№4 Сәуір, 2021

Соңғы жылдары ата-бабамыз ғасырлар бойы тұтынып келген қасиетті дінімізді ел тыныштығына қарсы идеологияғы айналдырушы кесапат жиілегені рас. Соларды көргенде ішің қалайша қан жыламайды, жүрегің сыздамайды? Құдды бір  баяғы Әбіл мен Қабылдың кебі келгендей… Кеше Қазақ еді ғой, алаяқтарға ерді, сәләфи (псевдосалафи) болды, сосын бірақ  күнде террористке айналып шыға келді. Өз қанын, өз қағынан шыққан қазағын қолы қалтырамастан өлтіре . шықты. Демек, кез-келген сәләфит, кез-келген уақытта террористке айнала алады деген тұжырым жасауға әбден болады.

Әнебір кезде соңғы террористі өлтірдік деп қуанып жаттық… Шын мәнінде,  біз дінімізді бүлдіруші, адасқан өз бауырымызды өлтірдік. Қынадай қырылғандардың бәрі қыршындай жас. Қайдағы жоқ біреулердің азғыруына түсті, ажал құшты. Әулеті болса, қара бет болып қала берді… Бұл Ұлттық трагедия демеске шара жоқ.
Біздің шекеміздің қызарып жүргені де сол. Идеология! Жат идеология!  Шындығына келгенде кейбіреулер аузынан тастамайтын Сәләфизм дін емес,  ол – ел дұшпандары ойлап тапқан саяси идеология! Әйтпесе, тек қасиетті ислам ғана емес, кез-келген дінде адамға қиянат жасау туралы бір ауыз сөз таба алмайсыз.

Адамзат тарихында сан түрлі идеология үшін осы уақытқа шейін миллиондардың қаны қып-қызыл теңіз болып ақты. Ең үлкен соғыстардың көбі  бір-біріне қарама-қайшы идеология үшін болды. Сол үшін аға ініге қарсы келді, бала әкені өлтірді. Сәләфизм біздің қоғамға сыналап ені қзақ қоғамы оны қабылдау үшін байырғы салт-дәстүрінен бас тарту керек дейді.

Жо, жоқ, ол мүмкін емес! Сондықтан біз «ата-бабаларымыз кәпір болыпты, адасып келіпті»,-деп өткенге мүсіркей, жиіркенішпен қарамаймыз. Өткен тарихымызға, бабаларымыздан қалған асыл мұраға мақтанышпен қараймыз. Бұл дінбұзарлық, ұлт бұзарлық  идеология өте қауіпті. Қаншама елді іштен ірітіп, құрдымға жөнелтті. Әрине, бұлардың артында  қолдаушылары бар, үлкен қаржы бар.  Оларды құтыртушы  аз ғана қаржылы топ солардың қызығын көріп, миссионерлік  жасап, дұрысы — Отанға сатқындық жасап келеді. Олар тұтас бір  қалың қолды соңынан ертіп, аздырып, қырғынға итермелеп, қалың қазақты бір-біріне қарсы қойып отыр. Нәтижесі міне, Сирияға, Таяу Шығысқа барып қырылған жастар, өз елімізді өз бауырларын баудай түсіріп, бауыздайтын қаныпезерлер пайда болды. Осы жолда құрбан болғандардың бәрінің қаны ат төбеліндей осылардың мойынында.

Ақ ниетті қазақ атаулының жүрегін ауыртатын қиянат та  осы. Теріс діннің  яғни, әдейі бгіата-анасының істеген тамағын жемегені былай тұрсын, оларды ұрып-соғып, «кәпірсің» деп үйінен айдап шығып жатқанын да көріп отырмыз. Әрине, бұл жаппай елімізде емес, тек кейбір аймақтарда ғана.
    Біз  тәуелсіз қазақ елі діни жат идеологияға жол бермеуіміз керек. Өйткені, ол азаттығымызға тәуелсіздігімізге қатер тудырады. Қазақтың қасиетті топырағында саясиланған сәләфиліктің немесе псевдосалафиліктің  дәнегінің өсуіне қарсымыз. Өз құндылығымызға қарсы шығатын жастар өсіріп, солардың қолымен дәстүріміздің тамырына балта шабуға рұқсат етпейміз. Қазақстанда өмір сүргіңіз келмесе, жергілікті билікке, дін басыларына бағынғыңыз келмесе, Әбу-Ханифа мәзһабына мойынсұнғыңыз келмесе, мархабат, сәл&n Алты Алаштың ашу-ызасын әбден тасытып, шамына тиіп болдыңыздар.  Қош айтысыңыздар бізбен.
   Ал біз  бейбіт елде өмір сүргіміз  келеді. Біз сан ғасыр аңсаған азат та Мәңгілік елді құрғымыз келеді. Өзіміздің  терең тарихымызбен  қуаттанып, саф алтындай салт-дәстүрімді ұрпағымызға өнеге еткіміз  келеді. Ата-бабамыз ұстанған асыл дінді бөлшектеп, оны ұлтымызға қарсы идеология  ретінде қолдануға жол бермейміз. Біз тәуелсіздігімізді өмірдің қай саласында да қорғаймыз.

Кенже Мырзан