Елбасымыз бастап берген «Рухани жаңғыру»  аясында ежелден жер жәннаты атанған Жетісу аймағының көне тарихы, киелі сәулеткерлік ғимараттарымен мәдени жәдігерлері, жер атауларының шығу тарихы бұрынғыдан кеңірек зерттеліп зерделене түсуде.

Жетісу — тарихи-географиялық аймақ, исі қазақтың құт мекені әрі  найзаның ұшымен, білектің күшімен ғасырлар бойы жерін жаудан қорғап, суын еміп, даласоналықтың қастерлі тұрағы.

Жер жаннаты саналған Жетісуда киелі жерлер мен  қасиетті қорымдар     баршылық. Осы кезге дейін мәлім де беймәлім боп келген киелі де қасиетті жерлерді өлкетанушылық, ономастикалық және топонимикалық тұрғыдан  зерттеп-зерделеу, есепке алу, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалүннің қатарында.

    Өйткені, Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды міндеттеуі, ондағы  «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.  …. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Сондықтан ағлысы, Райымбек ауданының Шәлкөде жайлауындағы жергілікті халық қадір тұтып, қасиетті санайтын  жерлердің орналасуын мәлімет берушілерден жиналған аңыздар негізінде қолдан келгенше сараламақпыз.

Киелі қорым-кешендер

Шәлкөде таулы жайлауы өзі қарасты ауданның солтүстік-шығысында, Кетпен жотасының оңтүстік баурайында, Шалкөде өзен алабын бойлай шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 35-40 км-ге созылып жатыр. Шәлкөде жайлауы таулы жайлауларға жататыд. Ол теңіз деңгейінен 2000-2150 м. биіктікте  орналасқан. Жайлаудың орта тұсынан  Шәлкөде  өзені ағып өтеді. Мұнда альпілік  шалғын шөптесіндер кездеседі.  [Жетісу энциклопедия. Алматы. 2004 ж. 632 б.]. Осы Шәлкөде жайлауында халық қастер тұтатын бірнеше киелі орын бар. Олар Жанпейістің шамкөрі,  Түгелбай әулиенің  кесенесі және Нұрананың бастауы.  

Жанпейістің  шамкөрі

Бұл өңірде қазақ тарихшылары әлi күнге дейін тереңдеп елемей келе жатқан бiрнеше шамкөр бар. Ерекше зерттеуге тұрарлығы «Жанпейiстiң шамкөрi». Шежіре жолына жүгінсек, Жанпейіс Малқараұлы Албанның Алжан руының  Сырымбет атасынан тарайды. Сырымбеттен – Қангелді, одан – Түке, одан – Райымбек, одан – Әжі, Әжіден – Малқара, одан – Жанпейіс. Жанпейіс Малқараұлы  елге  сыйлы, әділдігімен аты шыққан, әулиелігі де бар ауқатты  кісі болған екен.   ада тұратын А.Усмановтың берген мәліметіне сүйенсек, Ж.Малқараұлы қайтыс болар &nbөркейін жерінің ойран болып,  ұрпағының қырғынға ұшырайтынынан аян береді. Осы түсінен кейін көршілес жатқан ұйғырларды алып келіп, там салдырып,  оның астынан қабір қаздырады және оны бөлмелерге бөлдіріп, өзінің отбасы,  көмекшілері мен жылқышылары жерленетін орындарды көрсетіп кетеді. Жанпейіс баба қайтыс болып кеткен соң  түсі  айдай келеді.  1918 жылы Кеңбұлақта қызылдар 47 адамды атып өлтіреді. Бірақ шамкөрге  тек  Жанпейіс бабаның  тұқымдарын ғана  әкеп жерлейді.

Осы тұста «шамкөр» ұғымына тоқтала өтейік, шамкөр деп аталуы ол жерде  бір адам емес бірнеше  адамға арналып жасалған қабірстан бар, оның төрт жағынан ор қазылған. Осы бір отар қой сиятындай етіп қазылған қабірде отыз алты  адамның  сүйегі жатыр. Қабірге түсе  салған жерде үш адамның  сүйегі бар. Бір жақ шетінде жеті адам жатыр, ары қарай құдыққа түскенде  көлемі 1х1,5 м ақтас бар. Оның  арғы жағында  ағаш сәкі, сәкінің үстінде қара шекпен, қызыл жіппен кестелепейОл – Жанпейіс Малқараұлы. Әдетте мұсылмандар мәйiттi көр қазып, ақым (лахат) шығарып, геде олай iстелмеген. Ақ тастың бергі жағында  төсекте  бір үлкен  адам  жатыр, ол  Жанпейіс бабаның ұлы – Диханбайдың  жылқышысы дейді. Сол жылқышысының  баласы  Естеу деген кісі қазірде Қарасаз ауылында тұрады. Жасы сексен жетіде.

