Қайталанбас сол күндер
Оның үстіне, ол кезде Қазақ мемлекеттік университеті еліміздің маңдайалды оқу орнының бірі-тін. Осында білім ала жүріп, ұлтымызға тірек болған талай ұлы тұлғалармен жүздесіп, олардың кітаптардан табылмайтын ой-толғамдарын санамызға сіңірдік.
Бұл кісінің арқасында талай бетке тұтар көрнекті де әрі майталман зиялы қауым өкілдерімен де таныстық. Үстіміздегі жылы 90 жылдық мерейтойы аталып өткелі отырған қазақ вальсінің королі, Қазақстанның халық әртісі, қайталанбас комвпесіп, тәлімді де ұлағатты сөздерін ұйып тыңдаған едік.
Шәкең — шағын ғана бойлы, бірақ ширақ та қағілез жан болып шықты. Даусы да әндері секілді құлаққа өте жағымды. Мақтаннан аулақ, қарапайым ғана өнер қайраткері бәрімізді бірден баурап алды.
Оған дейін де біз осынау ұлы сазгердің әндеріне қанық едік. Себебі, оның әндерінсіз бірде-бір кеш, той-томалақ, басқосу дегендеріңіз өтпейтін. Меніңше, барша бауырларымыз да оның шығармашылығына аса құрметпен қарады.
Қолына қалам ұстаған журналист ретінде осы көрнекті тұлға жайлы әлардың бәрін жүрек сүзгісінен өткізгенімді жасырмаймын.
Оқырман ол туралы хабардар болғанмен, кейбір жайларға тоқталғанды өзімнің азаматтық парызым деп санадым. Мұндай қайталанбас мәдениет майталмандарының ғұмырын қанша жазып, өскелең ұрпаққа қанша насихаттасақ та артық болмайды.
Кезінде солақай саясаттың кесірінен мұндай бауырларымызға да оңай соқпағаны белгілі. Сол тарихтан белгілі жылдары Шәкеңнің ағайын-бауырлары да, басқа азібұзылмаған киелі оңтүстік өңіріне қоныс аударған.
Жергілікті қандастарымыз да оларды жайдары да жылы жүзбен құшақ жая қарсы алған. Содан олар осында тұрақтап қалып, ұрпақтары үлкен қауымға айналды. Осындағы бауырларымызбен құда-құдандалы, жегжат-жұрағат болып кетті.
Оның шын есімі – ><:paragraph -->
Қазақтың заманауи эстрадасының негізін қалаушылардың бірі – Шәмші Қалдаяқұлын білмейтіндер жоқтың қасы. Ал шырайлы Шымкент қаласынан едәуір жерде жатқан, күллі түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан шаһарына жолы түскен қаракөз бауырларымыз оған жақын орналасқан Он
Өйткені, аталмыш ауданда Шәмші ағамыз 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келді. Сол себептен де ол кіндік қаны тамған Шәуілдір селосын соңғы демі біткенше қадір тұтты. Осынау қасиетті топырақты төл шығармаларына арқау етті. Шәкең дүниеге келгенде он саусағынан өнер тамған ұста, қарапайым, яғни, зергер Қалдаяқ атамыз балашан л кезде ол кісі ұлының даусын әншілерге ұқсайтынын бірден байқапты. Ал есімін Жәмшид деп қойды. Қалдаяқ атамыздың шаңырағында Тұмаркүл, Раушан, Райхан, Қадыр және басқа да бауырлары болған. Олардың әрқайсысының отбасында алар орны бөлек еді. Әншілік кейіпкерімізге нағашы жағынан жұққан сияқты. Өйткені шешесі Сақыпжамал апамыздың өзі әншілігімен айналасындағы жұртшылықтың ықыласына ие болыпты. Жалпы, Қалдаяқ атамыз өзі кедей болғанымен, ркін тіршілігіндегі байлыққа балаған, өнерді пір тұтқан адам болған. Оның шын аты – Әнапия екен. Сүйікті жеңгелері аяғындағы қалына байланысты Қалдаяқ деп атап кетіпті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол кісі болашақта қазақ халқының маңдайына біткен жұлдызына айналар сүйікті ұлын жыласа кәдімгі домбыраның сазымен жұбатып, кімді болсын тебірентпей қоймайтын киелі қобыздың үнімен күлдіріп отыратын деген де сөз бар ел арасында. Қазіргі Түркістан облысына қарасты, көршілес Өзбекстанмен іргелес жатқан Сарыағаш ауданында Қапланбек зооветеринарлық техникумы болған. Бұл күндері . кезінде әлгі орта арнаулы білім ордасына студент болып қабылданып, зоотехник мамандығы—!— wp:paragraph —>
