№5 (177) Мамыр
Әуелі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл ел рухын тағы бір еңселі биікке көтеруге себепкер болған мақаласынан бастаған жөн деп білеміз. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бұл мақаласы тәуелсіз Қазақ Елінің жарқын болашағы, биіктерден-биікке өркендеуі және елдің экономикалық, мәдени алға басуының ең маңызды алғышарттарының бірі десек қателеспейміз. Қазір ел Президентінің осынау аталы сөзге толы іргелі еңбегі ел ішінде кеңінен талқылануда. Ал бізге, яғни, мәдениет саласының қызметкерлеріне Президенттің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде азаттығымызды айшықтап, ел іргесін бекітіп, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің сапына қосылу барысында «Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынып, мәдениет, тарих саласында атқарған ұшан-теңіз еңбегін атап өткені. Ел Президентінің халқымызға зор күш-қуат, мұқалмас жігер берет яиет саласындағы қызметкерлерді де жаңа бір биіктерге бастағандай болды. Міне, бүгін сол атқарылған азды-көпті жұмысты ел назарына ұсынуды артық болмас деп білеміз.
Иә, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мақаласында айтып өткен Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы деуге әбден боларлық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жасаған жоспарымызға тағы да 86 шара енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Осы бағдарлама аясында жүргізілген шараларға 5 мыңға жуық адам қатысты.
Қызылорда облысы және аудан әкімдігі шешімі арқылы бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес мәдениет саласы бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында барлық мүдделі органдармен бірлесіп 72 шара өткізілді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шижаға елді мекенінде «Тағзым» алаңы ашылды. Жоба құны 8 млн. теңгені құраған алаң құрылысын жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен жүргізді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша жазушы жерлесіміз Айжарық Сәдібекұлының 80 жасқа толуына орай «Тарихқа қалам тербеген» атты мерейтойы және жергілікті ақын Мешітбай Құттықовтың 85 жасқа толуына орай «Аралды сүю керек қайтқанда да» атты еске алу кеші атап өтілді.
Арал ауданы әкімшілігі мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» тақырыбында әлемге әйгілі жерлес жазушымыз Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша дебат өткізілді.
Айтыс еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап жаңғырған ұлттық өнеріміз. Осы орайда айтыскер ақын, термеші Ниятолла Раманқұловты еске алуға арналған «Ақиқат жырдың ллстар арасындағы облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Сонымен қоса, қазақ әдебиетінің абызы, жерлесеміз Ә.Нұрпейісовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында жазушының «Соңғы парыз» романы желісінен «Сондай да бір түн болған» атты қойылымы көрсетілді.
«100 жаңа есім» жобасының ІІІ кезеңі аясында тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауданымыздың әр саласында қызмет атқарған медицина, мәдени, спорт, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан 6 азаматтың өтінімі ұсынылдapaph —>
Аудан бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру мақсатында барлық кітапханаларда тақырыптық шолу және дөңгелек үстелдер мен отырыстар, спорттық сайыстар және әр түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауданда білім мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім»nb бағыты бойынша («Отаным — тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат») 13 кіші жоба жүзеге асырылды.
«Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша:
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауысығай орналасқан елді мекендерге арнайы техникалық автокөліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және де Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 218,0 млн теңгеге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен 4 Меморандумға қол қойылып жүзеге асырылуда.
2020 жылы «Туған жерге тағзым» атты акциясы аясында білім беру мекемелерінде «Туған жерге тағзым – мектебіме тағзым» акциясы ұйымдастырылып, 4 млн. 640 мың теңге көлемінде демеушілік көмектер жасалды.
Қорыта айтқанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ұлағатты мақаласын аудан мәдениетін дамытудың басты шарты ралра бермекпіз.