№4 Сәуір, 2021
Қазір өткен жылдармен салыстырғанда терроризм фактілері азайған сияқты дегенді естідік бір саясаткердің аузынан. Расында ол қасіретті уақиғалар азайды ма? Әлде сол терроризм деген бәлекет сөзге ел құлағы үйреніп, еті өліп кетті ме? Жарайды азайды делік бүгінгі әңгіме сол туралы. Алайда ол бәе ттері бүгініміз бен ертеңімізге сабақ болуы керек емес пе?!
Бүгінде термин сөздер қорының қақ төріне «террор», «терроризм», «террорист» деген сөздер келіп орналасты. Оны біздің қазақ журналистері «лаңкестік» деп аударып алыпты. Қазақта «ылаң», «ылаң салу» деген сөздер бар, бірақ ол үрей, қорқыныш дегенді білдіретін «террор» сөзінен мүлде басқа мағынаны білдіреді. «Террор» сөзінің Отаны Еуропа, алғашқы террористік әрекет жасаушылар да еуропалықтар. 2001 жылғы 11-қыркүйекте Нью-Иоркте болған жарылыстан кейін Мәскеуде өткізілген бір пікірталаста П. Глебов деген ресейлік саясаткер «исламда терроризм деген ұғым атымен жоқ, бұл – еуропалық құрал» деп едіа сөзін қазақшалап тілімізді «байытпай-ақ» қойсақ та болады ғой.
Рас, КСРО мен АҚШ сүзісетін қошқардай бір-біріне айбат шегіп тұрған әнебір кезде «халықаралық терроризм» деген сөз тіркесі шықты. Кейбір мәліметтерге қарасақ, бұл сөздің өзі де осы уақытқа шейін батыс елдерінде әртүрлі мағынада түсіндіріліп келген екен. ол кезде АҚШ-тың империалистік саясатына, еуропалық отаршылдыққа қарсы әлемнің түкпір-түкпірінде ұлт-азаттық көтерілісі болып жатты. Әрине, оларды КСРО өз мүддесіне жақсы пайдаланды, сол елдерде әртүтаәрі материалдық және әскери қолдау көрсетілді. Міне, осындай іс-әрекеттерді АҚШ сол кезде халықаралық терроризм деп атайтын еді. Америка саясаткерлері сол кезде КСРО-ның бұл әрекеттерін, тіпті «адам құқын өрескел бұзу, мемлекеттердің ішкі ісіне заңсыз қол сұғу» деп те көрсететін еді.
Ал, КСРО, яғни, батыс тілімен айтқанда «орыстар» ол кезде әр елдің ішіндегі әлгіндей «террорларды» өзінің шынайы атымен атап, бұл «ұлт-азаттық күресі» дейтін еді. Және сол «орыстар» сол кезде ұлт-азаттығы үшін, ел азаттығы үшін болып жатқан соғыстарды ішкі проблемаларды шешу жолындағы азамат соғысы деуге болады, оның терроризмге ешқандай қатысы жоқ дейтін еді.
Ал, бүгінде Америкаңыз да, бір кездегі оның әлгіндей мықты қарсыласы болған Ресейіңіз де сол ұлт-азаттық қозғалысы, азамат соғысы дегендерге қалай қарайды? Қазір бұл мемлекеттер басшылары өздерінің сөздік қорынан мұндай сөз тіркестерін бұратола алып тастаған. Олар үшін Ауғанстан, Иран, Шешенстан дегеніңіз құмырсқадай қаптап жүрген террористер, экстремистер, ислам бүлікшілері, сепаратистер, жиһадшылар. Олар сөз арасында жәй ғана біз ислам дініне күйе жағып отырған жоқпыз, біз террористермен ғана күресеміз деп қояды. Және әрбір бай адамның өзін басқалардан ақылдымын деп есептейтін ақымақтығына салып, жұрт соған сенеді деп ойлайды. Олардың жандайшап мемлекеттеріндегі өз халқына, онда да өз ұлтына ғана жекіріп, сол ұлтқа ғана билігі жүретін басшылар астындағы тағынан, креслосынан айырылып қалмау үшін сонысын қос қолдап құшақтап алып әлгілердің айтқанын сөзбе-сөз қайталайды. Және әлгілердің сөздері жәй алдаусырату, басқаларды ақымақ көру екенін, оның аржағында зымияндық жатқанын жақсы біледі. Амал не, олар үшін астындағы тақ пен басындағы бақтан қымбат дәнеңе де жоқ.
