Айдар: Ата-т -->
Қарақұм көтерілісі
Енді осы көтеріліс туралы мұрағаттық деректер негізінде қысқаша шолу жасап көрсек. Кеңес өкіметі орнағаннан-ақ қазақтар әртүрлі қысымға ұшырады. Кәмпескеден көз ашпаған сырбойылықтар малсыз қалып, тұрмыс жағдайлары мүлдем құлдырап кетті. 1925 жылы Қазақстанды басқаруға келген Ф.Голощекин И.Сталиннің рұқсатымен кәсіби төңкеріс жасау мақсатында «кіші қазан» науқанын бастап кетеді.
1928 жылы құрылып, тура 2 жыл 11 ай өмір сүрген Аламесек ауданы қазіргі Жалағаш ауданы тарихының ажырамас бөлімі. Осы ауданда сол бір жылдары Мұқажан, Қыстау, Ыбырай, тағы да көптеген байлардың мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылды. Байлардың көбісі оңтүстік бағытқа қарай ауып, шетел асты. Мысалы, табын руындағы Байқадам бидің немерелері Бекқұлы, Иманәлі, Қайқы батн елімен үдере көшті. Бұлардың жартысы ауған-кеңес шекарасынан асып үлгірсе, жартысы кері қайтарылып атылып кетті. Осылардың ішіндегі Бекқұлыда жиырма, орташа деген Иманәлінің өзінде он мың бас жылқы болған.
Кеңес билігі өз азаматтарын туған елінен бездіріп, сол кездері қазақтардың негізгі күнкөріс көзі болған төрт түлік малын тартып алып, бала-шағасымен қоса қаңғыртып жіберді. Кеңес билігі тәркілеу науқаны аяқталған соң да бай ұрпақтарын қудалауды жалғастыра берген. Олар өз ата-баба және әлеуметтік тегін жасыруға, өзгертуге мәжбүр болды. Мыы бөлімінің бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты Зыковтың Жалағаш аудандық РККП/б/К хатшысы Кистановқа 24ХІІ.1940 жылы жазған №508 аса құпия баянатында былай дейді: «Жалағаш аудандық сауда бөлімінде Досмағанбетовпін деп жүрген бір азамат өзінің әлеуметтік тегін жасырып және ЛКСМ мүшесі екендігін өтірік айтқан. Досмағанбетовтің шын тегі Досымов, ол бай-кулактардан. Оның әкесі Досым Қашановта 10000 қой, 3000 іріқара және 50 жалшысы болған, 1928 жылы бай табы ретінде мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған.». Аламесек ауданы №18 ауылының тұрғыны Садық Шәйменұлы Қызылорда Округтік Атқару Комитетінің 18 қараша күнгі №48 шешімімен мал мүлкі тәркіленіп, отбасымен (әйелі Айжан 30 жаста, баласы Қамалбек 6 жаста, қыздары Зейнеш 4 жаста, Әсия 1 жаста) Адай округіне жер аударылады. Террор арқылы билікке келген «қызыл террор» өкіметі, ұжымдастыру және отырықшыландыру мақсатымен республикамыздың мыңдаған жылғы дәстүрлі шаруашылығын күйретті. Қолдан жасалған аштық арқылы қазақты қырып, аман қалғандарын босқынға айналдырды, ел-жұртта қалғандарының рухын басып, ұрпақтарынан құлдық санадағы тобыр жасап тәрбиелеу саясат -->
Тәркілеуден қорыққан байлардың артынан орташалар да оңтүстікті бетке алып елден безді. Көшіп үлгірмегендері большевиктерге жем болып, ақырсында мал басы елді ақсирақ етіп кеткен жұттан бетер кеміді. Қызылорда облыстық статистикалық жинақтағы ресми мәліметке қарағанда облыста 1928 жылы 180 800 мүйізді ірі қара, 1 419000 қой-ешкі, 115200 жылқы болса, содан 1935 жылы 18200 мүйізді ірі қара, 7400 жылқы қалыпты, яғни ірі қара малдың 10%, жылқының 6% ғана қалған. Әлбетте, қазақ о бастан мал және адам санын кемітіп айтатынын ескерер болсақ, облысымыздағы мал саны тәркілеуге дейін аталған цифран әлдеқайда жоғары болғаны аян.
