№4 Сәуір, 20202
Солардың ішінде Араб халифатының саяси, мәдени орталығы Бағдатта, Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам) көп жылдар тұрып, көптеген ғылым салаларын игеріп еңбектерін жазады. Фараби бабамыз асыл ғылыми шығармашылығы, дүниежүзі мәдениетіне қосқан ғылыми жаңстБолашақ ұрпаққа қалдырған ғылыми мұрасы — 160-қа жуық трактаттары біздің заманымызға жетті. Фарабидің өскен ортасы, өзіне дейінгі білім, ғылым, мәдениет жетістігіне сусынданған, сонымен қатар дарынды халқының өнер мәдениетімен ұлы ойшылдар ықпал етті.
Оның философиялық әлеуметті — утопиялық идеясы адам бойындағы ең жоғарғы деп бағалады. Фарабидің этика, риторика, поэтика, өнер, музыка т.б. саладағы қажеттілігі деп білеміз. Ол өзінен бұрынғы ұлы ойшылдардың даналар дәстүрін бойына сіңіре, ілгері дамыта отырып, заман талабына нақтылы тарихи жағдайларға сай түрде өзіндік жаңалықтарды қосты.
Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларымен қатар «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап музыканың поэзиясымен байланысына дейінгі, эстетикалы-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фармдәсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның адамның жандүниесіне тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты.
Адамның музыка шығару қабілетін, дарындылығының әр салалы болып келетін, жан-дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін қасиеттерін аша келіп, музыкалық түрлерге талдау жасағаны Фарабидің өзі әрбір музыкалық аспаптарда шебер ойнап, дауыстап ән салу дәрежесі жоғары болғандығын дәлелдейді. Отырардан шыққан ұлы ғалым Шығыстың ғұлама ғалымы өз еңбегінде Платонның пікіріне қарсы өнерді санадан тыс объективті түрде дүние бар құбылыстың адамның ақыл-ойындағы елесі деп қарады. Оның дінмен байлндның басты категорияларының бетін, негізін аша білді, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмаса нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің, көкейдегі, санадағы елесі дей келе, көркемдік адамның — адам денесі мен рухани жан дүниесінің, адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін қағидалар, әрі белгі деп тұжырымдайды. Фараби қашанда адам бақытты, молшылықты іздесе, шын мәнісінде көркемдікті түсіне білгісі келсе, соның бәрін жасампаз еңбекпен ғана табады деп түйеді. Қайырымды, мейірбан жандардың жәрдеміне сүйену арқылы соған жетеді деп тұжырымдайды да ол жұртты іске, қимылға, белсенділікке, қиыншылықты өмір жолындағы әлеуметтік бөгеттерді жеңе білуге шақырады, — деп көрсетілген Қазақстан Республикасының қысқаша энциклопедиясында. (3 том, 110-111 беттерде) Профессор А.Көбесов «Әл- Фараби» атты еңбегінде и і» деп атап, «Фарабидің музыкалық ілімі» деген бөлімінде: Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы, ол ең әуелі музыканың құрылымдары, октава, квинта, кварта т.б. музыка теориясын «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау» , «Ырғақтардың классификациясы», «Ғалымдардың шығуы», «Ғалымдардың энциклопедиясы» атты еңбектерінде музыка ғылымын жан-жақты талдаған, музыка ғылымын шығуын материалистік тұрғыдан түсіндіріледі. Фарабидің аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы болғаны мәлім деп көрсетеді автор аталған еңбегінде.
Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде шығыс халықтарының арасында күні бүгінге шейін тарап жүрген мынадай аңыз бар: Шығыс патшаларының бірінің сарайына той-думан қызып, бек-патша, бай-манап, қожа молдалар жиылып үлкен жиын тамаша құрып жатқан көрінеді.
