№5 (177) Мамыр
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде ұлттық, елдік болашағымызға бағдаршам іспетті жол сілтеп тұрған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіз Қазақстанымыздың 30 жылдық жаңа тарихына тек шолу жасап қана қоймай, келешегіміз қандай болмақ, ел келешегі үшін ұлы, кемеңгер тарихи тұлғаларымызды қалай үлгі-өнеге тұтуымыз керектігіне де тоқталып өтті. Ендеше, ертеңімізді барлап, өткенімізді өнеге тұтайық дегенде ең алдымен еске тұтар тұлғалардың алдыңғы сапында әрқашанда Абай тұрары хақ. иә, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған, соған жету жолында қилы заманды бастан кешкебақымыздың арпалысты күресінің нәтижесінде қол жеткен Қасиетті Тәуелсіздігіміздің жарияланғанына биыл 30 жыл толады. Осы аңсарлы белеске көтерілген бүгінгі күнде өткенге көз жүгіртіп, неге жеттіықа ұрпаққа жол көрсетіп, жөн-жоба ұсынған Абай сынды даналарымыздың өсиетін қандай деңгейде орындай алдық деген сан-сауалдың жауабын сана сарабына салып, саралайтын кез келді. Өйткені ұлтын сүйген ұлы жүректің:
Мендей ғарып кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын.
Не пайда бар – мың надан,
Сыртын естіп, таңдансын.
Одан дағы бір есті,
Ішкі сырын аңғарсын,- деген өсиетінің терең мәнін танып, өміріміздің өзегіне айналдара алып жүрміз бе?! Сауалдың мәні – Абай замн мүддесін ұлықтаудағы мақсатты айқындауымен құнды.
Елін сүю, Отанын қорғау, халқына ғибратты сөз айту, яки елдік патриотизм бос мақтаннан емес, жанды жеген мұң мен «тілінен зар шығарған замандағы» Абай сөзі тақыр жерде пайда болған жоқ. Өйткені Абайға дейінгі әдебиет – өткен күннің белгісі ғана емес, ел рухының, ар-ожданының да көрінісі. Сондықтан, Абай мұрасындағы азаттық танымдарының шығу көзін шолғанда, кемеңгердің рухани нәр алған бұлағының бірі мен бірегейі — төл әдебиеттегі ұлт азаттығы жолындағы мұралар мен олардың шығу тарихын білу қажет. Мұның бүгінгі күндегі маңызы да мәнді. Олай дейтініміз, өзіміз сабақ беретін оқу орнының шәкірттері: «Ағай, сіз айтқандай Абай атамыз азаттықтың жаршысы болса, оның мұраларында неге елді отаршылдарға қарсы күреске шақырып, ерлікке үндейтін, жауынгер поэзия жоқ. Махамбет атамыздай: «Ереуіл атқа ер салып», қолға қару алуға шақырмаған?» — дейді. Жастарды жаңылыс ойға жетелеп, азаттық жолындағы күресті атойлап жауға шабу деп қана түсінетін мұндай саяз мәндегі сөздердің әр жер, әр кезде айтылып қалып жүргеніне көзі қарақты оқырман мен тыңдарман кәу. Бұл орайда жоғарыда өзіміз сілтеме жасаған Абай ізбасарлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің «Абай» журналының 1918 жылғы алғашқы санына жазған «Журнал туралы» беташар сөзіндегі мына ойларын келтірсек мәселенің мәніне сәуле түсері анық. Олар беташар сөзде: «Қазақ хандық құрған заманда сөз бастаған шешендер, топ бастаған көсемдер, нелер жүйрік ақындар болған екен, жүйесін таппай, мін шығармай, қиыстырмай сөз сөйлемейді екен. Кешегі Жиренше шешен, Бұхар жырау, Асан Қайғының сөздері еміс-еміс құлаққа тиеді. Ол заман өтті, жауға шапса – батыр, сөзге салса – шешен, көптен шыққан көсем, үлгілі билер заманы ілкі өтті.
Тұс-тұсынан жау қысып, мал мен басқа дау түсіп, дағдарып, қазақ сасқан соң, орысқа келіп бағынды. Бұрынғы дәурен көзден бір-бір ұшты… енді партия, барымта, өтірік, ұрлық – не түрлі әрекет керней бастады. Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды. Береке кетіп азды, тозды.
Сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды»,- дейді. Яғни, заман өзгерді, тарих талқысы өзгеше озбыр, мейлінше қатыгез кезеңге бет алды. Мұны Абайдың әке сауалдарына қайтарған жауабы дәл сипаттайды және Махамбеттер ғұмыр кешкен Құнанбай заманы мен Абай кезеңінің түбегейлі өзгерістерін айқын танытады. Онда Құнанбай: «Балам, саған кезі келгенде айтпақ болып жүрген үш түрлі сөзім бар еді, соны айтайын.
Ең әуелі – сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды.
Екінші, көрінгенмен жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің басына ел үйірілмейді. Ел алатын қылық ол емес.
Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың» — депті.