Тепсе темір үзетін бозбала жолдама бойынша ата-бабаларының ізі қалған Ақтөбе облысына аттанады. Содан осы өңірдегі Мұғалжар ауданындағы «Темір» кеңшарында зоотехник болып қызмет атқарады. Әрине, жергілікті бауырларымызбен тонның ішкі бауындай араласып, Кеңес әскеріне шақырылғанша осында еңбек етеді. Күнделікті қызметін абыроймен атқарумен қатар, орайы келген сәттерде ішекті музыкалық аспабын өзімен бірге ала жүріп, мал шаруашылығымен айналысатын ағайындардың еңсесін көтеріп, оларды жасампаздық іске жетеледі. Ата-жндінің бауырмалдық қасиеттерін көрсеткен. Алайда оны өнерге деген іңкәрлік өзіне тарта берді. Соны жүзеге асыру мақсатында Ташкент шаһарындағы музыка өнеріне баулитын училищеге түсті. Өнерлінің өрісі кең Артына өшпес рухани мұрасын қалдырған көрнекті тұлға Өзбекстанның жт саласының қаншама майталмандарымен танысып, өз мамандығының қыр-сырын терең меңгеруге ерекше талпыныс жасайды. Шәмші аға студенттік жылдарында ұлтымыздың бұлбұл қыз ы, Қазақстанның халық әртісі, күллі халқымыз ардақ тұтқан Жамал Омаровамен кездесіп, оның арты үлкен сыйластыққа ұласады. іңен құштарлықты көргендіктен, одан қолдан келген көмегін аямады. Оның тікелей ықпалымен Алматы қаласындағы қаншама өнер тарландарын дайындаған Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті атанады. Осы арада ұлтымыздың музыка саласының ірі білгірі, әлгі аталған жоғары оқу орнының сол кездегі ректоры Ахмет Жұбановтың да жас таланттарға деген айрықша қамқор болғандығын, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, олардың қанатын кеңінен жайып, өздерін жан-жақты көрсетулеріне даңғыл жол ашқандығын да тілге тиек еткенімізpaparagraph —>
Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі Шәкеңнің сазгерлікке деген қабілет-қарымын сезгендіктен де шығар, оны консерваторияның композиторлық факультетінде тиянақты білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрін де жасайды. Жалпы, ол сазгерлікпен өткен ғасырдың орта кезінен шұғылданған көрінеді. Ұлтымыздың мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың бұлақтың мөлдір суындай таза, кез-келген кісінің құлағының құрышын қандырар, қиялын қияндарға шарықтатар 300-ге жуық сыршыл да лирикалық әндерін еліміздің музыка мәдениетіне қосылған үлкен бір жеке қазына, рухани байлық десек еш артық айтпаған болармыз. Оның өткен өмірінде шығармаларын халыққа кеңінен танытуда сол кездегі замандастары, яғни ән өнеріндегі есімдері алтын әріппен жазылған, жоғарыда аты-жөні аталған Жамал Омаровамен қатар, өзіміз кезінде жүздесіп, тілдесу бақытына ие болған Халық қаһарманы Ротіөлегенова және басқа да қаншама ағаларымыз бен апаларымыз оның әндерін үлкен сахналарда аса шеберлікпен орындап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Шәмші Қалдаяқов — бүкіл шығармашылығы жүректерде мәңгілік сақталған, ән әлемінде қайталанбас бақытты тарихи тұлға. Қайтыс болғанынан бері арада қаншама жылдар өтсе де бояуы қанық, әуендері кез-келген кісіні бірден баурайтын туындылары өмірше. ph —>
