№4 Сәуір, 2020
–Әңгімемізді таяуда ғана өзіңіз барып қайтқан Ташкент-Түркістан сапарынан бастасақ…
– Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай Мәдениет және спорт министрлігі арнайы шаралар әзірлеп, еліміздің бірқатар театрларының үздік қойылымдарын Ташкент қаласында көрсетуді мақсат тұтқан-ды. Солардың бірі – Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма театры болды. Ұжым екі-үш туындыны алып барды, соның бірі – менің «Мұңмен алысқан адам» атты драмам бойынша қойылым (қоюшы-режиссерікеардық. Көрдік. Өзбекстандық ағайындардың ықыласына бөлендік. Ташкент төріндегі академиялық драма театры екі күн бойы көрерменге лық толды. Спектакльді бастан-аяқ көрген, сонда тұрып жатқан окданов өз сөзінде: «Шөліміз қанып, масайрап қалдық қой!» – деді ағынан жарыла. Жергілікті басылымдарда жылы-жылы пікірлер жарияланды. Теледидардан сөйлеп, өз ойларымызбен бөлістік. Қайтар жолда жаңаша түрленіп, тамырына қан жүгіріп жатқан қасиетті Түркістанға табан тіреп, онда да осы қойылым көрсетілді. Театр ұжымының Түркістанға бет бұруының да өзіндік себебі бар. Облыс орталығы атанып, өзгеше түлеп жатқан қасиетті мекенге өнерден шашу шашып, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөлену қандай ғанибет!
– Сонда қандай ой түйіп қайттыңыз? Қазақ театрларының қойылымдарын алыс-жақын шетелдерге апарып көрсетудің жақсы жақтары мен әттеген-айлары бар ма?
– Әрине, бар. Алдымен пайдалы жағы туралы. Біз өзіміздің көңілден шыққан қойылымдарымызды алыс-жақын шетелге апарып көрсету арқылы ұлттық театрымыздың мәртебесін асқақтататынымыз сөзсіз. Бұл – бір. Екіншіден, сондай сапалы да салмақты, айтары бар драмалық туынды екенін жан-жақты әйгілейміз. Үшіншіден, актерлеріміздің сахнада ойнау шеберлігін көрсетеміз. Ал қойылымға келсек – оны сол елдің тілінде ойнап көрсету аса міндет те емес, ілеспе (синхронды) аудармасы болса жетіп жатыр. Еш қиындығы жоқ. Енді әттеген-айына келер болсақ, бұл ретте, әсіресе көзге ұрып тұрғаны мынау біз әлі күнге өзімізде қойылып жатқан спектакльдердің ерекше тартымды әрі ең үздіктерін белгілеп, анықтап, қырнап, жөндеп, әбден сақадай сай етіп отырған жоқ екенбіз. Бәрі де асығыс шешіліп жатады. Аяқастынан жолға жиналу – түбі жақсылыққа бастамайды. Біздің ойымызша, кез келген театр ұжымында ең кем дегенде 1-2 өте сәтті әрі адамзаттық мәселелерді батыл түрде көтере алған қойылым барлық уақытта әзір тұрса құба-құп. Міне, алғашқы басымдық осыған берілгені жөн.
– Шетелге ұялмай алып шығу үшін қойылымға алдымен не керек? Ең негізгісі…
– Негізгісі дейсіз бе? Меніңше, ең алдымен жақсы, ұтымды, терең ойлы драматургия жазылуы керек. Ал оның деңгей-дәрежесін п-үрмеуі көп үлкен мәселе. Кезінде Мәдениет министрлігі жанында репертуарлық коллегия жұмыс істеп тұрды. Міне, осы коллегия талқылауынан соң, оң баға алып, «қоюға жарайды» деген пьесалар ғана сахнаға жолдама алатын-ды. Бүгін ше? Кез келген облыста өз бетінше шешім қабылдап, жергілікті енді бастап жүрген драматургсыБәрі емес шығар, бірақ көбіне осындай жағдай тән. Қалам ұстап, осы бағытта тер төгіп жүрген үлкенді-кішілі әріптестеріміздің көңіліне келмесін, осындай шалажансар шаруа-әрекеттен не ұтамыз? Ұтамыз ба, әуелі…
– Жаңағы айтқан, репертуарлық коллегия жайын түсіндіре кетсеңіз.