Сонда Абай: «Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін. Екінші, қазақ елі бір заманда қой сияқты болған, бір қора қойды жалғыз қойшы «айт» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын. Одан бері келе ел түйе сияқты болды. Бір шетіне тас тастап «шөк» деп дыбыстаған уағында аңырайып тұрып барып, бетін бері бұратын болды. Енді біздің заманымызда ел жылқы болды. Мұны ақ қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы баға алады. Орысшылсың дегеніңізге айтарым, заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендіан білмесең, алысқа шығудан мағына жоқ. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі алуға керекпін»,- дейді.
Міне, осы себептен де, яки Абай мұрасындағы азаттық танымдарының шығу көзін шолғанда Абай нәр алған төл әдебиетті тарихпен бірлікте алып қарастыру керек. Бұл жөнінде халқымыздың заңғар жазушысы, кемеңгер ғалымы М.Әуезов те:«Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта, оның өзіне өлім жоқ, сөзіне заман, дәурен шегі жоқ»,- деген.
Абай сынды даналардың шығармашылық мұраларындағы адамзатқа ортақ тереңге тартқан ой-танымдарын айтпағанда, негізінен әдеби туындылар тарихи ортадағы қалыптасқан жағдайларға байланысты туатыны әдеби қауымға айқын. Сондықтан Абай заманына дейінгі әдеби мұралардағы азаттық идеяларын байыптап оқып қарасақ, отарлық езгінің жүргізілу кезеңдері мен тарихын да айқын тани аламыз. Бұл орайда, отарлық езгінің 1731 жылдан басталған сырттай отарлау, яғни «ұзын арқан, кең тұсау» кезеңі мен 1868 жылдан басталған іштей отарлау, яки «бөліп ал да, билей бер» кезеңіне бөлініп жүргізілгенін көреміз. Бұған жоғарыда келтірілген Құнанбай мен Абай аталарымыздың диалогтары да дәлел.
Енді Абайдың азаттық идеяларының заманына сай өзге бағытқа ауысуының себептерін айқын тану үшін, қазақ әдебиеті тарихындағы азаттық танымдарының отарлық саясаттың Абай дәуіріне дейінгі жүргізілу өзгешеліктері мен тарихы және соған қарсы туған әдеби мұраларға шағын шолу жасау арқылы талдайық.
Тарихта Абай айтқандай: «кәпiр көздiң дүниеде араны үлкен» болғандықтан, адамдық ашкөз нәпсiнi оятып, жұртты еңбексiз табыс табуға итермелеген империялар болды. Олар өздерiнiң осындай отарлық саясатын жұрттың санасына утопия түрiнде сiңiрiп барып, iс жүзiнде жүзеге асырды. Мәселен, 1453 жылы Византия империясының астанасы Константинополь түрiк «номадтарының» қолынан талқандалған соң, сол кездегi Алтын Орданың ыдырау процесiн шебер пайдаланған Ресейдің Мәскеу кнәздiгiнде Ресейді әлемнiң әмiршiсiне айналдыруды көздеген Иван Грозныйдың идеясы дүниеге келдi. Бұл идея «түбi – кен, суы – сүт, жерi – бал» елдердегi шалқыған мол байлық жайлы аңыздардың, ертегiлердiң, өлең-жырлардың тууына себеп болды. Сөйтiп көрнектi ғалым Мұхтар Мағауиннiң «Қазақ тарихының әлiппесi» атты еңбегiнде жазғанындай, жаңа бас көтерiп, нығая бастаған орыс империясы Қазан, Қырым, Хажы-Тархан, Сiбiр сияқты Алтын Орданың бөлшектенген хандықтарын бiртiндеп жаулап ала бастады. Әскербасы кнәздер Феодор Курбский мен Иван Салтык-Травин бастаған әскерлер 1483-1538 жылдары Оралдан бастап, Охот теңiзiне дейiнгi жерлердi басып алса, 1552 жылы 19 тамызда IV Иван бастаған орыстың 150 000 қарулы қолы өзiнен күшi бес есе аз Қазанды қоршап, зор шығынмен бiр жарым айдан соң хандықты өзiне қаратты. Осылайша отаршыл империя Орта Азияны отарлауға жол ашты. Отарлау рухындағы осындай идеологияның кесiрiнен Ресей халқының тарихы отаршыл озбыр елдiң жеккөрiнiштi тарихына айналды. Бұл жайлы Г.Потанин, П.Карамзин, В.Ключевский,, сынды орыс қаламгерлерi кезiнде ақиқатын ашып, талай айтқан. Тiптi отарлау саясатының мемлекеттiк мүдде тұрғысында насихатталып жүргiзiлгенiн отаршылдардың өздерi де жазды. Мысалы, Неплюев Сенатқа берген баяндамасында: «Құдай қосса, бәлкiм бұл жерлерден басқа мемлекеттерден гөрi оңайырақ Россия мемлекетi байлық, қазына тауып қалар» — десе, империялық отаршыл мемлекеттiң орыс халқының санасына сiңiрген тән ауыртпай мал табу идеясының күнi бүгiнге дейiн өмiр сүрiп отырғандығын «ора Леонид Полежаев былайша суреттейдi: «Бiзде туған өлкемiздi қаңыратып тастай салып, адам баспаған, өзiмiз көрмеген жақтарға жетуге ұмтылып тұратын әдет бар. Алды-артына қарамай жөнеп беру – бiздiң ұлтымызға жаңа жердi басып алуға, иелiгiндегi жердi кеңейте түсуге пайдалы болды.