Одан әрі бір кісінің бауырында 7-8 жасар, екіншісінің қасында 5-6 жасар баланың сүйегі, маңдайшадағы  бесікте  баланың  сүйегі болған.  Кейіннен ол баланы шешіп алып, түпкі бөлмеге  кіргізген. Бізге жеткен мәліметке сүйенсек, Жанпейiстiң ұлы Диқанбай да өз заманының тарихи тұлғасы болған.  Диқанбайды қызылдар қуып барып Жанпейiстiң шамкөрiнiң iшiнде бүкiл отбасымен, бесiктегi сәбилерiмен қосып қырып тастаған екен. Қорымның оң жағында  Диханбай, Мышан, Әбілқасым, Қата, Сағат, Қанымай деген кісілердің сүйегі бар. 1992 жылы жергілікті ауыл тұрғындары шамкөрге  түсіп, расында да  онда отыз алты адамның сүйегі болғанын айтады. Жанпейіс баба ұрпақтарының  бірі, өлкетанушы-жазушы Тұрсынжан Әлдибекұлының мұрағат қорларынан жинаған мәліметіне сүйенсек,

Жанпейіс  Малғараұлы (1788-1886);

Диханбай Жанпейісұлы (1849-1918);

Құдайберген Диханбайұлы (1875-1918);

Құсайын Диханбайұлы (1886-1918);

Мүшан Диханбайұлы (1893-1918);

Әбілқасым  Масақбайұлы (1888-1918);

Қата Мергембайұлы (1887-1931);

Қанымай Мергенбайқызы (1901-1931);

Сағат Сатылғанов (1897-1931);

Осында аты аталған Диханбай мен  Мергенбай  құда, қатарлас болған. bs 1931 жылы  ашаршылық басталған шақта  Қата  Мұз Дауан, Сары Дауан асулары арқылы албандарды Қытайға  алып өтеді. Адамдарды ары-бері тасып жүргенін  сезген жансыздар Сағат пен Қата Қытайға адам өткізіп жүргенін билік өкілдеріне жеткізіп, содан оларды Айғайтастың  арғы  жағындағы  Бөдетіден тосып  алып, әскерлерлер атып өлтіреді. Тұрсынжанның  әкесі Әлдибек пен Әбілқасымнан қалған бір ұл Қата, Қанымай және Сағатты  осы  шамкөрге  әкеп жерлейді.

Жоғарыда аталған Диханбай Жанпейісұлы (1857-1918) ұзақ жыл ел басқарып болыс болған, албаннан шыққан  танымал ру басылардың бірі болған. Сөзге  жүйрік Қызылбөрік Бөлтірік  ақын:

«Албанда Диқанбайдай жақсы  тумас,

Әр істе  жамандықты әсте қумас», — деуі  оның жұртына  ықпалды, бауырмал, ел қамқоры екені  аңғартады. 1916 жылғы қанды тарих жазылған «Ереуіл  төбе  әсерлері» атты кітапта  Қарқара қазақтарынан  Ақ патша  үкіметі  67 адамның аты-жөнін  толық жазып  көрсеткен. Сол қауіпті, атылуға тиісті  15 адамның  тізімінде  «Диқанбай Жанпейісұлы Алжан болысынан» деп құжатта анық жазылған [Жас Алаш №59-60 (15621-22) 28 шілде, бейсенбі 2011].

Осындай сом тұлғаның қазасына  арнап Көдек  ақын жазған Диқанбайды жоқтау»  атты шығармасы  сол кездегі тарихи  жағдайдан  дерек береді. Орыстардың  Диқанбай &nbspnbын  көз алдына   былай  елестетеді:

«Сегіз сары, Алжан ек,

Ұраның қайда сондағы.

Екі болыс Байынқол,

Қаланы жақтап оңбадың.

Алғанын жиып бермей ме,

Албандай тұрса орманың.