Оған Фараби да қатысады, бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиге онша ілтипат жасамайды. Сол кезде Әбунасыр бір шетке шығып, музыка аспабын қолына алып, адамды еріксіз еліттіретін сарынды бір күй тартады; оның мұңдылығы сонша жұрттың бәрі ойын-сауықты тастай салып үлкен бір ойға, уайымға беріліп егіліп жылай бастайды. Ал ол енді бір сәт аса қуанышты, көңілді күйді ойнап жөнелгенде, әлгі жұрт еңселерін бірден көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылдап күліп ойнап кетеді, Мұнан соң да Фараби бір түрлі жаймашуақ бір сарынды, қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елтіп бірі қалмай ұйықтап қалады. Оларды ұйықтатып тастап Фараби жайынша жүріп кетіпті дейді. Ұлы ақын Мағжан Жұмабай (1893-1938) «Түркістан» поэмасында:
«Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран деген,
Тұранның тағдыры бар толқымады,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын,
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбаныш, кім тыңдаған көздің жасын.»
Ұлы бабамыз музыка ілімін жасауда ертедегі, грек оқымыстылары Пифагор, Аристотель, Евклид, Аристонсен, Птоломей т.б. еңбектеріне сүйене отырып, өз жаналығын ұсынған екен.
Фарабидің пікірінше музыканың ғылыми іргетасы тәжірибе — бақылау мен физика — математика ғылымдарының қағидаларынан тұрады, ал оның негізгі мақсаты адамның эстетикалық мұқтаждығын қанағаттандыруға тиісті, оның бір ұшы поэзияға тіркеледі. Өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі бір — біріне етене болып қабысқан кезде музыканың әсерлілігі күшейе түседі, яғни музыка ғылым ретінде математикаға, физикрес.
Фараби «Ғалымдар энциклопедиясы» еңбегінде: «Музыка туралы ғылымға келсек, ол жалпы алғанда, мелодия, күй, саз түрлерін, олардың неден жасалатынын, олардың әсері барынша өткір және әсерлі болуы үшін қандай болуы керек екендігін зерттейді. Ол екі ғылым саласын біріктіреді: біріншісі — практикалық музыка, екіншісі — музыка жайлы теориялық ғылым. Практикалық музыкы арда орындалатын сезім арқылы қабылданатын музыкалар жатады. Табиғи құралдарға; көмей, тілшік, мұрын, т.б. жатады, сыбызғы, лютня және басқалары жасанды аспаптар.
Музыкант — практик музыкалық аспаптардан тон, мелодия және осыларға қатысты барлық басқа нәтижелерді шығарып алумен ғана шұғылданады. Музыка жайлы теориялық ғылым ақылмен сезу сипатында болады, тондар мен мелодиялар жайлы жалаң білім беріп қана коймай, мелодияны қандай аспаптар мен денелер шығарғанына тәуелсіз жалпы түрде, дыбыс қабылдау мүшесінің мәні ретінде қарастырады.
Фараби музыка ғылымының тараулары туралы былай дейді; «Музыка жайлы теориялық ғылым үлкен — үлкен бес тараудан тұрады; Бірінші тараудан қандай ғылымның болса да құрамын анықтауда қажет болатын негіздер мен принциптер баяндалады; бұл негіздер қалай зерттеліп қабылданады, қандай және қанша элементтерден түрады жэне зерттеуші қандай болуы керек деген мэселелер қамтылады. Екінші тарауда осы музыка ғылымының негіздері баяндалады. Бұл тарауда тондардың шығуы, олардың саны мен сапасы, бір тонның екінші тонға қатысы және бұлардың дәлелдері келтіріледі. Мұнда тондардың реті мен орналасу түрлері айтылады; бұл олардың үйлесімді және үйлесімсіз болуын анықтап, ол тондар лайықты түрде іра rong>Үшінші тарауда жоғарыда көрсетілген негіздерді белгілеу және дәлелдеу бәрнды аспаптарда қалай қолдануға болатыны айтылады. Бұл аспаптарда осы негіздерге сәйкес тондарды қалай шығадыеп қалай орналастыру жолы көрсетіледі. Төртінші тараүда тондардың метерабиғи ырғақтар сөз болады. Бесінші тарауда жалпы мелодиялар құрастыру, әтізелетін поэтикалық сөздерге сәйкестендірілген кемел мелодияларға сәйкес қолдану және де осы сөздер арр ген мақсатқа жеткізерліктей мелодиялар табу да әңгіме болады.