Жалпы, адам баласына ақыл мен парық, парасат белгілі бір мөлшерде өлшеп-пішіліе,бір жомарттықпен ағыл-тегіл беріле салатын сияқты. Әйтпесе, кейбір орыстілді журналистердің террористермен Израильше күресу керек дегенін қалай түсінуге болар еді? Осы сөз жер бетінде қайткенде тыныштық орнатудың қамын ойлаған басшылардың ақылына ақыл қосатын сөз бе?
Рас, кейбір саясаткерлер Ресейдің ішінде, әсіресе Қапқазда болып жатқан небір уақиғаларды да, неше түрлі қолдан жасалған адам қырғынын да осы елдің шетелге кетіп, жасырынып жүрген олигархтар жасатып отыр, олар оны жасайтын адамдарды жалдап алу үшін ақшаны миллиондап шашады, мұның бәрі президент Путиннің, қала берді бүкіл орыс халқының абыройын төгіп, жексұрын етіп көрсету үшін жасалып отыр дегенді де айтып қалады. Ол да мүмкін. Бірақ оның бәрін мінекей деп, қолға ұстатып, көзге көрсететін дәлел жоқ. Мұндайда билік басындағылардың әлгіндей уақиғалар болып жатқан елге күш қолданудан өзге амалы жоқ. Оларға бұл ұлт-азаттық көтерілісінің бір көрінісі ме, әлде ақшаға сатылған жалдамалылардың ісі ме бәрібір. Олар ертең басынан бағы тайып, үнбір былық пен шылықтың беті ашылатынын, сол үшін халық алдында жауапқа тартылатынын жақсы біледі. Олар «ұлы орыстық шовинизм» деген аурудан да құралақан емес. Олар өз уысынан бүгін шешен кетсе, ертең осетин, бүрсігүні татар, одан башқұрт, одан якут, одан кейін тағы, тағы… Міне, осы тайталастың бәрінде зардап шегетін жәй халық, оның ішінде бейкүнә ата-ана, бала-шаға.
Әнебір жылы Бесланда болған сұмдық уақиға кезінде тірі пендеге жазығы жоқ сәбилер қырылып қалды. Бұған ең алдымен не әлгі олигархтар (алпауыттар) басын айналдырып жалдап алған жалдамалылар, не шынайы терроршылар, не ұлт-азаттығын аңсаушылар кінәлі делік. Ал, үкімет әскерлерінікі не десеңізші? Оларға оқ атуға кім бұйрық берді? Олар бейкүнә сәбилердің бірде-біреуі шетінемеуі үшін қолдан келген мәміленің қай-қайсысына да қайыл болуы керек емес пе еді? Арғы-бергі тарихта болған небір қанқасаптарда ең бір әділетті, ең бір ары таза деген әскери адамдар ең алдымен бейбіт жұрт үшін, бала-шаға үшін жанын қиған жоқ па еді?! Ал Бесланда болған уақиға кезіндегі үкіметтің қарулы адамдарының ішінде бір сәбиді аман алып қалу үшін жанпида деген біреу болды ма? Қай сәби қай жақтан атылған оққа ұшты, жарылғыш заттарды қойған кім? Ол жағы әлі беймәлім. Ақпарат құралдарында тек террорлық әрекеттен болған құрбандықтар ғана айтылады. Ал, «Комсомольская правда» газетінде Кипр астанасы Никосияда болған теракт кезінде Солтүстік Осетияның сол кездегі президенті А.