Империялық үстемдiк идеологияның орыс адамының санасында қонақтап қалғаны сонша, тоталитарлық ойға бейiмдiлiгi әлi күнге дейiн өшкен жоқ».
Отаршыл империяның бар мақсаты – езгiге түскен елдiң несiбесiн тартып жеу арқылы баю болғандығы тарихи ақиқат. Бұл жайлы қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов: «Қазақты патша өкметi билегеннен бергi қазақ мәдениетiне қаншама зиян келгенiн зерттеген бiзде сда келгенi немесе пайда бермегенiн ғана қараумен жүр»- десе, дарынды ғалым Телжан Шонанұлы сонау 1923 жылы жазған, елiмiздiң тәуелсiздiкке қолы жеткен соң, қаламгердiң есiмi ақталып, 1995 жылы қайта басылған «Жер тағдыры, ел тағдыры» кiтабтызақ жерiнiң тарихы – колония тарихы. Колония тарихы – бiрте-бiрте қазақ жерiн сырттан келiп иемденудiң тарихы, талаудың тарихы», — деген. Ал отарлық бұғаудың халық басына түсiрген рухани, моральдық, мәдени кесапаты бұдан зор болмаса, кем болмады.
Сөйтiп, отарлық езгiге қарсы туған қазақ әдебиетiндегi азаттық ой-пiкiрлер Қорқыт аңыздары мен жырларынан бастау алып, ұлттық әдебиетке Асан Қайғы толғауларында әдеби сарын ретiнде қалыптасты. Бұл сарын алғашында қазақ әдебиеттану ғылымында ақын-жыраулар шығармаларындағы айтылған астарлы ой-пiкiрлерге қатысты «болжал өлеңдер» деген ұғыммен қалыптасқан. Ол жайлы Х.Досмұхамедұлы «Қазақтың халық әдебиетi» атты еңбегiнде: «Халық әдебиетiнiң бiр түрiне «болжал өлеңдер (предсказывательные песни)» жатады. Болжал өлеңдердің шу басында Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген делінетін, жарым-жартылай аңызға айналған бейне – Асан Қайғы (Асан-Печальник, Асан-Горемыка) тұрады»,- деген.
Өйткені, Ресей империясының көз сұғын қадаған елдерге қарсы отарлау саясаты астарма алынды. Мәселен, қазақ жерi мен халқының материалдық байлығы жөнiнен мәлiметтер жинау үшiн 1569, 1573 жылдары Қазақ ордасына «елшi» ретiнде Семен Мальцев пен Третьяк Чебуковтар келген. Олардан соң Бекович-Черкасский, Бухгольц, И.Лихарев, т.б. да «елшiлердiң» қазақ хандығына келу мақсаты да осы болды. Профессор Фирсовтың: «Орыс тарихының негiзгi фактiсi – отарлау болып келгенi ақиқат. Қай дәуiрге көз жүгiртсек те бiздiң күллi саяси және қоғамдық құрылысымызбен астасып жатқан осынау фактiге ұдайы кездесiп отырамыз», — деуi мұның кепiлi.
Сонымен, қазақ әдебие н отарлық езгiге қарсы сарындағы поэзия ақынжанды халықтың санасына ғана емес, күллi жан сезiмiне байлап, ерiк-күшiн меңгерiп, ұлттық рухына ұшқын шашты. Егер сөз идея десек, ал әрбiр идея жаңалықтың басы болса, онда жаңа тосын сөз – өзгерiс басы болып, заманға, салт-санаға, ел ертеңiне деген көзқарасқа төңкерiс әкеледi. Бұл, әсiресе, қазақ халқының рухани болмысында жетекшi қызмет атқарған поэзия өнерiнiң басты белгiсi.
Қарашасынан ханына дейiн сөз қадiрiн қастерлеген халықты отарлық бұғауға қарсы жұмылдыруда Асан Қайғыдан басталған осы сарын Бұхар шығармашылығына дейінгі аралықтағы жыраулар поэзиясында ерлік пен елдік тақырыбында дәстүрлі желісін үзген жоқ.
Жарты әлемдi уысында ұстау үшiн жолына бөгесiн болып тұрған елдi ноқталау Ресей империясының басты мақасаты болғандықтан, осы мақсатқа жету жолында отаршыл ел ештеңеден де аянып қалған жоқ. Соның бiрi бодандығындағы қалмақ, естек, казактарды жоңғарлардың шапқыншылығынан әбден әлсiреп, халқының үштен екiсiнен айырылған жұртты бағынуға мәжбүр ету үшiн қазақ даласына айдап салды. Оған қоса жоңғарларды қаруландырып, қазақ даласын екi жақтан әскери қамал, бекiнiс, форпостал.Қозыбаевтың «Қазақстан Ресейге өз еркiмен қосылды ма?» атты мақаласында бұл жайлы мынандай тарихи мәлiметтер келтiрген: «Петр I-нiң жарлығымен бекiнiстер салу iсi Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауы мен Ертiс бойындағы Тара қаласынан Ертiстi бойлап екi жақтан қазақ даласын қоршай жоғары өрлей отырып, алтын кенi бар делiнген Жаркентте түйiстiрiлу көзделдi. Осы мақсатта екi экспедиция жасақталды:
1) Князь Александр Бекович-Черкасский 1714 жылы бастап шыққан экспедиция Каспий теңiзiн жағалай көтерiле отырып, Хиуаға жол тартты.< - -->
2) Құрамында 4500 адамы бар, жақсы қаруланған гвардия полковнигi Иван Бухгольц 1716 жылы бастап шыққан экспедиция Түстiк Сiбiрден Ертiстi бойлай бекiнiстер мен редуттар сала отырып, Қытайға дейiн жеттi».