Бізге  келген қайғыға,

Келмей ме  жұрттың толғағы.

Құрбандықтың  айында,

Бізге келген селебе.

Сексен бес орыс  келіпті,

Селебе емей немене», — дейді. Диханбай  Жанпейісұлы туралы өлкетанушы-қаламгер Ж.А. Қалдыбаев: «Менің  туған шешемнің  аты  Әлди деген кісі  еді. Ол Диқанбайдың  ең  кіші  қызы болып келеді, әкелерінің қалай өлгенін, сонымен қоса Көдек  өлеңдерінің  басым  көпшілігін  сол шешемнің  аузынан естіген едім. Шешем марқұм  1982 жылы дүние салды, сондағы  кейде жылап, кейде өксіп & & «Тәтемдерді (әкесін  айтады) орыстар  қырғанда  мз тем 61 жаста, ағаларым Құдайберген 43-те, Құсайын 32-де, Мышаөтp;арнайы шақырттық, ол кісі  ауылға келіп, бізге бір ай бойы ж б-мүлікті  түгелдей алып Нарынқолға, Жаркент жаққа &nbspіні бар оқиғаларды  айтып отыратын. Диқанбайды &nbsp аалды, дембелше  келген толық денелі, қызыл шырайлы нұрлы  к жқтағанда бас жағы күзетіп отыратын еді», – дейді.

< <

Түгелбай әулие

Түгелбай әулие көзі тірісінде: «Мен қайтқан соң күмбезімді  балықтың  майымен  майлаңдар», — деген өсиет қалдырады. Осылайша Түгелбай Әденұлы о дүниелік болғаннан кейін ағайын- туыстары ақылдаса  келе  Ілеге  барып балық сүзіп келуге бекиді. Осы келісімнен кейін кенеттен жел көтеріліп, аспаннан  жаңбырмен қоса балық жауған деседі. Қазақтың «өлікті  су аттатпайды» деген ырымы бойынша  сол Шалкөде жайлауына арулап жерлейді. 2016 жылы  осы  Түгелбай  әулиенің кесенесін жаңартқан азасмbsp;айтуы бойынша кесенені қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жүргенде  жанына бір ақсақал келеді. Аты Түктібай, 76 жаста екен. Сол кісіден Түгелбай Әденұлының әулиелігі туралы сұрайды. Сонда ол кісі: «Ата-анам балаға  зар болып жүргенде  үлкендердің  айтуы бойынша осы Түгелбай әулиенің басына келіп түнепті. Сол тшы кейін анамның бойына  бала бітіп, сол бала мен екенмін. Көп жылдар Ұйғыйі-шағама  айтып, әуелі Алла, одан кейінгі кезекте шапағаты тиген  Түгелбай әулиенің  кесенесіне жақын маңға көшіп келдім. Қазір мал-жаныммен осындамын» — деп сабақтайды.  

Кезінде Түгелбай әулиенің  кесенесі үлкен болған. Бірақ басына түнеген халық, ырымдап қабырғасынан сындырып алып, ауырған жерлеріне топырағын жағу үшін, ем болсын деп жеу үшін тәбәрік етіп әкете берген. Күндердің күнінде кесене  қабырғалары құлап, таусылуға  айналған. 1987 жылы күмбезі жермен жексен боп көрінбей қалмасын деп  ұрпақтары белгі қойған.  