«Музыканың ұлы кітабы» аспаптар; музыкалық композиция деonng> тұрады.
Бұл тараудың екінші бөлігінде дыбыстың табиғи сезілуі, гармония (үйлесімділік) және үндестік, үнсіздік «табиғи» тондарды шығаруға арналган аспаптар, Шахруд және Лютня аспаптары, біртекті тондарды топтау, гамма (дыбыстар бірлестігі), негізгі интервалдар (арақашықтықтар); октава, квинта, тон, қалдық интервал немесе лимма, кварта интервалын үш интервалга жіктеу (бөлу), жарты тон туралы айтыс, он екі жарты тоннан тұратын шкала, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, тондардың сандар арқылы кескіндеу; тондар жөнінде теориялық және практикалық идея, үндестік стшектерді) көбейту және бөлу (яғни қосу мен азайту) туралы әңгіме болады.
«Музыка ғылымының негіздері» деп аталатын екінші тарау екі бөліктен тұрады . Бірінші бөлікте физикалық принциптер дыбыстың шығуы және оның таралуы, тон және оның анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, өлшеуге болатын себептер және өлшеуге болмайтын себептер, тондардың қатынасы, музыкалық интервалдар — қос октава, кварта, квинта, тон, үндестік және диссонанс қатынастары, үлкен, орта және кіші интервалдар. Интервалдарды қосу, бөлу және азайту жайлы арифметикалық ережелер, әртүрлі үндес интервалдар, жанрлар туралы айтылады. Екінші бөліктің мазмұнына мынадай мәселелер өзек болған: квартадан үлкен топтар (группалар), кемел тон немесе қос октава, топтағы тондардың аталуы, жылжымайтын және жылжымалы тондар, тональдықтардың қоспасы, тондар арқылы күйлердің (мелодиялардың) эволюциясы (қозғалыс), ырғақтар, теорияны эксперимент (тәжірибенамелодияларды аяқтау.
«Музыкалық аспаптар» деп аталатын үшінші тарау да екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікке мынадай мәселелер қамтылған:теорияны
эксперимент арқылы тексеруге мүмкіндік беретін аспаптар, лютняның құрылысы, пернелерінің орналасуы, т.б лютнада жүзеге асыруға болатын интервалдар, лютняның шкаласы (жүйесі), жалпы тондар және ерекше тондар, олардың сандары; лютня тондарының өзара үндестігі, қалдық және ширек тондық интервалдардың үндестігі, «кездейсоқ» үндестіктер, лютняның шкаласын кеңердagraph —>
Екінші бөлікте мынадай мәселелер қарастырылуда:тунбурлар
(домбыралар) туралы, Бағдат тунбуры, тұрақты және айнымалы пернелер, әртүрлі аккордтар, бұл аспаптағы жанрларды белгілеу. Хорасан тунбуры, ондағы тондардың лютня шкаласына сәйкес келуі, басқа аккордтар; флейта (сырнай), флейтадағы дыбыстың биіктігі және төмендігі, флейтаның түрлері, рабаб, рабабтағы басқа аккордтар, арфалар.
