Мәдениет. №3 (175) Наурыз. 2021 жыл

Театрдың үлкен залында драматург О.Жанайдаровтың “Екеуміз…” («Кафедегі екеу», ауд. А.Айтбаева) драмасы мен жазушы Т.Нұрмағамбетовтің «Барымен базар» («Кедейңгіменің сахналық нұсқасын жасаған Қ.Мұрат) және Б.Қажынабиеваның (идея авторы Н.Қарабалина) «Туған күн» драмасын ұсынды.

О.Жанайдаровтың «Екеуміз…» атты спектаклі. Қойылымның режиссері — Наталья  Дубс

Ресейлік жас драматург О.Жанайдаров Қазақстан театрларында кейінгі кездері жиі сахналанып жүрген жас авторлардың бірі. Пьесаларында бүгінгі жастардың қарымНаталья  Дубстың режиссурасымен ұсынылды. Наталья  Дубс Республикалық неміс драма театрының көркемдік жетекшісі, соңғы ысүрген  режиссерлердің бірі. Спектакльдің аты айтып тұрғандай қойылымда шартты түрде алынған сахнадағы орындықтар арқылы берілетін кафенің, парктің, метроның іші, қалың көпшілік т.б. орындардағы әртүрлі бірнеше жұптың, яғни, екеудің қарым-қатынасы мен қақтығыстарына куә боласыз. Пьеса бүгінгі жастардың жеңіл тілімен жазылған. Спектакльде ауыз толтырып айтарлықтай оқиға не сюжет желісі жоқ. Қойылым барысында бірнеше жұп авансценаға келіп, өздерінің отбасылық өмірлері мен тағдырлары туралы баяндайды. Әрбір жұптың ойлары мен сезімдері, бір-біріне деген қарым-қатынастары пластикалық қызу әрекетке құрылып, музыканың және диалогтардың ырғағымен көрсетілді. Сахнадағы кеңістікті толтырып тұрған бос орындықтар мен қара фон, қойылым суретшісі А.Павлованың шешіміндегі кейіпкерлердің киімдерінің бірдей үлгіде жасалғаны сптекакльдегі тағдырлар мен көтерілген мәселелердің ортақтығын көрсетсе керек. Қойылымдағы шартты түрде алынған  ұзын күлгін түсті көйлек киген әйелдер (қыздар) мен күнделікті өмірде тұтынатын джинсі шалбар мен қара түсті жейде киген ерлердің бейнелерінің бір-бірінен айырмасы жоқтай. Аса есте қала бермейтін тағдырлар мен жеңіл сезімге құрылған қарым-қатынастар, ішкі жан арпалыстарында өтіп жатқан сезім толқындары мен ойларды би мен пластикалық әрекет бірлігі арқылы берген хореограф А.Умирова режиссер Н.Дубспен бірлікте  қойғанын көруге болады.

Психо-физикалық іс-қимылдарға басымдық берген спектакльде жас буын актерлер құрамының ойындарын көрдік. Ғ.Оспанов, Ә.Базарбайұлы, Р.Жұрынбай, Қ.Бейсағалиев, Н.Қуанышбайұлы, А.Тұрарбеков, А.Бақытжанова, М.Келгенбай, Ә.Сайлауова, З.Рахымжан сынды жастар әрқайсысы өз кейіпкерлерін әр қырынан ашуға, бір-бірінен ерекшелеп көрсетуге барын салып жүр. Алайда, спектакльден есте қаларлықтай толыққанды бейнені байқамадық. Себебі, автор тарапынан алынған ұстаным да соған саятындай.

Жалпы қойылымдағы орындықтар санын азайтса, спектакльдің көтеріп тұрған жүгі мен көтерген идеясы үлкен сахнадан гөрі кіші сахнаға лайық дүние. Режиссер бос сахнадағы бос кеңістікті орындықтармен толтыруға тырысқаны көрініп тұр. Менімше, спектакльді кіші сахнаға қойса, бұдан да әсерлілеу шығар ма еді, кім білсін. Бүгінгі жастардың өмір сүру тақілеттерін жан-жақты көрсететін қойылымның өз аудиториясы болады деп ойлаймыз.