С. Дзасоховтың терроршылардың кепілдікке алған адамдарының ішінде болғаны туралы айтылады. Ол теракт сол күндері Азия, Африка халықтарының ынтымақтастық ұйымының осы қалада өтіп жатқан сессиясына қарсы ұйымдастырылған еді. Ол уақиға кезінде терроршылар тек Филастин (Палестина) мен мысырлық арабтарды ғана алып қалып, қалғандарын босатып жіберген. Уақиға қанды қырғынмен аяқталды. Сонда егер кепілдікке тек филастиндіктер мен мысырлықтар ғана тұтқынға алынса, ол террористік әрекетті кімдер, қай мемле жемес. Ол уақиға кезінде осы ұйымның Бас хатшысы, Мысыр мәдениет министрі, белгілі жазушы Юсеф ас-Сибайяны біреулер мылтықты тақап тұрып атып өлтірген. Әңгіме бұған да келіп тіреліп тұрған жоқ. Мәселе, «Комсомольская правда» газетінің «Сіз терроризмнің алғашқы тұтқынының бірі болдыңыз ғой» деп түк білмегенсуінде және оған Солтүстік Осетия президентінің «солай сияқты» деп жауап беруінде болып тұр. Шындығына келгенде терроризмнің түп-тамыры тым тереңде жатыр және оның ислам елдеріне қылдай да қатысы жоқ. Егер «Комсомольская правда» террорлық әрекетті алғаш әлгі 1976 жылдары басталды десе, оны тым әріден қозғамай-ақ «Кровавые следы Американского империализма» деген кітаптағы (Москва. «Мысль», 1982) Э.Генридің «Кровақакөз салып көріңізші. ЦРУ деп отырғанымыз АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы. Бұл мақалада АҚШ-тың осы ОББ-сының бөлімшелері, резидентурасы орналаспаған дүниежүзінде бірде-бір ел жоқ екені (сол кездің өзінде-ақ –М.К.), АҚШ бұл үшін қыруар, есепсіз қажы бөлетіні туралы айтыла келе, сол жылдары осы ЦРУ жасаған «арнаулы операциялардың» тек бірнешеуін ғана мысалға келтіреді. Қараңыз: 1953 жылы Иранда М.Мосаддықтың үкіметі құлатылды, 1958 жылы Мысыр президенті Г.Насерге қастандық ұйымдастырылды, 1959 жылы Цейлон (кейін Шри-Ланка) премьері С.Бандаранайке, 1961 жылы Конго (кейін Заир) премьері П.Лумумба өлтірілді. 1966 жылы Гана президенті тақтан тайдырылды. 1967 жылы революционер Че Гевара өлтірілді. 1969 жылы Мозамбикті азат ету майданының басшысы Э.Мондлане, 1973 жылы Африка тәуелсіздік партиясының бас хатшысы А.Кабрала, Чили президенті С.Альенде, 1974 жылы оның министрі К.Прате кабинетінде атып өлтірілсе, 1975 жылы Кенияның прогресшіл қайраткері Дж.Кариуки, Либерия президентінің інісі, қаржы министрі С.Толберта өлтіріліп, 1975-1980 ж.ж. аралығында Мозамбик президентін өлтіруге бағытталған бірнеше бүліктер ұйымдастырылды. 1960-61ж.ж. аралығында жиырма жыл бойы Куба басшысы Ф.Кастроға толып жатқан қастандықтар жасалды. Ал, 1979-81 жылдары Иран басшысы Аятолла Хомейниді өлтірудің толып жатқан жоспары жасалса, 1981 жылы Иран астанасы Тегеранда бомба жарылып, Ислам республикалық партиясының 72 қайраткері осы партияның Бас хатшысымен қоса қаза тапты. Айта берсең, толып жатыр. Және мұның бәрі АҚШ Орталық Барлау Басқармасы жүргізген операциялардың бір бөлігі ғана дейді автор. Әлемнің әртүрлі елдерінде ОББ жасаған төңкерістер бүліктер қаншама?
