№4 Сәуір, 2021

Адамзаттың рухани, мәдени, саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ұғымдары ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің біріне һәм бірегейіне айналды. Қазіргі кезде діни лаңкестік бір ғана аймаққа не мемлекетке тән құбылыс емес, бүкіл әлемдік дәрежедегі проблемаға айналған жайы бар. Ғаламдық дәрежеде лаңкестікке апаратын экстремизмнің алуан түрлері белең алып, жалғаса түсуде. Әртүрлі ұйымдар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бүкіл әлемде орын алып отырған діни ситуацияны пайдаланып экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерделеу аса өзекті мәселе. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» және «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуге тиіс» деп көрсетілген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы зайырлы меатіни сеніміне бостандық береді, алайда ол сенім заң бұзушылыққа, ел арасына бүлік салуға апармауы керек. Дегенмен, бұл заң бұзушылықтардың орын алып отырғанын байқауымызға әбден болады.

Сонымен қатар, лаңкестердің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруімен қоймай, ұрлау, кепілге алу, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық жерлерде жарылыстарды ұйымдастыру, қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасау және тағы басқа іс-әрекеттері өршу үстінде. Бұл проблемалардың алдын алу жолында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Антитеррорлық комитет және жергілікті әкімшіліктердің жұмыстарын бағалап кеткеніміз жөн.

Бүгінде лаңкестік және экстремистік мәселелер адамның қай мемлекетте тұратынына қарамастан, оның алыс немесе жақын туыстары және достарының зардап шегуіне үлкен ықпалын тигізіп отыр. Экстремизм мен терроризмнің көріністері кез келген түрде біздің заманымыздың ең қауіпті мәселелерінің біріне айналып, жеке ұжымдық зорлық-зомбылықтың экстремалды нысанын туындатуда.
Сондықтан лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру мәселесі мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аса маңызды міндеттерінің бірі. Лаңкестік әрекеттер қорқыныш және үрейдің, көптеген көз жастың төгілуін тудыратыны мәлім. Экстремизм және терроризм мәселесі, әсіресе, лаңкестік әрекеттердің ауқымы, тек жеке мемлекетте ғана емес, ғаламдық мәнге ие бола отырып, әлемдік қоғамдастыққа қауіп төндіретіні анық.

Теолог Ершат Ағыбайұлы экстремизмнен арылудың жолдарын айта келе: «Ең алдымен, мұсылмандардың өздерінің ислам дінінде биік адамдық қасиеттерді, заңды қадірлейтін мейірімді әрі тәртіпке бағынатын тұлғаның қалыптасуына басты назар аударылатындығын терең түйсіне білулері аса қажет. Сол себепті, мұсылмандар арасында орын алып отырған экстремизммен күрес репрессия және жалаң тыйым салу жолымен емес, біріншіден, адамгершілік пен ізгі мінез қалыптастыратын исламның шынайы бейнесін дұрыс діни білім беру арқылы айқындатып күресу керек.
Екіншіден, адамдардың бойына этикалық қасиеттер дарытып, идеологиялық және өмірлік-стилдік плімbr> Үшіншіден, ата-аналар мен туған-туыстар жас ұрпақты, балаларын сүйіспеншіліктің бесігіне бөлеу үшін отбасы институтын күшейтудің маңызы өте зор. Сол арқылы, ауылдарда, оқу орындарында, қала аулаларында жұқтыруға жеңілікя, воровские понятия) мен қатыгездік сынды ауруларға шипа табуға болады» деп ой қорытады.

Шынында, Ислам діні түсінген адамға бейбітшілік, махаббат діні екені ақиқат. Абай Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты өлеңінде:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және Хақ жол осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл.
Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл,-деп ақиқат діннің айшығын зерделеп баяндап кетеді. Ата-бабамыз ұстанған сара жолдың ізгілігі мен жақсылығы мол. «Адам білмегеніне жау» дегендей ешнәрсеніылфанатизмге ұрынып, адамдарды сүймек тұрмақ, қара күш қолданып жүргені белгілі.

Қорыта айтқанда, керегесі кең, мұраты асыл ел болу жолында білімді, ғылымды ұрпақ тәриелеу басты борышымыз.

Тортай Бекет