Қызылорда округтік атқару комитетінің егіс науқанының өту барысы жайындағы бір баяндамасында 1930 жылы бір ауқатты адамнан 3238 түйе, 2763 жылқы, 14706 қой, 401 сиыр бір сәтте тәркіленіп колхоздарға берілгені айтылған. Осы цифрді қазіргі нарыққа сәйкестендіре айтар болсақ, сол кездің орташа тұрмысты азаматының отбасылық қаржысы ондаған миллион долларды құрағанын байқаймыз. Ата-бабасынан мұра болып, әрі өз маңдай-терімен тапқан барша дүниесін тартып алған өкіметке кез келген азамат қару көтеруі заңды құбылыс. Сол жылдары еліміздің түкпір-түпкірінен бой көтеріп жатқан наразылық акцияларының басты себептерінің негізгісі кеңестік биліктің өз азаматтарының жеке басы мен дүние-мүлкіне қол сұғуы болды. Ал, коммунистік партияның Қазақстанда жіберген ең үлкен саяси әрі экономикалық қателіктерінің бірі қазақ байларының малын тәркілеуі еді. Себебі, бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкеліп, соның салдарынан байларды айтпағанның өзінде кедейлердің тұрмыс жағдайы одан бетер қиындап кетті. Тіпті колхоздарда күш көлігі ретінде пайдаланылатын малдың өзі әзер табылатын жағдай туды. Мысалы, егіс қарсаңында МТС-ы бар Қаракеткен станциясынан ондаған шақырым қашықтағы колхоздарынан тұқымды жұмысшылар жаяу арқалап тасыған.
1928 жылы басталған тәркілеу, ұжымдастырудың соңы халық наразылығын тудырып 1930 жылы Аламесек және көршілес аудан жұртшылығының көтерілісіне ұласты.
1929 жылдың 9 айында Қазақстанда ұжымшарлар (колхоздар) саны 2115-тен 4348-ге дейін (екі еседен астам), ал колхоздарға тартылған шаруа шаруашылықтары 23 мыңнан 66 мыңға дейін (үш есеге жуық) өсті.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық Комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Осы бөліністің ішінде жартылай көшпелі қазақ ауылдары үшінші топқа жатқызылды. 1930-шы жылң лып, 40% жайлауға көшіп отырған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1926 жылғы бүкілодақтық санақ бойынша ірілендірілген Аламесек болысының (орталығы – Аламесек селосы) жер көлемі 17985 ш.км., халық саны 19249 адам, ал ірілендірілген Қараөзек болысының (орталығы – Тереңөзек станциясы) жер көлемі – 18992 ш.км., халық саны 24422 адам болған. Неге осы ірілендірілген Аламесек пен Қараөзек болыстығын салыстырып отырмыз, себебі, қазіргі Жалағаш ауданы негізінен осы екі болыстық территориясын алып жатыр. Сонымен қатар, осы күнгі Қаракеткен, М.Шәменов ауылдық округтерінің Қармақшы ауданымен шекаралас аймақтарының шамалы бөлігі Қазалы уезі, Қармақшы болыстығының №1 және №2 ауылдарын құрап, онда 1958 адам тұрды. Ауданда негізінен Табын, Керейт, Кете-Шөмекей, сонымен қатар Тама, Алтын, Жағалбалы, Қожа рулары өмір сүрді. Барлық болыстықтарды косып есептегенде өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағы 0,5 пайыздан аспаған. Жалағаш ауданы 1939 жылы құрылғандықтан Қарақұм көтерілісі болған 1930 жылы халық саны қанша адамды құрғандығы белгісіз, бірақ жоғарыда аталған мәліметтерді негізге ала отырып осы аумата26 жылғы ресми деректер бойынша, қазіргі Жалағаш ауданы аумағында сол кездегі әкімшілік-территориялық бөлініс негізінде (жоғарыда аталған болыс, ауылдар) 45629 халық өмір сүрген. Ал, 1939 жылғы бүкілодақтық санақ бойынша Жалағаш ауданындағы халық саны 18928 адамды құраған. Яғни, тәркілеу, ұжымдастыру және қолдан ұйымдастырылған аштық салдарынан халық саны 58,6% кеміген.