– Ондай шығармашылық топ өз уақытында көп пайдасын тигізгені шындық. Міне, қазіргі уақытта да сондай шығармашылық топ, бәлкім сарапшылар тобы құрылып, барлық драмалық шығарманы сүзгіден өткізіп отырса, нұр үстіне нұр! Жақсы дүние болса, дереу театрларға жолдап, сахналануын қадағалаған жөн. Тіпті осы сарапшы топ, оның ішінде режиссер де, актер де, театр сыншысы да, драматург та болуы шарт, заманауи пьесаны іріктеп алған соң, оған қаламақы төлету туралы да шешім қабылдай алса, құба-құп. Қаламақыны драматург әрбір театрдан тіленіп, сұрап жүрмеуі керек. Жақсы дүние жазды ма, ақысын алсын. Жаман дүние жазды ма, қайта жөндеуге отырсын. Мұның механизмін Мәдениет және спорт министрлігі жасай алады. Тіпті түсіндіріп айта кетейін, бір жылдары Мәдениет министрлігі үздік драмалық туындыларға грант жариялап, әр жылы 10-15 пьесаны іріктеп, озып шыққандарына 1,5-2 миллион көлемінде қаржы төлеген-ді. Қаржы көзі табылған-ды. Бірақ осы игі бастама жол-жөнекей тоқтады. Орнына «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы келді, алайда бұл конкурста әрі кетсе 2-3 кісі ғана жүлде алады. Бұл республика көлеміндегі 50-ден астам драма театры үшін тым аз. Қысқасы, ең болмағанда, сол бұрынғы грант бөлу тәртібін қайта жаңғыртса да, теріс болмас еді дейміз. Жаңа Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова ханым осы жағына барынша көңіл аударады деген үміт бар.
– Сіздің жаңағы «Мұңмен алысқан адам»
атты драмаңыздың сахналық қойылымы қандай деңгейде деп ойлайсыз? Талап
биігінен көрініп жатыр ма? – Турасын-ақ айтайын. Алыс-жақын шетелге
алып баруға лайық па десек, әрине қойылымда мүлт кеткен тұстар бар. Ішінде
ауыл арасында айтылатын, қырнап алы кар
қылаң беріп қалады. Оны мен жазған жоқпын, шамасы, режиссердің қосқаны, ал
көтерілген мәселенің өзектілігі тұрғысынан келгенде – ұялмай алып баруға болады
деп ойлаймын. Өйткені мұнда бүгінгі заманның шыңғырған шындығы анық көрініс
тапқан. Қазіргі жас ұрпақтың санасы уақыт ағымымен екіге бөлінуі жайлы
ойтолғам. Бір бөлігі – шетелшіл, әлемшіл, ал екінші бөлігі – ұлтшыл, халықшыл.
Міне, осы жағдай Асан қарттың екі ұлы – Марат пен Елжан арқылы қисынды
қиюласып, орынды дамып отырады. Тартыс та осы жерден өрбиді. Аяғына дейін
әлденеге үміттеніп отырғаның… Қандай тәрбиедегі ұрпақ жеңіске жетеді – сол ой
мазалайды. Әлде… итжығыс бола ма?.. – Сонда нені меңзеп отырсыз?.. – Лев Толстойдың бір сөзі бар: «…Безразличие – духовная подлость!»
дейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, бүгінгі заман жастарының арасында ұлттық
құндылыққа, халықтық мәдениетке, ана тіліне, туған тарихына… атүсті қарау
сияқты зиянды кеселдердің көрініп қалатыны рас қой. Ол ғана емес, өз елі мен
жеріне жаны ашымастық пен бейжай қараушылық байқалып қалады. Пьесадағы екі
жастың – ағайынды жігіттердің аузымен осы бір күрмеулі мәселе барынша ащы
айтылады. Жүрегіңді сыздататындай етіп сөйлagagraph —>
– «Ұлттық драматургия – ең алдымен өз
ұлтына қызмет етуі керек», – деп жиі айтасыз. Тіпті белгілі драматург Дулат
Исабековке дыз. Тарқатып өтсеңіз… – Ана жолы бір танысым екеуміз бүгінгі
драматургия айналасында сөз қозғай қалған едік. «Өте қиын жанр ғой, ол жайында
не біле қойсын» деп ішімнен ойлап тұрғам. Расында осы күні өзін жақсы қаламгер
санайтын кез келген кісі драма жайынан еркін көсіліп сөйлеп кете алмайды.