Ел арасындағы әпсана-әңгімеге жүгінсек,Түгелбай әулиенің үш бұлағы болған. Қазіргі таңда сол үш бұлақты жіпке тізіп айтып бере алатын екі-ақ адам бар екен. Бідаа  тұратын Қанатбек  есімді кісі,  екіншісі  біз сөз еткен Түктібай  ақсақал. Бірнеше жылдардан бері жер-су аттарының шығу төркініне, ел арасындағы аңыз-әңгімелерге және осы өңірден шыққан қасиетті кісілер туралы мәліметтер жинап, өлкетанушылықпен айналысып жүрген Азат Усманов әңгімесінің желісіне сүйенсек: «Түгелбай әулиенің  кесенесін  жаңартамыз деп, негізін қалап жүргенде түсімде  сол үш бастауды  көрдім. Біреуі  трактормен &nbsн   ағатын екеуі көздері жабылып  қ бsp;бұл бұлақтар қайда екен деген қызығушылығым &ерsp;ауыл кісілерінен сұрасам осы саймен &nbspанsp;қораның орны бар. Ол Түгелбайдың қорасы. Соның с рамыз деп күреп тастаған орын бар деді. Тура сол же. таптым, бірақ су шықпады. Тағы екі шақырым жүрген соа ен  су шығып жатыр екен. Жанына жақын барып &nbspма гүрілдейді. Жан-жағына біраз бұлақтар  келіп қосылып жатыал500 метр жерге келгенде көлемі 20 см-дей  аппақ Тnbsp;бес саусақтың   ізі  бар еp;бір қуаныш  кернегендей ерекше  сезімде болдым. Бnbенін кейінірек білдік. Түгелбай ұрпақтары әулиенің басына  құлпытас қойғанда  сол құлпытасқа Түгелбай  әулиенің  жүзігінің суретін қашап салған. Ол жүзікте «АТК» деген жазу бар екен. Ал менің қолымдағы таста да  тура сол жүзіктегідей жазу бар болып шықты», — дейді.

Нұрананың бұлағы (бастауы)

Нұрана (шын  аты Нұрила)  Қожбанбет бидің үшінші  әйелі. Қай жылы  туып, қай жылы қайтыс болғаны  туралы дерек жоқ. Аңыз бойынша Қожбанбет би ел аралып билік айтып жүрген кезінің бірінде, Кеген  асуынан  асқан жерде  Нұрила есімді қыз баланы кездестіріп, сол қызға аңсары қатты ауады. Кісі  жіберіп  айттырғанда Нұрила қыз: «Менің  үш талабым бар:  біріншіден, мен ұйықтап жатқанда, екіншіден, мен шомылғанда және үшіншіден тамақ  ішкенде қарамайсың, осы шарттарымды  орындаса тұрмысқа шығуға келісемін» — деп жауап жіберіпті әлгі кісіден. Қожбанбет би қыздың  талаптарды орындауға бек бекініп, үшінші әйелі етеді.  Содан екі балалы болып, үшіншісіне  жүкті болады. Бір күні Қожбанбет би ойланып, бұл не құпия талаптар болды екен, көрейінші деп шешеді. Нұрана шомылғанда  жеке  үй тігіп сонда жуынады екен. Жуынып отырғанда  қараса, суды жан-жағына шолпылдатып жуынып отырғанын  көреді де: «Ее-е, мынау перінің  қызы екен ғой деп» ойлайды. Анықтап қараса, қолтығы тесік екен. Ұйықтап жатқанда қарама  дегені – аяғы құстың  аяғы  сияқты екен. Қожбанбет бабаның  бақылап қарап тұрғанын  байқап қалған Нұрила: «Ей, Қожбанбет, сен менің үш талабымды да орындамадың,  мына  ішімдегі  егіз бала  еді. Осы екеуі  дүниеге келгенде  мен адам  қалпына  келер  едім. Бұл екеуі дүниеге  келгенде  жер жүзін билейтін патша болар еді. Сен бекер  істедің. Мен бүгін түнде ол әскерлеріңмен күзет, сөйтіп өз қолыңмен арулап  көм» дейді. Ел бnbір мезгілде  барлық  әскер қалғып кетеді. Сол мезетте  Нұрила құс болып  ұшып кетеді де қазіргі  бастауы  бар жерге қонады. Содан «Нұриланың бастауы» аталған. Бұл бастау  Төтенің  асуынан  асқан соң 200 қадамдай қашықтықта орналасқан. Қожбанбеттің  Нұранадан туған екі баласы  әлі  күнге дейін аталмайды. Ол кісілердің  ұрпақтары Өзбекстанда тұрады, әкелеріне  ренжіп  көшіп кеткен деседі. Нұрила ананың бастауы үлкен ақ тастың  үстінен шығып  жатыр. Шашырап аққанда оң жағына 100 метр сол жағына  100 метрге құстың қанаты сияқты шашырап  ағады. Алыстан қарағанда күнге шағылысып нұр төгілгендей сипатқа енеді. Сол себепті халық арасында «Нұрананың бастауы» аталып кеткен.

 Бұл айтқандарымыз  аталмыш өлке тарихының кішігірім парасы ғана. Бұл аймақтың  әлі де зерттеу нысанына ілінетіндері баршылық.  

  С.ӘШІМОВА,