№4 Сәуір, 2020

         Шымкенттегі Александр Сергеевич Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Текті Тұран Тұрсынайы» атты еске алу поэзия кеші өтті. Оны аталмыш құтханадағы  өнер бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Кешке келушілер алдымен тақырып аясына орай арнайы жасақталған кітап көрмесімен, сондай-ақ слайд, бейнероликпен  етене танысты.

 &nbspsp Республикасының мәдениет қайраткері  Абылайхан Оспанов пен кітапханашы Айдынай Тәліп жүргізді. Ақын, Константин Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Нармын– Хализа Сағымбекова, Гүлзина Шерімбетова, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәжит Ілиясқаров, тағы басқалар  өздерінің толғанысқа  толы естеліктерімен бөлісті. Ақын Сабырбек Тұрлыбек пен Silk Way университетінің студенті Гүлсая Қалдыбекқызы Ұласбек арнау  өлең оқыды. Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының көркемсөз оқу шебері Гүлбала Әбуова ақынның Батыр бабамыз — Бауыржан Момышұлына бағыштаған өлеңін мәнерлеп оқып берді. Ақынның «Гүлсезім», «Гүл еркем» әндерін тиісінше, Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының әншісі Жазира Аралбаева, Тимур мен Арай нәшіне келтіре шырқады. «Шашүй

         Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясының оқушылары, академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы және     Silk Way   университеттерінің студенттері  көрермендер назарына «Өртолғау», «Мәскеу дәптерінен», «Сағындырған Саха елі» тақырыптарында дайындалған әдеби-сазды монтаж ұсынды. Аталмыш кітапхананың директоры Шәрбану Дінәсілова қорытынды сөз сөйлеп, кешті ұйымдастырушылардың бәріне өзінің шынайы ризашылық сезімін жеткізді. Белгілі биші  Гули Мухамедова апамыз Абылайхан баласымен бірге «Әндіжан полкасын»  дөңгелете билеп, көпшілікті тәнті етті. Тәлім-тәрбиеге толы, қызықты да тартымды өткен кештен жұрт көңілді тарасты.

Әбдісаттар ӘЛІП, Шымкент қаласы