Себеп? Соның себебін өзім де айта алмаймын. Бәлкім, осынау асау жанрдың
құпия-қалтарысы молдығынан болар. Ол: «Мына қазақ әлі күнге драматургияның мол
мүмкіндігін сезініп, біліп жүрген жоқ. Драмалық шығарма арқылы өмірдің барлық
қалтарыс-құпиясын қамтып, жан-жақты суреттеп көрсетуге, ел жүрегіне жеткізе
баян қылуға әбден болады. Әрине бірақ бұл қазақта қазіргі кезде жөні түзу, ойы
терең, айтары салмақты драматург жоқтың қасы. Адалын айтшы, біздің елде осы
драма жанры өз деңгейінде дамып келе ме? Әлде, текірек аттың шабысындай, ақсап
жатыр ма?» деп, сұрақ үстіне сұрақты төпелесін. Шамдана бастадым. Қазақта
драматург жоқ деуге қалай аузы барады екен? Кешегі замандағы М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов, С.Шәймерденов, Қ.Мұхамеджанов, С.Жүнісов, Қ.Ысқақов,
А.Сүлейменов, т.б. салған сара жол неге естен шығады? Тіпті одан бергі
Д.Исабеков, Т.Әбдік, О.Бөкей, С.Балғабай, И.Оразбаев, И.Сапарбаев, Т.Нұрмағамбетов,
Б.Мұқай, т.б. жалғастырған соқпақ ше? Керек десеңіз, бұдан соң да қаншама
қарымды драматургтер шығып, ел театрларының репертуарын толықтыра түсуге
құлшына кірісіп жүр. Тақырып жағынан да алуан түрлі драмалық туындылар
өмірге келді. Олардың атын атап, түсін түстеп, талдап, түгендеп, сөзді ұзартып
жатпалық. Көзіқарақты көрермен мен оқырман өздері-ақ біз айтқалы отырған
талантты қаламгерлердің белгілі туындыларын санамалап, іштей біліп отыр.
Демек, қазақ жұртшылығы драматургия саласында белгілі бір асудан асты, айтулы
өнер туындыларын тудыра алды, тіпті арасында әлемдік драмалармен тайталаса
алатын талантты шығармалар да бар екендігіне сенім білдіре аламыз. Осы орайда
заңды сауал туындайды. «Е, олай болса сол талантты пьесалар неге әлемдік
деңгейге көтеріліп, жарқ етіп көрінбей жатыр?». Бар кілтипан осы арада.
Драматургияның бағы қайтсе жанады? Әрине өте сәтті сахналанған жағдайда. Ол кімнің
міндетіне жатады? Әрине, талантты режиссердің төл шаруасы. Айтайын дегеніміз –
соңғы 25 жыл ішінде қаншама пьесалар жазылып, көбісі республикалық жабық
бәйгеде жүлде алып жатса да, сахналауға. иссер ағайындар өзіміздің ұлттық драмаға келгенде аса ықыласпен (керек
десеңіз, ұлттық намыспен) қарамайды? Егер ыстық ықылас болса, қай драматургтің
де туындысы (әрине, таланттылары) құлпырып, жайнап шыға келер еді-ау. Намыс
қалыс қалған жерде, ұлттың да мәртебесі асқақтауы екіталай қмімен қабат осындай аз-кем кермек ой да
кеудеге маза бермейтінін жасырғымыз жоқ. Міне, осындай шер боп қатқан кейбір
кермек ойларды талқыға салу үшін Дулат аға Исабековке әнебір жолы хат жазғам.
Драматург аға жауап та берді. Оны көзіқарақты оқырман білетін болар, сірә.
Баспасөзде жарияланды. – Осы жерде мынаны сұрағым келеді. Сіз
театр сахналарында қойылып жататын әртүрлі деңгейдегі аударма туындыларға
қалай қарайсыз? Солардың кейде көптеп қойылуына қарсылық байқататын сияқтысыз… – Әлемдік және орыс классикасын аудару
керек, сахналау да керек – оған еш қарсы емеспін. Қарсы тұрып қайтейін… Бірақ
өкінішке қарай, біздің республика көлеміндегі драмтеатрлардың басым бөлігі осы
аударма классикамен «ауырған», Шекспирден бастап Чеховқа дейінгі әлем мойындаған
драматургтерді жағалап, соларға көзсіз табынып, ұзап шыға алмай жатады.
Біздіңше, классиканы сахналау әрі қызық, әрі тиімді. Өйткені оны қалай сахналау
керектігін ойлағанда, үлгі болар қойылымдар бар. Соның айналасында аз-кем
ізденсе, өзіндік жаңалық та тауып алатын шығар. Жарқыратуға да болар. Мәселе
басқада. Мен ұлттық драматургияны дамыту керек дегенде, бүгінгі театрларымызда
өз қаламгерлеріміз жазған көркем туындылар көбірек көрінсе деп армандаймын.