«Музыкалық композиция» деп аталатын соңғы тарау да екі бөліктен құралған. Бірінші бөліктің мазмұны мынадай: мелодияның анықтамасы, толық және толық емес топтар, топтардың таблицалары, үндестік және диссонанс (үндеспеу) эволюция, ырғақ, негізгі ырғақ, соғулар, қосылушы ырғақтар, ажырасушы ырғақтар, қайталанушы және толықтырушы ырғақтар, арабтардың дәстүрлі ырғақтары, мелодиялар шығару (композиция). Екінші бөлігінде мына төмендегі мәселелер қарастырылған; дауыс мелодиялары, адам даусы, фонема және фразалар, әуен бөлшектері, сөздің мелодияға бейімделуі, бос және толтырылған тондарды айту, аралас айту, қосылушы және ажырасушы айтыстың түрлері, дауыс мелодияларын шығару (композиция), айтудың басталуы мен соңы, мелодияның эффекті (әсері), мелодияларды әшекейлеу және олардың адам сезіміне қатысы. Келтірілген ғылыми — зерттеу музыкалы — эстетикалы еңбектердегі Фарабидің 0,5-1 тондық дыбыстардың аралықтарын анықтауы күні бүгінге дейін сақталып отырғаны, адам баласының дыбысты қабылдау қабілеті зерттеліп қалыптасқан шешім Қазақстан, Европа, Россия, Жапония, Азия, Африка, Америка тағы басқа халықтардың игілігіне ғасырлар бойы пайдалануда бабамыздың ұлылығы деп түсінеміз.
1776 жылдары жазылған қазақ тарихына сөз берсек «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты Шапырашты Қазыбек Тауасарұлының еңбегінде: «Қанша ұмтылсам да сурет, дәулет, мүсіндеу өнері маған қонбады, қызықтым да қызғандым да», — деп жазған-ды Римде болған сапарында. «Ал әуез өнері Римде ерте қалыптасқан және ол яғни, үн шығару жеті пернеге (нота деп атайды) бөлінеді — деп келеді. Оларды А.В.жарты дауыс һ сонан соң С.Д.Е.Ф.Г. деп жетіге бөледі. Міне, осы үндерді пайдалану арқылы әнді қағазға түсіруге оған қарап тұрып қою, яғни әнді дыбысты шығаруға болады. Мұның ең оңай (жолдары) жолы біздің жұрт үшін домбырадағы пернелердің бөлінуі арқылы болар еді. Ал бізде бұл цифрмен белгіленеді. «Маған біздің жұрт үшін осы жол оңайырақ секілді көрінеді», — деп жазады. «Аталған еңбекте Еуропалықтардың еркек, әйел дауыстарының аталуын зерттеп: бас — ең жуан, баритон — орташа, тенор — жіңішке еркек дауысы — деп… Мен бұл дауыстарды өзімше барқын, айқын, жарқын деп лын дауыс екіге бөлінеді: сызылмалы, бозанды…
Ал бұдан жіңішке еркек дауыс болады, оны альт дейді. Қазақ мұны ұнатпайды, оны қатын дауыс дейді де, ал міңгір деуімізге болады. Сонымен еркек дауысы барқын, айқын, жарқын, міңгір төрт атпен аталды. (169-бетте): «Екі жүз жылдай (бұрын) ғұмыры ұрыспен өткен елді әуез аспаптарында ұмытып барасыңдар деп жазғыру артық. Ал нақ бүгіндері әр үйдің төрінде домбырадан басқа аспап қалмай барады, қобыз тіпті сирен кетті. Мен жетігенніңмаан, шом, шым, шыдырма, даңқобыз, шаңқобыз, желқобыз,шертер бұл күнде көзден бұлбұл ұшты,… Біздің қазір ұрыс болғалы бері қолдарымыз дағыра, дабыл, нұғара, қалған, даңғара, даңғыра болды. Әйтеуір, ертеден кешке төбе б, . Үнгер қолында жауға шақырар керней қалды. Бақсы, диуана, қунаш қолында асай-мүсей қалды. Еуропа елдерінің үлгісімен» деп дамыта келіп, мен бұл жерде перне атын дауыс шығаруға ыңғайлап алып, А-ны — А, Б-ны-У, С-ны ГӘЙ, Д- ны ҒАЙ, Е-ні — БАЙ, Ф-ны -ДАЙ, Г-ны БОЙ деп атап белгілеген перне үндері. А,У,ҒАЙ, ГАЙ, БАЙ, ДАЙ, БОЙ деп атаған.
