2020, №6, маусым

Оғыздар, сондай-ақ Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында қоныстанды. Оғыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан қаласы болды. «Нұзхат әл-мүшданы және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды.Оғыздар билеушісі Әли хан барани тайпасынан шықты. Ибн Фундуктың деректерінде Шах Мәлік туралы біршама мәліметтер беріледі. Шах Мәлікті Әбу Әл Фаварис Шах Мәлік ибн  Әли әл Барани деп атайды. Барани  есімімен  басқада оғыз династияларынан шыққан билеушілерде аталды. Барани «қой» деген мағынаны береді. Қара Қойлы династиясымен туыстық жақын қатынасы болды. Қой билеуші династияның тотемдік белгісі саналды.

Ортағасырлық шығарма «Нушхат әл-муштакта» Жаңа Гузия  туралы мәліметтер берілген. Жаңа Гузия мемлекеттің орталығы болып саналды. Бұл аймақта оғыз билеушісінің қысқы резиденциясы болып саналды. Идрисидің деректерінде оғыз билеушілері Хора, Жентте уақытша тұрған. Жаңа Гузия деп Сырдарияның төменгі ағысында Янгикент (Жанкент) қаласы аталды. Жаңа Гузия атауы шығуы оғыздардың Сырдарияның бойын жаулауымен байланысты болды. Х ғасырда Жанкент қаласының  хорезм инженерлерінің көмегімен қамалы күшейтіледі.

Жанкент қаласы туралы  алғашқы дерек Ибн Рустенің еңбектерінде кездеседі. Хорезм теңізінің шығыс жағалауындағы жаңа қоныстағы патшалар туралы сипаттайды. Өкінішке орай Ибн Русте қаланың нақты қай жерде орналасқанын айтпаған. Масудидің деректерінде Арал теңізінде мұсылмандар өмір сүретін жаңа қала орналасқан. Қалада түріктердің оғыз тайпалары өмір сүреді. Олар көшпелі жәстжоғары, орта, төмен болып бөлінеді. Жанкент туралы қызықты деректерді Ибн Хаукал береді. Оның айтуынша жаңа қоныс оғыздардың астанасы болып табылады. Жанкент Сырдария бойындағы қоныстардың ірілерінің бірі саналады. Оғыз патшаларының тек астанасы ғана емес қысқы резиденциясы. Оғыздардың Жаңа Гузияны саяси орталығы қылуының көптеген себептері болды. Бастысы Жанкенттің орналасқан аймағы Орталық Азиядағы жер өңдеушілер оазистерінің түйіскен жерінде еді. Жаңа Гузия оғыз даласын Хорезм, Мәуеренахр аймағымен жалғайтын дәліз рөлін атқарды. Сырдария қалалары құрлықтағы және өзен қатынасындағы маңызды пункттерге айналды. Ибн Хаукалдың деректерінде Сырдария өзені арқылы Жанкент қаласына бидай тиеген кемелер қатынаған. Жанкент шығысы Сығанақ қаласына, батысы Орал өңіріне, солтүстігі Қимақияға алып баратын маңызды сауда жолында орналасты.

Ә.Х. Марғұланның еңбектерінде  Қорқыт Атаның аңызы ж қкірінше  Қорқыт ата  Сыр бойын мекендеген оғыз тайпаларының арасынан шыққан данышпан қария, болашақты болжап сөйлейтін қария болған. Қорқыт ата мұрасын зерттеуші Ә.Х. Марғұлан  Сырдария бойынндағы Янгикент (Жанкент), Жент, Узкент (Өгізкент), Баршынкент (Қыз қала), Сүткент, Отырар, Сауран, Сығанақ, Түркістан, тағы басқа оғыздар дәуіріндегі ең атақты қалаларға шолу жасайды. Бұл сол дәуірден  келе жатқан түбегейлі мұраның бірі – Бегім ана, Сараман мұнаралар, қоса сәулетті күмбіздер,  Қорқыт ата жерлеу кешендердің, көпшілігін оғыз дәуірімен байланыстырған.

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. Оғыздар 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы — XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл, бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті, 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әбден әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.

Бұл мемлекеттің әлсіреуі Женд облысын басып алған селжұқ көсемдерінен күрес кезінде тіпті күшейе түсті. Селжұқтардың көтерілісін хан билеушілеріне қарсы көшпелі оғыз тайпалары мен Сырдария қалаларының отырықшы тұрғындары қолдады. Бірақ көп ұзамай селжұқтар Жент аумағынан кетуге мәжбүр болып, халық көтерілісі жанышталды. Халық көтерілісі мен селжұқтардың бас көтеруінен әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақтардың шабуылынан кейін ол біржолата құлады. Орта Азия меыңғыздардың соңына қыпшақтар түсті. Орта Азия мен Еділ бойынан Еуропаның ішіне қарай қашқан оғыздардың соңына қыпшақтар түсті. 1060 жылы Киев, Чернигов, Переяславль княздіктерінің біріккен әскері түріктерге қарсы жорық аттанды. Оғыздар бұл уақытта печенегтерді ығыстырып, оңтүстік орыс даласының бір бөлігін иеленеді.