Сөйтіп, ХІX ғасырда «патша үкіметі қазақ елін меңгеріп, ауыздықтап алуға айналған кезде, әуелгі уақытта елді өзінен шыққан сатымсақ «жақсыларға» билетті, ол адамдардың барлығы да төре тұқымынан шыққан хандар болатын; бұлардың жалғыз мақсаты: бір жағынан елді мыңқ еткізбей басып, жаншып отырып, екінші жағынан орыс үкіметінен үнемі мақтау, үнемі шен, дәреже алып отыру болатын.
Бірақ осылардың тұсында қалың ел жалғыз хан зорлығы емес, сонымен бірге күннен күнге суық қолын сұғып, обырдай обып бара жатқан үкімет сұмдықтарын көрген соң көңілдегі барлық наразылығын жаңағы хандарына қарай беттетті, елдің өз ішінен шыққан «арам ет» сияқты ала көңіл жақсыларды, ең алдымен жауы деп есептеді». Міне, Исатай-Махамбет көтерілісінің себебі – осымен айқындалады. Алайда, уақыт өте келе «патша өкіметі төрелерден перде жасаудың енді керегі жоқтығын түсінді. Сөйтіп, бұрынғы бағып-қаққан төрелеріне қырғидай тиді. «Ханның мирасқоры» өзі болғандығын анық білдіру үшін хан деген атақты жойды, ақсүйек табын жойып, төрені қара қазақпен тең қылды. Етін мүжіп, кеміріп, майын сорып, итке лақтырған сүйектей қылып лақтырып тастағанда ғана төрелердің патшашылдары залым өкіметке құрал болғандығын бір-ақ түсінді».
Бұл жағдай, Исатай-Махамбет көтерілістері кезінде Iшкi тараптағы Ресей империясының Жәңгiр хан басқарған қуыршақ бодан хандығынан басқа қазақ өлкесiнде 1822 жылы 22 маусымда жүзеге асты. Қазақ сахарасын (сахара – шөл дала емес, сақ – ел аты, ара – дала) генерал-губернаторлықтарға бөлiп, империялық озбыр ел басқару жүйесiне көшу саясаты 1708 жылы Ресейдегі Петр I патша енгiзген губернаторлықтарға бөлу iсiнiң жалғасы болатын. Осы iстi қазақ мемлекеттiгiн жою мақсатында Орынбор губернаторы барон Игельстром 1789 жылы қазанда қазақ жүздерiн басқарудың жаңа жобасын жасады. Бiрақ, Екатерина II патшайым қолдап, қол қойған бұндай ел басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу әрекетi рухы жойыла қоймаған, отарлық құлдыққа мойын ұсынбаған елде бiрден сәтсiздiкке ұшырады. «Ауызы күйген, үрiп iшедi» дегендей, ендi отаршыл өкiмет күш көрсету тәсiлiнен, «шендi шекпенмен» алдаусыратып, ел басшыларын iшке тарту әрекетiне көштi. Осы мақсатта патша өкiметi Уәли мен Бөкейдi бiрдей хан тағайындап, оларды бiр-бiрiне қарсы айдап сала отырып, «киргизда хандық өкiмет қауқарсыз» деген желеумен, 1822 жылы 22 маусымда М.М.Сперанскийдiң «Сiбiр қырғыздары туралы Уставына» сай аға сұлтандық ел билеу жүйесiн енгiздi.
Осы орайда қазақ мемлекеттiгiнiң тамырына балта шапқан, ел атқамінерлерін «шендi шекпенге» құмарттырып, халықтың дербестiгiн жойған аталмыш «Жарғы» авторлары жайлы қысқаша мағлұмат бере кетейiк. Сонымен, Сперанский Михаил Михаилович, 1772 жылы граф әулетiнде дүниеге келген. ХIХ ғасыр басында Ресейде Министрлер Кеңесiн тұңғыш құрғандардың бiрi болды. Ол 1814 жылы «Ресей патшасына қастандық ұйымдастырды» деген жаламен Пенза губерниясына бес жылға жер аударылып, онда губернатор қызметiн атқарған. Пензадағы мерзiмi бiткен соң, 1819 жылы Сiбiр бас губернаторы қызметiне тағайындалып, Тобылға барған. 1821 жылы 8 ақпанда Сперанский Тобылдан Петербургке саяхаты кезiнде Тобыл жол қатынасы округiнiң инженерi Гаврий Степанович Батеньков деген 28 жасар жiгiттi қасына ертедi. «Сiбiр қырғыздары туралы Уставты» осы жазып, М.М. Сперанский 1822 жылы 22 маусымда патшаға бекiттiрген. Ал Батеньков деген бұл адам 1793 жылы дүниеге келген. 1810 жылы Петербург артиллерия инженерлерiн дайындайтын корпусты, кейiн Петербург жол қатынастары инженерлерiн даярлайтын корпусты тәмамдаған. Петербургте Сенат алаңына шыққан декабристердi қолдағаны үшiн, 1825 жылы I Николай патша оны 20 жылға бас бостандығынан айырып, «Петропавл қамалы» түрмесiне жапқызған. Мемлекеттiң отарлық саясатына үлкен көмегi тиген Батеньковты өкiмет «ұмытып кетiп» 20 жылдың орнына ол қамалда 22 жыл отырған.
