№3 Наурыз, 2021

Наурыз жұмбақ. Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда ақы құбылыстарды жұмбақтап, өлеңдетіп айтысатын болған. Мысалы:

Ұшарқар Айдай туып, Күндей батар

         Туғанда Шабансары таң сонда атар.

         Аспаннан жұлдыз тарап, Шолпан туып,

     &n кер  көктен безіп.

      ар>

Наурыз тілек. Әр адам өзіне, отбасына неарҰлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

<; көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түсті гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кек

Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көктасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулл тасты жібітеді.

Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?»-деп тоқтатады екен. Сол сияқты  бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Шығыс елінің ұғымы бойынша, күн мен түннің теңелер тұсы, яғни, 22 наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні барлық жадаезім, қасиет болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.