Төлтуындының бағы жанса – ұлттық драматургияның да бағы жанады. Өзіміз жазған
пьеса әлемдік деңгейге көтеріле алса, ол жаман ба? Әрбір режиссер осы жағын
естен шығармаса екен. Бұл пікірі>
>
– Бүгінде «үздік драма жазылмай жатыр,
яки п. Режиссерлердің көңілі
толмауына не себеп? Режиссерлерге
келетін болсақ, олар драматургтермен қоян-қолтық араласпай ма? Бірлесіп жұмыс
істемей ме? Сырттан сын айта беру – ақылдылық па? Жалпы, спектакль – ортақ ойдың
жемісі. Оған драматург те, режиссер де, актер де, жарық беруші де, музыкант
та, тағы басқалар да түгелдей еншілес. Ендеше, бір-бірімізді сынай бермей қол
алысалық. Ортақ іске жұмылалық. – Жалпы, бүгінгі көрініп жүрген
үлкенді-кішілі драматургтердің өзара байланысы қалай? Басқосулар, кездесулер
болып тұра ма? – Рр,емес өтіп жатады. Оған алыс-жақын шетелдерден айтулы драматургтер,
киносценаристер келеді. Пікіралысулар болады. Бірақ… Ал
мен сондай жиынға қатысқан болсам… не айтар едім? Сол ой кеудемде ойнақ салып,
кеңірдектеп тұрып алды. Не айтушы ек. Бұрын да айтқанбыз, қазір де айтамыз –
енді драматургияның жасап-жалындайтыніңажет саласына айналып отырғаны сөзсіз. Неге? Айталық қазіргі уақытта кітап
қолдан түспес құнды қазына емес, бұрынғы қызығушылық жоқ, көп оқыла бермейді –
кімге кінә тағарсың?! Кино өнеріне компьютер араласты, актерлердің ойыны
түсініксіз, жасандылық басым түсіп жатады, кей тұстары сендіре бермейді – оған
не дерсің. Ал сахна арқылы бір мезетте көл-көсір
өмір сырын шерте алатын сиқырлы спектакль ешқандай жасандылықты сүймейді, таза
ойнауға, мейлінше шыншыл ойнауға тура келеді – бұл ақиқат. Демек,
драматургияның, шыншыл спектакльдің уақыты келді деуіміз содан. Олай болса,
заман талабына ілескен, адамзаттың рухани мұқтажына бек жарап жатқан
драматургиямен «достасу» керек болар. –
Театр мен кино өнерінің арасында көп айырмашылық бар ма? Қалай ойлайсыз? – Кино өнерінің өз тілі бар. Өз ерекшелігі
бар, ал театрлық қойылым мүлде басқаша. Алайда, ұқсас жерлері де жоқ емес. Бізде
драматург пен кинодраматургтерді шатастырып алып жатады. Әрине аса талантты
болса, екеуін де меңгеріп кете алатын шығар. Әй, бірақ… – Неге мүдірдіңіз? – Меніңше, драмалық шығарма жазу,
әсіресе аса қиын. Азғана уақытта бүкіл ойды, бар айтпағыңды сығымдап,
жинақтап, түйіндеп, көрерменге беріп үлгеруіңіз керек. – Кинода да солай емес пе? –
Кино өнерінің мүмкіндігі шексіз. Оны түсіру кезінде неше түрлі техникалық әдістерді
қолдануға еркіндік бар, ал спектакльде… көрермен саған қарап отыр. Оларды
қалай алдай аласыз? Бәрі шынайы… – Қазіргі заманда театрлық қойылымдарды
жүйелеп, барынша тәртіпке келтіру үшін қандай-қандай негізгі талаптарды айтар
едіңіз? –
Ең дұрыс жолы – Мәдениет және спорт министрлігінде жаңағы біз айтқан сарапшылар
тобыдөлеу. Екіншіден, үздік
драмалық туындыны өз деңгейінде сахналауға режиссердің белсенділігі, тіпті
тереңдетіп айтсам – ұлтжандылығы қажет. Бұл да үздіксіз ізденісті талап етеді.
Қаржы-қаражат жағынан бастап, материалдық-техникалық жағдай жасау,
ізденуіне мүмкіндік туғызу, т.б. Ең соңында, ұлт драмасы өз деңгей-биігінде
көрерменге жетуіне тікелей себепші – талантты актерлер ғой. Олар да
қамқорлыққа мұқтаж. Олар да отбасылы, олар да ішіп-жейтін адам. Осы күнге дейін
актерлердің ауыр еңбегін өз деңгейінде бағалай алмай келе жатқанымыз өтірік пе?