1930 жылдың мамырында Қызылорда округтік екінші конференциясынан кейін кулак шаруашылықтарын тәркілеу жұмыстары пәрменді жүргізілді. Қазақстанда ауылдарға ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау жөнінде қатаң нұсқау алып, ерекше құқықтар берілген жүздеген уәкілдер аттанды. Шаш ал десе, бас алатын «шолақ белсенділер»-дің заманы туып «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1929 жылы 15 мың, 1930 жылы 18 мыңдай адам қамауға алынды. Мұндай жаппай жазалау шаралары арты жағдайды мүлдем шиеленістіріп жібергендіктен халықтың жаппай наразылығын тудырды. 1929-1933 жылдар аралығында Қазақстанда өкімет өкілдері мен кеңес, партия белсенділеріне қарсы ұйымдастырылған 460 терактілер, 127 рет колхоздар мен совхоздардың мүліктерін өртеу фактілері тіркелген, ал Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістер 372 рет орын алып, оларға 80 мыңдай адам қатысса, Қарақұм көтерілісіне қатысқан халық саны 10-30 мың аралығында болды. Сол жылдың ерте көктемінен бастап өкіметке наразы болған жұртшылық Қарақұмға көшіп кетіп, ауылдар мен елді-мекендер қаңырап бос қалады. Әкімшілік басқару жүйесі қағаз жүзінде ғана іске асты. Көтерілісшілерге ермей қалған кейбір ауылдардағы жалғыз үйдің қожайыны төраға, баласы немесе отбасының басқа мүшесі хатшы қызметтерін атқарған жайлар да кездесті. Де-факто Аламесек ауданы өмір сүруін тоқтатқанымен, жоғарыда келтірілген формальділік негізінде, яғни де-юре, өмір сүріп жатты. Шаруалар қарсылығын әлсірету мақсатында Қазақстанда Голощекиннің бастамасымен әкімшілік басқарудың жаңа реформасы жүргізілді. 1930 жылдың маусымында барлық округтер таратылды. Кеңес үкіметінен безіп Қарақұмды паналаған халықты голощекиншілер Сыр бойына алдап-арбап, көнбегендерін зорлап көшірді. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Архивтік деректер бойынша шс, халық сөзін тыңдайтын, соңынан бір қауым ел еретін сыйлы азаматтар мен дінбасылар басқарғанын байқатады. Аламесек ауданы көлемінде болып өткен халық наразылығы туралы материалдарда халықтың, «бай», «кулак» деп әлдебіреулерді ұстап бергені туралы деректер Қызылорда облыстық архи/p—>
Халыққа түрлі салық салынды, әсіресе, егін егіп көрмеген малшылардан астық талап ету шектен шықты. Зорлықтан құтылу мақсатында қазақтар қолындағы малын дәнді-дақылға айырбастап, салық төледі. Отарлық езгіден әбден ашыққан халық 1930 жылдың наурыз айының 17 күні Қарақұмда Жұмағазы молда Бәйімбетовты хан етіп сайлады. Көтерітді. Олардың батысындағы Қараүңгір-Тұздақ деген табанда көтерісшілердің Пірмағанбет Лаубаев, Досжан мен Қосжан Қараевтар басқарған тағы бір тобы қосылады.
Көтерілісті басуға Еділ бойындағы 8-атты әскер дивизиясының полктары, ОГПУ дивизиондары, ұлттық атты әскер эскадрондары шақырылды. Жазалаушы әскер командованиесі Қарақұмды үш жағынан қыспаққа алып көтерілісті бір сәтте басып тастаудың жоспарын жасады. Барлық әскер үш колоннаға бөлініп, бағыттары белгіленді.
1930 жылдың 7 сәуірі күні таңғы сағат жетіде жазалаушылар мен көтерісшілердің шайқасы басталып кетті. Мәрқожа деген жерде болған бұл ұрыста екі тарап та үлкен шығынға ұшырады, көтерісшілер өздерінің басшылары Пірмағанбет Лаубаевтан айырылды.
Жазалаушылардың бірінші бөлімі Сырманқожа мешітінің теріскейіндегі Қамбар төбесі маңында Жұмағазы ханмен екі тәулік бойы соғысып, ақырында өздері қоршауға түседі. Қызыләскерлер пулеметтерінің арқасында қоршаудан сытылып қашып шығады.
