоғамдық ұйымның атынан сөйлейдi, сөзiмiздiң бiр дәлелi, дiнтанушы Мұртаза Бұлытайша айтсақ (Қарын, май және құмалақ хикаясы, «Қазақстан-Заман», 24.04.2008.) «ФоХеөрайымы, ҚР Президентi жанындағы адам құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясының мүшесi. Сол Нинель Фокина Дiн туралы заңға өзгерiстер енгiзу туралы пiкiр алысу үшiн К.Бұрханов бастаған Мәжiлiс депутаттарымен Алматыда өткiзiлген жиында «ақ тер, көк тер» болып жат пиғылды секталарды қорғаштап, заңды өзгерту дегенiмiз «қысым жасау» екенiн дәлелдеп бақты. Ұзаққа созылған жиыннан кейiн есiк алдына шыққан «секта көсемдерiнiң» ортасында «Фокина әжей» әлгiлерге: «Братья, қазiр қайсысың меп ргенде ұстазым, профессор Мекемтас Мырзахметұлы екеуiмiз бiр-бiрiмiзге қарап жағамызды ұстадық?!?

Тағы да ҚМДБ-ның баспасөз хатшысының сөзiне жүгiнсек: «…Осы айтылғандарға сүйене отырып, М.Телiбеков пен оның жақтаушылары Исламның жалған «жанашырлары» демеске лаж жоқ. Өйткенi «Қазақстан мұсылмандар Одағының» қызметi мұсылмандарға қарсы бағытталған. Жарияланымдарының бәрi жала жабу, Ислам дiнi қызметкерлерiн қаралап, Ислам дiнiнiң беделiн түсiру, отандастарды ата дiннен бездiру. Өкiнiшке қарай, М.Телiбековке сенiп, арандап қалып жатқандар да бар». Осы айтылғанға бiздiң алып қосарымыз жоқ, тек ащы да болса шындықты мойындауымыз керек.

Ш. Жабал, абайтанушы

2.Құранды жатқа айтудан жарыс өтті

Алматы қаласындағы Орталық мешітте Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Құранды жатқа әрі мәнерлеп оқу» жарысы өтті.
Бұл игі шара 2000 жылдан бері ІІІ мәрте өткізіліп келеді. Жарыста республиканың барлық облыстарында жүрген «Құранды жатқа және мәнерлеп оқу» байқауынан үздік деп танылып, жүзден жүйрік шыққан 82 қари (Құранды жатқа айтатындар) бақ сынады.

– «Сендердің ең ізгілерін Құранды үйреніп, оны басқа жандарға үйреткендерің» деп сүйікті пайғамбарым х жасөспірімдер арасында сүре жаттауға, Құран оқуға деген ынтаны ояту, оны өз мақамына сай мәнерлеп оқуға баулу қолға алған шараның басты мақсаты»,-дейді осы шараның ұйымдастыруымен айналысып жүрген Қайрат Жолдыбайұлы.
Байқау төрт деңгейде, Құранның 5 парасы (1 пара Құранның 20 беті), 10 парасы, 30 парасы (яғни толық Құран) бойынша жаттап және мәнерлеп мақаммен оқудан өткізілді. Жарыста ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісалы бастаған діни мамандар қазылық етті.

2 күнге созылған жарыс нәтижесінде әр деңгейдегі І орын жеңімпаздары: 30 пара шымкенттік Әміре Ерсін; 10 пара түркістандық Мұхаммед Садық Табын; 5 параны жатқа айтқан алматылық Серік Ахметовтер. Ал, мәнерлеп оқудың жеңімпазы Байғабылов Еркебұлан. Жарысқа қатысып, орын алмағандар да құр алақан кеткен жоқ. Діни басқарма оларға да ынталандыру сыйлықтарын берді.
Діни күшті, діңгегі мықты елдің ғана болашағы бар. Ақиқат дінді насихаттайтын, адасып келген өзге діндер жетегіне түспеу үшін осындай шаралардың атқарар ролі жоғары.
Жаратушы Иенің адамзат баласына түсірілген қасиетті кітабы? Құран. Ал оны оқыған адамға оның әрбір әрпінен сауап жазылмақ.