Қазыбек бек — «Мен мұны өз басымнан шығарған жоқпын. Бұл бұрыннан жетпіс жеті пұстымыз Майқыдан қалып келе жатқан әуез белгілер: Агай, Угай, Игай, Айбай, Иғай, Ойдай, Ойбай деген қазақ сөздерін қысқартып алдым. Біздің жұртта ол дауыс шығарып айту емес, белгілеу үшін қойылған атау», — деп қорытындылайды.
Демек, XV, XVI, XVII, XVIII ғасырлардағы қазақ халқының ән, күй, әуен, әуездің айтылуы, орындалуы, жазылуы да бар болғандығын дәлелдейтін атаулар мен белгілер олардың бар екендігінде күмән болмайтындығын, айтқымыз келеді. Арнаулы зерттеулер керек екендігі ақиқат. Осы айтылған ойларды тұжырымдай келе, Қазыбек бек кезінде білім, ғылым, өнер іздеп Шығыс шаһарларда дамытып жүріп, өзінің ата-бабасы — Әбу-Насыр Әл-Фарабидің еңбектерімен таныса алмағанын, оның ішінде «Музыканың ұлы кітабынінме шейін» атты еңбегінде байқалады. Рим қаласына барып, сурет, музыка, өнерлерін игеруге кірісіп, бұл өнерлерді игеруге өзінің табиғи дарындылығының жетіспегендігін мойындаған кезде, музыка құрылымының негізі, заңдылығымен таныта келгенде де өткен ғасырлар өткелдері Әбу- Насыр — Әл-Фарабидің музыкаға сіңірген ғылыми жаңалықтарын білмегені айқындайды. Оған қоса XX ғасырдың өкілі. менің ұстазым, композитор, қайраткер, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) өзінің музыкалық монографияларына Әбу — Насыр Әл-Фараби жайлы мәліметтер бермегендігіне қарағанда, академик ағамыз да ұлы ғалымның еңбектерімен таныс болмағанының нәтижесі деп білеміз.
Осы айтылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының шешімін табу болашақ ұрпақтың үлесі деп білеміз де, бүгінгі, әрі болашақ өнер сүйер ұрпаққа өнер, мәдени мұраның музыка саласында өмір сүрген әнші, күйші, орындаушы, композитор, музыка теориясы, ұстаз, оқытушы, басқарушы мәдениет қайраткерлерінің 21-ғасырда шешімін табады деп сенім білдіреміз.
Бабаларымыздың өз отанында жүріп көрген, білгені, естіп үйренгенін болжасақ сол уақытта қылқобызбен, шертер, домбыра мен жетіген, қурай сырнайімсса, айтыс, жыр өнерлерімен сусындап, Шығыс, Еуропа халықтарының музыкалы аспаптары; пионино, лютня, флейта, хорасан, Бағдат тунбуры, рабаб, арфа, Шахруд т.б танысып, игеріп, домбыра, қобыздың кварта, квинтаға бұралуын сол аспаптардан да кездестіруін қалай бағалауға болады? Оған қоса қазақтың ән, күй мәдениетінің теориялық құрылымы, домбыра пернелерінің 9,12 жарты, бір, бір жартым, (0,5,1,1,05) тоннан болып қалыптасуын қай ғасырдан басталған құбылыс деуге болады? Мінеки, қазақ музыкасының жай-күйі Әбунасыр әл-Фараби бабамызбен аралас-құралас, құрдас болып жатқанын жан-жақты зерттеу ХХІ -ғасыр музыка зерттеушілердің еншісінде дей отырып, музыканың тарихи теориялық, гармониялық заңдылықтарының бәрі, бәрі дерлік «Музыканың ұлы кітабында» сайрап тұрғанына көзіміз жеткендіктен, оның бастауы Еуропаның ғалымдарының үлесі емес, Отырарлық бабамыздың еңбегінен екендігін мойындап, мақтана алмай жүргенімізге кімдер кінәлі? — дегіміз келеді.
