Кеше ғана Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылының шымылдығын ашқан А.С. Пушкин атындығы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана ұжымы бүгін күтпеген қуанышқа кенелді. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген, кітапхананың қарт оқырманы Николай Мырзақанұлы Оспанов ақын Абайдың 1936 жылы латын харпінде жарық көрген «Таңдамалы өлеңдерін» кітапхана қорына сыйға тартты.
Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көріп, тозығы жетсе де, кітап біз үшін аса құнды. Ұлы ақынның сол заман үлгісімен жарық көрген өлеңдерімен қуана қауыштық. Өз дңіітапта әр өлеңнің қай жылы жазылғаны көрсетілген. Кітап қайта жөндеуді қажет етеді.
Біздің кітапхананың сирек қорындағы Абай шығармаларының ең көнесі 1940 жылғы еді. .
Кітап иесі Н. Оспанов: «Осы кітапты әкем Мырзақан көзінің қарашығындай сақтап, қолына жиі алып отырушы еді. Өлеңдерді оқып отырып: »Абай жазғанда жылатып жазады» — дейтін. Мен арапша, латынша оқи білмеймін. Әкем өмірден өткелі 36 жыл болды. Бірақ әкем қадірлеген осы кітапты ешкімге бермей сақтадым. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, қолыма алып, көп толқыдым. Әкем қанын оймен облыстық кітапханаға сыйға тартуды жөн көрдім. Сіздер бұл кітапты жоғалтпай, қажеттеріңізге жаратады деп сенемін»- деп ағынан жарылды. Ақынның жыр жинағы кіт тsp; талай оқырманды қуанышқа бөлері сөзсіз.
«Біздің Абай» электрондық кітапханасы арқылы әлемдік желіге тарататын боламыз. Николай Мырзақанұлымен естелік суреттерге түсіп, алғысымызды білдірдік.
«Халық –қазына» деп халқымыз бекер айтпаған-ау. Әр отбасында көненің көзі болып сақталып қалған құнды жәдігерлер баршылық. Бірақ соны бағалай біліп, халық игілігіне ұсынатындар жоқтың қасы. Қарт оқырман Николай Мырзақанұлына алғысымыз шексіз. Ол кісіден үлгі алып, сандығыңызда жатқан көне кітаптар болса екінші өмір сыйлауға біз дайынбыз!
З. Ісләмова, өлкетанушы