Мәдениет. №3 (175) Наурыз, 2021
Қазаққа толағай өзгерістер алып келген Абай ақын, композитор, аудармашы, ағартушы, саяси қайраткер, философ болатын. Өскелең ұрпаққа өсиет еткен философиялық трактаттар стиліндегі «Қара сөздер» ойтолғауы дүниетанымдық үлкен маңызға ие, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғап ой өрбітетін құнды даналық болып табылады. Өзінің поэзиялық туындыларна да халықтың әлеуметтік, моральдық мәселелерін арқау етіп, қоғамдық келеңсіздіктердәдмен жан-жақты ізденістерді өз бойына қатар жинаған Абайды қазірде кинематограф бізге экрандық бейне ретінде соншалықты әрқилы, әрі толыққанды ашып жеткізе алды ма?
Кино өнерініңтіекені мәлім. Еш асыра сілтеп әсірелеусіз, ол бүгінгі күні әр адамның дерлік өмірінде бар. Қоғамға ауқымды ықпалы бар кинематограф заман бейнесін сақтай отырып ақпараттандыратын дереккөз. Тиісінше, өскелең ұрпақ, елдің болашағы делінетін бүлдіршіндерге экрандағы кескін арқылы халық тарихын, мәдениеті мен біздің жағдайдағы мәдениет пен руханиятты жаңғыртуға атсалысқан тұлғалардың бейнесін жеткізе білу қажеттілігі туындайды, өйткені жас ұрпаққа үлгі алар, бой түзер «қаhармандардың» керек екені сөзсіз. Осы сәтте кино өнері алдыңғы планға шығады. Өз кезегінде, кино өнерінің биографиялық бейнені сан түрлі, сәтті шығаруға барлық мүмкіндіктері бар. Кейіпкер арқылы көрерменнің ұғымына тұтас бір образды құрастырып беру экран өнерінің еншісінде болып отыр.
Бүгінде қазақ көркемсуретті киносындағы Абай бейнесін үш фильм мысалында қарастыра аламыз. «Құнанбай»(2015), сондай-ақ ақынға арналған “Абай әндері” (1945) және “Абай” (1995) фильмдері аясында. Бұл үш фильмде бізге ұсынылатын бейне әртүрлі, дәлірек айтқанда ақын өмірінің әр кезеңінен сыр шертеді. Алғаш көрерменге жеткен «Абай әндерінде» егде жасқа қараған, шәкірт тәрбиесімен айналысып жүрген Абайды, кейінірек «Абай» фильмінде ақынның енді ғана ер жеткен шағын, «Құнанбай» фильмінде ақынның бала шағынй бойлап келеміз. Бұл үш фильм уақыт реттілігімен орнықпаса да, біріне-бірі қарсы келмейтіндей тізбек жасай алды ма?
Алғаш Абай бейнесін жарыққа шығарған кинотуынды Г.Рошаль мен Е.Арон режиссерлік еткен «Абай әндері» болды. М.Әуезовтың өзі жазған сценарий бойынша ақын өмірінің соңғы он жылы қамтылған. Фильм идеалогиялық картинаның жарқын көрінісі бола отырып, Қалибек Қуанышбаев сомдаған «Абайдың» кемеңгерлігін, даналығы мен тапқырлығын өзек етті. Режиссер Абай бейнесін берудің ерекше бір тәсілін таңдаған, бұны образ ақының өз өмірінің фактілері арқылы емес, қоршаған ортадағы адамдар арқылы шыңдалуынан байқай аламыз. Негізгі оқиға Абайдың үздік шәкірттерінің бірі Айдардың ата заңын бұзып, көрші ауылдың жесірі Ажарды ұрлаған тұсында туған дау төңірегінде өрбиді. Бақыт көксеу есуастық болып па? Ақын болған оқиғаны қылмыс деп білмей, жауапкер ретінде қос ғашықтың жағына шығады. Абай әрдайым жанашырлыққа, жаңашылдыққа жақ. Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ деп, әмеңгерлік дау сотында сөз сөйлегенде адами құндылықтарды ілгері шығаруы, оның ең алдымен адамгершілігін екпіндеді. Баласы Әбішке ықыласы, Айдардыңпты, осының барлығы Абайды адами тұрғыда ашты. Жастардың ізденіске, өнерге деген талпынысын көрсе бір марқайып қалатын Абайдың үнемі жаңашылдыққа ынтасы бар. «Ата жолы, ел жолы қайтіп қарсы тұрмақпыз», дегенде, «Адам жолды өзі тудырып, өзі жаңғырта бермек. Адамзаттың хайуаннан өзге сыры да сол», деп тапқыр жауап қатқаны ақын позициясын нақтылай түсті. Абайдың еңбек жолынан көріністер де бар-ды. Туындыда ақынның жан-дүниесінің сипаты болған өлең-жырлары, аударма жұмыстары, атына сай Абай әндері де үйлісім тапқан.