Біздер 1950 жылдардың студенті болып, алғаш өзіміздің емес, шет елдердің музыкалық тарихының сабағын алып, музыканың шығу, даму, аспаптардың клавесин пианино, рояль, скрипка, вирлончель, үрмелі аспаптардың түрлері, арфа, гармон, баян, аккордеон, орган т.б. классикалық аспаптар Еуропада Мендельсон, Бах, Моцарт, Бетховендердің заманында пайда болып дамыған, — деген тұжырымдармен тәрбиелендік емес пе?
Негізгі жеті дыбыстар: До — Ре — ми — фа — соль — ля — си мен көмекші дыбыстардың; до #, ре #, фа #, соль #, ля # — диездердің ара қашықтығының 0,5 тоннан болып келуі, әл-Фараби бабамыздың жеңісінен қалыптасқан әлемдік жаңалық екендігін «музыканың ұлы кітабы» атты еңбегінен оқып, білу қиынға түспес қағида екендігі анық болды емес пе?
«Музыканың ұлы кітабы» атты Әл-Фараби еңбегі 1970 жылдары бөлім, тараулап газет, журналдарындағы орыс тілінде басылып, әдебиетшілер мен философтардың мақалаларында қазақша аударылып басылған-ды.
2009 жылдың үлесіне аталған ұлы музыка кітабы түгелімен мемлекеттік тілімізге аударылып жарық көреді.
Әбунасыр — әл-Фараби бабамыздың әлемге таралған ғылыми еңбектері бала бақша кітапшалардан бастап, білім беретін оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институтта кеңінен зерттігрмен мақтан ететін күндер алыстамасын екен дейміз.
Бірде әл-Фарабиге: Кім көп біледі сен бе, Арис. Ол: Егер мен сол заманда өмір сүрсем және онымен кездесіп, дәрісін тыңдасам, онда таңдаулы шәкірті
болар едім», — деп жауап беріпті.Аристотельдің «Жан туралы» трактатының көшірмесіне: «Мен бұл трактатты 200 рет, «Метофизикасын» — 40 рет, «Риторикасын» 100 рет оқыдым», — деп жазыпты. Фараби–«Мен көптеген тілдерді зерттегенмін, 70-тен астам тілді білемін», — деп жауап беріпті, сен бұл тенаулаға. Әл-Фарабидің туған ел, жерге сағынышпен өрілген өлеңі: «…Кешір мені, туған жер! Сені артқа тастадым, Кешір мені туған ел! Жолды алысқа бастадым! Кешір, ұлыс — ұрпағым. Бақ, байлық, даңқ таппадым. Кешір ар — ұжданым. Білім болды баққаным…», -«Түсесің еске, Отырар, түсесің еске, Жейдемді желмен жуған жер. Ерте ме, кеш пе, ерте ме, кеш пе, Жетемін саған туған жер…» — деп кешірім сұрап, Сирияның Дамаскі қаласында 339 һижра жылы — (950) қайтыс болады. Ол Арыс өзенінің Сырға құяр сағасында Оқсыз деген қалашықта — ұлы ғұлама Әбу Насыр Мұхамед Ибн Тархан Узлаг әл-Фарабидің кіндік қаны тамған жер екен. 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің Басқаруымен арнайы делегация Отырар өңірінің топырағын Дамаскідегі бабаның зиратына, сол зираттан алынған топырақ Отырарға әкелінді. Отырар топырағын салу рәсімімен байланысты делегация, Мысырды 17 жыл билеген қазақ жерінің перзенті Сұлтан аз — заһир Бейбарыс (1217-1277) кесенесінің мән жайын зерттеп қайтты. Бұл дегеніміз, — біздердің дарынды, ұлы тұлғалардың ұрпағы, сабақтастығы екенімізді дәлелдейтін ақиқаттар, — деп білеміз.
Пернебек Момынұлы, Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ мен Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының профессоры, музыка зерттеушісі, А.Байтұрсынұлы атындағы орден иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері