Биылғы 2020 жыл ізгі жоспарлармен бастаСот басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мақаланы жариялауы.
Мақалада ұлы ақын мерейтойында Мемлекет көлемінде және Халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырғаны айқын жазылады. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, руз гін де алға тартты.
Рухани әлемімізді кеңейтіп, мәдениет пен өнеріміздің даму жолында бейнелеу өнерінің алатын орны – үлкен. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, еліміздің тарихын, Ұлы тұлғаларымыздың бейнесін кейіптеп бейнелеп ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап жүрген қылқалам шеберлері, мүсіншілер, қолөнер шеберлері Ұлы Абайдың кескін-келбетін бейнелеу өнерінде нақты қалыптастырды деп ойлаймыз. Ұлы ақынның шығармашылығы – Қазақстанның бейнелеу өнерінптесі кескіндеме, мүсін, графика және баспа графикасында да көрініс тапты.
Абай бейнесін кескіндеуде өз қолтаңбаларын қалдырған Ә.Қастеев, И.Исабаев, Е.Сидоркин, М.Қисамединов, М.Әлиакпаров, Н.Өтепбаев, Ғ.Макаров, Т.Байғалиев, Т.Жубанышев, Т.Татиев т.б. қазақстандық белгілі суретшілерін атап айтсақ болады.
Ұлы ақынымызға арнап салынған суретшілеріміздің бірқатар туындылары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінен кездестіре аламыз. Осы музейдің аға ғылыми қызметкері Ү.А. Ибраеваның «Абай әлемі – бейнелеу өнерінде» атты мақаласында көрсетілген деректерге сүйенсек, мұражай қорындағы бейнелеу өнері туындыларының ішіндегі өзінің көркемдігінен гөрі тарихи құндылығы басым экспонат — Абайдың көзі тірі кезінде салынған портреті сақталған. Портреттің авторы – Семейге саяси қуғынмен келген Павел Дмитриевич Лобановский. Ол Дондағы Ростов қаласынан «саяси сенімсіз» ретінде Дала өлкесі генерал-губерйдын. 1884 жылдың тамыз айынан бастап Семей қаласында тұрды. Абай ауылына барғаны туралы құжаттар бар.
П.Д.Лобановский кәсіби суретші болмаса да, жергілікті тұрғындардың портреттерін салып жүрген. 1887 жылы Оралда өткізілетін өндіріс көрмесіне «Семей облысы қазақтарының типтері» атты портреттер сериясын дайындағаны белгілі. Лобановскийдің қазіргі уақытқа дейін 7 суреті сақтаулы, солардың бірі – ұлы ақынның қарындашпен салынған портреті. Уақыттан сарғайған қалың қағазға жай ғана қарандашпен салған портреттің маңызы зор, себебі ол Абайдың көзі тірі кезінде салынған жалғыз портрет деп есептейміз.
Абайды бейнелеуде орындалу техникасымен ерекшеленетін портерттердің қатарына Л.Леонтьевтің кенепте майлы бояумен орындалған портреті, Е.Сидоркиннің гравюрасы, Ж.Шарденовтың кескіндемесі, ерлі-зайыпты Аткниндердің жібек матаға мулине жіппен кестеленген туындысы және О.Островскийдің ағашқа инкрустациялап жасаған туындыларын атап өтуге болады.
Кәсіби суретшілердің ішінде Абай портретін алғаш бейнелеген Крутильников Николай Иванович еді. Ол 1926-27 жылдары «Абай өлең жазу үстінде» портретін кенепке майлы бояумен салып шықты. Крутельников өзінің туындысында кең далада өлең жазып отырған Абай бейнесін табиғатпен үйлестіріп бейнелейді, жұмыстың көлемі ауқымды. Ұзындығы 1-метр, ені 50 — см құрайды.
№2, ақпан 2020 жыл