Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының еліміздің жаңа тарихи-мәдени кезеңге қадам басып, ұлттық құндылықтарымызды жадымызда жаңғыртып, өткенімізді қайта түлетіп халқымыздың игілігіне айналдыруда маңызы өте зор. Қоғамға ерекше бір серпін берген мақалада Н.Ә.Назарбаев: «Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды» -деген еді.
Осы орайда рухани жаңғыру Алаш қайраткерлерінің өмірін, қызметін, артта қалдырған мұрасын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Алаш қайраткерлерінің өмір жолын, мұрасын зерттеп, зерделеп оны жас ұрпақтың бойына дарыту рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудың кепілі екенін түсінуіміз керек.
Рухы биік түркі халықтарының арғы атасы атанған «Алаш» атын алған «Алаш» партиясы қазақ халқының, қазақ даласының тарихыармен мәнін, идеялық бағытын, меніңше либералды-буржуазиялық деп анықтауға келеді, өйткені сол уақытта Қазақстанда алғашқы қатардағы міндет патриархалды әлеуметтік-экономикалық қатынастардан құтылып, толыққанды капиталистік дамуға өту болған деп тұжырымдауға болады. Дегенмен, халықтың негізгі бөлігінің саяси танымының дамымағандығы және саяси ұйымдардың тым аздығы «Алаш» партиясының көп мәселелер бойынша буржуазиялық емес, жалпыхалықтық ұстанымдарда болуын талап етті. Алаш қайраткерлері екі маңызды саяси ұйымның өкілдері бола келе, оқу-ағарту ісіне, белгілі бханін түсіндіруге көп көңіл бөлді.
1917 жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызында Орынборда тұңғыш қазақ съезі өткені белгілі. Оған Ақмола, Семей, Сырдария уәлаяттарынан, Бөкей Ордасынан келген адамдар оған қоса Қазаннан, Уфадан, Орынбордан қысқасы бас-аяғыүш жүздей адам қатынасқан, олар «Қазақ» газетінің айтуынша, ылғи «ығай мен сығайлар» болған. Онда жаңа тәртіп жайы, жалпы қазақ съезі, барша мұсылмандар съезі, дін һәм оқу, жер мәселесі, баспасөз, ақша, соғыс және жұмысшылар, бүліншілік және өзге де ұлттық рух жөніндегі мәселелер қаралды.
Съездге қазақ мұсылмандарынан Наджиб Хәлфин, Орынбор мұсылмандарынан Ғабділғазиз Фәхретдинов, Ахмет Байтұрсынов, Ақтөбе мұсылмандарынан Имам Абдулбаниев қатысты. Бұл съезд жағдай қиын кезеңде болғандықтан, қазақ елі түгел қатынаса алмаған, қаралған мәселелері де шала-шарпы жасалғанға ұқсайды.
1917 жылы 21-26 шілде айында Алаш ұлт-азаттық қозғалысына қатысты пікір білдіріп, ұйымдастыру жұмыстарын атқарып жүрген бірсыпыра ұлтжанды азаматтардың бастары бірігіп, Орынборда Бірінші Бүкілқазақтық съезін шақырады. Съезге Халел Досмұха
метов төрағалық етті. Жоғарыда айтылған съезд мәселесіне қосымша әйел, сот мәселелерімен қатар қырғыз-қазақ саяси партиясын құру, Киев шаһарында өтетін бүкіл Ресей федералистерінің съезіне қырғыз де к жіберуге баса көңіл аударды.
1917 жылы шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші Бүкілқазақтық съезд қарсаңында «Қазақ» газетінде болашақ автономия туралы әртүрлі мақалалар жарияланған болатын. Қазақ мемлекеті Федеративтік Ресейдің бір автономиялық бөлігі бола ма, әлде өз бетімен тәуелсіз ел бола ма? – деген сұрақтар қойылды. Съезде «автономия-тәуелсіз қазақ мемлекетін» құру идеясын А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлы ұсынған екен. Бірақ Ә.Бөкейханов осында «демократиялық, федеративтік және парламенттік Ресей республикасының құрамындағы «қазақтардың ұлттық территориялық автономиясы болуын жақтайды». Ұзақ айтыстан соң, съезд басым көпшілікпен Ә.Бөкейхановтың ұсынысын қолдайды.
Съезде көтерілген ең маңызды мәселе – ол әйелдер ісі еді. Әр қазақ әйелінің саяси құқы ерлермен тең дәрежеде болуы тиіс деген қаулы қабылданады. Жер мәсе сркін білдіре отырып, орыстарды алып қойған қазақ жерлерінен көшіруге шақырған жоқ, кейін Кеңес кезінде алашордашыларды солай істеді деп айыптауға әрекет жасаған болатын.
Алаш партиясы халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар ұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне шығарды. Бұл ең алдымен оның бағдарламасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау қажырлылықпен атсалысуынан айқынеты Қазан төңкерісінен кейін Алаш жетекшілері тікелей әрекетке кірісті. Оның жарқын мысалы 1917 жылы желтоқсанда Орынбор қаласында шақырған екінші съезі болды. Партия құрылғанша мұндай рөлді кейіннен партия органы болған «Қазақ» газеті атқарып келген болатын. Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың айтуынша, «Қазақ» газетінің оқырмандарына арнау сөзінде, газет-халықтың көзі һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Гатуімегенді естіп, білмегенін біліп, ой-өрісі кеңейеді. Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың әруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық,-деген екен. Мұның өзі «Қазақ» тек ақпарат, үгіт-насихат құралы емес, Қазақстан тәуелсізді үшін күрескен қайраткерлердің ордасы болғанға ұқсайды.
1917 жылдың желтоқсан айының 3-13 жұлдызы аралығында Екінші Бүкілқазақтық съезд өтті. Бұл съездің маңызы Қазақстан үшін зор болды. Дәл осы съезде қазақ-қырғыз автономияс х мәселелері көтерілді. Негізінде Алаш автономиясының құрылуы қазақ тарихындағы үлкен орны бар саяси оқиға болды. Жалпы, Алаш партиясының пайда болуы екі негізгі себеппен байланысты сияқты көрінеді, олар – отарлаушы патша саясатымен күрестің қажеттілігі және даладағы патриархалды-феодалдық қоғамдық қатынастарды өзгерту талабы. Өзінің жігі жағынан ол ұлттық, патриорттық бағыттағы интеллегенцияның партиясы болған. Әлеуметтік базасы жағынан, сол кездің зерттеушілері оны халық партиясына жатқызған. Дегенмен, ұлттық, халықтың мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қоятын қазақ зиялылары 1917 жылы Ресейде боп жатқан саяси оқиғаларға қарамастан, халқын күйзелістен шығаруға барынша атсалысып, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік жолына бастап, елді басқарудың жаңа жүйесіне көшкен еді. Бұл орайда Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияап.
Осы мәселеге қатысты тарихшы М.Қойгелдиевтің мына пікірін келтіре кеткенді жөн деп санадым. Ғалым былай деп жазады: «Бізге бүгін жалпыұттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш – халқымыздың бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея».
Иә, Алаш партиясы әлеуметтік топтарға бөлінбей, өз халқының мүдделерін қорғады. Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдандшке орай, Алаш зиялыларының тағдыры қайғылы аяқталды, сталиндік жазалаудың құрбаны болды. Халықтың құрметіне бөленіп, оның артқан міндетін ойдағыдай атқарып, сол қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары қазақ жұртын озық өзге жұрттың қатарына жеткізу жолында аянбай еңбек етіп, қиын кезеңдерде түпкі мақсатқа жету үшін қандай да болмасын замана сауалының оңтайлы шешімін таба білді. Алаш қозғалысы Кеңес үкіметі тарапынан терістелгенімен оның идеялары ұлтжанды ұрпақтарының жүрегінде бүгінде көрініс тауып келеді. Ендеше, мен оқырмандарды Алаш қайраткерлерінің тарихи-әдеби бай мұраларын оқуға Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына шақырамын. Өйткені, Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады», — деп көрсеткен еді.
Мәндібаева Рима Убайдуллақызы, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы
Мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі