Қазақ халқы әу батсан иманек өзі де рас, сөзі де рас» деген Хакім Абай өсиетін санаға сақатаған ойлы, арлы жастар өсіп келеді. Алайда осы көркем дінімізді теріс пиғылына пайдаланып, ислам атын жамылған жат ағымдар пайда болды. Бейбіт жұртты соңына ертіп, жазықсыз жандарға оқ атқан бүлікшілдер жалғыз Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де үрей туғызуда. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бұл жайлы: «Біз жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетпес үшін, балаға тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. Біз мемлекеттік жүйе ретінде төзімділікке тәрбиелеуіміз қажет. Оларды пікірді құрметтеуге, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеуіміз керек. Жалпы адамның жүрегінен мейірім кеткен кезде түрлі күштеу, мәжбүрлеу, жәбірлеу сияқты қиянаттар қылаң береді. Сондықтан, мұның алдын алудың ең үлкен жұмысы осы мектепке дейінгі мекемеден басталуы тиіс,-дей келе - бір ғана әдебиетпен, бір ғана кітаппен емес, бұл кәдімгідей жан-жақты қарастырылуы шарт. Мәселен, бүгін көгілдір экраннан көріп жатқан мульфильмдерді қарап көрейік. Көбінесе меніңше, тамшылап болсын экстремизмге тәрбиелейтін элементтері жетерлік. Тек көретінің, неше түрлі құбыжықтардың бір-бірін атып жатқаны, қырып жатқаны. Ал, қазіргі компьютерлік ойындар былайша айтқан кезде болашақ экстремистерді дайындап жатыр. Санасын бір қатыгездікке, ұшқары ойға, менменшілдік, өзімшілдікке тәрбиелеп отыр»-деп дінтанушы жат ағымдардан арылу жолын балабақшадан бастауды ұсынады.
Экстремистік ағымдарға үйір қылатын бірден бір себептің бірі – білімсіздік. Ақ пен қараны айыра алатын сауаттылықтың болмауы салдарынан қаншама жастар көзсіз рухани кеселге ұшырап, жалған ұранның сойылын соғуда. Қаншама аға-әпкелеріміз «жиһад» деген желеумен Сирияға кетіп, ақыры өз істеріне өкініп кері қайту үстінде. Ал кері қайта алмағаны қаншама?!
Ұлттың діңгегіне балта шабатын, елдігінен айыратын ауыр дертпен күресу шаралары ешқашан толастаған емес. Жат ағыммен күрес жұмысы Алматы қаласы Дін істері басқармасымен, қаладағы Түзету және басқа да құзіретті мекемелермен бірлесе отырып жүргізілуде. Жергілікті биліктің қолдауымен арнайы құрылған орталыққа және түзету мекемелерінде жұмыс жүргізуге мешіттердің 7 қызметкері арнайы бекітілген. Оларға жергілікті мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат төленуде. Биыл бостандықта жүрген адамдар арасында «Жеке ықпал ету» акциясы бойынша 1250 адам қамтылған. Аталған жұмыстың нәтижесінде 52 тұлға сәләфи райынан қайтарылған. Түзеу колонияларында 35 кездесу өткізіліп, 205 жазасын өтеушіні қамтып,12 адам райынан қайтқан.135 адам қоғамдық құндылықтарға бейімделіп, «31 арнаның» «Неге?» қоғамдық-саяси токпі пікірталастар өткен. Сонымен қатар «Жусан» операцисымен елге оралған балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында 10 планшет, 10 сөмке берілген және 6 әйелді мешіт жанындағы тігін курсына оқытып, кәсіпке тәрбиелеуге күш салған.
PhD докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Мұхиддин Исаұлы бабаларымыз ұстанған жолдың дұрыстығын айта келе: «Бүгінгінің діни ұстанымдары бабаларымыздың ұстанған жолына ұқсаса да, негізінен ол түсініктен тым алшақ. Әжелеріміз, аталарымыз, қазіргі кейбір дін ұстанғандарды көріп, «бұлардың діні бөтен» деп жатады. Шынында өзгеріпаламзатты жаратты. Сонда першітелері: «Бұларды неге жаратасың? Бұлар ертең қан төгеді, тәккаппарланады»,-деді. Сонда Алла Тағала: «Сендер менің білгенімді білмейсіңдер»,-деді. Енді міне, тәкаппарланған адамдарды көріп отырмыз. Адам боп туатындар көп, адам болып өлетіндер аз..»-дейді. Шынында, бабаларымыз салған сара жолды темірқазық етер болсақ адаспасымыз айқын. Махаббат пен ғадауатты, сенім мен сергелдеңді, жарық пен түнекті ерте айыруға қол жеткізген тағылымды әулилелер, машайықтар, ахундар, пірлер - сөзімізге дәлел.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шатақ дін мен шын діннің айырмасын сараптай келе:
Шыннан өзге құдай жоқ,
Анық Құдай шын құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса кім құдай?
Бұрын шын бар, бүгін шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек!-деп толғайды.
Жүрекке шын иманын орнықтырып, жат ағымдардың зиянды жолын анық айыра алар деңгейге жету – әр қазаққа сын. Қазақ қоғамы қаншама қиын кезеңдерді бастан өткерді. Тарих бедеріне көз салсақ, езгі мен теперіш көрген кезінде де салт-дәстүрі мен иманын, ар-ожданын сақтап қалды. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы осы бір діңгегіміздің беріктігін айтып, сауатсыздықпен күресуді басқы орынға қояды. «Бала жастайынан белгілі бір мемлекеттік, діни идиеологияға дұрыстап тәрбиеленетін болса меніңше, мұндай әртүрлі ұшқары ойлар, төзімсіз іс-әрекеттер болмайтын еді. Сондықтан, бұл тікелей білімсіздіктен, сауатсыздықтан жүйелі бір идиологияның жоқтығынан туындайтын дүниелер болып табылады,-деп оwpwp:paragraph —>
Қорыта айтқанда, еліміздегі жат ағымдармен күресу жолдары жылдан-жылға нығайып келеді. Ұлтымыздың керегесі кең, түтіні түзу ұшу үшін бұл үлкен маңызға ие мәселенің бірі.
ТОРТАЙ БЕКЕТ