< <Сөйтiп, 1822 жылғы «Жарғы» негiзiнде 1824 жылы Кiшi жүз қазақтарына арналған Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен енгiзген «Орынбор қырғыздары жөнiндегi Устав» қабылданды. Осы ережелерге сай қазақ елiнде тұңғыш аға сұлтан тағайындау рәсiмi 1824 жылы 24 көкаусұлтан-правителi болып тағайындалған Ғұбайдолла Уәлиханов болатын. Солай бола тұрса да, отаршылдардың қол шоқпары болу былай тұрсын, қайта оған қарсы күресiп, қазақтың мемлекеттiгi жолында қажырлы қайрат көрсеткендердiң бiрi, осы – Ғұбайдолла Уалиханов. Сонымен, «Орынбор қырғыздары туралы Устав» бойынша 1824 жылы Кiшi жүзде хан билiгi таратылып, ол үш бөлiкке (батыс, орта, шығыс) және бiр дистанцияға бөлiндi. 1847 жылы Ресей империясының отарлық саясатына сiңiрген еңбегi үшiн генерал атағын алған Баймағамбет Айшуақов – осы Махамбеттер көтерілісі өткен Батыс бөлiктiң сұлтан-правителi болған. Ол осы лауазымға тағайындалар кезде «Ережеге» сәйкес «ұлы мәртебелесiнiң мүддесiне» адал қызмет етуге төмендегiдей мәтiндегi ант берген: «Төменде атым аталған мен дүниенiң бәрiн жаратушы бiр Құдайдың алдында бүкiл Ресейді жалғыз-дара билеп-төстеушi Ұлы патша ағзамға, оның Бүкiл Ресейлік тағының мұрагерiне, әр боданына тиiстiдей шынайы берiлуге, жан-тәнiммен қызмет көрсетуге, дәулетке (мемлекетке) қарсы не ашық, не жасырын сыр сақтамауға, тапсырылған iстi Ұлы мәртебелiнiң заң-закондерiн сақтай отырып және оның шеңберiнен қол астымдағыларды шығармауға, Ұлы мәртебелiнiң мүддесiне қарсы боларлықтай iстерге бармауға және барғызбауға, қырғыз-қайсақ халқына патша ағзам iстерiнен басқаны ойлатпауға, осы айтқандарым өз қолымнан келмейтiндей жағдайда, олар жөнiнде Ресей шептерiндегi басшыларға хабарлап отыруға ант етемiн! Осы антымды Құранды сүйiп, мөрiмдi басып, берiп тұрмын!».
Орта Азияны отарлауды Ре шне жақын қазақтың Кiшi жүз жерiнен бастағанымен, дипломатиялық диверсия, әскери озбырлық, экономикалық экспансия, эмигранттарды қоныстандыруды жаппай отарлауға ұштастыра отырып, хандық мемлекеттi жоюды Орта жүзде жүзеге асырды.
Ол үшiн Сыртқы iстер министрлiгi жанынан Азия департаментi құрылып, оның Қазақстан мен Орта Азияны басқаратын 2-шi бөлiмiнiң қызметкерлерi М.М.Сперанский мен Г.С.Батеньков жасаған «Сiбiр қазақтарын басқару жайындағы Жарғысы» бойынша Қазақстанда хандық мемлекет таратылды. Ресейдiң солтүстiк бөлiгi Батыс Сiбiр және Шығыс Сiбiр губернияларына бөлшектендiрiліп, құрамына Орта жүз енген Батыс Сiбiр губерниясы 8 дуаннан (округтен) тұрды. Олар: Қарқаралы (1824 ж. құрылған), Құсмұрын (1824 ж), Баянауыл (1826 ж), Аякөз (1833 ж), Ақмола (1832 ж), Үшбұлақ (1833 ж), Аманқарағай (1834 ж), Атбасар (1848 ж). 1854 жылы бұл екi губерния таратылып, орнына 4 генерал-губернаторлықтарға бiрiктiрiлген әкiмшiлiк жүйе құрылды. Осы губернияларды басқару тiзгiнiн қарулы қара күшке сүйенген озбыр өкiмет Iшкi iстер министрлiгi мен Ресей соғыс министрлiгiне қаратып, барлық жерде әскери билiк енгiзген болатын. Сөйтiп, орталығы 1839 жылға дейiн Тобылда орналасқан Батыс Сiбiр губерниясының басшысы генерал-лейтенант Петр Концевич Қызылжарда Орта жүздiң атқамiнерлерiн жиып, «Сiбiр қазақтарын басқару жайындағы Жарғынық ң құжатты жиынтығы болған аталмыш Жарғы жалпы саны 320 баптан құралған, кiрiспе мен 10 тараудан тұрды.
Қазақ халқының мемлекеттiк дербестiгiн жойып, Ресей империясының құрамындағы губернияларға айналдырған бодандық бұғауының қысқаша сипаттамасы осындай.
