№4 Сәуір, 2020

Әл-Фарабидің еңбегі – ислам ғылымын дамытушылардың ішіндегі ең үздігі. Астрономия, табиғат, музыка саласындағы ғылыми еңбектердің түп-төркіні әл-Фарабиден басталады. Ақжан Ма­­шанов осынау ұлы тұлғаның мұраларын іздеп, Ташкент, Мәскеу, Ленинград, Уфаның көне еңбектерін сақтайтын мұрағаттарын аралады. Ақжан Машанов сол кезде жасы елуден асып кетсе де әл-Фараби шығармаларын тұпнұсқадан оқып, білу үшін араб тілін үйренді.

Ал Абай өлеңінің аудармашысы – Сатылған Сабатаев болды. Ол агроном, ғалым. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Үлкен Алматы болысында дүниеге келген. Ол Абай өлеңдерін төңкеріске дейін аударған. Мәскеудегі есеп-кредит институтының студенті Нұқ Рамазановпен бірге Абай мен Міржақыптың өлеңдерін орыс тіліне тәржімалаған. Аударма 1914 жылы «Әлшархиат» жинағында басылған. Абай мен Міржақыпты жамағатқа танытудың басында осы аталмыш тұлғалар тұр деп айта аламыз.

Ол Абайдың «Жаз», Міржақыптың «Мұң» атты өлеңдерін аударса, Нұқ «Желсіз түнде жарық ай», «Адамның кейбір кездері» және «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»  деген өлеңдерін қарасөзбен аударған. Екі аудармашы да өлең мазмұнын қара сөзбен пайымдаған. Себебі, екеуі де ақын емес. Ақын, кәсіби аудармашы болмаса да, Абайды танытуды сол кезден-ақ мақсат еткен. Қазақ қыздарының арасынан Абай өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударған Нәзипа Құлжанова. Оның  «Желсіз түнде жарық ай», «Жазғытұры» деген өлеңдері «Сибирский студент» журналының 1915а шылығы революцияға дейін Абай өлеңдерінің осы бір бөлімдерімен танысқан еді.

Ал Кәкітай Құнанбаев болса, Абай Құнанбайұлының тұңғыш кітабының жарыққа шығуына зор үлес қосты. Абай қайтыс болғаннан кейін Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында ел арасынан Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жинап, түгендеді. Кәкітай сол кезде Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлы дегенге ақы беріп, Абай шығармаларын көшіртіп, жазғызған.

Абайдың суретін Павел Лобановльлдің негізгі мамандығы – әскери қызметкер. Бірақ ол сурет салумен әуестенетін. Павелдің  Абай жайлы жазғаны, алғашқы лебіз болып саналады. Ол «Халық еркі» тобына қатысқандығы үшін сотталып, 1884 жылдың тамыз айына дейін жазасын Өскемен, содан кейін Семейде өтеген еді. Сол жылдары Абаймен танысып, жүзбе-жүз кездесіп, пікірлескен. Лобановский Абайдың портретін қарындашпен салады. Оның Абайды өте құрметтегенін өзінің жазған түсініктеме пікірінен де аңғарсақ болады.

Онда: «Ибраһим Құнанбаев Семей уезі, Шыңғыс болысының қазағы. Өзі де жеткілікті мөлшерде әйгілі адам. Өз халқының әдет-ғұрпының білгірі. Қазақтар ортасында үлкен ықпалы бар. Қырық бес жаста» деп жазған. Ал портреттің сырт жағында: «Семей уезі Шыңғыстаудың құрметті қазағы Ибраһим Құнанбаев. Облыстық статистикалық комитлыp;қойылған. «1887 жыл» деген белгісі де бар. Портреттің көлемі 30-40 сантиметр, жылтыр картон қағазға салынған. Кейін бұл портрет бүкіл Сібір мен Оралды аралап кетті.

Бұл – 1887 жылдың 7 қарашасында статистикалық комитеттің мәжілісінде қаралып, Абайдың портретін көрмеге жіберу туралы шешімнен кейін басталған еді. Абайдың алғашқы портреті Семейдің өлкетану мұражайында сақталып, 1940 жылы Семей қаласында жаңадан ашылған Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайына өткізілген.

Портреттегі Абай бейнесі – дөңгелек бет, селдір мұрт, сақалы қысқа, жинақы. Басында тақиясы, үстінде қазақы шапан. Терең ойға шомып, алыстарға ой жүгіртіп отырғаны байқалады. Суретші нағыз қазақи қалыпты суреттей білген. Абайдың портретін салып, ол туралы жазған Лобановскийдің еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтанда Лобановкскийді Абайды жақсы танып, зерттеген адам деп айта аламыз.

Абай бейнесін салған келесі қылқалам шебері, кәсіби суретші – Николай Крутильников. Ол 1916 жылы Қазан қаласындағы сурет өнері училищесін тамамдаған. Осы қызметте жүріп, қазақтың зиялы қауым өкілдерімен жаққаезовпен жақсы қарым-қатынаста болады. Ол кезде Әуезов Семей қаласындағы географиялық қоғамның мүшесі әрі осы қоғамның төрағасының орынбасары еді. Мұндағы жиындардың көбі Әуезовтің басшылығымен өтті. Н.Крутильников осы жиындарға қатыса жүріп, М.Әуезовтің ұсынысы мен ақыл-кеңесі арқылы Абайдың портретін салуға кіріседі. 1924 жылы кенепке (холст) майлы бояумен Абайдың көлемді портретін салып, бітіреді.

Бұл портреттің ұзындығы – 1 м. 10 см., ені – 50 см. Крутильниковтің  туындысын нағыз кәсіби суретші салғаны көрініп тұр. Суретші картинаны «Абай өлең жазу үстінде» деп атаған. Ол Абай портретін жасауда ақынның фотобейнесінен алшақтап кетпӘурпақтары Тұрағұл мен Жағыпар (Мағауияның баласы), Шәкәрімде сақталған Абайдың фотосуретінің әсері болуы мүмкін деген ой бар. Содан көріп салған десек те болады. Себебі, Абайдай ұлы тұлғаның бейнесін салуда оның фотобейнесіне сүйенбей жай ғана ой топшылауымен салу мүмкін емес.

Әл-Фараби мен Абайдай ұлы тұлғаларымыздың мұралары қалың елге осылайша танылған, жинақталған, көпшілікке ұсынылған. Абайды танытқан тұлғаларды естен шығаруға болмайды. Әл-Фараби мұрасын жаңаша көзқараспен зерттеймін, Абай шығармашылығын әлемге танытамын деген ойлы жастар болса, осы тұлғаларды да ұмытып кетпегені абзал. Тарихты зерделеген сайын көкжиегіміздің кеңейе түсетінін ұмытпайық.

Ерден НҰРАХМЕТ,  Қарашілік ауылы, Ақсу ауданы