№4 Сәуір, 2021

Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы биік абыройы мен пікірінің салмақтылығы туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында өте орынды айтылған. Бұл біздің халқымызға да тән қасиет. Тарихқа үңілсек қазақ халқы жер, жесір, құн, барымта мен қарымта дауларын әділ сөзбен тоқтатып отырған. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен» шешкен билер соты хан мен қараны да бас идіре білген. Яғни, ру мен руды, елді бәтуаға келтіріп, бітімгершілік пен бірлікке шақыратын жазылмаған дала заңы болды. Қазақ даласында даудың оңды шешілуі билердің тапқырлығынтү бірдей бітімге келсе, біреуі ұтылды, екіншісі ұтты деп айта алмаймыз. Ал қазіргі заңның да жалпы көздеген мақсаты осы.

Президентіміз осы мақаласында тәуелсіздік жылдарынды Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің әлемдік саясаттағы зор ролін Қазақстанды әлемге танытуға сіңірген ерен еңбегін атап көрсетті.Ақтамберді жырау жырлағандай «Хиуадан ақыл алатын, қиыннан айла табатын» Елбасы Н.Ә. Назарбаев қиыннан қиыстыратын бітімгер ретінде халықаралық аренада кеңінен танымал. Еліміз бүгінде беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі. Осы орайда Ресей Президенті В. Путиннің әлемдегі дағдарысты игеруде Қазақстан Көшбасшысының бітімгерлік әлеуетіне бірнеше рет жоғары баға берген. Содан болар халықаралық түйткілді мәселелерді шешуде ең оңтайлы орын ретінде біздің Нұр-Сұлтан қаласы таңдалады. Әлемдік проблема саналған Сирия үкіметі мен қаруланған оппозицияның арасында үнқатысуды жолға қою туралы отырыста біздің Елордамызда өткен болатын. Осы орайда Ресей Президенті сол кезде Сирия мәселелері бойынша халықаралық кездесулерді табысты ұйымдастырғаны үшін Елбасымызға алғыс айтқан еді.

Сонда Президентіміз өз сөзінде Қазақстан елордасындағы келіссөздер кезінде бұған дейін болмаған оң нәтижелерге қол жеткізіп, Сириядағы атысты тоқтату режимін қадағалау тетігі жасалғанык ындағы шиеленісті де, саяси қарым-қатынасты бір ізге салуға Елбасымыздың қосқан үлесі аз болған жоқ. Ол Түркия мен Ресей арасындағы сеңді бұзып, халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстанның орны мен рөлінің маңызды екенін көрсетті, еліміздің әлемдік аренада беделін арттырды. Мұнда «Түркі әлемінің ақсақалы» атанып кеткен Н.Ә. Назарбаевтың бітімгерлік билікке жақын тұлғасын, кемеңгерлігін көруге болады. Бір қызығы, біздің елмен етене жақын араласып отырған мемлекеттердің басшылары белгілі бір аймақта немесе бір елдер арасында туа қалған өзекті мәселелерді, түйіткілдерді шұғыл шешу керек болса қазақтың өнегелі өкілі Н.Ә.Назарбаевқа бұйымтай етіп айтуды дәстүрге айналдырып келеді. Яғни бір кездері билер билеген дала заңының, дархан дипломатиялық дарынның біздің Елбасымыздың бойына  кеңінен дарығанын, болмысына біткенін анық көруге болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Елбасымыздың парасатының арқасында біз бүгін тыныш әрі бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз деді. Өте орынды айтылған сөз.

Мырза  Кенже