Ал, америкалық «Ю.С. ньюс энд
Уорлд рипорт» журналы 1977 жылғы қараша айында АҚШ-тың осы Барлау Басқармасы
тек 1961-1976 жылдар аралығының өзінде ғана өзіне ұнамаған мемлекеттер
қайраткерлері мен үкіметтерге қарсы 900-ге жуық ірі-ірі құпия операциялар
өткізген. Ананы қағып тастау, мынаны жұлып тастау, әне жерде жарылыс, мына
жерде төңкеріс жасау сияқты ұсақ-түйектері қаншама десе—!— wp:paragraph —>
Әрине, біз бұдан бірер жыл бұрын Бесланда болған терактіге тікелей кімнің қатысы бар екенін білмейміз. Мұны Ресейдің неше түрлі әрі құпия, әрі арнаулы қызметтері болмаса, таяу жылдарда екінің бірі біле қоймас. Ресейлік ақпарат құралдарының айтуынша, Басаев біреулерден президент Путинге хат жіберіп, Шешенстанға тәуелсіздік беруді, оны ТМД құрамына қабылдауды талап етіпті. Мектеп басып алына салысымен хабар тиген президент А. Дзасохов ондағылармен кездесуге бармақ болып жатқанда оған рұқсат берілмепті. Дзасохов мектепке бара қалатындай болса, оны дереу тұтқындаңдар деген бұйрық Ресей ішкі істер министрінің орынбасарына да беріліп қойған екен дейді ол. Ал, мұның аржағында не сыр жатыр, ол кім-кімге де беймәлім. Оны білетін адамдар ғана біледі. Олардың «заңы» солай. Шынтуайтына келгенде қазір ресейліктер айтқандай, сол бандиттер немесе терроршылар жол-жөнекей толып жатқан әскери, полиция, тағы басқа постылардан қалай су жұқпай өтіп, Бесландағы мектепке қалай жетті? Сол кезде бұл жұмбақ Солтүстік Осетия президентін де қинамай қойған жоқ. Бізді терроршылардың арасында арабтар да, негрлер де бар еді деп жұбатудың қажеті жоқ, біз ақиқатты білгіміз келеді,-дейді ол. Сол Беслан қасіретін тексеру комиссиясы немен аяқталғаны күні бүгінге шейін белгісіз. Бұл шарадан хабардар ақпаратшылардың мәліметіне қарағанда ол әлі де созылуы мүмкін. Әдетте, мұндай тексеру жұмыстарының нақты қорытындысы бірнеше жылға созылып, аяғы құрдымға кетеді. Мысалы, Нью-Иорктегі, Норд-Ост театрындағы, одан өзге де қасіретті уақиғаларды нақты кім жасағаны әлі беймәлім. Тек осындай уақиғалардан кейін терроризмге қарсы күрес туралы түрлі ұрандар тасталатыны, қала берді әлдебір елдегі, аймақтағы «терроршылар ұясы» деп ата«ған жерлер әуеден, жерден атқыланатыны ғана белгілі. Бүкіл жер бетінде оқ пен оттың күшімен өз «тәртібін орнатуға», өзіне ұнамаған, кінәлі деп тапқан адамды, өзіне ұнамаған мемлекетті және оның басшысын тағы да оқ пен оттың күшімен жазалауға ешбір мемлекеттің хақысы жоқ. Бүгінде бейбіт халқы, бейкүнә ана, бейкүнә сәбилері қырғынға ұшырап жатқан елдердің ішінде адамзаттың тәуелсіздік, бостандық, азаттық, еркіндік деп аталатын ең бір киелі арманына, ең бір киелі мұратына ұмтылып отырған елдер аз емес. Амал не, күштілердің артымен диірмен тартып, аузымен орақ оруының салдарынан ол елдер толған террористер, экстремистер атанып отыр. Оған сол күштілердің жандайшап мемлекет басшылары қосылады. Ал мұндайда бір кезде БҰҰ қабылдаған декларациядағы «Егер бір мемлекет бірінші болып қарулы күш қолданса, бұл агрессия болып табылады» дегені де далада қалады. Оған АҚШ-тың басқа жүздеген агрессиясын есептемегенде Ауғанстан мен Ирактағы әрекеттері айқын мысал бола алады. Ал, сол БҰҰ деп аталатын, қазір бұрынғы беделін едәуір түсіріп алған халықаралық ұйымның Бас Ассамблеясы отар елдердің өз бостандығы мен тәуелсіздігін басып-жаншып отырған отарлаушы державаларға қарсы қандай күреске де шығуына болатын құқын осы уақытқа дейін қолдап келгені белгілі. Мүмкін, әлі де қолдайтын шығар. Әйтеуір, шым-шытырық бір дүние! Қай әлсізге кім күш қолданды, күштілерге жағамын деп кім күнәға батты? Кім террорист, кім ұлтының азаттығы үшін күресті? Оның әділ үкімін күндердің күні болғанда бір Алла ғана айтады! Мырзан Сахиұлы