Екінші премьера белгілі жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесі негізінде жазылған хоррор драмасы  театрдың кіші залында көрсетілді. Шығарманың сахналық нұсқасын жасаған Қ.Мұрат пьесаға шал мен елес әйел бейнелерін  қосқан. Спектакльде белгісіз психикалық ауруға ұшырып,  оң қолымен өзін  буындырып өлтіргісі келетін Алман ә де көтеріп өткен. Спектакльдің қоюшы режиссері — жас режиссер Алмат Шарипов. Қойылымдағы оқиға екі желіде өрбиді, бірі — психотерапевт жас жігіт пен екіншісі — бас дәрігер, шалдың баяндауымен қатар өріліп беріледі. Спектакльде Шалдың рөлін А.Сейтмет сомдаса, ал терапевт жігіттің бейнесін сомдау актер Ш.Пірназаровқа бұйырыпты. Шал мен жігіттің баяндау обьектісіне айналған Алма ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолының опасыздық әрекеті оның тұқым қуалаған қауіпті сырқатымен байланысты ауыр тағдырын жас актриса А.Меңдібаева ойнады. Режиссер шығармадағы басты образды деталь саналатын оң қолды алдыға шығармай, Алма мен терапевт жігіттің махаббат сезімдері мен психологиялық ішкі жан арпалыстарына мән беріп, негізгі акцентті екеудің әрекетіне құрған. Сондықтан да спектакль атауындағы оң қолдың құпиясы аса ашылмай, Алма психикалық дертке шалдыққан қыздың бейнонуларды қозғайтын сау адамның бейнесіне айналып кеткендей. Актриса А.Меңдібаеваның тәжірбиесінің аздығынан болар, кейіпкерінің психологиялық күйінің тереңдігіне аса ене алмай жатты. Алдағы уақытта актриса кейіпкерін толыққанды бойына сіңіріп жатса, түзелер деген үміттеміз.

         Режиссер А.Шарипов спектакльдің жалпы атмосферасын хоррор драмасына лайықтап беруге тырысқан, дегенмен, көрерменді саспенске түсіріп, үрей сезімін сезіндіретін сәттерді аса көре алмадық.

Премьерлар апталығының үшінші күнінде көрермен жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Барымен базар» («Кедейлер базары») комедиясын үлкен сахнадан көре ал

Спектакль сюжеті — “Кедей” базарында балықтың басын сатып алуға келген қарапайым халықтың кезекке тұру оқиғасының айналасында өрбиді. Базар маңайында өтетін оқиғаның алғашқы сахнасы  Кеней – Н.Бексұлтанованың түс көріп оянып, сол түсін айтып беруімен басталады.  Осы бір ұзаққа созылған экспозиция комедия жанрындағы қойылымнан гөрі драма жанрындағы спектакльдің табиғатына келеді. Тіпті, көрермендердің төзімі таусылып кетердей. Қойылымдағы өзге кейіпкерлер де, кемпірдің аузына қарап, амалсыздан тыңдауға мәжбүр. Күндерін әзер көріп жүрген кезектегі кемпір-шал, жүкті әйел, жұмыссыз ер азаматтар мен аула тазалаушы шалға шейін: Төлбасы – Г.Тутова, Кеней –Н.Бексұлтанова, Күміс – М.Умарбекова, Зарық – Ж.Маханов, Лиза – Г.Шингизова, Жанна – АүУмирова, Кера – Е.Бектасов, Ая – А.Бөкенбай т.б. өздерінің мұң-зарын ортаға салып, күнделікті күйбен тірліктің айналасындағы әңгімелерін сөз етеді. Сатиралық комедия жанрындағы аталмыш спектакльдің соңында халықтың сонша уақыт күткен балықтың басына уланып, жаппай қырылған көрінісімен аяқталады. Тек, сәулелі үміттей боп дүниеге келген нәрестесін өліктер мен сүріліп жатқан базардың алдына алып шыққан ананың бейнесін көреміз. Осы бір қарапайым халықты алдап-арбап депутаттыққа сайланғысы келетін жылпос Жайық – Н.Абилов, ақ-қараны айырмайтын полиция – Д.Анарбай, кәрі шешесінің зейнетақысын талшық еткен Тәуке – К.Байсагалиев, өз ана тілін шала білетін Жак – А.Курак әрекеттері комедияда жүйелі түрде өрбімегендіктен аздап шашыранқылау шыққан. Әрине, автор осы туындысы арқылы бүгінгі қоғамымызда орын алып жатқан әлеуметтік-қоғамдық мәселелер мен жағдаяттарды жоғарыда отырған билікпен байланыстыра, яғни, “Балық басынан шіриді” деген ойдың  төңірегінде жинақтай келіп, халықтың сол балықтың басынан уланған бейнесін ащы да болса астарлап жеткізген. Мұндағы күлкі мен әзіл — кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасындағы күлкілі әрекеттері мен актерлердің ойынының күшімен ғана беріліп жатқан арзан, жеңілдеу күлкіге құрылғанын аңғару қиын емес. Ал пьесадағы өтіп жатқан оқиғаның берілуі мен көтерілген мәселелерінде публицистикалық сарын басым.

Апталықтың төртінші күні премьерасы өткен моноспектакльдің аты “Туған күн” деп аталады. Режиссер Е.Кәрібаев пен автор Б.Қажынабиеваның қолынан шыққан, актриса Н.Қарабалина бастан-аяқ өзі сомдап шыққан бұл қойылым тағдырдың жазуымен жетімдер үйінде тәрбиеленген әйелдің басынан өткен қиындықтары туралы баян етеді. Тақырыптың өзектілігі — балалар үйінде тәрбиеленіп, мейірімге қанбай, сусап шыққан жетімдердің далып, өсіп жетілемін дегенше көпшілігінің жаман жолға түсіп кетіп жататын тағдырларының бір парасын ғана парақтап өткендей болады. Туындының өзектілігі мен идеясы құнды, актриса да кейіпкерінің ауыр да қиын тағдыры мен болмысын психологиялық тұрғыдан жан-тәнімен беріле ойнап,  аудиторияны бір сағаттай ұстап отырғанымен, оқиға бір бояу мен бір сарынға құрылғандықтан көрерменді аздап жалықтырып аларлықтай созылыңқы шыққан. Моноспектакльде басым күш актер ойынына түсетіндіқтен мұнда да режиссер спектакльдің эмоциялық жағы мен орындықты әртүрлі мақсатта жұмсайтын детальдық тұтастықты ойнатуды актриса Н.Қарабалинаға артқан. Қойылымда жарық мен  кейіпкер жандүниесін жалаңаштандыра түсетін қараңғы әлем мен бос кеңістік және орындықтан өзге көрерменді ұстап тұратын ештеңе жоқтың қасы. Сондықтан да көрерменнің бар ықыласы актриса ойынына ауып, оның әрбір қимылын мүлт жібермеуге тырысады. Қойылымдағы кіл қара бояу кейде көрерменді жалықтырып, тіпті, өмірден түңілдіріп жіберетіндей. Спектакльге үміт пен сәуле, аздаған юмор жетпей тұр.

Төрт күнге созылған премьералар апталығы көрерменге осындай қойылымдарын тарту етті. Жоғарыдағы аталған спектакльдердің барлығы да уақыт жағынан алғанда бір сағатткімдар деп айтуға болады. Менімше, үлкен залға көркемдігі мен идеялық жағынан салмағы ауырлау, уақыт жағынан алғанда да көрермен толыққанды толымды дүниені көріп қайтатындай спектакльдердің қойылғаны дұрыс деп ойлаймын. Қорыта келе айтарымыз, қазан көтеріп, ет асылғанымен, жілік майын ағыза, ауызымыздың суы құритындай асты жей алмай қайттық.

Ахмет АҚМОНШАҚ