Көтерілісшілермен соғыстың ауыр әрі ұзақ уақыт болатынын түсінген дивизия командованиесі үкіметтен келіссөз жүргізуді талап етті. Голощекиннің тапсырмасымен төрағасы Әліби Жангелдин, хатшысы Ғабит Мүсірепов, мүшелері Сәкен Сейфуллин, тағы да басқа елге танымал азаматтардан мемлекеттік комиссия құрылады. Қазақ Орталық атқару комитеттік комиссия мүшелері мен көтерілісшілер арасындағы келіссөз 30 сәуір 1930 жылы Қарақұмдағы Сырманқожа мешітінің батысында Жабағының белгісі деген жердегі Тобылбай елді мекенінде болды. Онда көтерісшілер төмендегідей талаптар қойды.
1928 жылы орташалардан әділетсіз тәркіленген малды қайтару:
Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни шаралар мен салттарға кедергі жасамау:
Ірі байлар тәркіленгеннен кейін енді тәркілеу болмайтыны туралы декрет шыққан еді, бірақ бұл іс орташаларға қарсы әлі жалғасуда. Бұл тоқтатылуы тиіс.
Колхоздарға зорлап кіргізу тоқтатылсын. Олар тек еріктілік негізде құрылсын.
Қазақ даласында топқа бөлініп жіктеуді қою керек және бұл істі жүргізуге комсомолдарды жібермей, барлық мәселені ауылдың жалпы жиналысында шешу қажет.
Салықтарды мал-мүліктің санына қарай салу керек. Егін екпейтіндерге астық салығы салынбасын.
Қарақұмға жиналғандарға жеке аудан құруына рұқсат беру керек.
Төрт тәулікке созылған келіссөз соңынан көтерісшілер мұнда аудан емес, ауылдық кеңес құруға келіседі. Көтерілісшілердің талабы қанағаттандырылатын болып шешіліп, Қарақұмға жиналғандар атынан 3-ші мамыр күні төмендегілер қол қойған: Ырғыз ауданынан Төрекешов, Қармақшы ауданынан Байбақтин, Қазалы ауданынан Ерназаров, Арал ауданынан Ақжанов, Торғай ауданынан Әлімбаев, Аламесек ауданынан Тілеуов, Қарсақпай ауданынан Көшеров. Келісім жасасқан күннен көтерісшілер қару-жарақтарын тапсыра бастайды. Жұмағазы Бәйімбетов, Жұмаш Қабыланов, Қосжан, Досжан Қараевтар бастаған бір топ басшыларын билік өкілыртұтқындайды да, атып тастайды.
Бұл суық хабар халықты қайтадан қобалжытып Аламесек, Қармақшы, Қарсақпай аудандарының территориясында және осы аудандарда өмір сүріп жатқан табын, шөмекей, алтын, қыпшақ рулары Қожбан Жұбановты хан сайлады. Көтеріліс қайтадан жанданады.
Жұмағазы Бәйімбетов тергеу барысында: «Соңғы жылдары Кеңес өкіметі қазақтарды әртүрлі репрессияға ұшыратты.Байларды кәмпескелеп, өздерін жер аударды, басқаларына аса ауыр салықтар салды, руларды ыдыратып жіберді. Бәріне де қысым жасады. Одан соң, елдің еркіне қарамай күштеу жолымен колликтивтендіру жүргізді. Салықтардың түрі көбейіп кетті. Өткелсырья деп, ауыл адамдарының соңғы киіп жүрген киім-кешектерін сыпырып алды. Үндегеніміз жоқ. Халық осының бәріне көніп келді. Бірақ, дінді жоюға кіріскен кезде халықтың шыдамы таусылды. Соңғы кездері намаз оқитын үйлерді қиратты, әкімшілік жолмен мешіттерді жапты. Бұл Кеңес үкіметінің үлкен қатесі деп білемін»–деп, жауап берген.
Қарақұм көтерілісінің рухани жетекшілері Орынбай Қарынбайұлы мен Тәуекел Боранбайұлы осы көтеріліс жөнінде көптеген мәлімет қалдырды. Ақын-жыраулар халықпен бірге болып, көтерілісшілерді жігерлендіріп, олардың рухани көсемдеріне айнала білді. Биліктің өрескел қателіктері мен үкімет шенеуніктерінің озбырлықтарын сынға алған шығармалары үшін қос ақынға кеңес үкіметіне қарсы теріс пікір тудырды деген айып тағылып, ОГПУ үштігі қаулысы негізінде 1931 жылдың алғашқы күндері атылып кетеді. Осы көтерілісті баяндаған Тәуекел ақын:
-Хан болды, әмір етіп Жұмағазы,
Құдайға тәкпір-зікір айтқан назы.
Тілектес дін қарындас мұсылман деп,
Тиіпті ханның жазған бір қағазы.
Шартына шариғаттың тура келді,
Есіткен бұл жұмысты тура халқы.
Шөмекей, Алтын, Жаппас, көштік Табын,
Қыпшақ та көтерілді естіп даңқын.
Халайық Қарақұмға келдік тегіс,
Жаудан да хабар бар еміс-еміс… – деп жырлайды.
Сол жылы жазалау орындары Қарақұмды паналап жүрген қазақтардан тазалау операциясын жүргізіп, құмдағы ауылдарды Сыр бойына күштеп көшіреді. Бірақ, бірқатар көтерілісшілер сай-сайды паналап, жасырынып қалды. Олардың кейбіреулері 1940-1950-ші жылдарға дейін Қарақұм мен Қызылқұмда жасырын тіршілік етті. Колхоздың ауыр жұмысына жегілген шаруалар Қарақұмдағы сол ағайындарға қашып барып, солардан пана тауып, әпәжептәуір өмір сүрген. Қартқұлақ қариялардың айтуынша кісікиік өмір сүрген ағайындардың толыққанды ел қатарына қосылулары көсем Сталин дүние салған соң ғана іске асқан. Шағын ауылдарға бөліне, жасырынып өмір сүрген олардың негізгі күнкөріс көзі төрт түлік мал болды, сонымен қатар, өзен-көлдерден балық аулап, аңшылықпен және аз-кем егіншілікпен айналысты. Бұл жөнінде төмендегі архивтік құжаттар дәлел бола алады.
Қызылорда облысы Жалағаш аудандық НКВД бөлімінің бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты Жұмахановтың Жалағаш аудандық РККП/б/К хатшысы Кистановқа 12.ХІ.1941 жылы жазған №268 аса құпия баянатында: «Мәдениет аулы халқының бір бөлігі 1930-1932 жылдар аралығында бүлікші банды бай-молда элементтерінің ұйымдастырған көтерілісіне қатысқан. Жалағаш ауданының негізгі халқы ұлттық-буржуазиялық Алаш-Орда ұйымының белсенді мүшелері ретінде және байларды тәркілеу кезінде банды көтерілісшілерінің алдыңғы сапында болды. Қызыл Армия бөлімдері банды көтерілістерін басып-шаншып, ұйымдастырушылары мен белсенді мүшелерін ОГПУ-НКВД органдары қамап, репресліұмда жасырынып қалды, кейбіреулері Ауғанстанға өтіп кетті. Ал осы көтеріліске қатысқандардың басым бөлігі кедейлер өз орындарында қалды.
Айта кетуіміз керек, Қарақұм, Қызылқұм құмдарында тұрақтап қалған 250 қожалық осы кезге дейін сонда өмір сүріп жатыр. Құмдағы бұл қожалықтар колхоздарға қосылмай өз беттерінше өмір сүруде. Олар еш жерде тіркелмеген және ешқандай салық төлеп, өздерінің мемлекетке тиесілі тапсырыстарын енгізбейді, қолдарында төрт түлік малы көп. Негізгі күнкөрістері мал бағу және аңшылық кәсіп. Бұл қожалықтар Жаңаталап, Мақпалкөл, Жамбыл, Қызыл Жұлдыз, т.б. колхоздармен жиі байланыс жасап колхозшылардан нан және басқа да қажетті азық тауарларын малға айырбас жасайды.
Осы жылдың қазан айында Қызылқұмнан келген бірнеше адам, яки көтерілісші банды мүшелері, Калинин ауылсоветіне мал және ақбөкен, ғатқан. Бұлардың келуінің мақсаты тек айырбас емес екені анық, олар осындағы кейбір элементтермен байланысқа түскісі келген. Бұл жөнінде жергілікті партия мүшелері ешқандай шара қолданбаған, керісінше, партия хатшыларының өздері аталған бандыларды жасырып отырған. Мысалы: 03.ХІ.1941 жылы Қызыл Жұлдыз колхозына Қызылқұмнан, басшысы Сүйіндік деген кісі бірнеше түйе жетектеген керуенмен бір топ адам болып келіп, колхоз порторгы Рахмет Жақыпов құдасының үйіне түскен, олар колхозшылармен нан айырбас жасаған. «Күтпеген қонақтардың» келуінің негізгі мақсаты әзірше анықталған жоқ. Ауылхоадамдардың колхозға келіп сауда, айырбас жасап, емін-еркін жүріп-тұруларына мүмкіндік беріп отыр, соның салдарынан кейбір колхозшылардың Қызылқұмға көшіп кету фактілері анықталуда. Жамбыл колхозының колхозшысы Жұматай Ізбасаров 27.Х.1941 жылы өзінің жекеменшігіндегі түйесімен көшіп кеткен және басқа колхозшылар да көшуге ниеттеніп отырғандықтары байқалады. Соңғы кездері айырбасқа Қызылқұм жақтағы Тамды ауданынан (Қарақалпақстан) жиілеп кеткендігін <тіреді.