Өздерінің негізгі әдеби миссияларын Абайға дейінгі сырттай отарлау, яғни «ұзын арқан, кең тұсау» кезеңінде атқарған Асан Қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Дулат, Сүйінбай сынды сөз зергерлерінің шығармашылықтарының отарлық езгіге қарсы сипаттарын терең тану үшін отарлау тарихымен байланыста кең түрде қарастыру қажет. Сонда ғана Абай заманына дейінгі отарлық езгіні, халықтың азаттық жолындағы арпалысын сөз өнерінде асқан ақындық шеберлікпен суреттеген, соған қоса өз замандарына сай тәуелсіздік танымдарының өздері пайымдаған жолдарын ұсынған осынау бір шоғыр сөз зергерлерінің шығармашылықтарын терең тани аламыз. Өйткені: «Барлық мәселенің түп-тамыры, жалғандылығы мен шарттылығы және қазақ әдебиеті тарихындағы жалған ұғым-танымдардың қоздаған өзекті буыны да Ресей империясының отаршылдық саясатын ақтау, отарлануды прогрессивті мәндегі бақыт санау, оның көлеңкелі жағының бүркемеленген астарлы сырын ашп,
«Адам қырық жасына дейiн бiлiм жинап, қырық жасында кәмiл толады, ақыл-ойы, жiгер қайраты жетiледi»,- деп Шаһкерiмге өзi айтқандай, шартарапқа шалқыған жастық жалыны сабасына түсiп, халқының қапалы, күйсiз жайының қатпарлы себебiне парасатпен ой жүгiрткен дана Абайдың қырықтан асқан шағында жазған мына өлең шумақтарының астарында отарлық езгі әкелген кесірлі кеселдердің түйінді себеп, салдарлары жатқаны анық.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмайсың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртым.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
&;&p; Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
&;&p; Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың ,-
дейді Абай. Отарлық езгіге түскен елінің мүшкіл халіне күйзеле отырып, өзінің шығармашылық өмір жолындағы ұстанған бағытының бағдарламалық ойлары жинақталған бұл өлең – Абайдың халқына азаттық аңсаған болмысының айнасындай туынды. Яки, «Өз тұсындағы өмірдің сәуле түсірмес көлеңкелі жақтарын көре білген ақын қай заманда да аз болмаған. Тек солардың түп-тамырына үңіліп, арғы себебін аша білген ақын ғана көрегендік дәрежесіне көтеріле алған»,- деп, профессор Ж.Ысмағұлов жазғандай, бұл шығармада 1868 жылдан басталған отарлық езгінің жаңа кезеңіндегі ел жайы барлық ақиқат қалпымен суреттеліп қана қоймай, жұрттың осы халге түсу себептері де саралай таратыла айтылған. Егер Дулат ақынның:
Әзiрет қонған Қаратау,
Аса алмаған онан жау,
&n&nнда ханталау,
p; –
«Қасымның қасқа жолы» екен! —
деуiнде елдiң хандық мемлекет аясындағы тәуелсiздiк туы астына бiрiгуге бастар соқпаққа бет бұруының үзiлмеген үмiт сәулесi байқалса, Абай дәуiрiнде ол жолды отарлық саясаттың 1867-68 жылделбептi Абай: «iшiм толған у мен өрт, сыртым дүрдей» — деп, империялық басқыншы жүйенiң елдi өз торына шырмап алғаннан соңғы халықтың iшкi рухани тұнығын лайлау әрекетiне қарсы жаңа жол, тың бағыт iздеген арпалысты жан күйзелiсiне түседі. Ол жол, ол бағыт – бiлiм жолы, ақылға бiрлiк жолы. Яки, осындай өз тiзгiнi өз қолынан кеткен заманда жауының дағуасына кiрiп, теңдiкке жетудiң жалғыз шырағы:
Малда да бар жан мен тән,
&nbsbsnbsp; Ақыл, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса? , —
деп өзi айтқандай, оқу, білімге, ұлтының, бүкіл адам баласының жеткен мәдениет, өркениет жетістіктеріне иек артуға шақырады. Бұл жайлы Бас абайтанушы Мұхтар Әуезов былай дейді: «Абай 40 жасқа келгенше өз өмiрiндегi бұрыннан келе жатқан жолға жаңа түр қосқысы келдi. Абайдың сыртқы өмiрi жемiссiз, ажарсыз, мағынасыз болса, соған өз iшiнде толып жатқан қарсылық бар. Ойына жиылған ұлы зар, үлкен мұң, көп арман бар. Осының бәрiн сыртқы көзге көрсетiп, iштегi арман мен өкiнiшке аз тыныс, аз мағына ем болатын нәрсе ақындық болады. Өлең болады. Сонымен 84-86 жылдардан берi қарай Абайдың ақындығы басталады».
