№3 Наурыз, 2021
Еліміздің өткенінен сыр шертетін, кешегісі мен бүгінін саралайтын тарихи-мәдени мұра обьектілеріміздің маңызы зор. Бұл ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді айқындайтын ұлы даланың жауһар жәдігерлері. Ұлы даламызда 25 мыңға жуық тарихи-мәдени обьектілер зерттелген. Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы ерте замандардан бастау алады. Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен сол елі мен жерінің тарихын білуден басталады. Бүгінгі жас ұрпаққа белгілі болғандай , ежелгі Алтай мен Атыраудың арасын ен жайлаған қазақ халқының адамзат тарихында зор мәдени жетістіктерге жеткені және ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің алдыңғы, әрі соңғы ұрпағы екендігі әлемдік ғылымда дәлелденді. Қазақ халқы өзінің мәдени-рухани шежіреге толы сан ғасырлық тарихында, ат тұяғы тозып, құс қанаты талатын осынау ұлы даламызды, сұрапыл жауынгерлік қасиетімен қолға келтірумен қатар күллі адамзат баласына қажетті дала өркениетін қалыптастырды. Бүгінгі Қазақстан жері ежелгі тұрғындар мен халықтар ен жайлхисынау сайын даланы емен жайлап, еркін көсіле жүріп дала өркениетін қалыптастырды. Көненің көшіне көз салсақ, сақ, түркі, ғұн баласының ықылым заманнан бергі талай тағдыры тек осы даламен байланысты.
Ұлы Дала – кешегі өткен тарихтың киелі кітабы іспетті. Ұлы Дала – бабаларымыздың баға жетпес жәдігерлері сақталған алып қазынасы, таусылмайтын мәңгілік мұрағаты. Көне дүниенің көмбесін ақтарып, тарихын түгендеп жүрген археолог-ғалымдарымыз бұл өлкені адамзаттың аяғы басқан кезеңдерден бастап, металл өңдеуді игеріп, жылқыны үйретіп, қала салып өркениет орнатқандығын дәлелдеп берді. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – ұлттық тарихы. Тарих – адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен мақтанады. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, әрбір ел өзінің ұлттық төл мәдениетімен басқаға танылады. Десе де еліміздің ұланғайыр атырап Ертіс пен Еділдің арасын Арқа мен Алатаудың арасын толтырып тұрған тарихи-мәдени мұраларымыз ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар. Бұл- Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Сонымен бірге 2014 жылы бұл тізімге Тянь-Шаньдағы Ұлы Жібек жолының нысандары енді: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары. Бұл әлемде теңдесі жоқ тарихи-мәдени орындар. Оларды көздің қарашығындай қорғап, зерттеп, өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдыруымыз қажет. Еліміз тәуелсіздік туын желбіреткелі ширек ғасырдан астам уақыт өтті.
Осы кезеңде еліміз бірталай жетістіктерге жетті. Жаңа астанамыз Еуразия кеңістігінде бой көтеріп, дүние жүзіне таныла бастады. Астана Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті. Ұлы даламыз табиғат сыйлаған ғажайып орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жететін құпияға толы тауларымыз бар. Қазақ жері шежіреге бай. Сол шежірелерді баяндайтын ескертктөаратау маңы – ата қоныс. Сол Қаратауды әнге қоспаған қазақ жоқ. Талай төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыз, сол ертедегі сәбилік дәуіріміздің құпиясын қойнына тығып, сіресіп жатыр. Солардың бірі ежелгі қалалар. Еліміздегі ең көне тарихи қалалар: Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Отырар, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Саудакент Қазақ халқының тарихында тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау және Түркістан мен Отырар. Дәл осы жерлер ұлы даланың төл бесігі болған киелі мекендер. Тарихи киелі ескерткіштерге тоқтала кетсек Қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан Баб, Қарашаш Ана, Гауһар Ана, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы мешіті, Жамбыл облысындағы Айша Бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан Ата жер асты мешіті және тағы да басқа тарихи-мәдени орындарымыз жетерлік. Кең байтақ ұлы даламызда 4970- ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырларда тарихшылар мен археологтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. Ал елімізде археологиялық жұмыстар Ғылым академиясының ашылуынан кейн жүре бастады.
Академик Ә.Марғұлан бастаған археологиялық топ көп жылдар бойы Арқа жерін зерттеді. ЮНЕСКО бойынша 2004 жылы Бүкіләлемдік мәден мұра тізіміне «Таңбалы археологиялық кешені», Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен кейін екінші болып кіргізілді. 1957 жылы атақты археолог Қ.Ақышев бастаған археологиялық топ үйсін қорғандарын зерттей бастады. Осының нәтижесінде «Бесшатыр» қорғандары қазылды. Осы кезде археолог С.С.Чернигов бастаған экспедиция Шығыс Қазақстандағы «Шілікті» қорғанын қазу кезінде көптеген тамаша олжалар тапты. 1969 жылы Есік қаласының маңынан қазылған сақ қорғандарының бірінен алтын киіммен жерленген адамның қабірі табылды. Ш. Уәлиханов Қазақстанның археологиясын зерттеуге мол үлес қосты. Жетісу ескерткіштерінен Ш.Ш. Уәлиханов көне қалалық қоныстарға ерекше тоқталып, олардың тарихи-мәдени маңызына мән берді, табылған қыштан жасалған су құбырлары, монеталар (мәнеттер) туралы жазды. Ендігі мәселе осы тарихи-мәдени мұра обьектілерін тиімді пайдалану ауқымды мәселені алып отыр. Себебі еліміздегі тарихи-мәдени орындар қажетті деңгейде қорғалып, зерттеліп жатқан жоқ. Елімізде ұлы құндылықтар бар, бирақ оны пайдалану деңгейі төмен және оны жүзеге асыратын кезде қаражат пен маман тапшылығы сезіледі.
Дамыған елдерде тарихи-мәдени мұра обьектілерін пайдалану жоғары деңгейде, себебі олар ұлттық құндылықтар арқылы мақтануға болатынын сол арқылы елін өзгеге танытатынын біледі. Өзіміздің елде де осы мәселені жолға қойсақ тарихи орындарды игеруде мәселелер болмайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізге қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұлаби орындарды, археологиялық қазбаларды тамашалауға келеді екен. Егерде елімізге туристерді дәл осындай қарқынмен тартатын болсақ, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Десе де туризм саласын дамыту үшін елімізде барлық алғышарттар бар. Еліміз бай туристік рекреациалық әлеуетке ие болғанымен, елдегі туризм саласы жеткілікті дамымай отыр. Неге? Себебі тарихи-мәдени мұра обьектілеріміз жайлы шетелдіктер біле бермейді. Сондықтанда оларды дұрыс пайдалану үшін тарихи орындардың, музейлердің аймақтық желісін жасап, бір жүйеге келтірудің маңыздылығы артып отыр. Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі — өнеге беру қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Алайда, олардың кейбіреулері мемлекеттік орындардың қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр. Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу, мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек. Қазақ даласы тарихи-мәдени орындардан кенде емес. Ұлы даланың қасиетті, тарихи орындарының, көне шаһарлардың насихатын арттыру қажет. Аталған тарихи орындарға мектеп оқушылары мен студенттерді саяхат есебінде алып барып, көмбе тарихтың сырына қанық қылу керек. Мұндағы мақсат – елдің, ұлттың болмысын нығайтып, рухын көтеру, патриоттық сезімін ұлғайту. Құлағына күмбірлеп енетін күй мен шаттыққа бөлейтін ән, көңіл пернесін дөп басатын қасиетті қобыз үнімен анықталатын ұлттық ерекшелікті санасына сіңіру. Болашақ ұрпаққа аманат ету үшін жас кезінен тарихи мұраларымыздың маңызын ұқтырып, санасына ұлттық құндылықтарды көз қарашығындай қорғап, оларға жан-тәнімен қамқор болуға үйрету қажет.
Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың қорғаны, келешегіміздің кемел болуы жолында сәулесін шашып, құлдырап кетуден сақтап тұратын мәңгілік шамшырағым. Тарихи-мәдени мұра яғни ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың байлығы. Келешегіміздің кемел болу жолында сәулесін шашып, құлдырап кетуден сақтап тұратын мәңгілік шамшырағымыз. Қазақтың әрбір азаматы өз елінің ұлттық жауһарларын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық аспаптарын, ұлттық киімдерін, тарихи-мәдени мұра обьектілерін лайықты құрметтеуі, меңгеруі қажет. Еліміздің бұл әлемде ұзақ жасауы, гүлденуі. Ұлттық құндылықтарымыздың сенімді бойтұмарымыз болып, ұрпақтан-ұрпаққа жетуі, мәңгілік ғұмыр кешуі бүгінгі өскелең ұрпаққа байланысты. Біз қазақ халқы саны жағынан әлемде артқы орындарда тұрсақта, рухани қуаты басым ұлы халқымыздың ұлттық жәдігерлерінің жоғалмай, өсіп-өркендеуі үшін әрбір қазақ жүрегінде ұлтқа деген шексіз сүйіспеншілік алауын өшіріп алмауы тиіс. Тәуелсіздік жылдарынан бастап қоғам мен мемлекетті дп, еліміздің өз заңнамасы қалыптасты. ЮНЕСКО, ICOMOS сияқты халықаралық ұйымдармен ескерткіштерді қорғау саласында ынтымақтастық белсенді дамыды.
Елімізде мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борышы және Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңымен белгіленетін міндеті болып табылады. Осы заңнаманың күшімен көптеген тарихи орындарымыз, ескерткіштеріміз зерттеліп, мемлекет қарауына алынды. Тарихи-мәдени мұра обьектілерін сақтау, пайдалану, қорғауда Қазақстан Респиубликасының Конституциясы айнымас тірек болып табылады. Қазіргі таңда музей саласының да ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде маңызы өте зор. Себебі музей бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен ұлттық құндылықтарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді өз деңгейінде орындап отыр. Нәтижесінде халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін кейінгі ұрпаққа таратып келеді. Музейлер – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, тарихи-мәдени мұра обьектілерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт.
Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымыз өз деңгейінде дәріптелмей жатса бұл уақыттың еншісінде. Халқымыздың «Көш жүре түзеледі» деген нақыл сөзі бар емеспе. Олай болса алдағы уақытта, болашақта ұлттық құндылықтарымыз жайындағы әрбір атқарылған игі істер – еліміздің болашағына, келешек үміт күткен жастарына яғни Ұлы Дала елі перзенттеріне арналып отыратыны сөзсіз. Қорыта келе, тарихи-мәдени мұра обьектілерінің Ұлы Дала тарихында алатын орны ерекше. Осы ұлттық құндылықтарымыз арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз. Ендеше көгімізде қыран ұшып, төсімізде малымыз жайылып жүрген «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманда» тарихи-мәдени мұраларымызды барынша насихаттап, елдің игілігі, жастардың болашағы үшін аянбай еңбек етейік. Ұлттық құндылығымыздың берік діңін құлатпайық. Ұлттық құндылықтарымыздың мәңгілік алау секілді лаулап кеудемізде жанып тұруы үшін күресе білейік. Тарихи-мәдени мұраларымыз мәңгілік жасасын!
Салтанат Сыбанова,
Түркістан облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталық қызметкері