Қазіргі таңдағы мәдениет саласының қайраткерлері, әншілер, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, халық әртістері Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева секілді қазақтың аяулы қыздарымен қатар, өнер саласының биік шыңына көтерілген, өзіндік ерекше даусы бар Нұрлан Өнербаев, оның ізін басып келе жатқан Сәкен Қалымов сияқты інілеріміз де Шәкеңді еске алуға арналған түрлі шығармашылық кештерде халықтың тарапынан ілтипатқа бөленіп жатқаны белгілі. Дарынды сазгер туралы қанды аталатын журнал да жарық көріп, оқырмандарға жол тартты. Оның баспалардан шығуына ұлтымыздың жүрегі елім, халқым деп соғатын намысты азаматтары үлесін қосты. Осы арада сазгер әрі журналист Қалдыбек Құрманәлінің де сіңірген еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. «Менің Қазақстаным» әні — рухыңды асқақтатады Шәмші Қалдаяқовтың тіршілікте жолы үнемі тақтайдай тегіс болды десек, әрине, қателескен болар едік. Талай қиындықтарды бастермады. Өзінің табандылығы, қайтпас қайсарлығы, таңдаған композиторлық кәсібіне деген шексіз шынайылығының арқасында бәрін де жеңе біліп, өнер мен мәдениеттің биік шыңына көтерілді. Кейбір деректерге назар аударатын болсақ, ағамыз сонау бір жылдары Жамбыл облысында дүңгендер тұратын ауылда да ғұмыр кешті. Алайда, 60 жылдығы жарық дүние есігін ашқан Отырар ауданындағы Шәуілдірде атап өтілді. Жерлестері оған үлкен қолдау көрсетті. Өзінің балалық шағының ізі қалған Түркістан өңірі мен бұл күндері еліміздегі үлкен үш қаланың біріне айналған, биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент шаһарының жұртшылығы да оны асыға күтіп отыратын. Ол соған әбден лайықты да еді. Ә шжүректерге жетеді. Соны білетін ол қазақтың ақиық ақындарымен тығыз шығармашылысеазылған, бұл күндері рухани қазынамызға айналған «Ана туралы жыр» шығармасының мәтінін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сөйлесе сөзге шешен, талай поэзиялық туындылардың авторы, арқалы ақын Ғафу Қайырбеков жазды. Біздіңше, бұл күндері осынау кез-келген жүректі толғандырмай қомайтын туындыны орындамайтын әнші, тыңдамайтын қазақ жоқ шығар-ау. Сондай-ақ, оның шығармашылық өміайлар Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырза Әлі, Төлеген Айбергенов сияқты көптеген қаламгерлер туыдыгі қарым-қатынаста болды. Ол, негізінде, мысқалдай да атақ-мансапқа, лауазымға қызықпады. Өзінің жазған шығармаларынан ләззат алып, олардың туған халқының жүрегінен жол тапқанына іңа көп көңіл бөлді. Сондықтан болса керек, оның дүниеге келген әрбір әні бауырларының жан сарайларын байытып, мәңгілік өшпес құндылық ретінде мұра болып қалды. Ұлы композитордың шабытпен жазған дүниелерінің қай-қайсысының тарихы бар және мән-мағынасы тереңде жатыр. Мәселен, оның «Ана туралы жыры» 1961 жылы шықты. Кішкентайынан алақанына салып, аялап өсірген шешесі қайтыс болғанда дер кезінде келе алмады. < - -->
Сонда қатты тебіреніске түскен композитор анасы Сақыпжамал апамыздың құрметіне әннен мәңгілік ескерткіш қоюға белін бекем буады. Үлкен толғаныстан кейін өмірге тамаша туынды келді. Бұл шығарма, шын мәнінде, күллі қазақ жұртының көңілінен шықты. Композитордың беделін бұрынғыдан да асқақтата түсті. Оның бұдан басқа да жазған әндері жетерлік. Солардың ішінде «Қарагөз», «Қайықта», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», «Арыс жағасында», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Сыр сұлуы», «Ақерке — Ақ Жайық», «Бақыт құшағында», «Ақмаңдайлым» және басқалздлады. Шәмші ағамыздың өмірінде «Менің Қазақстаным» Әнұранының алатын орны ерекше дер едік. Өздеріңіз білесіздер, сонау Никита Хрущев Кеңес Одағын басқарып тұрған кезде солтүстіктегі бес облысты — Ресейге, Оңтүстік Қазақстан облысындағы үш ауданды — Өзбекстанға, Маңғыстауды Түркіменстанға беру