№3 Наурыз, 2021
Иә, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Тәуелсіздіктен қымбат ешнәрсе жоқ» деген осы бір сөз қазір бүкілхалықтық қанатты сөзге айналды. Бұл ұлағатты сөздің еліміздің тәуелсіздік алуы қарсаңында айтылуының өзі бүгінде шаттық пен үлкен бір болашаққа деген бүкілхалықтық серпіліс туғызды. Жер-жерде, мемлекеттік те, қоғамдық та мекемелер мен ұжымдарда осынау ұлы мейрамға даярлық қызу басталып та кетті. Соның бірі Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтарының «Шексіз талант» деп аталатын ІІІ-қалалық шығармашылық фестивалі деп батыл айтуға болады. Фестиваль Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Олм тарының кәсібилігі мен мәртебесін көтеруге олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай туғызуға бағытталған.
Міне, осынау дүбірлі додада Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №178 балабақша ұстаздары айрықша көзге түсті. Бұл балабақша тәрбиеші-ұстаздары бейнелі түрде айтқанда шетінен «ажарына көркі сай», оған қоса білім-білігіне ұстаздық ұлағатты тәжірибесі сай мамандар екені айтылмай да жүрген жоқ. Олар осынау білім-білігін өнердің әр саласымен де ұштастыра білгені бұл жолы тағы да байқалды.
Иә, мейрамға даярлықтың ең салмақты да сырбаз тақырыбының бірі «Туған жер» аталған-ды. Тәрбиеші-ұстаздар хоры орындаған «Туған жер» (әні Ө. Байділдаевтікі) әні қай көрерменнің де жүрек қылын шертерлік болды. Олардың мың бұрала билеген билерінің әр қимылы бүгінгі тәуелсіз де азат еліміздің еркіндікке, шаттықпен шабытқа толы тұрмыс тіршілігін сан бояулы суретпен көрсетіп тұрғандай болды. Осының бәрінде де осы бір №178 балабақша ұжымының жұдырықтай жұмылған бірлігі, өнерпаздығы, біліктілігі және ұжым басшысы Гүлнәр Бөрібаеваның тағлым мен тәрбиешілікке бағдары айқын тәжірибелі де қарамағындағылардың өнері мен талантына деген қамқорлығы арқасында десек еш артық айтқандық болмас еді.
Қорыта айтқанда, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған осынау дүбірлі мерекеде №178 балабақша өнердің би, хор, сахналық қоанынды иеленуі қай-қайсымызды да қуанышқа кенелтті. өнерлерің өрлей берсін әріптестер.
Құралай Бейсебаева