2020, №6 маусым
– Құралай, ең алдымен өзің жайлы айтып өтсең…
– Мен Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында туып-өстім. 2007 жылы Алматы қаласына арман қуып келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түстім. Оны 2011 жылы тәмамдап, 2012 жылы өз мамандығым бойынша магистратураны жалғастырдым. 2011 жылдан бастап «Викибілім» қоғамдық қорында, яғни, қазіргі «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорында жұмыс істеймін.
– Басқа елге барғандағы басты қиындық не? Қазіргі күні қоғамда «Шетелге барсаң, ақшаны молынан табасың. Жұмыс көп, жақсы өмір сүруге мүмкіндік бар» деген көзқарас қалыптасқан. Бұл қаншалықты рас?
– Ең басты қиындық – тіл. Тілді қанша біліп келдік дегеннің өзінде жергілікті тұрғындардың сөйлеу диалектісіне біршама уақытқа дейін үйренісе алмадық. Келе-келе құлақ үйренді. Ал, шет елде шалқып өмір сүресің деген пікірге мен қарсымын. Бұл жақта ешкім тамағын тосып, үйін дайындап күтіп отырмайды. Жеке өз басым мемлекеттің қолдауымен оқығандықтан мені еліміз стипендиямен қамтамасыз етті. Жұмысқа тұру мәселесіне келсек, бәсекелестік өте жоғары. Міндетті түрде виза керек, онсыз ешкім қабылдамайды. Сондай-ақ, жай ғана мықты болу жеткіліксіз, білімің жоғары болу қажет. Сонда ғана үлкен компанияларға тұруға болады. Оңай жолмен ақша табамын деу қате. Мұнда да жұмыссыздар бар, ұры-қары да жүреді. Үйі жоқ, салығын төлей алмай жүргендер де жеткілікті. Лондон – үлкен қала әрі қымбат. Сондықтан да шетелге барсам шекем шылқи кетеді деген жаңсақ ойдан аулақ болған жөн.
— Ол елде қандай ерекшелік бар?
– Мұндағы халық өте сыпайы. Олардың кезекке тұру мәдениетінің өзі жоғары. Бір-бірімен дауласып жатпайды, кезекке сағаттап тұруға дайын, сондай төзімді. Оған қоса үнемшіл келеді. Мәселен, жаз бойы жаңбыр жауатындықтан ондағы тұрғындарға бақшасын сумен суаруға рұқсат жоқ. Суарған жағдайда айыппұл төлетеді. Қоқыс қалдықтарының өзін қайта өңделетін, өңделмейтін деп бөліп тастайды. Бізде супермаркеттерге барғанда тегін пакеттерді молынан алып жатамыз. Бұл жақта сатылатындықтан әркім өзі үйінен дыен тозығы жеткенше пайдалануға тырысады. Айтпақшы, ағылшындар қазақтар секілді шай ішкенді жақсы көреді. Тіпті, бестің шайын ішеді. Тағы бір ерекшелік – туристік аймақ болған соң саяхатшы, сапаршыларға жақсы жағдай жасалған. Мемлекетке қарайтын мұражайларға кіру тегін. Сонымен қатар, мұражайлардың да небір түрі бар. Табиғат, діндер, полиция, ойыншықтар мұражайы кездеседі. Кез-келген заттың ы.т, мүгедек жандарға да қолайлы жағдай қарастырылған. Мысалы, менің топтасым бар. Аяқ-қолы жұмыс істемейді, қолының ұшын ғана қимылдата алады. Сонда да бізбен бірдей толық мәнді магистратура оқиды, әрі спорт тілшісі болып жұмыс жасайды. Онда дегеніміз, мүмкіндігі шектеулі жандардың, оқуына да, жұмыс істеуіне де еш кедергі жоқ. Жалпы айтқанда оларға көп жерде жеңілдіктер беріледі.
– Қаншама шетелдіктердің ортасында жүрдің, олар біздің ел туралы біле ме екен?
– Барлығы біледі деп айта алмаймын. Кейбірі қазақ елін Кеңес Үкіметінің құрамындағы ел деп білсе, енді бірі талантты әнші Дінмұхамед (Димаш) Құдайбергенов арқылы танып жатады. Біздер елден жырақ жүрген соң көпшілік ортада өз еліміз жайлы мақтанып айтып жүреміз. Өйткені, салыстырмалы түрде алсақ, ағылшындар қанша жерден империя болса да біздің қазақ ұлты секілді, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтамаған, дәстүрге бай халық емес. Осы тұрғыдан келгенде біздің еліміз алда. Оны біз мақтан тұтамыз, жүрген жерімізде жұртқа таныстырып отырамыз.
– Елге оралғаннан кейін немен айналысып жатырсың? Қандай мақсатың бар?
– Биыл тамыз айында оқуымды тәмамдап, Отаныма сағынышпен оралдым. Басты мақсат – елге қызмет көрсету. Үйренгенімді, білгенімді, ойға түйгенімді өзгелерге көрсету. Шарт бойынша, бұрынғы жұмысыма келіп, бес жылға шейін жұмыс жасауым коқысқа асырсам болғаны.
–
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ, журналист