Мұны мойындау керек. – Осы айтқандарыңызды толықтай жүзеге
асыру үшін заңдық негіз керек болар? – Әлбетте. Бізде «Мәдениет туралы» деген
әп-әдемі заң бар, міне, осы заңға жоғарыда тілге тиек еткен мәселелерді
қолдайтын өзгертулер мен толықтырулар енгізу жағын қарастырған дұрыс.
Екіншіден, Мәдениет және спорт министрлігінде бекітілген ішкі ереже бар, соны
да қайта қарап, бүгінгі заман талабына икемдеу қажет. Қысқасы, айтылған
мәселенің құқықтық жағын да ескеріп, тиісті құжаттар жасалмайынша шаруа оңға
баспайды. – Бұл салада сізге қолұшын созып,
қамқорлық көрсеткен жандар болды ма? – Кезінде Түркістанда Р.Сейтметов
ағамыз Мағжан ақын туралы «Абақты-ғұмыр» деген тарихи драмамды сахналады. Бұл
шамамен, 2004-2005 жылдар еді. Спектакль өте сәтті қойылым болды білем,
Қазақстанның басты-басты қалаларын түгел шарлады. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды,
Шымкент, Қызылорда, т.б. қалаларда болды. Міне, осы қойылымды Райымбек Сейтметов
ағамыз Түркияға алып баруға ниеттеніп жүрген-ді. Тіпті жоспары да жасалған,
уақыты да келісілген. Алайда, тағдыр мұрша бермеді, ағамыз кенеттен қайтыс
болып кетті. Жалпы, сөз ретінде айта кетейін, менің драматург болып
қалыптасуыма игі ықпалын тигізген екі кісі болса, соның алғашқысы – Райымбек
аға! Мен мұны қай кезде де мақтанышпен айта аламын. – Ал екіншісі… – Ол – Әшірбек Сығай. Әшекең былайша
өте қатаң, тіке айтатын кісі болғанымен, таланты бар жасты көрсе, жібіп сала
беретін-ді. Ол кісі менің он шақты пьесамды өзі сұрап алып, оқып шығып
театрларға ұсынуға кеңес берді. 2008 жылы «Тірі жан» деген пьесалар жинағым
шыққалы жатқанда алғысөз жазды. Бұдан артық қандай қамқорлық күтесіз ағадан?.. – Жазған пьесаларыңызға сыйлық алдыңыз
ба? Конкурсқа қатысасыз ба? – Жасымыз алпыстан асты, жастарға жол
берген мақұл. Кезінде жасыратыны жоқ, «Тәуелсіздік толғауы» бәйгесіне қатысып,
бір емес, үш рет жүлде алғаным бар. Бұлар – «Жапон аруының арманы», «Ай
астындағы алтын шаһар», сосын Әбунасыр әл-Фараби туралы пьесам… – «Ай астындағы алтын шаһардың» сахналанғанын
білеміз, ал қалған екеуі… – Ендігі білгіміз келетіні – «Мұңмен
алысқан адам» шілде айындей Осы
туралы айта кетсеңіз… – І.Омаров атындағы Қостанай театрының
жоспарында бар. Екіжақты келісілген. Бұл сапар шілде айының аяғына
жоспарланған. Мені де шақырып отыр. Алла қабыл көрсе, барып қайтатын шығармыз,
ал ол жайлы оралған соң кеңірек әңгімелегеніміз дұрыс болар. – Қазір қандай мәселе қатты толғандырады?
Нендей тақырыпты жазсам деп жүрсіз? – Толғандырар мәселе, әрине шаш-етектен.
Әлем үдерулі. Жаһандану иектеп тұр. Бұдан Қазақ елі де қалыспасы белгілі.
Адамдар бұрынғыдай емес, өте белсенді. Қандай мәселеге де өте сергек қарайды.
Демек, драматург ретінде сен де осы үдеріске ілесіп жүруің керек. Бертольд Брехт айтады: «Тек жаңа форма
ғана жаңа мәнді паш ете алады!..». Не болса, соны жазу – керексіз нәрсе.
Жазуыңнан уақыт үні, замана талабы сорғалап көрініп тұрса ғана аса маңызды.
Кейіпкерің өміршең болса ғана мақсатың орындалғаны. Бәріне маңдай тер, төзімді еңбек керек.
«Пәлсапашы болғың келсе – роман жаз!» – депті Альбер Камю. Ал мен: «Психолог
болғың келсе – драма жаз!» дер едім. Сөзімнің түйіні – осы! Әңгімелескен Қ. ТОҚСАНБАЙ