Қорыта келе, кеңес билігінің озбырлық саясатына шыдамаған халық 1930 жылдың наурыз айында Сыр бойынан үдере көшіп Қарақұмды (Арал Қарақұмы) паналайды. Көтерілісшілерге кеңес билігінің мәселені бейбіт жолмен емес, әскери соққы беру арқылы шешім қабылдағандығын архивтік деректер айғақтауда. Жазалаушы қызыләскер жасақтары Қарақұмды жан-жақтан қыспаққа алып, көтерілісті бір сәтте бағкше табиғи жағдайы мен көтерілісшілердің өз жерін қорғаудағы табандылығының арқасында әскери операцияның орындалуы тығырыққа тіреледі.
Халыққа қарсы жүргізілетін соғыстың ұзақ мерзімге созылатындығын түсінген билік көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге мәжбүр болады. Төрт күнге созылған келіссөз барысында мемлекеттік комиссия өкілдері өз тарапынан көтерілісшілерге әскери қимылдарды тоқтатып, барлық қару-жарақты тапсыру, тұтқындарды босату секілді талаптарын ұсынады. Бұл ұсыныста кеңестік билік атынан көтерілісшілердің де талаптары орындалады деген кепілдік беріледі. Көтерілісшілер келісімге келіп, қару-жарақтарын тапсырған кезде үкімет екіжүзді саясат ұстанып оларды тұтқындай бастайды. Бұл суық хабардан соң халық қайтадан қолына қару алып, көтеріліс одан әрмен жалғасады.
Көтерілісшілермен келісім жасаған мемлекеттік етн, байларды және діни қызметкерлерді жылдам ұстап беруді талап ету орынсыз, бұл мәселені мұнан гөрі қолайырақ жағдай жбілдіреді. Осы комиссия мүшелері және большевиктер саясатын іске асыруға атсалысқан сол кезгі қазақ зиялылары тәуелсіз Қазақстан тарихында өз әділ бағаларын әлі алғанagagraph —>
Көктемнен бері Қарақұмға шоғырланған халық пен кеңес әскері арасындағы шайқастың ең ақырғысы 1930 жылдың 8 желтоқсанында Тыныштықбай үстіртіндегі көп сайлардың бірі Көжебайда болып, көтерісшілер талқандалады. Белсенді деген 586 адамның 175-і ату жазасына кесіліп, қалғанрг.
Қазіргі таңда Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейіқұан арнайы экспозиция жасақталған.
2007 жылы белгілі өлкетанушы Ахмет Тілеулиевтің «Қарақұм» атты көркем туындысы кітап болып жарық көрді.
31 мамыр – репрессия құрбандарын еске алудым қойнауындағы Әлментай шоқысына, сол зұлматта шейіт болған арыстарға арнап жалағаштық ұрпақтары «Қарақұм көтерілісі боздақтарының рухына» атты ескерткіш тақтасын орнатты.
Сол жылы М.Шөмекейдің тарихи деректер негізінде жазылған «Қарақұм трагедиясы» атты екі актілі драмалық пьеса жызылып, сахнararagraph —>Қазақ тарихындағы осы тарихи оқиғаны есте қалдыру мақсатында Жалағаш кентіндегі Тағзым алеясына 2018 жылдың қазан айында «Қарақұм көтерілісі» ескерткіші бой көтерді.
Қарақұм көтерілісі өзінің сипаты жағынан кеңестік әміршілдік жүйеге қарсы бағытталған әділетті бас көтеру болды. Ол Қазақстан тарихына кеңес үкіметінің күштеп ұжымдастыру, кәмпекелеу саясатына қарсы бағытталған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бір бөлігі ретінде енуі тиіс.
Марат Шөмекей, Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері