№3 Наурыз, 2021
Талғат Нағашыбай бүгінде елге танымал сазгер. Ол Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында 1964 жылы 4-ші ақпанда туған. Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледғыитетінің «Музыка» факультетін бітірген.
Балаларға арнап 200-ден аса ән жазған. Ән ноталары республикалық басылымдарда жарияланған. «Өнер» баспасынан шыққан «Сұлуым-ай, сұлуым» атты ән жинағына Рза Қунақованың өлеңіне жазылған «Сағынбасың» әні енгізілген. Бірқатар әні дискіге басылып, республика бойынша мектептерге және балабақшаларға таратылған. «Жүрегім саған», «Сәулешім», әндері республикалық сахнааңн», «Жас қанат» ән байқауларында конкурсында Талғаттың әндерін орындап лауреат атанды. Енді бірқатар әндері Қазақстанға еңбек сіңірген әнші К. Қалымбетова, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Ү.Медеуова, Эстонияда өткен 8-ші халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің Бас жүлдегері – А.Ыбраева, «Азия дауысы» конкурсының лауреаты Г.Оразымбетова және Ш.Қалдаяқов атындағы ән конкурсының лауреаты С.Аққұлованың репертуарынан орын алған.
Республикалық «Қазақ радиосының» алтын қорына «Концерт очеркі» енгізілген. Балаларға арналған ән жинағына бірнеше әні енгізілген. Халықаралық сазгерлер одағының мүшесі. Көптеген композиторлар конкурсының жүлдегері. «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет майталманы», «Ұлт мақтанышы» медальдарының иегері.
Бүгін сазгердің бір әнінің жазбасын жариялауды жөн көрдік.
Нұрлыбек Саматұлы