жөнінде әңгіме болғаны жасырын емес. Сөзін ұлы сазгер секілді артында өлмес әдеби мұра қалдырған аса көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов жазды. Сол кезде Шәкең – 26, Жұмекең небәрі 21 жаста екен. Отанын сүйген ұлдардың бірлесе дүниеге әкелген осы туындылары қандастарымызға асқақ рух берді. Талай бауырларымыздың намысын қайрап, шын мәнінде қанат бітіргенанбастан композиторға қолдау көрсетіп келе жатқан аяулы апамыз Жамал Омарова орындап, ол кейін қалың жұртшылыққа жетті. Қазіргі таңда аталмыш туынды орта мектептерде жиі орындалады. Аса маңызды басқосулар да онымен басталады. Кешегі 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы студент, жастар көтерілісі кезінде де жастарымыз осы әнді орындап, өздерінің нағыз патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін көрсетіп, туған жері үшін жан аямай күресе алатындығын айқын танытты. Сонау бір жылдары Шәмші ағамыз өз сөзінде «Түбі менің осы әнім елімнің әнұраны болады» деген көрінеді. Сол айтқаны айдай келді. Өйткені, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ұсынысымен, «Менің Қазақстаным» әні мемлекетіміздмешілікке аян болса керек. Шәкең қайсы әндеріне болсын туған топырағын арқау еткен. Махаббат тақырыбына да жазған шығармалары баршылық. Мысалы, сүйген жары Жәмила апамызға, Сағынышқа, Изольдаға, Шарипаға арнаған туындылары да зиялы қауымға жақсы таныс. Туған халқының нағыз патриоты, ән әлемінің падишасы Шәмші Қалдаяқов егер тірі болғанда үстіміздегі жылы 15 тамызда 90 жасқа толар еді. Алайдасы92 жылы 29 ақпанда алып кетті. Қазақ халқы ұзақ қайғырды. Оның денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына қойылды. Шәмші Қалдаяқовтың отбасы жайлы тоқталатын болсақ, Жәмила апамыз екеуі қос ұлдарына тағылымды тәрбие берді. Әбілқасым мен Мұхтар да кезінде Күләш Байсейітова атындағы арнайы мектепті тәмамдады. Бірі – пианиноны, екіншісі скрипканы терең меңгерген. Сөйтіп, олар әкелерінің жолын қуып, үмітін ақтады. Тіршілігінде қарапайым ғана ғұмыр кешіп, ешқашан да дүниеге қызықпаған тұлға кезінде Қазақстанның комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Дүниеден өтерден біраз уақыт бұрын ғана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, халық әртісі атағына ие болды. Шығармашылргғын жоғары бағалаған халқымыз қаншама құрмет көрсетті. Оның атындағы Халықаралық фестиваль жалғасын тауып, талай жас дарындарды көпшілікке танытты. Өзінің жастық шағы өткен шырайлы Шымкент қаласындағы облыстық филармонияның алды мен саябақта оған зәулім ескерткіш орнатылды. Осы шаһар мен Алматыда, Нұр-Сұлтанда оның есімінде көше бар. Өзі туып өскен Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылындағы музыка мектебіне де Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілген. Сондай-ақ 1991 жылы аса даңқты композитордың мағыналы ғұмырына ің аталатын деректі телефильм түсірілгені де жұртшылыққа мәлім. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» деп аталатын естеліктер мен мақалалар жиналыағасын алды. Сонымен қатар, оның «Әндер», «Бақыт құшағында», «Сағынышым менің», «Менің Қазақстаным», «Шәмші әлемі» деп аталатын әндер жинағы да оның шығармашылығын жоғары қоятын талғампаз жұртшылықтың үйлеріндегі кітап сөрелерінен берік орын алған. Міне, кішкентайынан ешкімге ұқсамайтын дара бала өсе келе өнер жолын таңдады. Ән әлемінде өзінің жарқын ізін қалдырды. Ол өзінің ұлылық, қарапайымдылық қасиеттерімен баршаға ғибрат. Оразалы Жақсанов