Мәдениет. №3 (175) Наурыз, 2021
Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында «Біржан-Сара» айтысына байланысты біраз уақыт әлдебір айтыс-тартыс, пікірталас белең алғаны ойға оралады. Ғылыми конференцияларда қаншалық сөз болған-болмағаны есте жоқ, бірақ, күнделікті мерзімдік баспасөздер бетінде әжептәуір әңізуы – «сонда айтыс болған ба, болса қашан, қайда болды, Біржан мен Сараның кездескені шын ба, айтысқанда жастары қай шамада еді, тіпті, Сара деген ақын өмірде болған ба, әлде, біреулердің қиялынан туған ба?» ұмытпасам, осы тді батқаны – Біржанға дау жоқ, Сара деген ақынды өмірде болмаған, ойдан шығарылған дегенге саятын сөздер еді. Шынында да, атақ-даңқы «Біржан-Сара» айтысына байланысты көбірек мәлім Сара жөніндегі мағлұматтар жұтаңдау болатын.
Және сол талас-тартыстың неден туғанын да нақты айта алмаймын. Бірақ, болған. Сан мәрте оқыдық, таныстық. Бір жолы Республика жоспарлау комитетінде бөлім бастығы боп істейтін бір аса байыпты, жасы жер ортадан асқан, келбетті де келісті, зиялы адамның соған байланысты мақала әкелгені есте. Өзін Сайлаубай Қайнарбаевпын деп таныстырған ол – «Сара туған өлкенің перзентімін, анау ондай, мынау мындай, мынаған келісемін, анаған келіспеймін деп біраз жайды айта отырып, оның барлығы осында деп машинкаға басылған он шақты бет мақаласын тастап кеткен»-ді. Қай азаматты да қанша сыйлағанмен, қай нәрсеге (әсіресе, пікірталастарға) күмәнмен қарайтын сауысқаннан сақ уақыт болғандықтан ба екен, әрине, бір өзім емес, басшы боп, қосшылар боп, ақылдаса келе, сол мақала жарыққа шықпады-ау деймін. Авторы келіп, ештеңе демей қайтып алып кеткені көз алдымда. Кейін білуімше, ол Димаш Ахметұлы Қонаевпен дос, замандас, сыйлас, кезінде үлкен кісіге Дүйсетай Бекежанов деген көмекші тауып беруге ықпал еткен елге белгілі Сайлаубай Қайнарбаев екен. Біраз жыл өткенде архитектор, Мемлекеттік сыйлық алған баласы Арыстанмен дос боп, араласып жүрдік. Баритон дауысты Арыстан анау-мынау опера әншілерін жолда қалдырардай әнші де еді. Негізінен Абай әндері, онан соң классик композиторлардың романс, арияларын шырқайтын. Әлі күмбкімді кездестірген емеспін. Ермек Серкебаев та тыңдаған екен, «ә, Арыстан ба, ол ғаламат әнші ғой» дегенін өз аузынан естігенім бар.
Қазір бағамдауымша, талай роман, повестерді қазақшаға аударып, әдебиетке үлес қосқан Сайлаубай Қайнарбаев жерлесі Сара ақын жайлы мәселеге тектен-тек араласпаса керек. Әттең, сол жолы алып келген мақаласын біздің журнал әдеби басылым еместіктен жариялай алмағаны өкінішті болды.
Біржан мен Сара. Жоғарыда айтқанымыздай, Біржан-сал ғаламат әнші-композиторлығымен кең танылса, ауыл-аймақтың айтыс ақыны ретінде онша көп алысқа ұзамай-ақ Сараның аты Біржанмен айтысы арқылы байтақ ел-жұртқа мәлім болды. Композитор Мұқан Төлебаев жазған «Біржан-Сара» операсы екеуін теңестіріп, даңқын көкке шарлатты. Шамасы, кейін әлдебір дау-шардың туындауының бір ұштығы сонда жатқан болуы мүмкін. Біржанның қасында Сара кім еді дегендей. Ғайыптан бүр жарған әңгіме сол төңіректе өрбіді. Оның соңы немен тынғанынан хабарымыз аз болса да, бәрібір, Сараның ірі жаратылыс иесі екеніне күмән жоқ-тын. Біз күмән жоқ дегенмен, қауызын аршып, басы ашылуы тиіс күмәнді жайлар жоқ емесі де көкейдің бір бұрышында жататын. Иә, Біржан мен Сараның кездесіп айтысқаны шын ба, қашан, қай жерде айтысты? Шамасы, күдік келтірушілерді осы жайлар қызықтырған болса керек. Бұл орайда, оларды қолдау да дұрыс, өйткені, шындықты іздеу айып емес. Себебі, Біржан да, Сара да халыққа жақын, сүйікті тұлғалар.
Сөйтіп, ақиқат сырын ашуға ден қойған жазушы Қабдеш Жұмаділов біржан-Сара жырының кілтін тауып, өз тарапынан нүкте қойғандай бопты. Нақты айғақ, дәйекті дәлел, қонымды жүйе, бұлтартпас фактілермен. Тіпті, олай демегенде де, біржан-Сара жөніндегі көлемді жазбасы оқырман назарын бірден аударып, бір сәтте оқылатын қызғылықты, танымдық құнары мол, төрт аяғы тең хикая деуге бек сиымды әдеби олжа. Онда Біржан мен Сара өмір сүрген кезең кестесі, заман, дәуір тынысымен қоса, толып жатқан белгілі тарихи тұлғалардың аты-жөні, олардың мінез-құлық, іс-әрекет, бастан өткерген қызық-шыжық, ыстық-суықтары тартымды, нанымды суреттеледі. Кейбір кіреуке-тозаң, алапат ахуалдар, жұмбақ сырлардың беті ашылады. Сәл нақтылаңқырай түссек, «Біржан-Сара» айтысы болды ма, болмады ма, ол өмірге қалай келді, келтірген кім, айтыстың пайда болуына себеп қандай, егер екі ақынның айтысқаны шын болса, бір-біріне өліп-өше ғашық болған біржан қанша, Сара қанша жаста еді?»- осыларға көкейге қонардай жауап табасыз.
&;& қояйық, Біржан мен Сара айтыспақ түгіл, екеуі ешқашан бір-бірін көрмеген де, білмеген де. Демек, айтыспаған. Оны жазған үшінші біреу. Жәй біреу емес, ұлы Абаймен замандас, қазақ әдебиетінде өзіне лайық орны болған, көкірегі ояу, көзі ашық, екі тілге жүйрік, білімді, сауатты, ақын Әріп Тәңірбергенов. «Біржан-Сара» айтысын бөтен-бөгде емес, қыз намысы үшін басын бәйгеге тігіп, жан пида етуге әзір Әріптің амалсыздың күнінен Абай сынды дананы уақытша болса да «тәрк» етуге барғаны әсерлі баяндалады. Өйтпесе, «Біржан-Сара» айтысы болмас та, жазылмас та, Сара басына еркіндет айрылып, шерменде болмас та еді және оған өкініш білдірген Әріп ақынды да білмес едіңіз. Әлі де білмейсіз. Өйткені, Әріп ақын жазған бойда қалың елге бірден тарап, алапаттай дүрбелең тудырған ол айтысты жазған мен едім деп жар салған жоқ. Білген білер, білмеген білмес, ең бастысы, жаны сүйген Сараның басына бостандық берілсе болды дегенді қанағат етумен шектелген. Кіл маржан сөздерден өрілген аса көркем, жоғары деңгейдегі әдеби туынды кімнің қолынан шыққанын дос та, дұспан да сол замат білді. Әріпті іш тартып, ақындығын жоғары бағалайтын Абай да білмеуі мүмкін емес-ті. Ең алдымен Абайды сыйлайтындықтан аты-жөнін бүркеп қалған Әріпке керегі де сол болатын. Ол осындай асқақ дүниенің иесі өзі екенін «қасақана» жасырғанына өкінген-ді. «Айтыс» арқылы Сараны бір қиыннан құтқарғанына тәубе деп, әрі қарай оны« да, өзінің де ғұмыры қалай боларына бас қатырып жатпады. Ал, олардың бұдан кейінгі бастан өткерген құқайлары тіпті де оңай болған жоқ…
«Біржан-Сара» айтысының өмірге келгеннен бастап дау-дамайдан көз ашпай, қайтсе де Әріпке бұйыртпауды көксеген біреулер автордың аты-жөнін көрсетпей жария еткенін пайдаланып, оны кейін мұрагерлері жалғастырды. Бірақ, мақсаттарына жеткен жоқ. Әріп те емес, басқа да емес, мейлі, кім жазса, ол жазсын, «Біржан-Сара» қазақ әдебиетіндегі нұры сөнбей, сәулесі мәңгі алаулап тұратын шоқтығы биік жарық жұлдызға айналды. Ал, оны жазған – Әріп Тәңірбергенов. Ол айтысты жазған шақта біржан әншінің жасы алпыстан әлдеқашан асып, жынды болды, деп бұғауда жатса, Сара енді ғана бойжете бастаған өнерлі жас ару еді. Қабдеш Жұмаділов осыларды жалықпай зерттеп, әзелден жалғасып келе жатқан даулы түйткілге нүкте қойыпты. Біз солай қабылдадық.
 spbsp; Өз тілшіміз