Республика жұртшылығы біле жүрсе деп айтпағымыз төмендегіше. Осы күндерде марқұм болған дарабоз әншілер даусы эфирден де, экраннан да сирек естіледі. Соларды естіп-көре қалсаң, өткен жылдар «елесімен» қауышқандай боласың. Өткен жылдар демекші, сонау кездерде осындай айдармен теледидардан хабар беріліп тұрушы еді, ол да суалғалы қашан. Өз басым ес білгеннен пір тұтатын Байғали Досымжанов пен Ришат Абдуллиннің орындауындағы ән, арияларды үнемі аңсаумен жүремін. Әсіресе, олар шырқайтын халық әндері, Абай әндерін. Осы күндерде радионы айтпағанда, қазақша телеарналардан асып-төгіп көрсетіп жататын орындаушы да, ән авторларының да аты-жөндері есте сақталмайтын, сақталмау себебі, «құлақтан кіріп, бойды алмайтын» әләулайлармен қатар, тым құрыса, оқта-текте бұрынырақтағы бірегей дарындардың орындауында жазып алынған әндерді неге беріп тұрмасқа деп ойлап қоямын. Сонда тым болмаса, осы күнгі әншілер Абайдың әлі күнге ешкім айтпайтын (айта алмайтын) әндерін Ришаттың орындауында тыңдап, үйренсе, репертуарларына қосса теріс болар ма еді?!

Ришат Абдуллин жиі еске түседі. Таяуда бір телеарнадан оның күллі үрім-бұтақ, жақын-жуықтарының ортасында отырғанын көзім шалып, оған таяу жерде қолына гүл ұстаған бүлдіршін қыздың ұлы әншінің бүгінгі танымал әнші, актриса Карина екенін таныдым. Карина Абдуллина. Ришаттың немересі (яғни, оның ұлы Заурдың қызы).

Карина газеттердің біріндегі сұхбатында оқырман сұрағына орай өзі жөнінде: «Иә, мен музыкалы семьядан шыққанда қандай. Ағайынды Абдуллиндердің бірі Ришат – менің атам, Мүсілім ағайым. Екеуі қазақтың опера өнерінің негізін қалағандар қатарынан. Ришат Абдуллин СССР халық артисі, опера сахнасында Абай бейнесін тұңғыш сомдаған. Әкем Заур Абдуллин де опера әншісі, анам күйсандықшы, яғни, пианистка, жетекші концертмейстр. СССР халық артисі, әнші Әлібек Дінішев уаp:paragraph —>

«Әншілікті қай кезден бастадыңыз?» -деген сұраққа: «Мен әнші де, пианист те емеспін, өзімді жай музыкант санаймын. Ал, ән салуды тілім шығар-шықпаста бастадым. Балабақшада ұдайы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстым. Кейін мені Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепке берді. Он екі жасымда Республикалық пионерлер Сарайы жанындағы ансамбльге мүше болдым. Жетекшіміз Қанат Мұқатов өзімен бірге банкет, үйлену тойларға апарып, қазақша ән салдыратын. Ришат пен Мүсілім аталарымның шапағаты шығар, қазақ әндерін өте ұнатамын. Мектепте &nқ оқыдым. Мемлекеттік емтиханда «той дәстүрі» деген билет түсті. Апта сайын қазақтың үйлену тойларында  ән салатын маған бұл сұрақ қиын болған жоқ, шауып өттім. Жалпы, қазақ музыкасының жөні бөлек. Бай, нәрлі, тұщымды, әсерлі. Ұлы этнограф-музыкатанушы А. Затаевичтің сан жылдар ел аралап, жинап, жазып алып, «Қазақтың 1000 әні» және «500 ән-күйлері» атты екі бірдей кітап шығарғаны тегін болмаса керек».

Осылай дейтін Карина өмірінің негізгі мәні әншілік болады деп ешқашан ойламағанын да жасырмайды. Музыкалық мектепті фортепиано класы бойынша тәмамдаған соң, консерваториядан  да сол мамандықты алып шығады. Бүгінде…

Сахнадан жиі көріне бермесе де, Каринаның танымал әнші екеніне ешкім шүбә келтірмесе керек. Сонау жылдарда радиодан да, телевизордан да шырқайтын бір ғана қазақтың халық әні «Әоне айғақ іспетті еді. Каринаның орындауында басқа да халық әндерін тыңдаған сәттер есімізде.

Карина Абдуллина бірқатар фильмдерге түсіп, актрисалық қырымен де танылып жүр. Мұстафа Шоқай туралы фильмдегі ол орындаған Мұстафаның ұлты орыс сүйген жары Марияның рөлі кезінде мамандар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Тек… Кейбір татымы жоқ эротикалық фильмдерге қатысып, жеке басы ұнамсыз рольдерге түспесе де, текке сөзге қап жүрмесе деген тілегімізді де айта кеткен артық болмас дейміз.

Сөз соңында айтарымыз, бүгінде шығармашылығы тоғысқан, өнердің қыр-сырына жетік Карина бала жастан орындаған қазақ әндерін енді бұрынғыдан да еселей шырқап, айды аспаннан бір-ақ шығарса, ғажап болмас па еді, ойбай-ай, ойбай! Бір кездегі бүкіл қазақ тәнті боп, пір тұтқан атасы, ағайынды Абдуллиндер құсап! Пах!.. Өйткені, Карина солардың көзі! Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы!

Бақыт ОРАЗОВ