Н.Алтаева

Діни ағымдарға тосқауыл бола ма?

<ламенттің бір топ депутаты жасаған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер жөніндегі кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасы еліміздің жер-жерінде талқыға салынып, түрлі ұсыныс пен тілек айтылды.

Білуімше, қорытынды салыстырмалы кестеге 58 түзету енгізіліпті. Көптің көңілін күпті қылған заң жобасы жақында Папрламенттің бірінші оқылымында мақұлданды. Жаңа заң бойынша бірлестіктерді орталық, жергілікті және діни топтар деп классификациялау енгізілді. Сонымен бірге діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен оларды тіркеуден бас тартуға себеп болатын негіздер анықталды. Ал, «Әскери міндет пен әскери қызмет» туралы заңға діни мекемелердегі оқуды жалғастыруға мүмкіндік беру үшін әскер қатарына шақыру мерзімін шегеретін өзгерістер қабылдануда. Бұдан өзге «Діни бірлестіктердің жасырын тұлғалар мен шетелдік азаматтардан және ұйымдардан қаржылай және рухани тұрғыдан көмек алуын, садақаны кассалық-бақылау аппаратымен ғана алуды міндеттеу мен жергілікті атқарушы органдардың араласуымен қайырымдылық көмекке есеп жүргізу туралы» ережелерді заңнан алып тастау ұсынылды.

Аталған құжат бойынша құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжановтың айтуынша, заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңындағы конфессия және миссионерлік қызмет мәселелеріне жаңа түсінік қалыптастырып отыр. Сонымен қатар құжат мемлекет пен діни бірлестіктердің ара қатынасын нақтылайды. «Атап айтқанда, онда көрсетілген мәселелер бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлек және заң алдында тең. Осыған байланысты мемлекет азаматтың дінге көзқарасын анықтауға және балаларды ата-анасының діни сенім бостандығы құқығын келтіретін діни ұйымның қызметіне тыйым салынады. Бұған қоса діни сипаттағы партиялар құруға жол бермейді.

Заң бойынша діни топтарға қатысты мәселелер екшеленіп, осы топтардың құқықтары да нақтыланған. Атап айтқанда, оларға ғибадат үйін құруға, жалға алуға немесе ұстауға рұқсат етілмейді. Олар кәсіпорындар құрып, миссионерлік қызмет жүргізуге құқылы емес. Ал олардың тіркелу тәртібіне келетін болсақ, Қазақстанда бұрын белгісіз болып келген діни ұйымды тіркеу 6 айға дейін тоқтатылады. Ал уәкілетті орган арнайы ұсыныс түсірсе, ол ұйым мүлдем тіркелмейтін болады. Парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған бұл заң жобасының қабылдануы еліміздің ЕҚЫҰ алдындағы міндеттерін орындау жолынан мүлде қарама-қарсы бағытқа ауысқанын, сондай-ақ, біз қол қойған барлық халықаралық декларациялардың іс жүзінде бас тартқанын көрсетеді,-дейді ол. Алматы хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина да Жовтистің пікірін толықтыра түседі.
–Заң жобасында шектеу көп. Олардың көбісі Қазақстан Констит қжобасына сәйкес, ресми тіркелуден бас тартқан діни ұйымдар кез-келген діни рәсім өткізу үшін көршілерінің жазбаша түрдегі келісімін алуы қажет болады. Сол сияқты сізге топтан тыс үгіт-насихат жүргізуге, үй-жай жалдауға және онда жиналуға тыйым салады» -дейді Фокина ханым.
Бұған дейін де діни ағым өкілдеріне бүйрегі бұрып, қолынан келгенше қорғаштап жүрген құқық қорғаушылардың бұл кезекті байбаламы сияқты.

Д.Мыңжасарқызы