Орыс әскерінен талқандалған және қыпшақтардың қуғынына ұшыраған оғыздар Днепрдің ар жағына, одан соң Дунайға қашуға мәжбүр болды. Оғыздардың бір бөлігі Днепр мен Дунайда қалып, қыпшақтар мен Киевке тәуелденді. Басым бөлігі Дунайдан өтіп, Византия жеріне барды. Алғашқы кезде оғыздар бұлғарлар мен гректерге соққы беріп, Иллирия мен Фессалоникті тонады. Бірақ қысқы суық пен аштықтан әлсіреген оғыздардың негізгі күшін бұлғарлар талқандап тастайды.

Осыдан соң оғыздардың бір бөлігі Византияға бағынып, бір бөлігі оңтүстік орыс даласына кері оралады. Балқанда қалған оғыздар Византия императорынан Македониядағы қазына жерінен үлес алады. Дунай сыртына қарай кері оралған оғыздар орыс жерінің шекарасына жақын орналасады. 1080 жылы  оларды Владимир Мономах талқандап, қалғандарын Русь шекарасының бойына тарарк -батыс шекарасын қыпшақтардың шапқыншылықтарынан қорғау қызметін атқарады. Оғыздардың бір бөлігі Мәуереннахрдағы қарахандықтардың және Хорасандағы селжұқ билеушілерінің қол астына бірігеді. Қыпшақтардан талқандалған қалған бөлігі Дешті Қыпшақтағы түркі тілдес халықтар арасына сіңіп кетеді.

Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыздардың ірі археологиялық ескерткіштері

Жанкент қаласы – қазіргі Сырдарияның төменгі ағысы Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан.

Қалашықтың жоспары шығыстан батысқа қарай созылып жатырған «Т» әрпі тәрізді, шығыс бөлігі шығыңқы тіктөртбұрышты болып келеді. Оның аумағы шамамен 15 га, 415 х 230 (шығыс бөлігінде – 320 м) м. Бүгінгі күні ескерткіштің ең жақсы сақталған бөлігі оның фортификациясы  – Шығыс беткі жартылай дөңгелек шығыңқы мұнаралары бар сыртқы қабырғалары пахсадан құйылған. Бекіністің оңтүстік-батыс бұрышы кейінгі уақыттағы тұрғындар салған жолмен қатты бүлінген. Әлі күнге дейін қабырғалар бойымен аралары 25-40 м болатын дөңгелек қарауыл мұнараларының іздері байқалады.

Зерттелу тарихына келетін болсақ алғаш бұл қаланы 1858 жылдың мaуcым aйындa aрхеологиялық кoммисияның тaпcырыcы бoйынша П.И.Лерх Жaнкент қaлacынa шағын археологиялық  қазба жұмыстарын  жүргiзіп, қaлaның жoспaрын түсiрeді. Oрыc Импeратoрлық aрхеология Қoғaмының мүшecі П.Лeрхтің осы зepттeулeр aясында  «Aрхеoлoгичскиe пoeздка в Тyркeстанcкий крaй в 1867 гoду» aтты кітaбында жaрық көрдi. Сырдарияның төменгі ағысын кешенді зерттеу Хорезм археологиялық -этнографиялық экспедициясының бастамасымен 1946 жылдан археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, Жанкент қаласынан беткі қабатынан керамика материалдарын жинастырылып, әуеден суретке түсіріліп топожоспарын жасаған.

Археологиялық зерттеу жұмыстарының жаңа кезеңі 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін  Ә.Х.Марғұлан атитй атындағы Этнология және Антропология институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үшжақты келісім жасалып қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті археологиялық экспедициясы,қаланың ішінде шахристан мен цитаделінде қазба жұмыстары жүргізіп  келеді және бірнеше тұрғын үй бөліктер ашылып, төбесін жабылып қайта қалпына келтіріліп, туристік орталыққа айналып отыр. Қазба жұмыстары кезінде табылған  қыш ыдыстар кешені ғылыми айналымға енгізілді.

Ортағасырлық Женд қаласы – Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қала орны. Қаланы оғыздар салған. Ортағасырлық Женд қаласы Х-ХІІ ғасырлардағы Сырдарияның төменгі ағысындағы үлкен қалалардың бірі саналған. Осы аймақта орналасқан ортағасырлық Жанкент, Баршынкент, Асанас, Хувара, қалалары бірігіп, Женд өлкесінің қалалары тобын құрады. Қала өз дәуірінде көркейіп, үлкен беделге ие болғаны сондай, кейбір деректерде Арал теңізі Женд көлі деп аталды. Ортағасырлық Жаһаннамед шығармасында қала туралы  Жендтің маңында Женд көлі деп аталатын көл бар, оны кейде хорезмдік деп те атайды. Көлдің аумағы 100 фарсах, ені 32 фарсах, суы ащы. Сырдың төменгі ағысындағы басқа қалалар секілді Женд қаласының ХІV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ештеңе айтылмайды. ХІІІ ғасырдың 2 жартысында Сырдың бойындағы қалаларды аралаған ортаазиялық саяхатшы Жамал Қарши бір кездегі қаланың орнынан кішігенірдегі қалалардың ХV ғасырдан бастап қаңырап бос қалуы Сырдарияның өз арнасын басқа жаққа өзгертуімен байланысты болар деп пайымдайды.

Ортағасырлық Кескенкүйік қаласы– Жанкент қаласынан батысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. 1946 ж. С. П. Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ-ның әуеден барлау отряды алғашқы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізген. Әуеден фотоға түсіріліп, схематикалық жоспары жасалынған 1958 ж. Мәскеулік биолог В. М. Смириннің және 1963 ж. Б. И. Вайнбергтің басқаруымен Кескен-күйік қалада қайта деректер жинақталып, археологиялық барлау қазбасы салынған.

2006 ж. Ж. Құрманқұловтың басшылығымен Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты, Шірік-рабат археологиялық экспедициясының (ШРАЭ) археологиялықжев) археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ескерткіштің географиялық координаттары анықталып, қаланың үстіңгі қабатынан археологиялық заттар жинап алынды. Қаланың жоспары шеңбер пішіндес келген (көлемі 500х700), шығыстан батысқа қарай созылып жатқан саз кесектен салынған дуалмен қоршалған. Оның ішінде солтүстік бөлігіне жақын, қала деңгейінен 3 м биік, саз кесектен салынған бөлме құрылыстары бар шаршы пішінді (көлемі 250х250 м) цитаделі орналасқан. Дуалы көлемі 28х28 және 40х40 см аралығында шаршы пішінді саз кесектермен қаланған. Саз кесектердің басым бөлігі Хорезмнің афригид кезеңіне тән 33х33 және 35х35 см көлемді болып келеді. Кескен-күйік қаланың керемикалық кешенін Л. М. Левина үш топтамаға бөледі: жетіасарлық, жетіасар кешенімен аралас – жетісулық және аз мөлшерде – афригидтік, хорезмдік. Сонымен қатар, жинақталған басқада деректерге: тастан және шыныдан жасалынған моншақтардың бай коллекциясы, қола сырғалар, сақиналар, белбеу доғалары және т. б. заттар жатады. Аталған деректер бойынша Кескен-күйік қала VII-IX ғғ. мерзімделеді.

Ортағасырлық Сортөбе қаласы Қызылорда облысының Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен 12 шақырым оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жарқабағында орналасқан. Үштен бір бөлігін Сырда елдығының көлемі 100х80м., биіктігі 2,5-3 м.

Сортөбе І ескерткішінде 2007 жылы Ж. Құрманқұловтың басшылығымен Шірікрабат археологиялық экспедициарекшісі Ә.Ә. Тәжекеев) және «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» (директоры М. Елеуов) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің археологиялық тобы Сортөбеде болып, оның жобасын сызып, суретке түсіріп, су шайып жатқан құлама жарқабағында тазарту жұмыстарын жүргізіп, судың жағасында ж салды.

Батыс қабырғасы 80 м, оңтүстік қабырғасы 70 м ұзындықта сақталған, биіктігі 2,5-3 м төбенің солтүстік және шығыс қабырғаларын Сырдария өзені толық шайып кеткен. Оның өзен шайып кеткен солтүстік-шығыс бөлігінің оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзындығы  120 м,   осы бөлігіндегі мәдени қабатының қалындығы 3,5-4м. Сортөбе қалашығы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне ең жақын ескерткіш ара қашықтығы 10 км  болып табылады. Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қолдауымен, 2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері қазба жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта оғыз тайпаларының жазба деректері жүйеленіп және көптеген ірі ғалымдардың  еңбектері жарық көрген. Араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған ортағасырлық жазба деректер оғыздардың тұрмыс-тіршілігі мен тайпалық құрамы, саяси құрыарді. Солардың ішінде XI ғасырда түркі тілінде жазылған Махмуд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» шығармасында оғыздардың әлеуметтік құрылымы мен тайпалық құрамы былайша сипатталған.Оғыздарда қалыптасқан мемлекеттің болғаны туралы алғашқы хабарламалар ортағасырлық араб тарихшылары әл-Якубидің (IX ғ.) және Ибн әл-Факихтің (X ғ.) шығармаларында кездеседі. Араб деректемелерінде, сонымен қатар, оғыздардың әулеттік билеушілерінің Сырдарияның төменгі бойы мен Арал өңірін басып алғанға дейін-ақ өздерінің ордасы болғаны, оның Ескі Гузия деп аталғаны және оның астана делінгені жайлы айтылады. Сырдарияның төменгі ағысынан қазіргі ірі қалалары Жанкент, Женд, Кескен күйік, Сортөбе қалаларының археологиялық тұрғыдан зерттелуі бұл халықтың материалдық мәдениеті,қалалардағы бекініс қабырғаларының мықтылығы Орта Азия территориясындағы үлкен қуатты мемлекет болғандығын дәлелдейді.

О.Бегалиев, «Қорқыт ата» мемориалды мұражайы кешенінің ғылыми қызметкері