Актерді қисынды таңдаудан сүрінбей өткен режиссерлар. Абай бейнесіне физиологиялық тұрғыдан сөзсіз үйлескен, ойын шеберлігі мен нанымдылығының арқасында өзіне қойылған талапты толыққанды алып шыққан Қалибек Қуанышбаевтің картинаның сәтті шығуына қосқан елеулі үлесі бір төбе. Актердің дөңгелек жүзі, толықсыған келбеті, байыпты мәнері, жүріс-тұрысы, бәрі де ақын бейнесін еске салады.
Фильмді Ардақ Әмірқұловтың «Абайымен» салыстырғанда ақын мінездемесінің екіұшты, шашыраңқы образы тумайтыны қуантады. «Абай» фильмінің драматургиясына ақынның тұлғалық қалыптасу барысындағы оқиғалар тізбегі мен алар арқылы ашылды. Ғабиден Тұрықбаев сомдаған Абай да сондай сезімтал әрі жанашыр, әкесінің қатігез саясатына қарсы. Маңызды рөлде Құнанбайдың образы Абай бейнесімен қаз-қатар беріледі. Көптеп қалыптасқан пікір бойынша, фильсіырақ, десе де бұл таласты мәселе.
Жас ақынның сезімтал болмысын көзіне жас алып, атта шауып кеткен өте әсерлі эпизодтан көре аламыз. Тағы бір эмоционалды күрделі сцена — айналада қырғын шайқас жүріп жатқанда Абайдың мұң тұңғиығына кеткені. Білімге құштар, ізденіске ашық Абай, сезімдері бүршік атқан, ғашық Абай. Тоғжанмен махаббат линиясында Абайдың ақындық өнері акценттеледі. Медресе қабырғасында құрдастарының кішігірім қақтығысына ара түсіп, әділдік бастау алған мінезін көрсетті. Соңғы сценаларға таяу, әкесі баласының бойындағы кемшіліктерді атап көрсеткенінде, Абай оның сөзіне келіспестен жүйелі жауабын беріп, дара мінезі бар азаматтың бейнесін қалыптастырды. Фильм басында мешіттің құрылысы, соңына таяу мешіт құрылысының аяқталуы, Абайдың мешітке бағыт алуы. Сол мешіт Абай болмысымен астасып, ақынның тұлға болып қалыптасу үдерісін көрсеткісі келгендей автор.
Екі фильм бір-біріне қарсы келетін түсініксіз образ тудырмағаны жақсы-ақ, Абай әділ, жанашыр, ізденіске құмар. Дегенмен де, егде тартқан, көпті ой елегінен өткізіп, уақытпен даналығы шыңдалған ойшыл Абай мен жас Абайдың арасында айырмашылық болу керек шығар? Өйткені екі фильмде де кемеңгер Абайдың бейнесі. Біз оқыған Әуезовтың «Абай жолындағы» әлі балалығы басылмаған, аналарының қасындағы жастығына жарасымды қылығы бар Абайды көре алмағанымыз рас. Халықтың Абайы мен М.Әуезовтың Абайы біте қайнасқан ұғым.
Д.Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильміндегі бала Абай мен Әмірқұловтың Абайының өзара келіспеушілілігі, Қодар мен Қамқа дауының тұсына сәйкес келген бұл екі фильмдегі Абай жасының сұрақ тудырғаны болды. «Құнанбай» фильмінде Абай бейнесі толыққанды ашылмайды, көбіне Құнанбайдың әке ретіндегі бейнесін айшықтаған Абай, екінші санаттағы кейіпкер бола отырып, үш қысқа ғана эпизодта бой көрсетеді. Аса маңызға ие эпизод, соңғы кадрлардағы әкелі-баланың әңгімесінде Абай бейнесінің азды-көпті ашылғаны. Құнанбай анасы берген бойтұмарын жолын салар Абайға тарту еткені, баласының мешіт жаққа жүгіріп кеткені. Бұл Абайдың ізденіске құштарлығы, жарқын болашағының символы болды.
Қазақ деректі киносы тарапынан Абай бейнесі көрерменге Т.Арганчеевтің «Абай. Өмірі мен шығармашылығы»(1982), Б.Каирбековтың «Излучение любви. Абай Кунанбаев»(2006) фильмдерінде бой көрсетеді. Каирбековтың жай ғана ақпараттар тізбегі емес, толыққанды ақынның бізге жеткен шығармаларының ортақ ойын, өмір жолындағы түйсігі мен ұстанымдарын жеткізуді мақсат еткен фильмі Абай философиясына толы. Хакім Абайдың бірінші қара сөзімен бастау алып, лезде өзіне деген экранның арғы жағындағы адамның ықтиатты зер салып қарауын, кейіннен терең ойда қалуын қамтамасыз етеді. Картинаның өзіндік фишкасы болған, көрермен жүрегі мен баяөпқ сарын. Мұнда Абайды жаңа қырынан таныдық, әдетте экранға шыға бермейтін оның ұлдары жайлы қандай да бір түсінік қалыптасып, бір табан жақындай түстік бәлкім. Арабша сөз шумақтары бар алғашқы өлеңдерінің бірі оқылып, ізденімпаздығы, білім құшқаны, көп тіл білгенінің орынды дәлелі ретінде ұсынды. Визуалды құрылымға келер болсақ, «Абай әндерінен»(1945) үзінді көре аламыз, сонымен қатар өткен шаққа қатысты кадрлар ғана емес, қазіргі заманның бейнематериалдары көрініс тапқаны ерекше контраст туғызған. Абайдың өсиеті ескірместен бүгінгі күні де белең алғанының тұсында бұл байланыс жарасымды болып табылды.
Фильм сол заман трагедиясынан мұң шертті. Ұлдарын ізденіс жоісАбай. Алайда жалғыз қалғанда халқының ағартушылықтан қаншалықты алыс екенін түсінетін. Қазақ пен Абай өте ұқсас болса да айырмашылығы жер мен көк. Абай өз уақытының түсініктерінен әлдеқайда жоғары ойлап, прогрессив адамға сай өз уақытына және қоршаған ортасына көңілі толмайды. Осындай тұлғалар мәдинетті, уақытты алдыға жылжытпақ. Фильмде осы бір ойды тереңдетіп, соңына қарай шәкірті Ш.Құдайбердіұлының, заманында еңбегінің жемісін, лайықты болған әлемнің мойындауын көрмегенін айтып кеткен сөзімен түйіндеп өтті.
Арганчеев туындысына қарағанда, мұнда Абай образы жанды шыққан. Бұған себеп Арганчеевтің деректісі жалпы білім беретін мектептің оқу материалын көздеп түсірілгені болса керек. «Абай. Өмірі мен шығармашылығы» фильмінде режиссер Абай бейнесін жүйе қысымынан бөлектеп ала алғанын айта кетпеске де болмас. Қысқа да нұсқа, мектеп білімгерінің қорына керегі де сол. Ақ-қара туындының таспалар тізбегіне кең дала, картиналардың көрінісі арқау болған, «Абай әндері»(1945) фильмінен үзінді, қысқа кері түсірілім әдісі. Фильм музейдегі бір топ баланың экскурсиясын көрсетіп бастайды, бұл оқушылар назырнша жан-жақты қамтылып, поэзия, аударма шығармашылығы, тәрбие мен білім, сол замандағы өзекті болған мәселелер сөз етілді. Қазірде Абайды Абай еткен Құнанбай деп білсек, мұнда Әуезов Құнанбайының бейнесін айқын көре аламыз, ал Абай өз кезегінде сезімтал, жанашыр, ізденімпаз және өнерпаздығымен көзге түсті.
Өзімізге жақсы таныс, бірақ білетінімізден әлі де білмейтініміз көп Абай делініп басталады Арганчеев туындысы. Рас-ақ, Абайды тану бізге көптік етпейді. «Мәңгілік ұлт» болам десең, өз тарихыңды біл делінеді, ал Абайдай тұлғалар сол тарихтың айнасы емес пе? Оған дәлел, Абай шығармашылығында ұлт болмысы, тұрмыс-тіршілігі, танымы, діні, ділі, рухының көрініс тапқаны. Осылайша, «Абайды тану — қазақты тану»- деген түсінік қалыптасты. Уақыт өткен сайын біз бен Абай арасы алшақтап барады. Былтыр Абайдың 175 жылдық мейрей тойын атап өттік, бірақ арнаулы толықметражды фильмнің экранға келуінің куәсі бола алмадық. Өлмейтұғын артыма сөз қалдырсам деген ұлы ақынның сол сөздерін ұлықтайтын біз емей кім? Өкінішті, ұлттық кинематографта Абайға арнаулы фильмдер әлі де жеткіліксіз, саусақпен санап келсек, көзге даталық мерейтойларға, не белгілі бір арнайы тапсырыстармен экранға келген жұмыстар түседі. Неліктен Абай тұлғасы тақырыбы кино майталмандарын қызықтырар емес?!
Ақерке Қамашбек, ҚазҰӨА «Кинотану» мамандандыруының
2-курс студенті