Сөйтіп, қай жерде халық өмiрi қыл бұрауға түсiп, тiрлiк азапқа айналса, сол жерде таза мiнсiз ннғады. Мiне, осындай кемеңгердi «қайғы мен ыза қысып, тiлiнен зар шығарған заманның» Абай дәуiрінде қалыптасқан сипаты мынадай болатын: ХІХ ғасырдың екiншi жартысына дейiнгi кезеңде Ресей империясы әскери отарлау күшiмен қазақ елiнiң Орта Азия мен Шығысқа шығар қақпа ретiнде мемлекеттiк тәуелсiздiгiн жойып, қазақ даласын империя құрамындағы генерал-губернаторлықтарға бөлшектеп билеген болатын. Бiрақ хандық ел билеу жүйесiн құртып, мемлекеттiк басқару аппаратын қолға алу патша өкiметiнiң отарлық мүддесiне орасан мол кеңiстiк пен зор мүмкiндiк ашып бергенiмен, халықтың саяси-әлеуметтiк құрылымын, шаруашылық, тұрмыстық қалпын, iшкi рухани бұлақ көздерiн толық жоя алмады. Сол себептi империя елдiң материалдық байлығын тонау мен халқын басыбайлы құлдыққа түсiру мақсатында жұрттың iшкi өмiрiне қол салды. Бұған Ресейдің өз iшiндегi саяси-әлеуметтiк жағдай да қолайлы кезеңдi туғызған болатын. Мұның мәнiсi отаршылдардың арамтамақ әккi саясатына сай, Ресейдегі дағдарысты жағдайды өз езгiсiндегi қазақ елiнiң есебiнен шешуге ұмтылуында болып отыр. Өйткенi, 1861 жылғы 19 ақпандағы мұжыққа «азаттық» берген монифестке дейiн, Ресейде шаруалар жылына орта есеппен 19 реттен өкiметке қарсы көтерiлiске шықты. Оның себебi – мұжықтың ауыр алым-салықтың астында қалуы, жерге иелiгiнiң жоқтығы және қайыршылық қалпы болатын. Сондықтан патша өкiметi жаңа туып келе жатқан өндiрiс буржуазиясының дамуына жол ашып, сол өндiрiс капиталына қазақ елiн тегiн олжа ретiнде жығып берудi, сонымен бiрге шаруалар толқуынан самодержавиеге төнген қауiптi сейiлтiп, оларды қазақ жерiне көшiрiп, жұрттың ең шұрайлы, қоңды жерiн тартып әперу арқылы мұжықты жарылқап, елде өз жақтастарын молайтуды көздедi. Сөйтiп: «Өкiмет мұжықтың көңiлiн ақсүйек жерiнен «бұратаналар» жерiне аударып, мазасыз мұжық арасын сиреттi. Ал «майлы қоныс бұратаналар» бұл болмаса күл болсын, үкiметке бәрiбiр, ақсүйек пен қазына жерi аман қалса болғаны». Мұның арты қазақ жерiн мұжыққа тартып әперу арқылы, жерден айырылған елдi қу тақырға қуып, қайыршыландырып, орыс өндiрiс капиталына су тегiн малай тауып берiп, өз ұпайын түгендемек ниетке ұласты.
> >Абайдың:
Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр ,-
деуінде осындай елдің бұрынғы ата-салтымен тіршілік еткен өрісін отаршылдардың зорлықпен шектеп, халықтың өз жерінде өгей бала күйіне түскен халін көрсеткен.
Отарлаудың бiр пара iсiн осылай оңтайына келтiрiп алған өкiметке ендiгi кезекте қазақ елiнде өз саясатына орайлас билiк жүйесiн енгiзу қажет болды. Осы мақсатта 1865 жылы Далалық комиссия құрылып, ол жаңа заң жобасын жасауға кiрiстi. Жаңа Ережелерде әкiмшiлiк басқару жүйесiнде халықтың өзiн-өзi басқаруына, болмаса ел тынысына еркiндiк беретiн ешқандай мүмкiндiк ашылмау жағы мұқият қарастырылды. Осындай озбырлық толғағынан туған 1867 жылғы «Түркiстан өлкесiн басқару туралы» және 1868 жылғы «Далалық облыстардағы басқару туралы» уақытша Ережелер 1822-24 жылдардағы «Жарғылардан» соңғы Ресей империясының қазақ халқына қарсы жасалған iрi мемлекеттiк қанқұйлы отарлық саясатының құжатты дәлелi болып табылады. Аталған Ережелер бойынша қазақ елi 3 аймаққа жiктелiп, әрқайсысы патшалықтың түрлi министрлiгiне қаратылдырылған. Орал, Торғай аймағы Ішкi iстер министрлiгiне, Семей, Ақмола өңiрi Сыртқы iстер және Заң министрлiгiне, ал Сырдария, Жетiсу өлкесi Соғыс министрлiгiне бағың iлiгi зор едi. Бiрiншiден, облыстарға бөлшектенген елдiң iшкi қозғалысына тиым салынып, халықтың бiрiгуiне жол жабылды; екiншiден генерал-губернаторлықтар бағынышты болған әр министрлiк, әр түрлi саяси-экономикалық мiндеттер атқаратындықтан, ел тiлегi түрлi бюрократиялық сылтаулармен орындалмады; үшiншiден, аймақтар қарайтын министрлiктер жұмысы орталықтан үйлестiрiлiп, олар ел алдында есеп бермедi; төртiншiден, отар елдегi кез-келген мәселенi әр министрлiк өз еркiнше шешiп, ойына не келсе, соны iстеуге толық мүмкiндiк ашылды. Қысқасы, 1867-68 жылдары тәжiрибе ретiнде уақытша енгiзiлген бұл Ережелер, 1886-1891 жылдары ресми түрде бекiтiлiп, полиция, әскер, казак қылышы, мұжыққа қазақ жерiн талату, итжеккенге айдау сияқты содырлы сойқан күштiң көмегiмен жүзеге асты.
Сонымен қазақ жерi алты үлкен облыстарға, олар уездерге, ал уездер болыстарға, болыстар ауылдарға жiктелдi. Облысты әскери губернатор (жандарал), уездi уездной начальниктер (ояз) басқарды. Әр уезге 20-25 волостной управление (болыс) бағындырылып, оның басқарма бастығы қызметi жергiлiктi халық өкiлiнiң қолы жетер ең жоғары лауазым болды. Мұнымен қоса ояз бен болыс арасында қазаққа қарауыл тағы бiр әкiмшiлiк басқыш тағайындалды. Ол 4-5 болысты бiрiктiрген «крестъянский начальник» атты учаскелiк басқарма.
Жаңа Ережеге орай Семей облысына қарасты 85 болыс ашылған. Соның iшiнде ең бiр артта қалғандарында Абай өмiрiнiң 12 жылында болыс, 6 жылында би сайланған болатын. (Кейінгі табылған архив құжаттарында басқа да деректер айтылады, сондықтан біз М.О.Әуезовтің жазған деректерін келтіріп отырмыз). Сондықтан, Абай адамның тән қоштауы мен жан қоштауын өзiнiң отаршылдық мүддесiне қатар бейiмдеген империялық билiк жүйесiнiң нақты куәгерi болды. Адамның тән рахаты – ыңғайлы тұрмыс, молшылық пен билiк тiзгiнi болса, оған жету жолы – бiр арнаға, яғни отаршылдардың итаршысы болып, солардың сойылын соғуға бағытталды. Орыс билiгiн қолдау – кiсiлiк пен байлық көзi деп есептелiнiп, «орыссыз жерде топ құрса, шақырған кiсi бармайтын» халге жеттi. Мұның аяғы ертеңгi ұлт азаттығына деген сенiмнiң құрдымға кетiп, ұлттық мүдде жойылып, бiр күн де болса ел үстiнен күн көрiп қалуды мақсат еткен ел психологиясы мен соны үрлеп өршiтiп отырған озбырлықтың салтанат құруына әкелiп соқтырды. Мiне, осы жайды Абай:
Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,
Перiште төменшiктеп, қайғы жемек.
Өзiмнiң иттiгiмнен болды демей,
Жеңдi ғой деп, шайтанға берер көмек , — деп ашып суреттеген.
Осынау Абай дәуiрiндегi отарлық езгiнiң жаңа кезеңiн ақын шығармашылығының аясында ала отырып, Алексей леексiз сүйiспеншiлiкке бөленiп, сол кездегi самодержавиялық чиновниктердiң тағылық дүниесiнiң азабын тартып отырған қазақ елінің мұңы Абайдың «көрiнбеген көз жасы» арқылы анық бейнелендi»,- деп тұжырымдаған.
Абай өз елiнiң дiлiн, яғни, ұлттық болмыс-бiтiмiн, ұлттық нақышын сақтауды, тiлiн өркендетiп, халқын бiлiмге жетелеудi өмiрiнiң мәнi деп қабылдағандықтан, шығармаларында осы сарындағы «Қауым халқына қызмет етудің жолы жалпы адам баласына тән кең ойдың бетінде»,- деген нысананы көздеп, соған үнд шофессор Мекемтас Мырзахметұлы атап көрсеткендей, Зейнелғабиден ибн Әмiреден басталып, Мұхтар Әуезов қалыптастырған Абайдың адам баласының өнер, ой байлығынан алған үш үлкен саласының түп-төркiнiнiң бәрi де отарлық езгi тудырған кесапаттарға қарсы күреске және елiн ақыл, бiлiм, ғылымға бiрлiк арқылы теңдiкке жетуге бағыттады.
Танымы терең, парасатты ғалым Қ.Жұбановтың: «Абайдың еленбей келе жатқан ерекшелiгiнiң бiрi – оның ояну дәуiрi тудырған ұлылар сияқты бақытқа кенелмесе де, Данте сияқты алды қараңғы, заманы жаңалыққа түрткi салмаған кездiң өзiнде, ескiлiктi бұзып-жарып жаңа жол салуы болды»,- деуiнде Абай шығармашылығының осынау ренессанстық мәнiн тап басып танығаны айқын. Ал, мұндай кемелдi кезеңге Абай бiрден келген жоқ. Осы бiр асқаралы асуға шығар жолда ол Шығыс пен Батысты, түрiктiк, ұлттық мұраларды М. Әуезов жазғандай: «Қайдан алсын, нені алсын – баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы iрi ақындық ерекшелiгi арқылы үнемi өз елегiнен өткiзiп, өз өнерiмен мықтап қорытып, өзiнiң қайнар жүрегiнен шыққан бұйым табысы етіп ала бiлдi». Сол алғандарын патшалық, отаршылдық, әкiмшiлдiк қатыгез күйлердiң түп тамырын тауып, одан шығар жолды көрсетiп, халықтың iшкi және сыртқы әлемiн сақтап қалуда рухани майданның қуатты құралы еттi.
Марат Нұрғазыұлы Бекбосынов, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.